Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде қандай зақымдағыш факторға әсер етеді

Читайте также:
  1. A. қолданушының жұмыс істеген құжаттардың жиынтығын көрсетеді
  2. B. Сол жақ батырма арқылы
  3. D) бөлінбеген табыс есебінен резервтік капитал қалыптасқан кезде
  4. Бұл жағдай рахит процесінің қандай сатысына сәйкес келеді?
  5. Басқарудың шетелдік тәжірибесі
  6. Бейбiт және соғыс жағдайында халықты инженерлiк қopғay
  7. Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Шараларды ұйымдастырy

23.ХАЛЫҚТЫ бейбіт және соғыс уақытында инженерлік қорғау Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Қорғаныс ғимараттары-ол инженерлік құрылыс. Қорғаныс ғимараттар қорғау қасиеті, мақсаты, орналасу, салыну мерзімі, қорғайтын деңгейі бойынша бөлінеді.1Қорғау қасиеті бойынша: панахана, радиациядан қорғау орындары, қарапайым жасыру орындары.2 Мақсаты бойынша: халықты жасырып сақтау үшін, басқару және байланыс тораптарын орналастыру үшін.3 Орналастыру бойынша: үй-астында, ғимараттан бөлек орнату.4Салыну мерзімі бойынша: алдын ала бейбіт уақытта салынған, қауіп төнген кезде жылдам тұрғызылған. 5Панаханалар қорғайтын деңгейі 4 сыныпқа бөлінеді. 1-шы сынып А-І, DDPф=500 кПа, К3=5000, ерекше тапсырыс бойынша салынады (Үкіметті басқару нүктелері).2-шы сынып А-ІІ, DDPф=300 кПа, К3=3000, аса маңызды және АҚ бойынша 1 топтағы қалаларда салынады.3-шы сынып А-ІІІ, DDPф=200 кПа, К3=2000, АҚ бойынша 1 мен ІІ топтағы қалаларда салынады.4-шы сынып А-ІV, DDPф=100 кПа, К3=1000, категорияланған қалалардың шетінде орналасқан аса маңызды объектілерде салынады. Мұнда А-(І, ІІ, ІІІ, ІV) - панахана сыныбын білдіреді, DDPф - соңғы толқынының майданындағы артық қысымды тежейді - кПа. К3-ионданушы сәулелену радиация дозасын әлсірету коэффициенті (дозаны қанша рет әлсіретеді).Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан - ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериялық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.Панахалар су баспайтын учаскелерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жердің жоспарлық белгісінен биік орнатылмайды. Панахана еденнің деңгейі жер асты суының деңгейінен барынша биік болуға, 0,5м кем болмауға тиіс.Панахананың сыйымдылығы отыруға (бірінші яруста) және жатуға арналған (екінші және үшінші ярус) орындардың жиынымен анықталады. Шағын - 300 адамға дейін, орта - 300… 600 адам, үлкен - 600 ден астам адам.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге жатады: жасырынуға арналған бөлме, басқару нүктесіне арналған бөлме, санитарлық нүкте (медпункт). Қосалқы бөлмелерге жатады: желдеткіш бөлме, санитарлық тораптар, қорғалған дизель электрстанция, азық-түлік сақтайтын бөлме, қорғалған кіреберістер мен шығаберістер, тамбур-шлюз, тамбур.Панахананың ішкі бөлімдері (дизель электростанцияларын, тамбур-шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) бір жасырынушы үшін 1,5м2 кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5м2 және үш ярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану талаптарына сәйкес болуы қажет, алайда жабынның маңдайынан еденің төменгі жеріне дейінгі белгіде 2,15м … 3,5м болуға тиіс (шект жол берілетін биіктік кемінде 1,85м).Жатуға арналған орын нар екі ярусты болып орналасқанда панаханада жалпы орының 20-ін, ал үш ярусты орналасқан кезде 30-ін құрауға тиіс.Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (І режим) және сүзгілік желдетккіш (ІІ режим). Таза желдеткіш режимі кезінде панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.Жылу орталығынан панахананы жылыту қарастырылады (ғимараттың жылыту жүйесі).Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3л есеппен жасалады.Қорғалған кіреберістер мен шығаберістер. Олардың саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауы тиіс. Сыйымдылығы 300 адамға бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі, алайда екіншісі тоннель түрінде авариялық (көшіру) шығаберісі ретінде қызмет етуі қажет. Сыртқы қабырғасына қорғаныш қымталған есік, ішкі қабырғасына қымталған есік орнатылады.Жылдам тұрғызылатын панаханалар дер кезінде салынған панаханалдың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпті кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (15 тәуліктен 1 айға дейін) темір бетон жиналмалы құрылғысынан сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) - 50… 200 адам.Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоактивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО-ын сыйымдылығы 10-15 адам, кейбір жағдайда 100-500 адам. Екі тәулік бойында жасырынған адамдар үздіксіз болады. Кіреберістер саны панахананың сыйымдылығына байланысты, алайда екеуден кем болмауға тиіс. Сыйымдылығы 50 адамға дейінгі бір кіреберіс ұстауға рұқсат етіледі.Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады.Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екіярусты нар кезінде 0,5м2 және үшярусты нар кезінде 0,4м2 болуға тиіс.

 

Жер сілкінудің магнитудасы

Жер сілкінуінің магнитудасы - сілкіністің мөшерін (шамасын) анықтайтын салыстырмалық энергетикалық өлшем. Ол сілкініс ошағынан Бөлініп шыққан энергия мөлшеріне тікелей байланысты. Ч. Рихтердің бастапқы аныұтамасы бойынша магнитуда дегеніміз сілкініс ошағынан 100 км. Қашықтықта стандартты сейсмографпен тіркелген сейсмикалық толқынның ең үлкен амплитуда шегінің (милиметрдің мыңнан бір бөлігі) сандық логорафимінетең: Мұнда А-стандартты Сейсмографпен белгілі бір қашықтықта тіркелген толқын амплитудасының шегі, - стандартты сейсмографпен сілкініс ошағынан 100 км. Қашықтықта тіркелген амплитудасының шегі (0,001мм-ге тең).1964 жылы Медведев С.В (СССР) Шпонхойер (ФРГ) және Крик В.(ЧССР) МШК-64 (оның авторларының бас әріптері алынған) деп аталатын 12 балдық халықаралық өлшемді жасап ұсынды. 1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. 2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі. 3 балл. Әлсіз жер сілкінісі. 4 балл. Елеулі жер сілкінісі. 5 балл. Ұйқыдан оянып кету. 6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. 7 балл. Ғимараттардың зақымдануы. 8 балл. Ғимараттардың қатты зақымдануы. 9 балл. Ғимараттардың жаппай зақымдануы. 10 балл. Ғимараттың жаппай қирап-бүлінуі. 11 балл. Апат. 12 балл. Жер бедерінің озгеруі.14 Радиоэкологиялық биогеоценоздардың радиоактивті заттармен ластануы ағзалардың мекен ету ортасындағы жаңа абиотикалық фактор болып саналады. Радиоактивті заттармен зақымданған жөрде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәуле ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. № 1 радиациядан қорғаушы дәрі-дәрмек - цистамин. Малина түсті екі пенал. Сәулелену қаупі кезінде пайдалану керек

 

Электрмен жабдықтау объектілер жүйесіне қойылатын талаптар

Электр тораптарын жіктеу Сұлбаның конфигурациясы және тұтынушылардың қосылу сұлбалары бойынша тораптар ажыратылған және тұйықталған болып бөлiнедi. Ажыратылған тораптарға жүктемелерi тек бiр жақтан электр энергиясын алатын желiлерден құралған тораптар жатады. Мұндай тораптар радиалды (2.1, а-сурет) және магистралды (2.1, б-сурет) болуы мүмкін. 2.1-сурет. Электр тораптарының сұлбалары Магистралды қоректендіру сұлбаларына түсті металл мен коммутациялық аппараттар аз жұмсалады, сондықтан да олар радиалды сұлбаларға қарағанда анағұрлым арзан. Алайда кәдімгі конструкциямен орындалған магистралды сұлбалардың сенімділігі аздау болады, себебі негізгі (бас) бөлікте апат болғанда осы магистралдан қоректенетін электр қабылдағыштардың барлығы істен шығады, ал радиалды желілерде бұндай жағдайда тек бір ғана қабылдағыш істен шығады. Солай десек те шинақұбырлардан жасалған магистралды тораптар жоғары сенімділікті жабдықтай алады. Тұйықталған тораптар деп тұтынушыларды электрмен жабдықтауды екі және одан көп жақтан қоректендіруге мүмкiндiгi бар тораптарды айтады, бұл торап тардың да маңыздылығы осында (2.1, в-сурет). Оларды екі немесе бірнеше қорек көздері (аудандық тораптар, электрлендірілген темір жолдың тартылым тораптары) тек бір тораппен байланысқанда қолданады. Сақиналы тораптар да тұйықталған торапқа жатады (2.1, г-сурет). Тұйықталған тораптарды есептеу ажыратылған торапты есептеуге қарағанда күрделі болады. Тұйықталған тораптар үшін күрделірек қорғанысты және үлкен ақшалай қаржыны талап етеді.

Тораптарға қойылатын негiзгi талаптар Тораптарға қойылатын бес негiзгi талаптарды бөлiп алуға болады: - жұмыс сенімділігі. Тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі мәселесі тораптың түгелге дерлік элементтері уақыт ағынымен зақымдалуына байланысты туады. Зақымданулар найзағайлық қызметтің көтерілуінен, күшті желдің әсерінен, ауыр мұздардың түзілуінен және т.б. болады.

Электрмен жабдықтау сенімділігін көтеру тек зақымдануды төмендету мен тораптың элементтерін резервтеумен ғана емес, сондай-ақ экономикалық жағынан дұрыс деп табылатын жолдармен қамтамасыз етілуі мүмкін. Резервтеуден басқа сенімді электрмен жабдықтауды орындау үшін сенімді әрекеттегі релелік қорғаныс пен автоматиканың құрылғылары керек: АҚҚ – автоматты қайта қосу, РАҚ – резервті автоматты қосу, АЖЖ – автоматты жиіліктік жүксіздендіру және т.б;

- электр энергиясының сапасы. Әрбір тұтынушы сапалы электр энергиясын алуға тиіс. Бұны энергия сапасының негізгі көрсеткіштерімен анықтайды: кернеу деңгейімен; жиілік деңгейімен; үш фазалы кернеудің симметриясымен және кернеу қисығының түрімен. Электр қабылдағыштарының саны көп қазіргі ұзын электр тораптарында электр энергиясының сапасы тораптың көптеген жұмыс жағдайына байланысты. Ол тораптың әр жерінде әр түрлі болады, бірақ арнайы құрылғыларды қолдану арқылы реттелуі мүмкін;

- үнемділік. Торап үнемді болуы үшін, тораптың сұлбалары конфигурацияларының, сымдар қимасы кернеулерінің және т.б. ең орындыларын таңдап алу керек. Сондықтан «келтірілген шығындар» деп аталатын белгіленген критерий бойынша өзара салыстырылатын варианттар қатары жоспарланады. Бұл критерий энергия шығындарын, капиталдық салымдарды және зиянды ескереді. Келтірілген шығындары минималды болатын вариант тиімді болып табылады;

- пайдалану қауіпсіздігі мен ыңғайлығы. Персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық пайдалану ережесінде (ТПЕ) келісілгендей жерлендірулер, қоршаулар қабылдағыштар, арнайы киімдер және басқа құралдар пайдаланылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқа пайдалану ыңғайлылығы да, алдын ала қарастырылуы тиіс: әр текті ауыстырып қосудың ыңғайлылығы, жөнделетін жабдыққа жақындау, қарау үшін жеткілікті жол және т.б.;

- даму мүмкіндігі. Жүктемелердің ығысуы салдарынан, сондай-ақ жаңа тұтынушылардың үздіксіз пайда болуынан электр торабы даму мен қайта құру жағдайында тұрады. Желілер мен трансформаторлық қосалқы станциялар ауыстырылады, қайта құрылады. Электр торабын жобалағанда, торапты түпкілікті қайта құрмай-ақ, ары қарай кеңейту мүмкіндігі болатындай етіп жобалау керек.

 

Эвакуациялық органдар

Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.

Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.

Бытыраңқы орналастыру –соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.

1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;

2.Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың,бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;

3.Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;

4.халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;

5.көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;

6.стансаларды,аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау,көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;

7.халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау,барлау және даярлау,марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;

8.жерасты құрылғаларын,жекпелерді және басқа да халықты жасауға болатын орындар мен құрылыстарды анықтау және оларды одан әрі жабдықтау;

9.Ааматтық қорғаныстың басқару пункттерін,байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;

10.қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау,сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.

Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді.

Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді.

Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.

Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаңыс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.

Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады.Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру,күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.

Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады.Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады.Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады.Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.

 

Орғаныс ғимараттар қорғау қасиеті бойынша қалай бөлінеді

Қорғаныс ғимараттардың түрлері. Панаханалар – жан-жақты қамтылған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатынарнайы салынған баспана. Олардың көмегімен адамдар типті қираған баспахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады, олардың қауіпсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіретін және шығатын жерлері болуы керек. Панаханалар ссу баспайтын учаскілерде тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Жамылғынығ төменгі жағы, әдеттегідей, жер бетінен биік орнатылмайды. Жылдам тұрғызылған панаханалар(ЖТП) дер кезінде салынаған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында немесе шабуыл қауіпі кезінде қалалар мен өндіріс объектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді (бірнеше тәулік бойында) темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панаханалардың сыйымдылығы (жататын орынды ескергенде) 50-200кісілік болады. Адамдарды жасыру үшін улы газ бөлінбейтін ауа температурасының ылғалдылығы онда адамдардың ұзақ болу үшін жеткілікті шекте ұсталатын, ал ыңғайластырылған ғимараттарда топырақ суы баспайтын ұңғымалар жарамды.Бұл ұңғымаларды жабу үшін ағаш есік қойылады. Брезенттен немесе тығыз материалдан жасалынған перде ілінеді. Нарлар мен орындықтар ағаш тақтайлардасн жасалынады, жарық үшін батареялық немесе аккумуляторлық шаммен шырақдандар да пайдалануға болады.Апаттық жарық ретінде май шамды да пайдалануға болады.Жасырынғандарды сумен жабдықтау панаханаға қойылған ыдыстарға құйылған ауыз суы қоры есебінен жүргізіледі.

Жер сілкіну күші бойынша қанша балға бөлінеді

1 964 ж. үш сейсмолог ғалымның (С. В. Медведев —1 ТМД, В. Шпонхойер — ФРГ, В. Қарник — ЧССР) фамилияларының бас әріптерінен құралған халықаралықі кесте (МSК.-64) қабылданып, қазіргі кезге дейін қолданылып келеді. Бұл кесте бойынша, I мен IV балға дейінгі аралықта жер сілкіну әрекетінің қарқындылығы адам- дардың (физиологиялық) алған әсері (эмоциясы) негізінде, V тен IX балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирау дәрежесіне қарай анықталады, алі X нан XII балға дейінгі аралықта байқалатын жер бетінің деформациялық ірі өзгерістері (ығысу, ыдырау. қатпарлану, жылжу, жылысу, опырылу, жарылу) жер сілкіну әрекетінің ең жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші болып саналады.

Сонымен, ТМД территориясында қолданылатын XII балдық макросейсмикалық кестенің (М5К-64) негізгі мазмұны мына төмендегідей:

/ балл. Арнаулы сейсмикалық құралдар мен аспаптар арқылы рана байқалады (әлсіз дірілдер).

// балл. Толық тыныштық жағдайда кейбір сезімтал адамдар ғана сезеді (әлсіз дірілдер мен тітіркенулер)^

/// балл. Халықтың шағын бөлігі ғана сезеді. Жоғарғы этаждарда анық сезіледі. Үйдің жанынан өте шыққан жүк автомашинасының туғызған діріліндей әсер қалдырады (өте әлсіз сілкіну).

IV балл. Халықтың көпшілігі сезеді. Үй ішінде терезенің әйнегі дірілдеп, ыдыс-аяқтар сыңғырлайды; люстралар ақырындап тербеліп, есіктер сықырлайды; ұйқыдағы адамдардың оянуы мүмкін; ауыр жүк автомашинасы үйдің қабырғасын соғып өткендей әсер қалдырады (әлсіз сілкіну).

V балл. Үй ішіндегі барлық адам, ал көшедегі адамдардын, басым көпшілігі сезінеді; үй іші шайқалып, есіктер ашылып-жабылып, жеңіл заттар құлап түседі; қабырғада кішігірім жарықшақтар пайда болып, сылақтары түсіп жатады; ұйқыдағы адамдар түгелдей оянып кетеді (орта дәрежедегі сілкінулер).

VI балл. Халық түгел сезінеді. Қорқыныш сезімі пайда болып, үрей туғызады. Үй ішіндегі кейбір заттар орнынан козғалып, ыдыс-аяқтар сынуы мүмкін; маятниктті сағаттар тоқтап қалады; қабырғалардың жапсарлары ажырап, сылақтары кесек бөлшектер түрінде опырылып құлап түсуі мүмкін. Құдықтардағы су деңгейі өзгерістерге ұшырайды (үрей туғызатын сілкінулер).

VII балл. Үй ішіндегі кейбір заттар құлайды. Үйдегі адамдардың барлығы да көшеге жүгіріп шығады. Сазды кірпіштен салынған нашар үйлердің қабырғаларында терен жарықтар пайда болып, кейбіреулері жартылай болса да қирайды. Ал таза кірпіштен немесе темір-бетонды ірі панельден тұрғызылған үйлердін, қабырғала-рында кішігірім жарықтар пайда болып, сылақтары опырылып құлап түседі. Кейбір жағдайда түтін мұржалары бұзылып, құлап жатады. Машина айдап келе жатқан адамдарға да сезіледі (күшті сілкінулер).

VIII балл. Үй ішіндегі ауыр заттарға дейін түгел құлайды. Ірі панельден тұрғызылған қабырғалар қаркастан бөлініп, ажырап қалады. Сапалы үйлер азды-көпті бүлініп, ал сапасыз нашар құрылыстар жартылай қирап, құлап жатады. Тау беткейлерінде бірнеше сантиметрлік жарықтар пайда болып, қорым тастарға тола-дьі Ескерткіштер орындарынан қозғалып немесе төңкеріліп қалады (аса күшті сілкінулер).

IX балл. Үй құрылыстары (сапасына қарай) кейде жартылай қисайып, кейде түгелдей бұзылады. Жер бетінде кішігірім (бірнеше см-лік) жарықтар мен жарықшақтар пайда болады. Жер астынан жүргізілген құбырлар әр түрлі деформациялык өзгерістерге ұшырайды. Су бетінде алып толқындар (цунамдар) пайда болып, жағалауда орналасқан халықты апатқа ұшыратады (ерекше күшті сілкінулер).

X балл. Бірен-саран ғана сапалы үйлер жартылай болса да сақталып, қалғандары түгелдей дерлік бұзылады, ал кейбіреулері фундаментінен ұшып кетеді. Темір жол рельстері майысып, сағыздай иіледі. Таулы жерлерде опырылып құлау, жылысу-жылжу әрекеттері байқалады. Өзен сулары арнасынан шығып, жағаға қарай ұмтылады. Жер беті ірілі-ұсақты (1 м-ге дейін) жарықтармен тілімденеді. Жасанды плотиналар мен тасты бөгеттер бұзылып, кейде жаңа көл орындары пайда болады (жойқын күшті сілкінулер).

XI балл. Үй құрылыстары түгелімен бұзылып, қирады. Таулы аудандарда пайда болған ірі жарықтар мен жарылыстарды (бірнеше м-лік) бойлап, тау жыныстарының ірі блоктары тік немесе көлденең бағытта жылжып орын ауыстырады. Көпірлер қирап, жер асты құбырлары мен темір жол рельстері сан бұралып, түгелдей істен шығады (катастрофалық апатты сілкінулер).

XII балл. Барлық құрылыс орындары түгелдей қирап қорым төбешіктерге айналады. Өзендер арнасын өзгертіп, су толқындары аспанға атылып жатады; сарқыра малар мен көлдер пайда болады. Жер қыртысының ірі блоктары тік және көлденең бағыттағы жарықтар бойымен жылжып орын ауыстырады. Соның нәтижесінд жер бетінің бедер пішіндері көп өзгерістерге ұшырап орасан зор опырылыстар мен копарылыстар байқаладц (ен, күшті катастрофалық апатты сілкінулер).

Жер сілкінудің жер бетіне тигізетін әсері жер сілкіну ошағының тереңдігі (неғұрлым терең болса, соғұрлым оның әсері әлсіз) мен дүмпу күшінің шамасьша тәуелді болады. Толығырақ айтсақ, жер сілкіну ошағы тереңдеп, ара қашықтығы өскен сайын дүмпу күшініі жер бетіне тигізетін әсері де азая түседі. Сонымен бірге, дүмпу күшінің әсері жер бетінің геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Егер жердің беткі қабаты толық кристалданған берік жыныстардан тұратын болса немесе топырақ суларының деңгейі тереңірек орналасса, онда жер сілкіну әсері шамалы болады. Жер сілкінудің эпицентрінен алыстаған сайын көлденең бағыттагы тербелістер басым болады. Мұндай тербелістер сейсмикалық серпімді толқындар деп аталады; олар қума толқындар (Р), көлденен. толқындар (S) және беткейлік (/) толқындар болып үш түрге ажыратылады.

Орғаныс ғимараттар мақсаты бойынша қалай бөлінеді

қорғану құрылыстарының қоры - өндірістік персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлік құрылыстардың жиынтығы;

шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар;

қорғану құрылыстарының қажеттi қорын, жеке қорғану құралдарының және Азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкiнiң қорларын жинау және әзiрлiкте ұстау;

ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып, аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;

ықтимал су тасқындарын, селдерді, көшкіндерді және басқа да қауіпті экзогенді құбылыстарды ескере отырып аумақтарда құрылыс салуды жоспарлауды;

Эвакуациялық шараларды өткізудің схемасын беріңіз

1) әскерлердің маневрлілігі мен тез жылжуын қамтамасыз ету мақсатында соғыс қимылы жүріп жатқан жерден тұтқындарды, халықты, бұзылған және артық мүлікті, олжаларды, әр түрлі бағалы заттарды тылға көшіру;

2) соғыс немесе саяси себептерге яки келісімдер мен шарттарға байланысты әскерлерді алдын ала орналасқан аудандарынан шығару;

3) дұшпан шабуылының қауіп төнгізіп тұрған немесе табиғат апатына (су тасу, таудан тас, қар құлау) ұшыраған жерлерден тұрғын халықты, кәсіпорындарды, мекемелерді, мәдени және құнды заттарды, жергілікті мүлікті алып шығу;

4) медициналық Эвакуация, яғни жаралыларды, ауруларды соғыс қимылы жүріп жатқан ұрыс даласынан тылдағы емдеу мекемелеріне ұйымдасқан түрде тасымалдау, көшіру;

5) су электр станциялары мен ірі су қоймалары салынғанда сол аумақтағы елді көшіру

Жер сілкінісінің залалын азайту үшін қандай мәселелерді қамтиды

Қазақстан республикасындағы сейсмикалық жағдай.Қазақстан сейсмологтары жер сілкінісіне дайындықта аса маңызды мәселелердің шешілмей отырғаны туралы алаңдаушылық білдірсе, экологтар беті аулақ, ондай жағдай бола қалса, соңының неге ұшырататыны туралы сақтандыруда. Өйткені, қалада жануардан берілетін аса қауіпті инфекция диагностикасының малдәрігерлік зертханасы орналасқан. Бұдан басқа да экологиялық қауіпсіздік, экологиялық ортаны жақсарту үшін қаланың бас жоспарына сәйкес қаладан көшіруге ұсынылған көптеген өндіріс нысандары бар. Мұнымен қоса жақын таулы алқаптарында көшкін қаупіне алып келетін құрылыстар белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, экологтардың айтуынша, Үлкен Алматы өзені, Медеу ауданындағы, Ақсай, Түрген шатқалдарындағы құрылыстар алда-жалда жер сілкінісі бола қалса, қосымша апатты жағдайлардың: сел мен көшкіннің қоса жүруіне алып келуі мүмкін екендігіне қатты алаңдаушылық білдірсе, оғана өте сергек қарамайынша болмайды. Қазақ «жұт – жеті ағайынды», деп бекерге айтпаса, қазіргі уақытта басқа елдердің тәжірибесі сабақ болса керек. Осыған байланысты Жапониядағы жадайды тағы да алға тартуға тура келеді. Сақ сол жапондардың өзі жер сілкінісімен қатар цунамидің, атом электр стансасының апаты болуы мүмкін екенін ойлап па еді? Осыған орай «Алматы қаласындағы азаматтық қорғанысты дамытудың перспективалары мен туындап отырған проблемалары турасында хабарлау қажет деп санаймын!» – деп, сенатор алматылық ретінде өзінің және барша алматылықтардың жанайқайын білдіргендей болған-ды. Айтар болсақ, Алматыда құрылыс нысандарын сейсмикалық нығайту мәселесі талай рет көтеріліп келгенмен, айтылған жерінде ескерусіз қалып жүр. Сенат депутаты да сауалында Алматыда екі жүзден астам мектеп, аурухана мен емхана сейсмокүшейтуге зәру екенін атап көрсетті. Атап айтқанда, қаладағы №5, 6, 15, 47, 52, 55, 57, 64, 68, 82 және 111-орта мектептерді жер сілкінісіне төтеп берердей етіп нығайтудың құжаттары толық дайын. Енді осы мәселені шешу үшін оларға жалпы көлемі 5,5 млрд. теңге қаржы керек. Сондай-ақ, қаладағы 4 емхана мен 1 аурухананың да сейсмикалық күшейтуге қажетті құжаттарының толық пакеті әзір, ол үшін қажетті қаржы – 1,2 млрд. теңге. Екіншіден, сейсмикалық бақылау торабын жаңғырту бағытындағы ұсыныстар да әлі күнге іске асырылмай отыр. Жер сілкінісінің қысқа мерзімді болжамдарының тиімді әдістемесі әлі әзірленбесе, «сейсмикалық шағын аудандау картасы» жасалмаған. Үшіншіден, өртке қарсы қызметтің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мүлдем қанағаттанғысыз. Қаладағы өртке қарсы деполардың барлығы да күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Қосымша 11 депо салмаса болмайды.

Жер сілкінудің сипаттамасы

Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар). Жер қабатының кенеттен жылжуы және жарылуы нәтижесінде серпінді тербеліс түрінде пайда болатын, орасан зор аймаққа тарайтын жер дүмпулері мен жер бетіндегі тербеліс жер сілкіну деп аталады. Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады.Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар,ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады.Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады.Осындай толқындар көлемді(жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрлі болады.Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады.Жердің үстіңгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі. Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Гипоцентр – алғашқы сейсмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі50кмаспайды. Эпицентр – бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі. Жер сілкінісі жиі жағдайда жердің жоғарғы қабатындағы жарық-жарылыстармен қоса қабат жүреді.Сілкіну көлемінің шамасы (жер сілкінісінің үдемелілігі) ғимараттардың бүліну деңгейімен жер бетінің өзгеру сипатымен анықталады және балмен есептеледі. Сейсмикалық толқынның жалпы қуатының шамасына жер сілкінісінің магнитудасы (кейбір шартты белгілері) жатады.

12/47/59.Қалаларды газбен жабдықтау бойынша орындайтын талаптар Қалалар мен шаруашылық нысандарына 2 және одан әрі дербес газ құбырлары арқылы газ беру және одан артық газ тарату станциялары арқылы жүргізілуге тиіс, олар қаланың жобалық құрылыс аумағынан тысқары мүмкіндігінше әр түрлі жағынан тиіс. Газ тарату станциялары мен нүктелер ажыратқыш автомат қондырғылары бар жер асты айналмалы газ құбырымен жабдықталуға тиіс. Айдағыш және компрессорлық станциялар ықтималы күшті қираулар және апатты су басу аймағынан аулағырақ орналастырылуға тиіс. Жер үсті төсемі жағдайында газ құбырларын магистральдық жолдарына ықтималы күшті қирау аймағындағы мүлік бүліншілік аумағынан тыс жерлерде төсеуге, терең (жер асты) ұңғымасын жасауға жол беріледі; ашық төсемге күрделі жер бедерінен өткен уақытта болмашы қирау аумағында рұқсат етіледі. Газ құбырларында құбыр жарылған кезде газдың шығуын автоматты тоқтататын кран мен қашықтықтан басқару нүктесі бар, тығын арматурасын орнатқан дұрыс.

13. Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.[1] Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.

Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар

Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай

Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше жағдай.

Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға: - қарулы шабуыл - кейбір аймақтардағы толқулар - соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.

Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Төтенше жағдай

Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

 

Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:

1) Пайда болу саласы бойынша.

2) Ведомстволық қатыстылығы бойынша.

3) Аумақтық таралуы бойынша. Пайда болу бойынша төтенше жағдайлар:

- табиғи;

- техногенді;

- жанжалды болып бөлінеді.

 

Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде қандай зақымдағыш факторға әсер етеді

Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді. Соққы толқыны - негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша Шгт ядролық оқтұмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді. Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, қиратады және адамдарды зақымдайды. Соққы толқынның зақымдағыш әсері шаршы сантиметрге (кг/см2) килограммдармен көрсетілетін оның төнірегіндегі артық қысыммен сипаталады. Жарықтың сәуле шығаруы - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа дейін жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін төмендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралып, аз уақыт ғана әсер етеді. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді. Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстінгі беттегі Ісм2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2-4 кал/см2 жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4-7,5 кал/см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы). 5-12 кал/см2 кезінде үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2 онан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді). Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті. Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Тұман, жаңбыр мен қар оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық құрғақ ауа райы, керісінше, өрттердің шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды. Р-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле ауруын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Р-ның әсерін күрт әлсіретеді.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 305 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
The Return: Shadow Souls Vol. 2 1 страница| Капитан Кэнгеру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.04 сек.)