Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алыпты дисперсия

Читайте также:
  1. Аномальды дисперсия.
  2. Дисперсия и среднее квадратичное отклонение случайной величины и ее свойства.
  3. Жалынның қалыпты таралу теңдігі
  4. Жалынның қалыпты таралуы

Заттың жарық сындыру көрсеткішінің жарық толқыны ұзындығына тәуелділігі жарық дисперсиясы деп аталады. Егер заттың абсолют сыну көрсеткіші n болса, оның толқын ұзындығына (λ-ға) тәуелділігін былай өрнектеуге болады: n=f(λ).

 

Суретте шынының (1), кварцтың (2) және флюориттың (3) сыну көрсеткіштерінің көрінетін жарық толқындары ұзындығына байланысты қалай өзгеретіндігі кескінделген. Осылай жарық толқындары ұзарғанда, яғни тербеліс жиілігі азайғанда сыну көрсеткіштерінің кемуі қалыпты дисперсия деп аталады.

Қалыпты дисперсияны суретте кескінделгендей тәжірибе жасап бақылауға болады. Егер вертикаль А саңылаудан өткен ақ жарық шоғы жолында тігінен қойылған Р1 шыны призма тұрған болса, онда Е1 экран бетінде тұтас спектр пайда болады. Оның қызыл шеті призманың қыры жаққа, күлгін шеті табаны жаққа қарай орналасады. Егер жарық жолында Р1 призмаға перпендикуляр етіп орнатылған Р2 призма тұрған болса, одан өткен жарық сәулелері сынып жоғары қарай бұрылады, сонда күлгін сәулелер қызыл сәулелерден гөрі күштірек бұрылады да, спектр Е2 экран бетінде кескінделгендей майысып орналасады; спектрдің күлгін шеті қызыл шетінен гөрі күштірек майысады. Бұл – қалыпты дисперсия.

Егер Р2 призма қуыс болып, оның ішіне бір ерітінді, мысалы фуксин ерітіндісі, құйылған болса, онда түскен ақ жарық құрамындағы жасыл түсті сәулелерді ерітінді жұтады да, экранға түскен спектрдың жасыл бөлігінде қоңыр жолақ-жұтылу жолағы пайда болады. Сонда Е3 экранға кескінделгендей жұтылу жолағының сол жағындағы спектр бөлігінің оған таяу ұшы төмен қарай, оң жағындағы спектр бөлігінің таяу ұшы жоғары қарай иіледі; басқаша айтқанда жұтылу жолағына таяу спектрдің ұзын толқынды бөлігінің ұшы, қысқа толқынды бөлігінің ұшынан гөрі күштірек майысады, демек оған сәйкес сыну көрсеткіші үлкен болады.

Суретте мысал ретінде цианинның жұту жолағы алқабында сындыру көрсеткіші мәнінің жарық толқыны ұзындығына байланысты қалай өзгеретіндігі көрсетілген. Бұл графиктен жұтылу жолағы ішінде толқын ұзындығы, шамада 640нм-нен 520нм-ге дейін кемігенде цианин сындыру көрсеткіш мәні азаятындығы айқын көрініп тұр.

 

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 274 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Фотометриялық шамалар.Жарық ағыны. | Фотометриялық шамалар. Жарықтану. | Фотометрлік шамалар: Энергетикалық жарқырау | Интерференцифлық максимумдар мен минимумдардың шарттары. | Ньютон сақинасы. Жарықтың жұқа пластинкаларда интерференциялануы. | Дифракциялық тордың ажырату қабілеті | Табиғи жарықтан поляризацияланған жарықты алу әдістері. | Жарық сәулесінің қосарланып сынуы. Николь призмасы. | Оптикалық актив заттар.Поляризация жазықтығының бұрылуы. | Жарықтың поляризациясы.Малюс заңы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сынған сәуленің поляризациясы. Брюстер заңы.| Аномальды дисперсия.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)