Читайте также: |
|
Жарық толқындарының өрісін электр векторы (Е) мен магнит векторы
(Н)арқылы сипаттауға болады. Бұл вектор өзара жəне толқын таралатын бағытқа перпендикуляр болатындығы белгілі. Жарық толқыны өрісінің векторы үздіксіз өзгеріп, яғни ұдайы тербеліп тұрады. Жарықтың фотохимиялық əсері (Е) электр векторы əсеріне байланысты. Сондықтан бұл вектор кейде жарық векторы деп те аталады. Жарық тербелістері делінгенде осы Е r тербелісі айтылады. Жарық толқынының интенсивтілігі, яғни 1 сек. Толқын таралатын бағытқа перпендикуляр 1 см2 ауданнан өтетін жарық энергиясынның мөлшері, оның электр векторының амплитудаларының квадратына тура пропорционал болады. Жарық толқындары заттың атомдары мен молекулаларында жүріп жатқан кейбір процесстер нəтижесінде пайда болады. өте кішкене жарық көзі құрамында сансыз көп атомдар болады. Олардың əрқайсысы шығаратын жарық толқындарының электр векторының бағыттары əртүрлі, сонымен қабат бір атомның шығарған жарық толқындарының электр векторының бағыты да өзгеріп тұрады. Сөйтіп, жарық толқынының электр векторы түрлі жаққа бағытталған, яғни ол сан алуан жазықтықта тербелуі мүмкін. Мұнда бір бағыттың басқа бағыттардан артықшылығы болмайды. Өрісінің электр векторы кеңістікте осылай түрлі бағытта орналасқан жарық – табиғи жарық деп аталады. Табиғи жарық толқындарының барлық бағытта интенсивтігі бірдей болады. Белгілі жағдайда жарық толқыны векторы тек бір белгілі бағытта ғана тербелуі мүмкін. Осындай жарық – толық поляризацияланған жарық деп аталады. Электр векторының тербеліс бағыты мен сол тербелістер таралатын бағыт арқылы өтетін жазықтың поляризацияланған жарықтың тербеліс жазықтығы, оған перпендикуляр жазықтық – поляризациялану жазықтығы деп аталады. Егер жарық векторы тербелістері бір ғана жазықтықта болып жатса, ондай жарық жазықша поляризацияланған жарық деп аталады. Жарықтың поляризациялану құбылысын тəжірибе жасап байқауға болады, бұл құбылысты, мыс., жарық турмалин пластинкадан өткенде байқау оңай. Турмалин кристалынан оның осіне параллель етіп жарып алынған мөлдір жұқа пластинка алып, оған табиғи ақ жарық түсірейік. Сонда ол қоңырлау жасыл түсті болып көрінеді. Егер оны түскен сəуле бағытымен дəл келетін осьтен айналдырсақ, өткен жарық интенсивтілігі өзгермейді. Дəл сондай тағы бір турмалин пластинка алып, оны алғашқы пластинканың жанына 1, а – суретте көрсетілгендей, яғни олардың ХХ осьтерін параллель етіп қойсақ, онда жарық пластинкалардың екеуінен де өтеді, бірақ оның интенсивтілігі бұрынғысынан гөрі сəл бəсеңдейді, себебі жарықты бір пластинкадан гөрі екі пластинка көбірек жұтады. Енді турмалин пластинкалардың біреуін, мыс., ІІ пластинканы, сəулемен дəл келетін осьтен айналдырсақ, өткен жарық интесивтілігі кеми бастайды, олардың ХХ осі бір-біріне перпендикуляр болса (1, б – сурет), жарық ІІ пластинкадан өтпейді. Бұған қарағанда І турмалин пластинка тек бір белгілі бағытта, мыс., ХХ осьтері бағытында болатын жарық тербелістерін ғана өткізеді. ІІ турмалин пластинка ондай тербелістерді бөгейді. Сөйтіп, турмалин пластинкасынан өткен жарық толқынының электр векторы белгілі бір жазықтықта тербеледі, демек табиғи жарық турмалиннан өткенде поляризацияланады. Бұл тəжірибелер жарық тербелістерінің көлденең тербелістер екендігін дəлелдейді. Біз қарастырған мысалда І турмалин пластинка поляризатор, ІІ турмалин пластинка анализатор деп аталады. Қабаттастыра қойылған екі турмалин пластинкадан жарықтың өтіп-өтпеуі сол пластинкалардың белгілі жазықтықтарының өзара қалай орналасқандығына байланысты.
Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 617 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дифракциялық тордың ажырату қабілеті | | | Жарық сәулесінің қосарланып сынуы. Николь призмасы. |