Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ядролық энергияны пайдалану жолдары

Читайте также:
  1. АКТ –ны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
  2. бап. Пайдалану режимiн шектеу
  3. Билет 16/1. Тиоцианотометрлік титрлеу әдісі,стандартты ерітінділері мен индикаторы. Титрлеу қателігін төмендету жолдары.
  4. В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы
  5. Дәстүрлі тізбекті тілдерді пайдалану.
  6. Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде қандай зақымдағыш факторға әсер етеді
  7. Энергегикалық проблема және ядролық энергетиканың дамуының әлемдік бағыттары

Ядролық реакцияларда өте көп энергия бөлініп шығады,ол кәдімгі экзотермиялық химиялық реакциялардағыдан бірнеше миллион есе артық.Бірақ ол энергияны іске асырып пайдалануға көп кедергілер болды,оның бастысы- белгілі ядролық реакциялардың ішінде бір басталғаннан кейін мысалы,көмірдің жанғаны не кейбір басқа химиялық реакциялар сияқты,тоқтамай жүре беретіні болмады.Ядролық реакция жүру үшін,өне бойы сырттан,айталық нейтронмен атқылап отыру керек.

1939 жыдың басында неміс ғалымдары Ган және Штрассман уран ядросын нейтронмен атқылауды зерттей отырып,ядро энергиясын пайдалануға мүмкіншілік беретін бірнеше маңызды құбылыстар байқаған.Уран изотопы U235 нейтронмен атқылағанда,ол ядро жарылып,одан екі “сынық” пайда болады,ол сынық – айталық барий және криптон элементтерінің ядролары.Бұл құбылыс қазірде атомдық ядроның бөлінуі деп аталады.U235 ядросы бөлінгенде орасан көп энергия бөлініп шығады,мысалы 1 кг уран бөлінгенде,ядродан 2-3 нецтрон бөлініп шығады.Міне,осы ғылыми жаңалық, оның әсіресе соңғы айтылған фактісі,ядролық энергияны пайдалану проблемасын шешіп берді.

Ядроға кірген бір нейтрон,жаңадан 2-3 нейтрон бөліп шығаратын болса,ол нейтрондар уранның басқа ядроларымен кездесіп,өз ретімен оларды бөліп жаңа 4-9 нейтрон шығарып,одан әрі осы ретпен нейтрондар тез көбейіп,ядролық процесс өрбіп,керемет жылдамдыққа көшеді.Осылайша қаулаған,яғни жылдамдығы үсті-үстіне артып жатқан ядролық бөліну процессі тізбекті ядролық реакция деп аталады.(1.1 сурет)

Орыс физиктері К.А.Петржак және Г.Н.Флеров (1940 жылы)уран ядролары,олардың нейтронмен атқыламай-ақ,өздігінен екіге бөлініп әрбір ядродан 2-3 нейтрон шығатынын ашты.Осы жөніндегі келесі зерттеулер Pu239 және Th233 ,U235 сияқты бөлінетіндігін көрсетті.

Уран – 235 оңай,жақсы бөліну үшін нейтрондардың жылдамдығы бәсең болғаны қолайлы екен.

Жылдамдықты бәсеңдету үшін нейтрондарды графит,не ауыр су сияқты баяулатқыштар арқылы өткізеді.

Осының бәрін іске асырудағы бір қиындық мынау болды.Ядросы бөлінетін изотоп U235 , ал жаратылыстағы уранда U238 -99.3%, U235 -0.7 %,міне,осы изотоптарды бір-бірінен ажыратып U235 жинау өте қиын жұмыс болды,бірақ бұл мәселе де шешілді.Тәжірибе үшін америкада алғаш жасалған ядролық реактор 1942 жылдың желтоқсанында іске қосылды;оның ішінде 6 т таза уран бар еді;бұл реактор дұрыс жұмыс істеу үшін керекті уранның ең аз мөлшері.Ядролық энергияны алуды көп кешікпей-ақ Ресейде де меңгерді.Ресейде 1954 жылы 27 маусымда ядролық энергиядан істейтін дүние жүзіндегі ең бірінші электр станция іске қосылды.Онда “ ядролық отын ”ретінде ішінде 5% U235 изотопы бар уран қолданылды.Станцияның қуаты 5000 квт,ол тәулігіне 30 г уран жұмсайды (100 т көмірге пара-пар).

Ядролық ректорларды тек қана электр станциясын жасау үшін немесе жылу алу үшін қолданып қоймай,сонымен қатар одан бөлініп шыққан нейтрондармен басқа элементтерді атқылап радиоактивті изотоптар алу үшін де қолданады.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 644 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Алыпты дисперсия | Аномальды дисперсия. | Денелердің жарық шығаруы,абсалют қара дене | Сурак Газдардың сәуле шығаруындағы сериалық заңдары | Сұрақ. Бор постулаттары | Анықталмағандық принципі. Луй-де-Бройль гипотезасы. | Атом ядросының құрылысы және сипаттамасы. | Ядроның байланыс энергиясы және потенциалдық энергиясы. | Массалар дефектісі. | Табиғи және жасанды радиоактивтілік. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ядролык реакциялар| Жартылай ыдырау периоды

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)