Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау

Читайте также:
  1. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  2. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  3. E) негізгі және қосымша
  4. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  5. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 1 страница
  6. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 10 страница
  7. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 11 страница

Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан сорбциялық әдістердің көмегімен тазалайды, олардың айрықша ерекшелігі абсорбердегі қысымның жоғары болуында (6 МПа дейін) және газда оттегінің болмауында. Абсорбенттер ретінде этаноламиннің судағы ерітіндісін қолданады, олар: моноэтаноламин (МЭА), диэтаноламин (ДЭА) және триэтаноламин (ТЭА). Жоғары жұту қабілетіне ие және салыстырмалы бағасының үлкен еместігіне байланысты МЭА едәуір кең ауқымда қолданылады. Бірақ-та оның регенерациясы кезінде реагенттің шығыны болады. Күкіртсутек пен көмірқышқыл газы әдетте 20-400С температура кезінде жұтылады да, ал 105-1300С кезінде қаныққан ерітіндіден регенерацияланады.

МЭА ерітіндісі көмірсутек конденсатымен байланысқа түскен кезде көбіктенуге ұшырайды, сондықтан газды абсорберге берер алдында көмірсутек тамшысынан мұқият тазалау қажет. Газды тазалаудың қарапайым технологиялық сұлбасы 11.4 суретте келтірілген.

Тазалауға келіп түсетін газ шикізаты айырғыш-1 арқылы өтіп, абсорбердің-2 төменгі жақ бөлігіне бағытталады. Абсорбердің жоғарғы бөлігіндегі тарелкаларға-3 сорап-13 арқылы жылуалмастырғышта-6 және мұздатқышта-5 салқындатылған регенерацияланған МЭА-нің ерітіндісі беріледі. Н2S пен СО2-дан тазартылған газ тамшы ұстауға арналған жалюзді сұғындырмалардан-4 өтіп, магистралдық газқұбырына беру үшін компрессорлық станцияға бағытталады. Қышқыл газдармен қанықтырылған МЭА-нің ерітіндісі адсорбердің төменгі жағынан сораппен-15 алынады да жылуалмастырғыш-6 арқылы өтеді, десорберден-8 сораппен-14 берілетін ыстық регенерацияланған МЭА ерітіндісінің қарсы ағысымен алдынала қыздырылады. Жылуалмастырғыштан кейін МЭА ерітіндісі буқыздырғышқа (рибойлерге)-7 келіп түседі, одан шамамен 1250С температурамен атмосфералық қысым кезінде жұмыс істейтін десорбер тарелкасына барып түседі.

11.4.Сурет. Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалаудың қарапайым технологиялық сұлбасы. 1-айырғыш; 2-абсорбер; 3-тарелкалар; 4-тамшыны ұстауға арналған жалюздер; 5, 9- мұздатқыштар; 6-жылуалмастырғыш; 7-рибойлер; 8-десорбер; 10-салқын судың берілуі; 11-қышқыл газдарға арналған айырғыштар; 12-қазандық; 13, 14-МЭА-ді беруге арналған сораптар; 15- МЭА қанықан ерітіндісіне арналған сорап.

 

Артық су және МЭА-де еріген күкіртсутек пен көмірқышқыл газы десорбер тарелкасында буланады және аппараттың үстіңгі жағы арқылы мұздатқышқа-9 келіп түседі, онда МЭА булары конденсацияланады да айырғышқа-11 барып түседі, ал айырылған Н2S және СО2 газдары Н2S-тен қарапайым күкіртті алу үшін арнайы қондырғыларға барып түседі. Конденсацияланған моноэтаноламин айырғыштан-11 сораппен-13 алынады да десорбердің жоғарғы бөлігіне қайтарылады, бұл оның шығынын болдырмайды. Регенерацияланған МЭА ерітіндісі десорбердің төменгі жағынан сораппен-14 алынады да жылуалмастырғыш-6 және мұздатқыш-5 арқылы абсорбер тарелкасына қайтадан беріледі.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 921 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жылуалмастырғыштар және оларды есептеу | Болаттан жасалынған резервуарлардың жабдықтары | Шығынын анықтау | Мұнай өндiрушi кәсiпорындарды сумен қамтамасыз ету | Абатқа су айдау үшiн қолданылатын суға қойылатын талаптар | Ағынды суды дайындаудың ашық түрдегі қондырғылары | Ағынды суды дайындаудың жабық түрдегі қондырғылары | Тұщы суларды дайындау қондырғылары | Төменгі температуралы айыру | Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кептіру мен бөлу| Газ гидраттарымен күресу әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)