Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып №6. Экономиканы ақша- несиелік реттеудің негізгі механизмдері

Читайте также:
  1. A)бұл құқықтың дамуы мен қызмет етуінің қалыптасу процессінің негізгі немесе жетекші бастаулары
  2. B) негізгі құралдарды жою кезінде еңбекақы есептелінді
  3. E) негізгі және қосымша
  4. а)- негізгі бағыттары мен белгіленуі, б), в), г)- негізгі жазықтықтар мен олардың белгіленуі
  5. Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты
  6. бырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері
  7. Гравиметрияда негізгі: тұнбаны сүзу, шаю, кептіру және күйдіру операцияларын орындау әдістемесі.

Ақша – несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі, ол инфляциямен күресуге, ұлттық валюта курсын көтеруге, нарықтың дұрыс қызмет етуіне қалыпты қаржы жағдайын туғызуға бағытталған.

Мемлекеттің ақша-несие саясатын Ұлттық банк жүргізеді. ҰБ эмиссиялық, резервтік, касалық орталық болып табылады. Ол елдің ақша-несие, валюта саясатын анықтайды. ҰБ тек қана ҚР Президентіне бағынышты. ҚР “ҰБ туралы” Заңына 1993 жылдың 13 сәуірінде қол қойылды. 1992 жылы ҚР-ң басшылығы өзінің валютасын шығару үшін “Харрисон және оның ұлдары” атты фирмамен келісім шартқа қойды.

Ақша – несие саясатына қатысты ғылыми ұстанымдар Д.Кейнс және М.Фридмен еңбектерінде бар. Инфляцияны келесідей көрсеткіштермен сипаттауға болады:

инфляция деңгейі – белгілі бір уақыт ішінде баға деңгейінің пайыздық өзгеруі (ай, жыл);

гиперинфляция – инфляцияның өте жоғары деңгейі (әдетте 200%);

жасырын инфляция – қатаң реттелетін бағамен экономикада инфляциялық процестердің пайда болуының арнайы түрі.

Ақша массасын реттеу. Айналыстағы ақша санына мемлекет бақылау жасайды. Айналыстағы ақша массасынбақылап отыру үшін әртүрлі ақша агрегаттары қолданылады. Мәселен, М0, М1, М2, М3, М4.

Ақша базасы М0 – айналыстағы қолма-қол ақша, кәсіпорындардың кассасындағы ақша.

М1 ақша - М0 + халықтың және кәсіпорындардың салымдары, жол чектері, яғни айналыстағы қаржы және ағымдағы төлем айналысына қызмет етуші ақша санының жиынтығы.

М2 ақша - М1 + халықтың және кәсіпорындардың жедел салымдары.

М3 ақша – ағымдағы айналысқа қызмет етуші ақшалар + жедел салымдар, өтімді бағалы қағаздар (облигациялар, сертификаттар, қазыналық міндеттемелер) және бюджет шотындағы, қоғамдық ұйымдардағы ақша және күрделі қаржыландыру қаржылар.

М4 ақша - М3 + банктерде сақталып тұрған ақшалай емес өтімді қаражаттар.

Ақша несие саясатын жүргізу үшін бірнеше тәсіл бар. Олардың ішінде екі бағытты айтуға болады:

Кейнстық доктрина (басшылыққа алынатын теориялық не саяси қағида) 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыстан кейін пайда болды. Ағылшындық экономист Кейнс тапшылықты қаржыландыру теориясын ұсынды. Экономикалық дағдарысты болдырмау мақсатында және халықты еңбекпен қамтуды қарастырды. Оның пікірінше, «арзан ақша» саясаты жүргізіліп, яғни төмен пайыздық ставка тиімді сұранысты (жеке тұтыну және инвестиция) қамтамасыз етуі керек болды. Кейнс ұлттық банктің эмиссиясын ұлғайту керек деген пікір айтты. 1970 жылдардан бастап Кейнс үлгісі қолданылған жоқ, оның орнынан М.Фридмен теориясы келді. Монетаристер ақшаның халық шаруашылығындағы маңызы зор екендігіне көз жеткізіп, ақша массасымен айла-шарғы жасау ең қауіпті деп түсінді.

Ұлттық Банк ақша айналысын мынадай құралдардың көмегімен реттейді:

есептік (дисконттық) және ломбардтық саясат;

ашық нарықтағы операция;

міндетті резервтер саясатын жүргізу.

Есептік ставка – Ұлттық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудасының (қарыз, несие) пайызы. Ұлттық банк есеп ставкасын өсіреді және кемітеді. Нарықтық экономиканың тәжірибесінде мұндай өзгеріс «қымбат» және «арзан» ақша саясаты деп аталады. Қымбат ақша саясаты (есеп ставкасы өседі) егер инфляцияны тоқтату керек болған жағдайда қолданылады, есеп ставкасы өскен кезде коммерциялық банктер кредит ала алмайды, ал ақша ұсынысы да төмендейді. Нәтижесінде көптеген фирмалар кредит ала алмағандықтан өндірісті қысқартады, сонымен үкімет қымбат ақша саясатын қолдану арқылы бағаны төмендетеді де, жұмыссыздықты өсіреді.

Арзан ақша саясаты (есеп ставкасы төмендейді) өндірістің құлдырауын азайту, кәсіпорындарға көмек беру кезінде жүргізіледі.

ҰБ-нің есептік саясаты векселдерді қайта есептеу немесе сатып алуға негізделген. Вексель – қатаң түрде формасы белгіленген төлем құжаты, онда ақшалай міндеттемесін төлеу көрсетіледі. Бұл жағдайда ҰБ вексель валютасынан дисконтты немесе есептік процентті ұстап қалады, оның өзгеруі елдегі кредиттеуге әсерін тигізеді: Валюта векселі – вексельдің суммасы көрсетілген ақша бірлігі. Дисконт – пайыз, есеп конторасы төлем мерзімі басталғанша вексель суммасының төлеуге ұстап қалынған бөлігі.

Есептік саясаттың маңызы мынада: кредиттік институттарды қайта қаржыландырғанда ақша және капитал нарығына әсер ету болып табылады.

Ашық нарықтағы операция – бұл мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу. Бұл операцияларға нарықтық экономиканың бірнеше субъектілері қатысады. Біріншіден, мемлекет, Ұлттық банк арқылы, екіншіден, коммерциялық банктер, үшіншіден, халық. Бұл операцияның бастамашысы мемлекет болып табылады. Ал коммерциялық банктер мен халық белгілі бір экономикалық пайда табу мақсатында оның қатысушылары болады. Ашық нарықта операцияны бастай отырып, мемлекет ақша массасы ұсынысын ұлғайту немесе азайту керектігіне қол жеткізеді. Мәселен, үкіметтің пікірі бойынша елде инфляция нышандары біліне бастады, оны болдырмау мақсатында үкімет Ұлттық банкке мемлекеттік құнды қағаздарды сату бойынша тапсырма береді. Дегенмен кейде коммерциялық банктер мен халық оны сатып алуға тілек білдірмейді. Нарықта мемлекетік құнды қағаздардың пайда болуы ұсыныс заңының іс қосылуымен түсіндіріледі. Облигацияны сатуға шешім қабылдау арқылы мемлекет нарықта құнды қағаздардың ұсынысын көбейтеді, нәтижесінде оларға баға төмендейді, ал табысы жоғарылай түседі. Бағалы қағаздар бойынша табыстар келесідей формуламен анықталады:

дивиденд / сатып алу бағасы * 100%

Мемлекеттен құнды қағаз сатып алу арқылы кмооерциялық банктер мен халық оған ақшаларының жартысын береді. Осылайша айналыстағы ақша массасы азаяды.

Резерв нормасының өзгеруі. Резерв нормасы (тезервтік талаптар) – Ұлттық банктегі банктердің депозиттерінің бөлігі (коммерциялық банктерде қолма-қол ақша түрінде болатын халықтың салымдары немесе басқада пассивтер). Басқаша айтқанда, резервтік норма – коммерциялық банктер өз операцияларын жүзеге асыруға қолдана алмайтын ақша қоры. Оның мөлшерін мемлекет Ұлттық банк арқылы белгілейді. Мысалы, коммерциялық банктің депозиті 100 000 долларды құрайды, Ұлттық банктің резерв нормасын ұлғайту керектігі жөніндегі шешімі қабылданғаннан соң, коммерциялық банк кредиттік эмиссияны азайтуға мәжбүр болады. Резерв нормасын ұлғайту арқылы коммерциялық банктер экономикаға кредит бөле алмайды. Бұл шаралар инфляцияны болдырмау мақсатында жасалады.

Ақша-несие жүйесінде қарастылған әдістердің ішіндегі тиімдісі ашық нарықтағы операция.

Ал инфляция жыл сайын 1000 пайызға жетсе, онда мемлекет “хирургиялық операция” жасауға көшеді, яғни ақша реформасын (нуллификация – ақшаны жарамсыз деп тану; деноминация – ақша өлшемін ірілендіру) жүргізеді. Ескі ақша толықтай жойылады, орнына жаңа ақша келеді. Бұл ақша-несеие саясатының бір бөлігі болып табылады.

 

Тақырып №7. Экономикалық өсу: негізгі факторлары жəне оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары

Экономикалық өсу деп жалпы ұлтық өнім, жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т.б. сияқты макроэкономикалық көрсткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.

«Экономикалық өсу» негізінен сандық сипаттағы категория болып табылады. Бұл категорияның сандық мәні ретінде пайыздық өлшемдегі өсу қарқыны және жалпы ішкі өнімнің нмесе ұлтық табыстың өткен жылғы салыстырмалы көрсеткіштері алынады.

Ал «экономикалық даму» болса ел экономикасын негізінен сапалық тұрғыдан сипаттап, оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды.

Экономикалық өсу қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады. Экономикалық өсу экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық емес факторларға әскери – саяси, географиялық – климаттық, ұлттық – демографиялық, мәдени және т.б. факторлар жатады.

Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:

1) пайдаланбайтын ресурстар өндіріске бағытталғанда;

2) өндірістің сандық факторы көбейеді;

3) өндірістің бар факторлары жақсы технологияларды ашу мен пайдалануға немесе қызметкерлерді жақсы оқытуға орай, одан гөрі өнімді бола алады.

Экономикалық өсу екі түрге бөлінеді: экстентивті және интенсивті болып бөлінеді. Экономикалық өсудің экстенсивті түрі – бұрынғы техникалық негізін сақтауына орай өндіріс факторының сандық көбеюіне қол жеткізуі. Экономикалық өсудің интенсивті түрі өнімдерді шығару көлемін көбейтуді қарастырады және оған өндіріс факторын сапалы жетілдіру жолымен: еңбек құралдарының одан гөрі жетілдірілген түрін және еңбектің үнемді құралдарын қолдану және жұмыс күшінің мамандығын көтеру арқылы қол жеткізеді.

Экономикалық өсудің сыртқы және ішкі факторларына келетін болсақ, онда көмірсутек шикізаттарына (мұнай, газ және т.б.) әлемдік бағалардың өсуі мемлекеттік бюджет табыстарын арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл сыртқы, коньюктуралық фактор болып табылады.

Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:

1. Табиғат ресурстары. Бай табиғат ресуртарына ие болу экономикалық өсу қарқынына кепілдеме бола алмайды. Оларды ұтымды және тиімді пайдалану маңызды.

2. Еңбек ресуртары. Экономикалық өсуге жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі, білім сапасы және жұмысшылар күшін кәсіптік шеберлікке дайындау, оларды ұтымды пайдалана білу, еңбек өнімділігінің деңгейі, денсаулық жағдайы және т.б. ықпал етеді.

3. Негізгі капитал. Экономикалық өсуге инвестицияның үнемі көбеюі, капиталдың жаңаруы және көбеюі, қордың қайтарылымының өсуі және қордың қарулануы маңызды.

4. Ғылыми – техникалық үдеріс. Өнертапқыштық және жаңартпалық, оны өндіріске енгізу экономикалық өсудің маңызды факторы болады.

5. Қоғамның жиынтық сұранысы. Жиынтықты сұраныстың жоғары деңгейі кәсіпкерлерді өндірістің көлемін көбейтуге ынталандырды.

Экономикалық өсудің әр түрлі моделі кездеседі. Экономикалық өсудің неокейнсиандық моделі «инвестициялар» және «мультипликатор» санатында негізделеді. Экономикалық өсу алғашқы салынған инвестицияның мультипликациялық тиімділігінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі «өндірістік қызмет» санатына негізделеді. Экономикалық өсуге тек микро және макродеңгейге ғана емес, барлық өндірістік факторларды (еңбек, жер, капитал, ғылыми – техникалық үдерістерді) жақсы пайдалану жолымен де жетуге болады. В. Леонтьев ұдайы өндіріс - өндріті, айырбастың және тұтынудың барлық кезеңіндегі құрылымды өзара байланыс негізінде құрылған, жалпы нарықтық теңдесудің макроэкономикалық моделін үсынды. Оның моделі шахмат кестесі түрінде құрылған және «шығын - шығару» деп аталады. Бұл кестедегі бөлек салаларды екі жақты қарастырумен байланысты. «Нөлдік экономикалық өсудің» тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдамаға сәйкес, шикізаттық, энергетикалық және басқа да ресурстардың шектелуі тез арадағы уақытта адамзатқа апатты қауіп төндіреді. Бұны болдырмас үшін, «нөлдік өсуге» көшу, яғни, материалдық игіліктерді ұдайы өндірудің қарапайым түріне көшу керек. «Экономикалық дамудың тұрақтылығы» тұжырымдамасы (Рио-де-Жанейро). Тұрақты даму идеясы алғаш рет 1987 жылы қоршаған орта және оны дамыту бойынша Халықаралық комиссиясының дайындаған «біздің ортақ келешегіміз» баяндамасында тұжырымдама ретінде қорытындыланған. Келешек ұрпақты тұтыну мүмкіндіктерінен айырмайтын, бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін даму, тұрақты даму ретінде анықталған.

Экономикалық өсуді орнықтыру мақсатындағы мемлекеттің экономикалық саясаты келесі мәселелерді қарастыруы тиіс:

- қолайлы инвестициялық және кәсіпкерлік ахуалды қамтамасыз ететін базалық заңнамалық негіздер жасау;

- мемлекеттік міндеттемеледі қолда бар ресурстармен сәйкестендіру және ресурстарды мемлекеттің базалық функцияларын орындауға шоғырландыру. Ал мұның өзі инвестициялау мен шаруашылық жүргізуді едәуір жақсартуды, салық ауыртпалығын кемітуді, сондай – ақ салықтық және кедендік жүйелердің тиімділгін арттыруды көздейді;

- бюджеттік жүйенің тепе – теңдігіне және оның қызметі тиімділігін арттыруға қол жеткізу;

- Қазақстан экономикасында прогрессивті құрылымдық өзгерістерді ынталандыру;

- Қазақстанда әлемдік экономикаға интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру.

 

Тақырып №8. Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары жəне оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі

Ғылыми- техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тән ортақ жағдайлары мен заңдылықтары бар. Олардың негізгілері мыналар: шаруашылық салаларының және экономиканың құрылымдық өзгеріске ұшырауы; техника мен технологияның бір типтегі түрлері; бірлескен жұмыс күшінің кәсіптік- мамандық құрылымының өзгеруі; - жұмыс күшінің сапасына деген талаптың өсуі; еңбек өнімділігі мен еңбек интенсивтілігінің артуы; жұмысшы күшінің әрдайым босап қалуы; өндірістік емес салада жұмыс істеушілердің үлес салмағының өсуі және т. б.

Ғылыми – техникалық прогрестің екі нысаны бар. Ол эколюциялық және эволюциялық нысандар. Бірінші нысанда өндіріске енгізілген техника мен технологияны жетілдіру және тарату прцестеті сол бұрынғы ғылыми- техникалық принципке негізделген. Ғылыми – техникалық прогрестің революциялық нысны өндірісте жаңа сападағы ғылыми – технкалық прнциптерді пайдалануға негізделген. Бұл процесс қазіргі заман – ғылыми- техникалық прогресс заманы екендігін көрсетеді.

Қазіргі ғылым мен техниканы адамдардың игілігіне қызмет еткізу үшін не қажеттің бәрі бар. Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс қоғамдық өндірістің материалдық негізін түбегейлі өзгертті. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, басқару, еңбек жағдайын жақсарту және т. б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешуге қадам жасалды. Ғылыми-техникалық прогресс қоғамының басты өндіргіш күші адамның жан-жақты өсіп жетлуіне, оның әл-ахуалы мен рухани байлығын арттыруға әсерлі ықпал жасап келеді. Сөйтіп ғылыми-техникалық прогресс қоғамның барлық саласында дамытушы пәрменді күшке айналды.

Қазіргі технологияның дамуы өндірістің табиғи фактордан тәуелсіздігін бәсеңдетсе, екінші жағынан, оның рөлі барған сайын күшейіп (мысалы, ұдайы өндіріс процесінде бұрын ескерілмеген немесе жете ескерілмеген ресурстар) әуе және космос кеңістігі, дүниежүзілік мұхит т.б. еніп отыр. Осылайша табиғат ресурстарын экономикалық айналымға қамту көлемі барған сайын арта түсуде. Бұдан бір тұтас экологиялық-экономикалық ұдайы өндірістік жүйе қалыптасты деп қорытынды жасауға болады. Заманымыздың ғұлама ғалымы академик Вернадскийдің сөзімен айтқанда, бұл – ноосфера дәуірінің басталуы.

Еліміз серпінді дамуы барысында өркендеудің жаңа сатысы-ақпараттық кезеңге аяқ басуда. Интернет, жедел байланыс сияқты коммуникацияның жаңа құралдары әлемдегі дерек көздері мен базаларын жаппай пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Ақпарат өндірістік фактор ғана емес, қоғамды демократияландырудың, билік құрылымдары ашықтығының негізгі құралдарының біріне айналуда.

Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта біртұтас ақпараттық кеңістік терминінің ортақ түсінігі қалыптасты. Біртұтас ақпараттық кеңістік деректер базалары мен банктерінің, оларды енгізу және пайдалану технологияларының, азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара байланысын және олардың ақпараттық сұраныстарын қамтамасыз ететін біртұтас қағидаттар мен жалпы ережелер негізінде жұмыс істейтін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің жиынтығы болып табылады. Біртұтас ақпараттық:

- тиісті ақпарат тасушыларда бекітілген деректер, мәліметтер мен білімдер жинақталган ақпараттык ресурстар;

- біртұтас ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуі мен дамуын, атап айтқанда ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды, іздестіру мен беруді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдар;

- азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара байланыс құралдары, атап айтқанда тиісті технологиялар негізінде ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдар және ұйымдық-нормативтік құжаттар сияқты негізгі компоненттерден тұрады.

Қазақстан Республикасының жаңа ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы ақпараттық саясатты ұтымды ұйымдастырумен, жаңа үрдістер мен тәжірибелерді өмірге батыл енгізумен тығыз байланысты. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық қоғамды қалыптастыру және дамыту жолдары нормативтік-құқықтық тұрғыда белгіленген. Қазақстан ғаламдық ақпараттық қоғамға кірігуге және ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға қосылуға ұмтылыс танытуда. Мұның өзі республиканың технологиялық және экономикалық тұрғыдан дамыған елдердің ат төбеліндей тобына саяси тәуелсіздікті, ұлттық ерекшеліктер мен мәдени дәстүрлерді сақтай отыра қосылуына, дамыған азаматтық қоғамы бар құқықтық мемлекет ретінде әлемдік өркениеттік дамуға үлес қосуына мүмкіндік бермек.

Мемлекеттік және жекеше секторлардың ғылыми-техникалық саланы теңдестірілген қолдауының тетігі елдегі ғылыми-техникалық қызметті базалық және жобалық қаржыландыру болады. Бұл ретте ғылыми-техникалық жүйенің тұрақтылығы іргелі зерттеулерді базалық бюджеттік қаржыландыру арқылы сөзсіз мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етілетін болады.

Мемлекеттің рөлі инфрақұрылымның жұмыс істеуін (негізгі құралдарды, оның ішінде бірегей зерттеу құрылғыларын ағымдағы ұстап тұру және күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар сатып алу), кадрлар даярлауды және қайта даярлауды, ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық және патенттік қамтамасыз етуді, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуды базалық қаржыландыруда болып табылады.

Бұдан басқа, мемлекет мемлекеттік тапсырыс шеңберінде: математика, физика, жер туралы ғылым, химия, медицина, биология саласындағы, сондай-ақ қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар - тарих, археология, тілтану, әдебиет, экономика, шығыстану және философия (жалпыұлттық игіліктің бөлінбес бөлігі ретінде) саласындағы іргелі зерттеулерді; мемлекеттік маңызы бар бағдарламаларды (минералдық-шикізаттық, тау-кен-өндірістік, жылу-энергетикалық, су шаруашылығы кешендері, сейсмикалық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және т.б.) қаржыландыруға тиіс.

ЖҒТК мақұлдаған жаңа ғылыми бағдарламалар Республикалық бюджеттік комиссияның бекітуіне қосымша ұсынылады және осы Бағдарламада айқындалған қаржыландыру көлемінен басқа, белгіленген тәртіппен қаржыландырылады.

Экономиканы ғылыми қамтамасыз етуді қаржыландырудың өзіндік жеткіліктілігіне қол жеткізу үшін салалардың жекеше секторын ғылыми өнімге олардың тапсырысын дербес орналастыруы үшін ынталандыру көзделетін болады. Жобаларды орындаушылар, мемлекеттік мүдделер ескеріле отырып, нәтижелілік, тиімділік, өзектілік, біліктілік, жарақтану деңгейі өлшемдері бойынша елдегі және шетелдегі ғылыми ұжымдар қатарынан іріктеліп алынатын болады.

«Ғылым қоры» АҚ 2005-2015 жылдарға арналған ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту бағдарламасына сәйкес «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ даму институттарымен тиімді ынтымақтастықты жолға қояды. Бұл институттар ғылымның нақты сектормен кірігуіне және салынған қаражаттардың нәтижелілігін арттыруға ықпал етуге тиіс.

Сонымен қатар, 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес тиімділігі жоғары әзірлемелерді жеделдетіп өнеркәсіптік игеру мен пайдалану, сондай-ақ олардың негізінде ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту мақсатында сырттан әкелінетін технологиялық және қосалқы құралдарға кедендік баж салығының деңгейін мезгіл-мезгіл қайта қарап отыру қажет.

Сонымен қатар ғылыми ұйымдар үшін құрамына мыналар кіретін жеңілдіктер кешенін көздеу қажет:

- ғылыми аспаптар мен жабдықтарды әзірлеумен, өндірумен және оларға қызмет көрсетумен және осымен байланысты инвестициялармен айналысатын кәсіпорындардың тәуекелдерін сақтандыру;

- ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасы объектілерін жеңілдікпен сақтандыру.

Ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген салықтық, кедендік жеңілдіктер мен преференцияларға әкімшілік ету реттелетін болады.

Ғылыми-техникалық саладағы уәкілетті орган ұсынылған тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді МГТС қорытындысы негізінде ғылыми-техникалық салаға жатқызудың орындылығы жөнінде шешім қабылдайды.

Тақырып №9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркəсіптік жəне инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасында, аралық және дайын өнім, өндіріс құралдарының өндірісі, ұлттық табыстағы тұтыну қорлары мен қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау араларындағы қатынастар.

Экономика құрылымы деп еңбекті жалпы бөлуді сипаттаитын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары мен ұдайы өндіріс үдерісін көрсектетін, оның түрлі салаларының қатынастары түсіндіріледі.

Экономика құрылымы – ЖІӨ-дегі кейбір салалардың үлесі.

Егер нарық экономикасының әр түрлі кесіндісін қарастырсақ, онда аумақтық, атқарымдылық, әлеуметтік құрылымынбөліп көрсетуге болады.

Атқарымдылық құрылым әр түрлі қажеттіліктердегі ЖІӨ-ді өндіріс факторларының кесіндісінде бөлуді сипаттаиды.

Әлеуметтік құрылым әлеуметтік секторға – жеке, корпоративтік, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторына бөлшектеуді көрсетеді.

Салалық құрылым үш деңгейден тұрады – макроэкономикалық, салааралық және өндірістік.

Рыноктық қатынаста бәсекенiң дамуымен экономикада мемлекеттiң ролi төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес. Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң араласуынсыз оң нәтиже бермейдi, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады.1990 жылы бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер жетіп артылады. Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізат (газ,мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни «көз бояушылық» екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002ж. шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен «Инновациялық қызмет» туралы Заң күшіне енді.Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 жж. дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай. Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн ең бiрiншi құқықтық нысандары елiмiзде жоғарыдағы стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды. Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік. Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды.

Экономикалық өмiрге мемлекеттiк әсер ету шаралары: салық, ақша, бағам, баға және кеден саясаты, техникалық және экономикалық стандарттар. Олардың негiзгi мiндеттерi - индустрияның дамуына қолайлы ықпал ететiн жалпы жағдай туғызу; нарықтың барлық субъектiлерiнiң экономикалық және институционалдық, ұйымдық және құқықтық белсендiлiк ортасын қалыптастыру.

Мемлекет:

- ұлттық валютаның айырбас бағамын реттеу;

- пайыздық ставкалардың деңгейiн реттеу;

- сыртқы экономикалық қызметтi реттеудiң тарифтiк және тарифтiк емес әдiстерi;

- отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуына жәрдемдесу (бизнеске оның сыртқы экономикалық қызметiнде жәрдемдесу);

- табиғи монополия субъектiлерiнiң шығын құрамын реттеу және олардың қызметiне әдiл тарифтер белгiлеу;

- көлiк инфрақұрылымына мемлекеттiң инвестициялары;

- өндiрiстi сертификаттауды және сапаны бақылауды дамыту;

- индустриалдық нарық инфрақұрылымының қалыптасуын құқықтық және ұйымдық, қолдау арқылы өндiрiстi ынталандыратын қолайлы макроэкономикалық орта жасайды.

Мыналар өнеркәсiптiк сектордың тұрақты дамуына кедергi келтiретiн факторлар болуы мүмкiн:

- өнеркәсiпте және экономикада шикiзаттық бағыттың бекуi, өңдеушi салалардың құлдырауы және елдi индустриясыздану қаупiнiң пайда болуы;

- ел экспортының негiзi баптары болып табылатын тауарлардың шағын тобының әлемдiк баға конъюнктурасының ауытқуына тәуелдi болуына байланысты экспортқа бағдарланған салалардың шатқаяқтығы. Шектес елдердегi осындай тауар өндiрушiлер тарапынан бәсекенiң өсе түсуi;

- жабдықтар мен жинақтаушы бөлшектердi (технологиялық тәуелдiлiк), шикізат ат көздерiн (газды, электр қуатын, мұнай өнiмдерiн) өндiруге қолда бар және ықтимал iске асырылатын мүмкiндiктерi бола тұра сыртқы берiлiмдерге тәуелдiлiктiң күшеюi;

- импорттық өнiмдердiң iшкi тұтыну нарығынан отандық өндiрiс тауарларын ығыстыруы;

- сыртқы сауда қатынастарының реттелмеуi, отандық тауар өндiрушiлердi экономикалық кемсiтуге алып келетiн әлемдiк нарықтағы әдiлетсiз бәсеке мен протекционизм.

Сонымен, өнеркәсiптiк секторды одан әрi дамыту императивi (талабы) өндiрiстiң тұрақтануы мен өсуi ғана емес, сонымен бiрге оның құрылымдарын тереңдетiп қайта құру мен бүкiл экономиканың үдемелi өндiрiстiк процесiнiң тұтастығын қалпына келтiру болады.

Өткен жылдарда пәрмендi құрылымдық саясатты сәтсiз өрiстету әрекеттерi көп жағдайда нарықтық экономикадағы мемлекеттiң реттеушi рөлiн барынша төмендету моделiнiң Қазақстан жағдайына барабар келмеуi себепшi болды.

Мемлекет белсендi инвестициялық саясаттан қол үзген өткен жылдар тәжiрибесi, жекеше сектордың экономикаға, ең алдымен өңдеушi өнеркәсiпке ауқымды ұзақ мерзiмдi салымдарды қамтамасыз ете алмағанын көрсеттi.

Қайта өңдеу салаларын жаңғыртуға шетел инвестицияларын белсендi тарту үмiтi ақталмады. Қазіргi кезеңде iс жүзiнде өнеркәсiптiк сектордағы құрылымдық өзгерiстердiң бастамашысы мемлекет қана бола алады.

Өнеркәсiптiк салада саясаттың бiрнеше тұжырымдамалары ауысқанымен, мемлекеттiң реформалау тәжірибесінде осы уақытқа дейiн айқын және жүйелi өнеркәсiптiк саясат болмай отыр. Бұл саясаттардың негiзгi бағыты – ғылыми - техникалық прогрестi жеделдету қажеттiлiгi, өндiрiстің жоғары технологиялық салалары мен түрлерiн қалыптастыруға басым назар аудару, өңдеушi салаларында бәсекеге төзімділіктің әлемдік деңгейіне шығуы оларды экспорттық әлеуетті еселеудің басты көзіне айналдыру.

 

Тақырып №10. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

 

Ауыл шаруашылығы саласын қолдау және оның ішінде азық-түлік рыногын қолдау – мемлекеттің ең бір маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Барлық дамыған елдерде ауыл шаруашылығы мемлекет қолдауында болады. Халық шаруашылығының бұл саласы рынокқа және бәсекелестікке төмен деңгейде бейімделген. Ауыл шаруашылығынан халық шаруашылығының көптеген салаларының өндірістің ерекшелік жағдайында айырмашылығы бар: жер – өндірістің негізгі қоры; жұмыс маусымдық сипатта болады; еңбек үдерісі жанды организммен байланысты; жұмыс кезеңі өндіріс кезеңімен сәйкес келмейді; инвестицияны жүзеге асыру мен тиімділікті алу арасында уақыт бойынша елеулі лаг бар; оның бағасына байланысты өнімге сұраныс үйлесімді емес; жоғары капитал және энергия қажеттілігі; төмен пайдалылығы және ақыр соңында табиғи-климаттық жағдайға қатаң тәуелділігі.

Аграрлық секторды реттеуді аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің (АӨК) дамуымен байланыстыру қажет. АӨК үш қызметтік аяны біріктіреді:

І. Ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығаратын және соған сәйкес қызмет көрсететін қор құраушы салалар.

ІІ. Ауыл шаруашылығы (өсімдік және мал шаруашылығы).

ІІІ. Дайындауды, сақтауды, ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеуді және АӨК соңғы өнімдерін өткізуін қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы.

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының кон­цепциясы:

1. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін әр адам­ның тамақтану физиологиялық қажеттілігінен бас­тау. Қазақстандағы бекітілген нормаларды халық­аралық стандарттарға сәйкес қайта қарау.

2. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз ету проблемасын шешуді кешенді және жүйелі түрде жүргізу.

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының мақ­саты – мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз ету, яғни отандық сапалы тағам өнімдерімен халықты қамтамасыз ету көрсеткішін 80 пайызға жет­кізу және оған тұтынушылардың қолжетімдігін жақсарту. Атап айтқанда, ауыл тұр­ғын­дарының та­ғам түрлерімен өздерін толық қамтамасыз етуі және қала тұрғындарына отандық өнімдерді арзан баға­мен жеткізу. Түпкі мақсат – аграрлық салада шикі­зат­тық экономикадан ары­лып, Қазақстанның тағам индустриясы дамыған елдердің қатарына қосылуы­на батыл қадам жасау.

Сонымен қатар уақыт ұттырмай импортталған азық-түліктердің санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық тазалығы мен жоғары сапалылығын қамтамасыз ету. Мал шаруашылығын дендеген жұқ­палы аурулардан арылту, медициналық ветери­нария жұмысын жолға қою

Қазақстанның жаңа аграрлық саясатының прин­циптері:

– ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ауыл шаруашылығы саласының дамуын макро­экономика және әкімшілік реформа тұрғысында бөліп қарау. Ауылға бюджеттен бөлінетін қаржы үлесі қалалар мен тең, яғни 50 пайызға дейін жетуі керек, ал ауылшаруашылық өндірісімен айналыса­тындарға несие және субсидия түрінде беріледі;

– елді мекендер мен аймақтардың тағам өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етуі;

– ауыл экономикасын әкімшілік реттеу мен рефор­маны төменнен, яғни ауыл және аудан әкім­дерінің деңгейінен бастау;

– азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты қажетті тағамдардың түрлерін өндіруді үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылау мен жауапкерші­ліктерінде болуы;

– мемлекеттік қаржылық қолдауды тек халыққа қажетті тағамдардың керекті мөлшерін өндіруге және оны ұқсатуға бағыттау;

– қаражатты мемлекеттің үлесі бар екінші деңгейлі банктер арқылы микрокредиттік ұйымдар­дың қатысуымен және жергілікті атқарушы орган­дар­дың бақылауымен жұмсау.

Қазақстанның жаңа аграрлық сая­сатының маңыздылығы:

1. Қазақстанның аграрлық саласы мен мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау көр­сеткіші Дүниежүзілік сауда ұйымының талабына сәйкестенеді.

2. Азық-түлік индустриясын қалып­тас­тыру мыңдаған жұмыс орындарының ашылуы мен ауыл­да тұратын адамдардың материалдық жағ­дайының көтерілуіне жағдай туғызады.

3. Қазақстандық тауар брендтерінің қа­лып­тасуы.

4. Азық-түлік тауарларының экспорттық мүм­кіндіктерінің өсуі.

5. Деурбанизация және кіші қалалар саны­ның артуына мүмкіндік туады. Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтып, қауіпсіздігінде маңызды рөл ат­қарады.

6. Ауыл экономикасының қалыптасуы, әлеу­меттік-экологиялық жағдайдың жақсаруы халық санының өсу динамикасын жеделдетеді.

7. Мемлекеттің 90 пайыздан астам терри­ториясын қамтитын, халықтың 47 пайыз тұратын ауыл экономикасы саяси тұрақтылықтың қайнар көзі болмақ;

8. Ішкі және сыртқы инвестициялық мүмкін­дік­тер ашылады.

9. Екінші деңгейлі банктердің аймақтық жүйе­лері, басқа да қаржылық институттар дамиды және нығаяды.

10. Республиканың өндірістік көрсеткіштері жақ­сарады және шағын және орта бизнесі дамыған индустриалды мемлекет қалыптасады.

Аграрлық жоспарлау макро және микро экономикалық көлемдерді реттеуді, мынандай стратегиялық және тактикалық міндеттердің оңтайлы ара-қатынасын айқындауды талап етеді:

- аграрлық реформа жүргізудің мемлекеттік саясаты негізінде бәсекеге қабілетті тауар өндірушіні қалыптастыру;

- баға деңгейін қадағалап отыру негізінде бағаны реттеу;

- қаржы тәртібін жетілдіру негізінде өндірістің құлдырауын болдырмау;

- өнім өткізу рыногын дамыту мен тауар өндірушілерге қызмет жөнінде құрылымдық және мекен-мекемелік (институттық) өзгертулер жүргізу;

- еңбек дәйектілігіне лайықты жүйе құру, еңбек ресурстары рыногын дамыту және келісім-шарттар жүйесін меңгеру жолымен кадрлардың жауапкершілігін нығайту.

Көптеген елдерде экономиканың аграрлық бөлігін мемлекеттік қолдауға тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық даму деңгейлері әртүрлі болуына қарамастан, ауыл шаруашылығына зор қаржылық көмек жасалуда, ондағы мақсат тауар өндірушілердің бір қалыпты кірісі бар жағдаайда тұрғындарды бағасы қолайлы азық-түлікпен қамтамасыз ету болып отыр.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 980 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЭМР» кафедрасы | ELON’S FIRST START-UP 1 страница | ELON’S FIRST START-UP 2 страница | ELON’S FIRST START-UP 3 страница | ELON’S FIRST START-UP 4 страница | ELON’S FIRST START-UP 5 страница | PAYPAL MAFIA BOSS | MICE IN SPACE | PHOTOGRAPHIC INSERT | PAIN, SUFFERING, AND SURVIVAL 3 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып №1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері| El otoño del patriarca

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)