Читайте также:
|
|
Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану мақсаттары. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ-ны пайдалану әдістемесі.
Жалпы мақсаты:
АКТ-ның сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу.
АКТ-ны Қазақстан мектептерінде қолдануды зерттеу, озық тәжірибені жалпылау, бұдан әрі жетілдіруге арналған аспектілерді айқындау.
Оқу нәтижелері:
● АКТ құралдарын сыныпта тиімді енгізу.
● АКТ-ны мұғалімді ауыстыратын құрал ретінде емес, оқытудың қолданыстағы құралы ретінде қолдану.
● АКТ-ны барлық оқушыларды қатыстыруды болжамдайтын оқу әдісі тәжірибесінде қолдану және оқудың әлеуметтік аспектісін дамыту үшін пайдалану.
Түйінді идеялар:
● АКТ – мұғалімді ауыстыру немесе сабақ барысында оқушының көңілін көтеру құралы ретінде емес, мұғалімге оқу барысында көмек көрсетуге арналған педагогикалық құрал.
● Техникалық жағынан жетілдірілген АКТ тиімсіз қолданылған жағдайда пайдасы аз болуы мүмкін.
АКТ-ның тиімді тәжірибесі
Тиімді қолдану әдістеріне назар аударту үшін АКТ тиімді қолданылуы тиіс, мысалы, ғаламдық жылыну қалай болатынын түсіндіре отырып (мәтін блогы), слайдтарды көрсете бастаңыз (А Ресурстар). Мәтін сыныптағы бірқатар оқушылар бұны оқу нысаны ретінде қабылдай алмайтындығына назар аударатындай ағылшын тілінде ұсынылады. Одан кейін ғаламдық жылыну туралы күрделі диаграмманы (ол аударылуы мүмкін) және анимацияны/бейнежазбаны көрсетіңіз.
Қатысушыларға олардың идеяларын үш әдіс бойынша және бұл идеялардың пәнге қатысы бойынша тиімділігін талқылау үшін бүкіл топ болып уақыт беріңіз.
Топтық сұрау жүргізу/пікір таластыру нәтижесінде алынатын жауаптар:
● Оқытудың дидактикалық құралдарын қолдануға байланысты мәтіннің маңыздылығының болмауы және түсініксіздігі.
● Баяндау логикасының жеткіліксіздігіне байланысты диаграмма түсіну үшін аса қол жетімді, бірақ бұрынғысынша күрделі.
● Анимация оқушылардың танымдық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, үдерісті кезеңдерге бөледі.
Оқытуда АКТ пайдалану
Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде тиімді пайдалануды білетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім, оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жеткізе білу жатыр.
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәре-жеде сандық сауаты бар, себебі ол өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңіл-детуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. Осы тарауда ұсынылған ақпараттар мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқытуды жетілдіру мақса-тында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.
Білім салалары
Рефлективті кәсіпқойды даярлау жеке тұлғалық, жалпы мәдени білімділікті, кәсіби-педагогикалық, тәжірибелік шеберлікті, сыныпта практикалық зерттеу жүргізу тәжірибесін және әлеуметтік, мінез-құлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді білуді қажет етеді. Осы Бағдарлама оқу мен білім беру үдерісінің ғылыми-теориялық білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден айырмашылығына ерекше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы теориялық және тәжірибелік білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген (14-сурет).
Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және тәжірибелік білімдер
өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің
біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін
жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған
кезде, анықтаушы фактор білім беру үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы
білімнің қалыптасқандығы болып табылады (15-сурет).
Келесі тарауда аталған салалардың әрқайсысына түсініктеме беріліп, олардың өзара әрекеттесуі
нәтижесінде қалыптасатын оқыту түрі анықталады.
Пәндік білімдер (ПБ)
Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Айталық, химия пәнінің білікті мұға-лімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды жеткілікті түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін, Ұлыбританияда аталған сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар химия саласында дипломнан кейінгі білім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі. Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған химия пәні бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес түсінікте ұсынылып, ұғындырылады. Химия пәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы білу, химияда қолданыла-тын түйінді ұғымдарды, теориялар мен шараларды түсіну қажет. Оның үстіне жаратылыстану ғылым-дарының мұғалімдері зерттеулер жүргізудің ерекшелігін, теориясы мен әдістемесін түсінуі керек. Алайда пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді.
Педагогикалық білімдер (ПБ)
Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, білім беру мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үрдісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПБ құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипаты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде, педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын, оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет етеді. 16-суретте педагогикалық білімдерге негізделетін тиімді оқу мен оқытудың он түйінді ұстанымы сипатталған.
Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеяларды қалыптасты-руының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің педагогикалық аспектісі болып табылады.
Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 1467 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Как построить композицию истории? На что стоит обратить внимание? | | | АКТ –ны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту |