Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЭМР» кафедрасы

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

(ПОӘК)

EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға

 

 

АЛМАТЫ, 2012жыл

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындаған: «Экономиканы мемлекттік реттеу» кафедрасының аға оқытушысы Калдина С.С., э.ғ.к., доцент Болсанбек Б.

 

Кафедраның оқу-әдістемелік секциясында талқыланып ұсынылған,

хаттама №1 «1» маусым 2012 ж.

 

Кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы «_________» э.ғ.к., доц.Жумаксанова К.М.

 

Факультеттің оқу-әдістемелік мәжілісінде мақұлданған, хаттама №10 «8» маусым 2012 ж.

 

Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының төрағасы

«___________________» э.ғ.д., профессор Умирзаков С.Ы.

 

    Мазмұны      
  Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы)  
  Дәріс кешені 30-66
  Семинарлық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер 67-72
  Лабораториялық сабақтарды орындауға методикалық сілтемелер -
  СОӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 73-80
  СӨЖ орындауға методикалық сілтемелер 81-85
  Пәннің оқу – әдістемелік картасы  
     

 

 

Пәннің типтік оқу бағдарламасы

Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

Қоғамдық- экономикалық негізгі жүйелердің типтері жəне шаруашылық жүргізудің негізгі модельдері. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттігі. Мемлекеттік реттеудің əртүрлі модельдері. Мемлекеттік реттеудің классикалық моделі. Рыноктық экономикаға мемлекеттің белсенді араласу моделі. Мемлекеттік реттеу туралы қазіргі неоконсерваторлық тұжырымдама. Экономиканы «мемлекеттік реттеу» түсінігінің анықтамасы.

Экономикаға мемлекеттің араласу шектері. «Рыноктың кемшіліктері» жəне «мемлекеттің кемшіліктері». Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері мен объектілері, олардың əлеуметтік- экономикалық жəне шаруашылық мүдделері.

Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістемесінің түсінігі жəне оның

Негізгі элементтері

Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын дайындау. Мақсаттарды анықтау, бəсекелес жəне бір-бірін қолдаушы мақсаттар. Əлеуметтік- экономикалық дамудың маңызды басымдықтарын анықтау. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидаларын дайындау, мақсаттарға жету үшін құралдар тобын таңдау.

Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру механизмдерін қалыптастыру. Мемлекеттің дəстүрлі жəне жаңа қызметтері. Əкімшілік- құқықтық реттеу. Экономикалық реттеу. Экономикаға мемлекеттің тікелей жəне жанама əсер ету нысандарын анықтайтын жағдайлар. Экономиканы мемлекеттік реттеудің əдістері мен құралдары. Қазақстандағы мемлекеттің экономикалық билік ету жүйесі. Кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету. Мемлекеттік кəсіпкерліктің

мəні жəне даму белгілері.

Болжау жəне жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі əдістері

Ретінде

М емлекеттік реттеудің қазіргі əдістері: ғылыми болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау. Болжаудың негізгі түрлері. Болжаудың қағидалары: кешенділігі, ғылыми негізделуі, баламалылығы, мақсатқа сай бағытталуы. Болжау əдістері. Жоспарлаудың мəні жəне негізгі мақсаттары. Жоспарлаудың түрлері: директивті жəне индикативті. Жоспарлаудың қағидалары. Экономикалық бағдарлама жасау. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары, мерзімі, сипаты жəне жүзеге асыру тəсілдері.

Экономиканы реттеудің қаржы- бюджеттік əдістері

Фискалды саясат. Қаржы-бюджеттік реттеудің негізі ретінде: мақсаттары, негізгі құралдары. Мемлекеттік бюджет экономиканы қаржылық реттеудің негізі. Бюджет жүйесін құрудың қағидалары: ашықтық, ғылымилық, толықтық, адрестік. Мемлекеттік бюджеттің қызметтері. Салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатының əдісі ретінде. Салық жүйесін құрудың қағидалары, негізгі құралдары: салықтық жеңілдіктер, салықтық несиелер, жеделдетілген амортизация. Бюджеттің тапшылығы жəне мемлекеттік қарыз- экономиканы реттеудің құралдары. Қазақстан Республикасындағы қаржы саясатының ерекшеліктері.

Экономиканы ақша- несиелік реттеудің негізгі механизмдері

Ақша- несиелік реттеудің теориялық негіздері. Ақша-несиелік реттеудің неоклассикалық жəне кейнстік модельдері. Ақшаның монетарлық теориясы.

Ақша- несиелік реттеудің мақсаттары. Орталық банктің қызметтері. Классикалық монетарлық құралдар: ашық рыноктағы операциялар, пайыз қойылымы саясаты, міндетті резервтерді реттеу. ҚР даму сатыларындағы ақша- несиелік саясатының ерекшеліктері.

Экономикалық өсу: негізгі факторлары жəне оны қамтамасыз

Етудің мемлекеттік іс-шаралары

Экономикалық өсудің мақсаттары, типтері, факторлары. Экономикалық

өсу жəне қоршаған орта. Тұрақты экономикалық өсу жəне тұрақты экономикалық даму тұжырымдамасы. Экономикалық өсудің модельдері. Адам капиталы өсудің маңызды факторы ретінде. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі əрекет ету бағыттары. Өндірістің тиімділік көрсеткіштері.

Ылыми-техникалық прогрестің бағыттары жəне оны

Жеделдетудегі мемлекеттің рөлі

Ғылыми-техникалық прогресс қазіргі дамудың факторы ретінде. Ақпараттық-телекоммуникациялық төңкеріс жағдайындағы ұлттық мемлекеттердің даму ерекшеліктері. Ақпараттық технологиялардың адам факторына əсері. Ғылыми- техникалық жəне инновациялық саясаттардың қалыптасуы. 2003-2015ж. дейінгі Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясы.

Постиндустриалды қоғам құрудағы іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулердің рөлі. НИОКР-ды қаржыландыру жағдайлары мен көздері. Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда ҚР даму

институттарының рөлі. Венчурлық кəіпкерлікті ұйымдастыру мен дамытуды

ынталандыру.

Мемлекеттің құрылымдық, өнеркəсіптік жəне инвестициялық

Саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Постиндустриалдық типтегі экономика құрылымы. Мемлекеттің құрылымдық саясаты жəне негізгі көрсеткіштері: ұдайы өндірісті реттеу, «мотор- салаларды» анықтау. Экономиканы қайта құрылымдау кезіндегі мемлекеттік реттеу іс- шаралары. Белсенді өнеркəсіптік саясатты қалыптастырудың қажеттігі. Ұзақ мерзімге арналған өнеркəсіптік саясаттың негізгі міндеттері, мақсаттары, қағидалары. өнеркісіптік саясаттың түрлері. ҚР өнеркəсіпті қолдаудың таңдамалы жəне жалпы іс-шаралары. Құрылымдық жəне өнеркəсіптік саясаттағы инвестициялық сфераның рөлі. Инвестициялаудың субъектілері мен объектілері. Инвестицияның негізгі пайда болу көздері. Инвестициялық іс-əрекетті мемлекеттік реттеу

нысандары: инвестициялық бағдарлама, мемлекеттік инвестицияларды

тікелей басқару. Инвестициялық сфераға ықпал ету нысандары: салық жүйесі, қаржылық көмек, несие жəне амортизациялық саясат. Ұлттық шаруашылық құрылымын өзгертудің қажеттігі- Қазақстанның бəсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылуының маңызды шарты.

Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Ұлттық экономикадағы аграрлық өндірістің ерекшеліктері. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аграрлық сфераның рөлі. Агроөнеркəсіптік кешенде тұрақты өндірісті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі қызметтері. Өндірушілерді мемлекеттік қолдау нысандары: ауыл шаруашылық өнімдеріне сұраныс пен ұсынысқа əсер ету. Аграрлық саясаттың іс- шаралары. Агробизнесті қалыптастыру. Қазақстан Республикасында аграрлық өндірісті ынталандыратын мемлекеттік

бағдарламалар. Аграрлық кластерлер.

Бəсекелік ортаны қалыптастыру жəне монополияны реттеу

Бəсекелік ортаны қалыптастыру постиндустриалды экономикаға өтудің маңызды шарты ретінде. Монополияға қарсы саясат: мазмұны, түрлері, əсер ету əдістері. Əділетсіз бəсекенің түрлері жəне тұтынушылардың құқықтарын қорғау. ҚР монополияға қарсы реттеу органдарының құрылымы. Кəсіпкерлік қызмет түрлерін қолдау жəне олардың дамуы. Мемлекет- бəсекелік ортаны қамтамасыз етудің кепілі. Қазіргі кездегі кəсіпкерлікті ынталандырудың нормативті-құқықтық аспектілері.

Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу жəне халықты əлеуметтік

Орғау

Жұмыспен қамтудың əлеуметтік-экономикалық мəні, құрылым мен қағидалары. Еңбек рыногы субъектілері, объектілері, реттеу механизмдері. Мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты. Белсенді жəне белсенді емес

модельдер. Əлеуметтік саясаттың теориялық аспектілері. Табыстарды бөлудегі теңсіздік мəселесі. Қазіргі рыноктық экономикадағы əлеуметтік басымдықтар. Адам капиталын қалыптастыруда мемлекеттің рөлі. Экономикалық өсу мен əлеуметтік сфераның дамуы арасындағы өзара байланыс. Денсаулық сақтау мен білім беруді мемлекеттік реттеу.ҚР əлеуметтік саясаттың ерекшеліктері.

 

Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік

Реттеу

Аймақ экономикаларының қызмет етуінің теориялық əдістемелік негіздері. Аймақтардың өндірістік-ресурстық əлеуетінің негізгі элементтері, олардың ерекшеліктерін анықтайтын факторлар. Аймақтық саясат. Аймақтық рыноктарды басқару. Инвестициялық саясаттың аймақтық аспектілері.

Аймақтардың əлеуметтік дамуы экономикалық əдістер мен реттеу құралдарын аймақтандырудың негізгі мақсаты ретінде. Аймақтардың əлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын дайындау жəне жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының аймақтары мен Орталықтың мүдделерін оңтайлы үйлестірудің механизмдері.

 

Экономика және басқару» факультеті

ЭМР» кафедрасы

 

    Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті  

 

СИЛЛАБУС

(Пәннің оқу бағдарламасы)


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 521 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырып №6. Экономиканы ақша- несиелік реттеудің негізгі механизмдері | El otoño del patriarca | ELON’S FIRST START-UP 1 страница | ELON’S FIRST START-UP 2 страница | ELON’S FIRST START-UP 3 страница | ELON’S FIRST START-UP 4 страница | ELON’S FIRST START-UP 5 страница | PAYPAL MAFIA BOSS | MICE IN SPACE | PHOTOGRAPHIC INSERT |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Образ, обозначаемый словом.| Тақырып №1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)