Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арқаралы хұзырхаты

Түркістан Уәлаятының Газеті– Ташкентте Туркестанские ведомости газетіне қосымша ретінде тұңғыш қазақ тілінде шыққан аударма газет (1870 – 82). Түркістан генерал-губернаторының ресми органы. Бұл тек қазақ тілінде емес, жалпы Ресей империясының қол астындағы барша түркі халықтары тілінде шыққан алғашқы мерзімді басылым болды. “Түркістан Уәлаятының Газеті” белгілі мақсатта патша үкіметінің шешімі бойынша жергілікті әкімшіліктің бақылауымен және қаржыландырумен шыққан ресми газет. Оның пайда болуының және мерзімді басылым ретінде қалыптасуының негізгі алғышарты қазақ жерін отарлаудың одан әрі күшеюі болды. Сонымен қатар газет бұқараның санасын уландыру, жергілікті мұсылман халықтарын өздерінің дінінен, тілінен, ділінен айыру, түптеп келгенде орыстандыру мақсатында пайдаланылды. “Түркістан Уәлаятының Газетінің” алғашқы редакторы шығыстанушы Ш.М. Ибрагимов болды. Газет алғашында “Туркестанские ведомости” газетінің қосымшасы ретінде айына төрт рет, екі саны қазақша, екі саны өзбекше, 200 – 250 таралыммен шығып тұрды.

Дала уәлаятының газеті

Дала уалаятының газеті - 1888 жылдың 1 қаңтарынан 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде "Акмолинские областные ведомоства" газетіне қосымша ретінде шығып тұрған ресми газет. Оның жарыққа шығуы — 1882 ж. құрамына Ақмола, Семей және Жетісу облыстары кірген Дала генерал-губернаторлығының құрылуымен байланысты. Газеттің басты мақсаты — жергілікті халықты үкімет жарлықтарымен таныстырып отыру. Қазақшасының редакторлары — Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазин.

Газеттің бейресми бөлімінде Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов туралы деректер басылған. Абай, М.Ж.Көпеев, Шәкәрім, Ә.Бөкейханов, А.Құрманбаев, О.Әлжанов, С.Шорманов, М.Жанайдаров, К.Жапанов, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, Ж.Айманов, т.б. шығармалары, хаттары, мақалалары басылып тұрған. Оларда бұдан бір ғасыр бұрынғы қазақтардың қоғамдық-саяси өмірі бейнеленуі, әлеуметтік жағдайы, экономикасы, шаруашылығы, мәдениеті, салт-дәстүрі, т.б. туралы мол мәліметтер берілген. Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары ("Қозы Көрпеш — Баян сұлу", "Нөрік батыр", "Еңлік — Кебек", "Бозжігіт"), Алдаркөсе, Жиренше шешен, Қожанасыр аңыздары, Шығыс сюжеттері ("Мың бір түн", "Шаһнаме", "Фархат — Шырын"), мақал-мәтелдер, жұмбақтар, орыстың белгілі ақын, жазушыларының кейбір шығармаларынан аудармалар жарияланған.

"Дала уалаятының газеті" басында көлемі 1/2 баспа табақ болып 4 бетке басылып тұрған. 1888 жылғы 8-санынан газет көлемі екі есе көбейтіліп, тұтас бір баспа табаққа жетіп, 8 бет болып шыққан. 4 беттік сандарында газет беті екі бөлікке бөлініп басылған. Сол жақтағы 1-бөлігінде араб әріптерімен жазылған қазақша мақалалар, оң жақтағы 2-бөлігінде орыс тіліндегі материалдар басылған. Ал 8 беттік нөмірлерінде алғашқы төрт беті түгел қазақша, қалған төрт беті орысша басылған. "Дала уалаятының газеті" аптасына бір рет, алдымен жұма сайын, кейіннен жексенбі сайын шығып тұрған. Ү.Сұбханбердинаның құрастыруымен "Дала уалаятының газетінің" материалдар жинағы 150 б.т. тұратын 4 кітап болып, 1996 ж. "Дала уалаятының газетінің" 5-кітабы, мазмұндалған библиофилософия көрсеткіші жарыққа шықты.

арқаралы Хұзырхаты

Қарқаралы хұзырхаты (петициясы), Қоянды хұзырхаты - Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан қойылған талап, тілек. 1905 жылы 22 маусымда Семей, Ақмола облыстарының қазақтары Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып, Петербургке 16 мың адам қол қойған өздерінің арыз-тілектерін жіберген. Қарқаралы хұзырхаты мазмұны мен қол қойған адамдар саны жағынан бұған дейінгі жіберілген хұзырхаттардан әлдеқайда жоғары болды. Патша үкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару орындарынан бақылауды күшейтуді талап етті. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс козғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмыстарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақпаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды. Кейін мұндай хұзырхаттар Торғай, Орал облыстарында жаппай жазыла бастады. Орал облыстарында хұзырхатты дайындауда Бақытжан Қаратаев басты рөл атқарды. Хұзырхаттарда қазақтардың діни көзқарастарына еркіндік, бітімші сот институттарын енгізу, қазақ даласына орыс шаруаларын орналастыруды тоқтату, т.б. мәселелер көтерілген.


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 342 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)