Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Басқарудың шетелдік тәжірибесі

Читайте также:
  1. АКТ-ның тиімді тәжірибесі
  2. Компьютерді басқарудың интеллектуалдығын жоғарылату

Тарау

Менеджменттің мәні

  1. Менеджмент туралы түсінік

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджмент», «менеджер» ұғымдары енді.

«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласын, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

Орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiнде менеджмент зияткерлiк, қаржы, материалдық ресурстарды басқару өнерi ретiнде анықталған.

Осы заманғы экономикалық сөздiкте менеджмент терминiне келесi түсiнiктер берiлген:

  1. басқару ғылымының жетiстiгiн пайдалана отырып, өндiрiс пен өндiрiстiк қызметкерлердi басқару қағидаларының, нысандарының, әдiстерiнiң, тәсiлдерi мен құралдарының жиынтығы;
  2. кәсiпорынды, фирманы басқару, басқарушы орган.

Келтiрiлген анықтамаларға сай менеджменттi былайша тұжырымдауға болады:

«Менеджмент» терминi тек нарықтық жағдайда әрекет етушi фирма деңгейiнде әлеуметтiк-экономикалық процестердi басқаруға ғана қолданылады, алайда соңғы уақытта оны кәсiпкерлiк емес ұйымдарға қатысты да қолдана бастады.

Менеджмент - кәсіпорынды ұйымдастырудың қағидалары (заңдық жағы), оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі), қызметкерлерді іріктеу (әлеуметтік жағы) және олардың жұмысын оңтайландыру тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ғылым. Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару қағидаларын іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.

Менеджмент – бұл өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен әзірленіп, қолданылатын, өндірісті басқару қағидалары, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.

Басқару тұрпаты ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Адам, оның қажеттіліктері, мүдделері, себептері, құндылықтары, нұсқамалары басқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушысы болып табылады.
  2. Басқарудың көзқарастары, қағидалары мен әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте - тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда - жиі білінеді.
  3. Менеджер мен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менеджер экономикалық және әлеуметтік-психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек.
  4. Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән.
  5. Менеджмент менеджердің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері - тапқырлық, коммуникабельділік, сенімділік. Бұл қасиеттер басқару өнерін танытуда маңызды рөл атқарады.

Менеджмент мынадай функцияларды атқарады:

Менеджменттiң зерделеу пәнi ақпараттық айырбас нысанындағы және нарық жағдайында iскерлiк және шаруашылық процестерге басшылықты жүзеге асырумен байланысты адамдар арасындағы ұйымдық қатынастардың ерекше түрi болып табылады. Ғылым ретiнде менеджмент осы қатынастарды суреттейдi және талдайды, оларға ықпал ететiн факторларды анықтайды, өзiнiң күш-жiгерiн басқарушылық еңбектiң табиғатын зерделеуге, оның тиiмдiлiгiнiң факторларын анықтауға, басқарушылық шешiмдердi қабылдау процесiндегi себеп-салдарлық байланыстарды орнатуға бағыттайды. Ғылым ретiнде менеджмент экономика, әлеуметтану, құқық, психология және т.б. теориялық ережелерi мен практикалық ұсыныстарын қатыстыра отырып, айқын байқалатын пәнаралық сипатқа ие.

Менеджмент пәнiн АҚШ колледждерiнiң бiрiнде Дж.Вартон 1881 ж. алғаш рет оқыта бастады. Бүгiндерi Батыста ол кәсiби бiлiм берудiң кең таралған бағыттарының бiрi әрi кез келген маманды даярлаудың маңызды элементi болып табылады.

  1. Менеджменттiң мақсаттары мен мiндеттерi

Менеджменттiң түпкi мақсаты өндiрiстi басқару мен ғылыми-техникалық базаның дамуын, сондай-ақ бiр мезгiлде әрбiр қызметкердiң бiлiктiлiгiн, шығармашылық белсендiлiгiн, адалдығын арттыра отырып, кадрлық әлеуетті тиiмдi пайдалануды қоса, өндiрiстiк процестi ұтымды ұйымдастыру жолымен фирма қызметiнiң пайдалылығын немесе табыстылығын қамтамасыз ету болып табылады. Фирманың пайдалылығы шығындарды мейлiнше азайту және өндiрiс нәтижесiнен - өнiм мен қызмет шығарудан – алынған кiрiстердi барынша арттыру арқылы қол жететiн оның өндiрiстiк-өткiзу қызметiнiң тиiмдiлiгi туралы куәландырады.

Пайда фирманың өмiр сүру себебi емес, түптеп келгенде нарықпен анықталатын оның қызметiнiң нәтижесi екендiгiне сүйене отырып, менеджмент фирманың сәттi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасауға арналған. Пайда фирманың одан әрi жұмыс iстеуi үшiн белгiлiктi кепiлдiк жасайды, себебi тек пайда және әр алуан резервтiк қорлар түрiндегi оның кәсiпорындағы қорлануы ғана нарықта тауарды өткiзумен байланысты тәуекелдi шектеуге және жоюға мүмкiндiк бередi. Нарықтағы жағдай әрдайым өзгерiп отырады: нарықтағы бәсекелестердiң жағдайында, қаржыландыру шарттары мен нысандарында, саладағы шаруашылық конъюнктурасының күйiнде өзгерiстер болып тұрады. Тәуекелдiң әрқашан болуы да осыдан. Мұндай жағдайлардағы менеджменттiң мақсаты қазiргi кездегi ғана емес, болашақтағы да тәуекелдi немесе тәуекелдiк жағдайды әрқашан бағындыру болып табылады. Ол үшiн белгiлiктi резервтiк ақша қаражаты және өзгерiп отырған жағдайларға тез жауап қатуы және бейiмделуi мақсатында шаруашылық қызметте менеджерлерге еркiндiк пен дербестiктiң белгiлiктi дәрежесiн беру талап етiледi.

Менеджменттiң өте маңызды мiндетi бар материалдық және адам ресурстарының негiзiнде тұтынушылардың қажеттiлiктерiн ескере отырып тауарлар мен қызметтер өндiрiсiн ұйымдастыру және кәсiпорын қызметiнiң рентабельдiлiгiн және оның нарықтағы тұрақты жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған орай менеджменттiң мiндеттерiне мыналар жатады:

Өндiрiстiк процестi ұйымдастыру, реттеу, үйлестiру және бақылау жөнiндегi менеджмент мiндеттерiнiң орындалуы және қойылған мақсаттарға жетуi нарықта өз бағасын алады.

Материалдық, қаржы, еңбек және т.б. ресурстардың барған сайын артып отыратын көлемiмен қамтамасыз етудi талап ететiн өндiрiс ауқымының өсуiне қарай басқару мiндеттерi үздiксiз күрделенiп отырады.

  1. Менеджмент түрлері

Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің алуан түрлері бар.

Ұйымдық менеджмент ұйымды құру, оның құрылымын, басқару тетiгiн қалыптастыру немесе түрлендiру, нормалар, регламенттер, ережелер, нұсқаулықтар және т.б. әзiрлеу процестерiн басқарады.

Өндiрiстiк менеджмент оны қажеттi арнаға бағыттау, субъектiлер мен ресурстарды үйлестiру жолымен кәсiпорынның негiзгi қызметiн тиiмдi жүзеге асыруды қамтамасыз етедi. Бұл жерде «өндiрiстiк» деген терминдi кез келген өрiстiң кәсiпорнына қатысты ретiнде кең тұрғыдан түсiну керек. Өндiрiстiк менеджмент объектiсi мақсат қою, стратегияны таңдау, жоспарлау, өнiм шығару көлемi мен құрылымын оңтайландыру, технологиялық және еңбек процесiн ұйымдастыру, оларды реттеу, ақаулар мен кемшiлiктердi жою, бақылау, адамдарға басшылық ету, ынталандыру және т.б. болып табылады.

Жабдықтау-өткiзу менеджментi шаруашылық шарттарын жасау, шикiзат, материалдар, жинақтаушы бұйымдарды сатып алу, жеткiзу мен ұйымдастыру, өндiрiлген тауарларды сату алдындағы дайындау, сатып алушыларға жөнелту процестерiн басқарады.

Инновациялық менеджмент жаңалықтың енгiзiлуiн басқаруды жүзеге асырады. Оның объектiсi ғылыми зерттеулердi, қолданбалы әзiрлiктердi жүзеге асыру, үйлестiру және бақылау, тауарлар мен қызметтердiң сынақ үлгiлерiн жасау, оларды өндiрiске енгiзу, инновациялық қызметтiң жоспарлары мен бағдарламаларын қалыптастыру және бағалау, олардың ресурстық қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру, шығармашылықты ынталандыру болып табылады.

Маркетинг-менеджмент ұйымның шаруашылық қызметiнiң бүгiнгi таңдағы маңызды әрi күрделi өрiсi – фирманың нарықтағы мiнез-құлқын басқарады. Оның көмегiмен фирманың нарықтағы мiнез-құлқын зерделеу, ағымдық және болашақтағы конъюнктураны бағалау, мақсатты нарықтарды iрiктеу, өткiзу арналарын қалыптастыру, баға және жарнама саясатын жасау және т.б. жүзеге асырылады.

Персонал-менеджмент кадрларды таңдау, орналастыру, үйрету, бiлiктiлiгiн арттыру мiндеттерiн шешедi, көтермелеу және ынталандыру жүйелерiн әзiрлейдi, қолайлы моральды-психологиялық ахуалды құруға, еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсартуға, кәсiподақ ұйымымен байланыс орнатуға, еңбек даулары мен жанжалдарын шешуге жауап бередi.

Қаржы менеджментi ұйымның бюджетi мен қаржы жоспарын құру сұрақтарымен, оның ақша ресурстарын, инвестиция портфелiн қалыптастыру және бөлумен, ағымдық және келешектегi қаржы күйiн бағалаумен шұғылданады.

Эккаунтинг-менеджмент ұйымның жұмысы туралы деректердi жинау, өңдеу және талдау процесiн, мәселелердi уақтылы табу, резервтердi ашу және бар әлеуетті толық пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен оларды бастапқы және жоспарлық көрсеткiштермен, өзге ұйымдар қызметiнiң нәтижелерiмен салыстыруды басқарады.

Соңғы жылдары бiлiмдi табу, iрiктеу, сақтау, тарату, оларға қосымша құндылық беру, сұрыптау көмегiмен олардың сапасын арттыру, тұтынушыларға оларды iс жүзiнде барынша тиiмдiрек пайдалануға мүмкiндiк беретiн жаңа нысанға келтiру процестерiн басқаратын бiлiм менеджментi туралы белсендi түрде сөз қозғауда. Одан басқа, бiлiм менеджментi үйретушi ортаны, оның iшiнде адамдар әрдайым ақпаратпен алмасатын және оларды тиiмдi меңгеру үшiн барлық мүмкiндiктер бар интерактивтiк ортаны, құрумен байланысты. Бiлiмдi басқарудағы негiзгi мiндет бар ақпараттық ресурстарды, алдыңғы қатарлы тәжiрибелердi, шығармашылық мүмкiндiктердi табу, айырбастау мен пайдалануды жеңiлдету болып табылады.

Сондай-ақ басқарушылық қызмет бағдарланған кезеңге байланысты менеджменттi үшке бөледi:

  1. Ағымдық менеджмент сәйкес объектiнiң параметрлерiн уақыттың нақты ауқымында мүмкiн болатын ауытқулар аясында ұстап тұруды қамтамасыз етедi.
  2. Озық (перспективалы) менеджмент тәуекелдi ескере отырып жаңалық енгiзудi болжау, жоспарлау және iске асырумен байланысты.
  3. Бақылаушы менеджмент бұрын қабылданған шешiмдердiң келеңсiз салдарын жоюға бағытталған.

Тарау

Басқару объектілері және басқарушылық қатынастар

  1. Басқару объектілері мен қағидалары

Ең жалпы түрде басқару екi субъект арасындағы әрекеттестiктiң белгiлiктi түрi ретiнде көрiнiс бередi. Олардың бiрi бұл әрекеттестiктiң субъектiсi ретiнде, ал екiншiсi – объектiсi ретiнде болады. Аталмыш әрекеттестiк келесi жайлармен сипатталады:

Басқару объектiсi басқару субъектiсiнiң бұйрықтарын орындайтын жағдайда ғана iс жүзiндегi басқарушылық әрекеттестiк жөнiнде сөз қозғауға болады. Сәйкесiнше сонда ғана басқару жүзеге асырылуда деуге болады. Ол орындалу үшiн екi жағдай қажет:

  1. басқару субъектiсiнде сол үшiн сәйкес басқарушылық бұйрықтарды әзiрлей отырып, басқару объектiсiн басқару қажеттiлiгi мен мүмкiндiгiнiң болуы;
  2. басқару объектiсiнде осы бұйрықтарды орындау дайындығы мен мүмкiндiгiнiң болуы.

Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілер арқылы анықталады. Нарықтық экономикадағы басқару объектісінің алғашқы әрі ең шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқанда, түпкі есебінде қоғамның экономикалық бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Осыған қарай басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек. Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық, басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.

Басқарудың тағы бір объектісі - мезодеңгей. Мұнда басқару пәніне өндірістi ұйымдастырудың, технологияның әр түрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады. Аймақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән. Аймақтардың басты құраушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы жатады.

Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макродеңгей - экономикалық саясаттың бүкіл объектісі жатады. Мұнда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар анықталады. Макроэкономикалық көзқарас ұлттық деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғалысын зерттеу үшін пайдаланылады. Макроэкономика ұлттық ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген экономикалық көрсеткіштерімен (ЖҰӨ, ЖІӨ, жиынтық сұраныс және т.б.) айналысады.

Экономиканың бұл аспектісі басқару теориясына апаратын басты аспекті болып табылады, өйткені оны халық шаруашылығының ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін анықтауға болады. Бұны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.

Қоғамдық ауқымдағы басқарудың өзіндік ерекшелігі бар объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтермен айналысады. Бұл салада адамдардың көптеген талап-тілектері жүзеге асырылады. Ол қоғамның бүкіл жағдайына, оның ішінде әлеуметтік ақыл-ойының қалыптасуына себепші болатын барлық әлеуметтік инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды. Қоғамды рухани тұрғыдан дамытуды басқару барлық басқару жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде, өндірісті басқару кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда еңбек процестері жиынтығының ажырамас бөлігін құрайтынын түйіндеп айтуға болады.

Кез келген қызмет түрi секiлдi менеджмент те белгiлiктi қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Олар оның барлық түрлерi үшiн жалпы болуы не олардың кейбiр бөлiктерiне қатысты болуы мүмкiн. Менеджменттiң негiзгi қағидаларына мыналарды жатқызуға болады:

  1. Өнер элементтерiмен үйлесiмде ғылымилық – фирманың күрделi қазiргi шаруашылығын шешiмдердi мұқият ойластырмай, түйсiкпен басқару мүмкiн болмайтындықтан ғылыми тәсiлдеме қажет. Сонымен қоса жағдай өте тез және ойда болмағандай өзгеруi мүмкiн болатындықтан оны зерделеуге уақыт болмайды. Сол кезде импровизациялауға, дәстүрлi емес тәсiлдердi, сезiмдi, тәжiрибенi пайдалануға тура келедi. Сөйтiп, әлеуметтiк жүйенiң әрекет етуi мен дамуының белгiсiздiк факторы басқаруды өнерге айналдырады.
    1. Мақсаткерлiк – менеджерлер жай емес, осы сәтте шаруашылық жүргiзушi субъект алдында тұрған нақтылы мәселенi шешу үшiн әрекет етедi.
      1. Әмбебаптылықпен үйлесiмде мамандану – бiр жағынан, басқарудың сәттiлiгi үшiн оның ерекшелiктерiн ескере отырып әрбiр объектке, субъектке немесе процеске дербес тәсiлдеме қажет, екiншi жағынан, барлық жағдайларда басқарушылық әрекет орын алатындықтан, олардың барлығында әлдебiр әмбебап жайлар болуы керек.
        1. Бiрiздiлiк – барлық басқарушылық әрекеттер әрi уақытта, әрi кеңiстiкте қатаң белгiленген тәртiппен жүзеге асырылуы тиiс.
        2. Циклдiлiк – бiрқатар жағдайларда басқарушылық операциялар белгiлiктi уақыт аралығы сайын қайталануы мүмкiн.
        3. Үздiксiздiк – ол сәйкес өндiрiстiк және шаруашылық процестердiң сипатымен себептелген.
        4. Шешiмдердi дайындау процесiне орындаушыларды барынша ерте және кеңiнен қатыстыру – жоғарыдан жiберiлгендерге қарағанда өз еңбегi мен идеясы сiңген шешiмдер белсендiрек әрi қызығушылықпен iске асырылады.
  1. Басқарушылық қатынастар

Басқарушылық әрекеттестiк iске асқанда екi субъект арасында басқарушылық байланыс бар деп айтуға болады. Оның мәнi мынада: олардың бiрi екiншiсiнiң белгiлiктi түрде жұмыс iстеуiне мүдделi және басқарушылық бұйрықтар бередi, ал екiншiсi – өзiн белгiлiктi себептерге орай бiрiншiсiнiң басқарушылық бұйрықтарына сәйкес ұстанады.

Екi субъектi арасында басқарушылық байланыс орнап, сәйкесiнше басқарушылық әрекеттестiк жүзеге асуы үшiн осы субъектiлер арасында басқарушылық қатынастар болуы қажет.

Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын (саяси, әлеуметтік, экономикалық, этикалық және т.б.) қамтиды. Егер өндірістік процестер мен қатынастардың мазмұны өндірісте материалдық игіліктерді тікелей өндірудің еңбегін ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды құрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардың мазмұны - бұл өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс.

Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады. Нәтижесінде адамдардың бір бөлігі материалдық игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатын болса, басқа біреулері басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасы ретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды. Бұл қарым-қатынас, яғни қоғамдық байланыстар мен олардың өзара әрекеттесуінің жиынтығы, басқару субъектілері мен объектілері арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады.

Басқару қатынасы қандай түрге немесе тұрпатқа жататынына қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері арасындағы қатынас ретінде болады.

Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы - басқарушы мен басқарылушы - жүйенің бірлігі ретінде қарастырылады. Алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару органдарын - мемлекетті, үкіметті, министрліктерді және т.б. қамтитын басқару субъектілерін, ал екіншісі жалпы түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды, кәсіпорынды және т.б. білдіреді.

Жұмыс орнына келетін болсақ, мұнда басқарудың басқа түрі еңбек құралдарын басқару жүзеге асырылады.

Осылайша, өндірісті басқарудың екі түрі бөліп көрсетіледі:

Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қосалқы жүйемен басқарылатын тікелей өндіріс процесін білдіреді. Басқарудың қосалқы жүйесі тек адамдарды басқару ісіне ғана қатысты. Басқаша айтқанда, өндірісті басқару - бұл өз кезегінде еңбек құралдарын басқаратын жұмыскерлерді басқару.

Қоғамдық өндіріс саласындағы басқарудың айрықша ерекшелігі мынада: ол қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығымен айналысады. Мұның себебі, адам өндірістік процесте бірлескен еңбек процесінің қатысушысы ғана емес, сонымен бірге ол бір мезгілде әлеуметтік тұлға да болып табылады. Ал адам әлеуметтік тұлға болғандықтан оған әрқилы қажеттілік, талап-тілек, қалау және т.б. тән. Адам қарама-қайшылыққа толы, сол себепті де оларды әлеуметтік құбылыс ретінде, яғни әлеуметтік тұрғыдан басқару қиын.

Өндірісті басқару қатынасы басқарумен ықпал ету процесінде адамдардың және ұжымдардың тұрақты өзара байланыстары мен өзара әрекеттерінің күрделі кешенін білдіреді.

Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша былайша жіктеледі:

Объектілері бойынша өндірісті басқару қатынасы мыналарға бөлінеді: тұлғалар арасындағы, жүйелер арасындағы және аралас.

Таралу өрісі бойынша басқару қатынасы мынадай түрлерге бөлінеді:

Басқару қатынасын ұйымдық байланыстардың саны бойынша жай және күрделі деп бөлуге болады.

  1. Менеджер және оның қызметтері

Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Менеджерлер деп аталатын басқарушы топтардың өкілдері барлық фирмаларда жұмыс істейді. Менеджер сөзі ағылшынның «manage» деген сөзінен шыққан және басқарушы, меңгеруші деген ұғымды білдіреді.

Менеджер – бұл басқарудың түрлі тәсілдері мен тактикаларын пайдалана отырып, ұйымды мақсатқа жетуге апаратын маман.

Бизнесмен мен менеджер түсініктері бірдей емес. Бизнесмен - бұл табыс әкелетін айналымдағы капиталдың иесі, оның қарамағында ешкім болмауы да мүмкін. Менеджердің міндетті түрде тұрақты лауазымы, қарамағында адамдары бар.

Менеджер кәсіпорын қызметкерлерінің ешқайсысында жоқ арнайы екі міндет атқарады:

Барлық менеджерлер үшін олардың жұмыс орнына қарамастан, мынадай ортақ қызметтер бар:

  1. менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
  2. менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы қызметкерлердің тиісті құрамын іріктейді және т.б.;
  3. менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті — сыйлықақы беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын – пайдаланады;
  4. менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды;
  5. менеджер адамдардың қызмет жағынан жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдар мамандығының жетілдірілуі, қызмет жағынан жоғарылауы немесе төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы немесе берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау, оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірін айқындай алуы тиіс.

Қазiргi өнеркәсiп корпорациясында басқару қызметкерлерiн үш топқа бөлуге болады.

  1. Топ менеджмент (top management) – басқарудың жоғарғы буыны, оған директорлар кеңесi төрағасын, президенттi, вице-президенттердi жатқызады. Олар компанияның жалпы стратегиясын жасаумен, болжаумен және ұзақ мерзiмдiк жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерiн шешiп, сыртқы ортамен байланыс орнатумен шұғылданады.
    1. Мидле менеджмент (middle management) - өндiрiс бөлiмшелерi мен функциялық қызметтiң ортаңғы деңгейлi басшылары жедел жұмыстарға, ғылыми зерттеулердi жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндiру мен өткiзуге, есеп пен бақылауды жолға қоюға жауап бередi.
    2. Ловер менеджмент (lover management) – басқарудың төменгi буыны, оған цех жетекшiсi, өндiрiстiк учаске бастығы, шеберлер жатады. Олар жұмысшылар мен қызметшiлерге тiкелей басшылық етедi.

Сонымен, менеджер — бұл нарықтық бәсеке жағдайындағы фирма алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларды ұйымдастыруға қабілетті, еңбекті басқару саласында ғылыми білімі бар адам. Ол тек жай ғана басқарушы болмай, алдын ала болжай алып, адамдарды ұйымдастырып, олардың іс-әрекетін үйлестіріп, бақылай білуі керек.

  1. Менеджерлердің рөлдері

Менеджерлердің міндеттері сан алуан болғандықтан оларды толық баяндау үшін бірқатар зерттеулер жүргізілді. Менеджерлердің күнделікті қызметі туралы сұрақтарды өзгелерден жақсырақ зерттеген Генри Минцберг болды. Ғалым зерттеуге қатысқан менеджерлерді көптеген айлар бойы бақылап, олардың орындаған барлық істерін тіркеді. Минцберг зерттеуі менеджерлер негізгі он рөл атқаратындығын көрсетті. Рөл - менеджердің мінез-құлқы туралы түсініктер жинағы. Минцберг түрлі кезең мен деңгейде басшы атқаратын рөлдерді 3 топқа біріктірді:

1) адамаралық рөлдер - адамдарды басқару:

2) ақпараттық рөлдер - ақпаратты басқару:

3) шешім қабылдаумен байланысты рөлдер - іс-әрекеттерді басқару:

Тарау

Басқарудың шетелдік тәжірибесі

  1. АҚШ-тағы менеджмент ерекшеліктері

Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі, монополистік топтар арасындағы бәсеке күресінің күрт шиеленісуі, ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқыны басқаруды жетілдіру жұмысында ұйымдық мәселелерді бірінші орынға қойды. Техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын американдық және жапондық ірі компанияларды салыстырмалы талдағанда, тек негізгі өндірісті автоматтандыруды инвестициялаудан гөрі, мамандықты арттыру мен ұйымдық-басқару құрылымдарын жетілдіруді инвестициялау анағұрлым тиімді болатындығын көрсетті. Сол себепті АҚШ-та өндірістік қызметтің ұйымдық нышандарын мемлекеттік-монополистік капитализмнің жаңа жағдайына бейімдеу, өндірісті одан әрі қарқынды өркендету және неғұрлым көп пайда табу үшін ұйымдық ірі резервтерді пайдалану міндеттері қойылып отыр.

Орталықтан басқарудан гөрі, пайда табатын орталықтардың, бөлімдер мен кәсіпорындардың құқықтары мен жауапкершілігін ұлғайту — АҚШ-тағы шаруашылық өмірде елеулі құбылыс болды. Осының нәтижесінде компанияларда жаңа бөлімшелер құрылды, бөлімше топтарының қызметін үйлестіретін арнайы жоғарғы басқарма енгізілді, штабтық органдар корпорацияның жоғарғы басшыларына қызмет көрсетуге көбірек көңіл бөле бастады, төменгі буындарда (заводтарда) функционалдық қызметтерді толық орталықтандыру жүргізілді.

Менеджмент саласындағы белгілі ғалым Друкер «федералдық қағида» деген ұғымды енгізді. Оның ойынша «федералдық қағиданы» бірте-бірте қолдану мынаған негізделген: жоғарғы басшы кәсіпорынның ең басты мақсатын айқындайды, адам ресурстарын ұйымдастырады, болашақ әкімгерлерді таңдайды, даярлайды және сынайды, қызмет тиімділігін өлшеудің эталондарын белгілейді. Екінші жағынан әрбір бөлімшенің белгілі бір автономиясы болады. Оның меңгерушісі автономдық істің басшысы, ол өндіріс пен техникалық прогреске, өткізу мен сатып алуға, есеп беру мен қызметкерлерге жауапты болып, өзінің бөлімшесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады.

Друкердің пікірінше, ұйымдастырудың федералдық қағидасы:

  1. жоғарғы басшының өзінің тікелей қызметімен шұғылдануына мүмкіндік береді;
  2. жергілікті жердегі «жоғарғы басшының қызметі мен оның мәселелерін» түсінуге, әрі соның нәтижесінде жоғарғы басшының шешімдерін «жергілікті деңгейде» ойдағыдай орындауға әсер етеді;
  3. еңбек өнімділігін әділ бағалауға қолайлы жағдай жасайды;
  4. сабақтас мәселелерді шешіп, «кең профильді» басшыларды құруға және оларға жоғарғы басшыдағы мәселелер мен қызметтер туралы толық түсінік беруге жәрдемдеседі.

Корпорациялық басқарудың біршама шағын органдарына ірі инвестицияға байланысты дамытудың стратегиялық мәселелерін шешу шоғырландырылады. Әрбір бөлімше өз қызметін толық қаржыландырады, коммерциялық негізде кез келген ұйыммен серіктестік қатынас орнатады. Алайда, ұйымдық құрылым мәселелерінің күрделі іс екендігі соншалық, ұйымды құрудың әмбебап схемасын жасау тіптен мүмкін емес. Сондықтан да өндірістің сипатына, сол өндірістегі қызметтің ерекшелігіне, тиісті әкімшілік қызметшілердің санына қарай кез келген ұйымдық шешімдерді өзіндегі жағдайға қарай бейімдеу қажет.

Компанияның табыстылығын арттырудың жаңа жолдарын қарастыруда ғылыми зерттеулер мен ізденістерді тиімді етуге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа нәтижелердің енгізілуіне байланысты іскер компанияның бәсекелесу қабілеттілігін де, олардың «өміршеңдігін» және «болашақтағы белгісіздікті» игеруін де байланыстырады. Сондықтан да басқару ғылымы ғылыми зерттеулер мен ізденіс мәселелерін алдыңғы орындардың біріне қойып, бұл саладағы қызметке жаңа тәсілдер мен құралдарды — жүйелік талдаудың, математикалық және машиналық үлгілеудің, ғалымдар мен инженерлердің еңбегін уәждемелеудің және интенсивтендірудің толып жатқан психологиялық амалдарын қолданады. Басқару ғылымы арнайы әдебиеттердегі тақырыптардың біріне айналды, осы мақсатта конференциялар, семинарлар, симпозиумдар өткізілді.

Көптеген американдық мамандардың пікірінше, ең қиын мәселелердің бірі компанияларға ұзақ мерзімді саясат белгілеу, яғни ғылыми зерттеулер мен ізденістер жүргізу.

Соңғы жылдары ақпаратты машиналық жүйемен жинау және өңдеу кең етек алғанда адамдар ақпарат пен шығармашылық идеяны таратушы ретінде көптеген тәжірибелер мен зерттеулердің объектісіне айналды. Ақпараттың ұдайы келуі үшін іргелі зерттеулерді қолданбалы зерттеулермен - өндірісте өтетін нақты процестер туралы мәлімет көздерімен ұштастырудың зор маңызы бар.

Америкадағы университеттер мен ғылыми орталықтарда ғылыми салада идеяны тез тарату мен жинаудың жаңа тәсілі - кибернетикалық сессиялар туралы көп айтады. Оның мәні мынада:

кез келген ғылыми мәселелер бойынша оны жан-жақты талқылайтын мамандардың бірнеше тобы құрылады;

әрбір топ үшін сұрақтар белгіленіп, сол бойынша пікір алысып, жаңа идеялар айқындалады;

бағыт-бағдар жасалып, онда әрбір маманның әр түрлі топқа қатысу тәртібі көрсетіледі;

жазбаны жүргізетін, әрі әрбір топтағы жаңадан қатысушыларға, олар келгенге дейін не айтылғаны туралы түсінік беретін арнайы адам бөлінеді. Бағыт-бағдардың көмегімен сессияға қатысушылардың әрқайсысы барлық топқа жұмыс істейді, сонымен қоса, құрамында мамандары бар топ құрамы бірнеше рет өзгереді.

Аталмыш тәсіл әр түрлі орталықтар мен компанияларда пайдаланылады. Американдық мамандардың пікірінше, көп жағдайда қысқа уақыттың ішінде өте мол ақпарат жинауға, нақты қолдануға болатын тұжырымдамалар немесе идеялар алуға мүмкіндік туды. Сонымен қоса, кәдімгі талқылауға қарағанда «кибернетикалық сессияларда» басшылар мен оларға бағыныштылар өздерін едәуір еркін сезінеді. Бұл тәсіл ақпарат жинау, әрекет ету мен рәсім бағыттарын белгілеу үшін ғана емес, басқарушыларды оқыту үшін де кеңінен қолданылады.

«Ми шабуылы» әдісі кеңінен қолданылып, мұнда қысқа мерзімде ғалымдардан құрылған арнайы команда қайсыбір мәселеге «шабуылдап», қажетті шешімді табады.

Соңғы жылдары басқарудың бағдарламалық-мақсаттық құрылымына ауысуы кең етек алды. Мұндайда компанияларда, ғылыми орталықтарда әртүрлі қызмет түрлерін үйлестіріп, біріктіреді де оларды белгілі бір мақсатқа бағындырады. Осындай жолмен американдық мамандар басқарудың тік және көлденең байланыстарын, орталықтандыру мен орталықсыздандыруды тиімді ұштастыру мәселесін шешуге тырысты.

Осыған орай американдық өнеркәсіп компанияларының басқару құрылымында жаңа тұлғалар - «бағдарламалық басшылар немесе жоба басшылары» пайда болады. Олардың міндеті — көлденең басшылық жасап, барлық бөлімшелердің зерттеуден өнім тапсыруға дейінгі барлық қызметті бағындыру, нақты жобалар мен бағдарламаларды орындау. Бағдарламалық басшылық билігі барлық бөлімшедегі басшылардың құқықтары және жауапкершілігімен түйіседі. Қарапайым орындаушылар әкімшілік саладағы бірден екі мекеме басшысының - өз бөлімшесінің баға жөніндегі менеджердің және нақты бағдарламаның орындалу графигін қадағалайтын жоба басшысының бақылауына алынады. Егер бұрын «басқарудың жобалық нышаны» аса маңызды бір-екі жобада немесе бұйымда құрылатын болса, енді көптеген американдық компанияларда жаңадан шығарылатын бұйымдардың барлығы басқарудың және бақылаудың осы жүйелерін қамтиды.

Зерттеу көрсеткеніндей, «жобалық басқаруды» ұйымдастырудағы жаңалық — мақсаттық бағдарламаның пайда болуынан жүзеге асуына дейінгі циклдің өтуін белгілеу. Өнеркәсіптік компаниядағы мақсатты басқару жүйесінің орны мен рөлі, құқықтары, жауапкершілігі мен олардың арасындағы байланыстар айқын белгіленген. Мақсаттық бағдарламаларды басқару жөніндегі бүкіл жұмысқа жетекшілік ететін арнайы комитеттер жоспарларды, нақты жобаларды бекітеді, оларды орталықтан басқаруды жүзеге асырады. Олардың міндетіне жобаның иесіне белгілеу, әр түрлі бөлімшелерден жобалардың өтуіне байланысты компания қызметінің ауқымын үйлестіру, жобаларды шолып шығу, нәтижесін бағалау және орындалу дәрежесін айқындау, жұмыс топтары мен басқа да бөлімшелерде пайда болған жанжалды жою жатады.

Бұл саладағы соңғы қадам, тиісті өкілеттілігі бар автономды органдар құру болды. Мұндайда жаңа өндіріс пен өнімді игеру күнделікті шығарылатын бұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Өкілеттілік пен ресурстарды шоғырландыру жаңа кен орындарын өнеркәсіптік жолмен игеру мерзімін қысқартуға әрі оларға қажетті тұтынушыларды айқындауға мүмкіндік береді.

Өнімнің жаңа түрлеріне жаңалық енгізу тобы жобалық негізде жоспарланып, жүзеге асырылады. Топтың жоба жөніндегі жауапкершілігі, оның коммерциялық жүзеге асушылығы анықталғанша, нарықта сынақтан өткенге дейін сақталады. Бұл кезеңде жоба жұмыс істеп тұрған іскер топтарға беріледі де, онда ол жұмыс істеп тұрған бөлімшенің бір бөлігіне айналады немесе жаңа бөлімшенің ядросын құрайды.

  1. Жапондық менеджмент

Жапондықтарда әлемдік және ұлттық тәжірибе элементтерінің ең тиімдісі жинақталған. Басқарудың жапондық тұрпатының базалық қағидаларын төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа корпорация мен жұмыскерлердің өз корпорациясына ерекше тәуелділігі, фирмаға берілгенділігі және оның мүддесі жолында жан аямайтындығы үшін едәуір қолайлы жағдай мен уәде беруі жатады.

Екінші топтағы қағидаларды дара басшылықтан гөрі ұжымдық басшылыққа көбірек көңіл бөлуі, корпорациядағы адамдардың фирма ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне қарамастан жұмыскерлерді тең құқықта қарау деп тұжырымдауға болады.

Үшіншіге — фирманың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үш негізгі күшке — басқарушыға, басқа жұмыскерлерге және инвесторларға ықпал ету мен бөлу балансын ұтымды ұстау жатады.

Төртінші топқа — әр түрлі фирмалармен - іскер әріптестермен, ең алдымен, жабдықтаушылар және сатып алушылармен түрлі байланыс орнату әдісін қалыптастыру жатады.

Аталған қағидаларды жүзеге асыру механизмінің маңызды элементтеріне мыналар жатады:

  1. еңбекті ұйымдастыру;
  2. өндіріс процестерін басқару және бақылау;
  3. топтық жұмыстарды және корпорацияны ынталандыру;
  4. жалдау және еңбек жағдайы.

Қазіргі Жапониядағы басқаруды американдық менеджеризм мен жапондық традиционализмнің қоспасы деп түсіну қажет. Сондықтан да мұнда «менеджмент» термині толық сай келеді. Жапондықтардың өзі де, басқару туралы әңгіме болғанда, осы терминді қолданады. Олар өздерін американдықтардың шәкірті ретінде есептей отырып, менеджменттің барлық белгілі тұжырымдамаларын мұқият зерттеді әрі өзіне сай етіп құра білді.

Жапонияда істі, өндірісті және басқаруды ұйымдастырудың жоғары деңгейі кімді болса да таң қалдырады. Жапон экономикасының жетістігі басқарудағы әлеуметтік-кәсіптік саланың қызметіне негізделген. Жапония өз экономикасын басқарудың бірегей жүйесі арқасында дамытты. Басқарудың табанды қағидалары нәтижесінде көздеген мақсатына жетіп отырды.

Тұтастай алғанда экономикалық стратегия төрт негізге сүйенеді: экономикалық ресурстарды жинау және консервілеу; елдің бәсеке қабілеттілігін жоғары деңгейде ұстау; адамдарды ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына бейімделетіндей етіп баулу; ғылыми зерттеулер мен ізденістерді интенсивтендіру.

Жапондық фирмалар үш деңгейлік негізде ұйымдасқан. Жапондықтардың пікірінше, үш деңгейлік құрылым неғұрлым икемді, әрі бюрократтық қауіпке онша ұшырай қоймайды.

Фирма басшылығы - директорлар кеңесі - басқарудың жоғарғы деңгейі болып саналады. Оған сайланғандардың бәрі фирмада белгілі бір бөлімшелерді басқарады. Батыстан айырмашылығы, фирма директорларды сирек шақырады. Олар әдетте орта буынды басқарушы құрамнан шақырады, бірақ бұлардың жедел басшылық жасайтын тәжірибесі және жасы 50-ден асқан болуы тиіс. Орта буын басшының деңгейінде басқарудың бүкіл практикалық міндеттері шешіледі.

Жапондық корпорацияларда басқарудың ұйымдық құрылымы, әдетте функционалдық қағидамен: көлденең және тік байланыспен құрылған. Көпшілік жапондық компанияларда икемді құрылымдық схема бар.

Жапондық менеджмент ерекшелігі қызметшілерді басқару. Жапонияда жапондықтардың айтуы бойынша бір ғана байлық бар - ол адамдар. Тек соларға ғана сүйеніп, елдің билеуші топтары «кедергілер жарысында» жеңіске жете алады.

Басқарудың жапондық стилі - бірегей. Оған тән нәрсе - басқарудың Коноске Мацусити қағидасы. Басқарудың Мацусити стилі былайша сипатталады:

  1. танысудың белсенділігі (фирманың барлық бөлімшелеріндегі істің жайы, ондағы барлық қызметтің жұмыс істеуі);
  2. фирма жұмыскерлерінің кәсіптік шеберлігін үнемі жетілдіруіне күш салу;
  3. бастаманы батыл көтермелеу;
  4. болатын шешімдердің ең таңдаулысын іздестіру мақсатында менеджерлер арасындағы талқылауды жан-жақты қолдау.

Жапонияда қызметшілерді басқару нақтылы, көбінесе дәстүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Оның ең бастылары: жұмыскерлерді ұзақ мерзімге, өмір бойы жалдау, жасына қарай еңбек ақы төлеу және қызметін жоғарылату болып саналады. Осының арқасында жапондықтар ұзақ уақыт бойы жұмыссыздықты барынша азайтып отыр.

Жапондық корпорацияларға тән нәрсе – топтық жауапкершілік механизмін және басқалардың мақсатты тәсілдерінің бағдарламаларын белсенді пайдалану, ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру, инвестициялық-құрылыс жобалары секілді міндеттерді шешу. Басқарудың барлық құрылымында топ маңызды ұйымдық элемент болып саналады. Жапондық басқару жүйесінде топтық ынталандыру және топтық жауапкершілік айқын сипат алады. Мұндай топтар ресми бөлімше, яғни ұйымның штаттық құрылымдық компоненттері ретінде ғана емес, бейресми, уақытша бөлімше, мәселен сапаны бақылайтын топ ретінде құрылуы мүмкін.

Жапонияда елдің көзінше сөгіс жариялау сирек қолданылады, өйткені олардың арына өшпес таңба қалдырады, сол себепті сөгістің ықпалы кемиді. Бұларда топтық ахуалға, психологиялық көңіл-күйге ерекше көңіл бөледі. Еңбек өнімділігінің жоғарылауы, немесе, керісінше, төмендеуі, ақаудың кемуі немесе артуы ұйымшылдықпен, жұмыс топтарының мүлтіксіз жұмыс істеуімен байланыстырылады. Бұл сапалар жұмыс тобы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа байланысты екендігі сөзсіз.

Жапон кәсіпорындарында жұмыс тобында 4-6, кейде одан көп жұмысшы істейді. Ең қолайлысы 10-20 адам болып саналады. Мұндай топта тығыз байланыс орнату, еңбек операцияларын бірлесіп орындау қамтамасыз етіледі.

Жапондықтарда ұжымдық еңбек әрекеті шағын топтардың күш-жігері арқылы қалыптасады. Бұл топтарға қажетті бағыт-бағдар беру үшін жапон фирмасында арнайы моральдық рух, басқаша айтқанда корпоративтік рух деген енгізілген.


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 2558 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пользовательские стили| УСЛОВИЯ ИЗМЕНЕНИЯ И РАСТОРЖЕНИЯ ДОГОВОРА

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.04 сек.)