Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лекция 3. Ұйымның құралдарын түрлері және орналасуы бойынша топтастыру

Читайте также:
  1. B) пайыздармен, коэфициенттермен және индекстермен өлшенеді
  2. B. Экранды өшіру және жүйелі блокты өшіру.
  3. E) негізгі және қосымша
  4. II. Ауыз суының сапасын бағалау бойынша жағдайлық есептер
  5. Lt;variant>бір қосымшадан екіншісіне объекті ендіру және байланыстыру арқылы жұмыс істеу технологиясы
  6. Parliament бренді бойынша 2012 жылға Leo Burnett жұмыс көлемі
  7. Азақ тілі ” пәні бойынша глоссарий

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

 

 

БЕКІТЕМІН

«Экономика және бизнес» факультетінің деканы

______________ Уркунчиев Е.М.

/қолы/

«_____»________________2013ж.

 

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ» ПӘНІНЕН БІЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(СИЛЛАБУС)

Кафедра: «Есеп және аудит»

2013-2014 оқу жылы 3 семестр

Прекреквизиті: Экономикалық теория

Постреквизиті: Қаржылық есеп, Басқару есебі

Мамандық: 5В050800 – «Есеп және аудит»

Кредит саны: 3 кредит

Оқытушының аты -жөні: аға оқытушы Игликова Асель Нураманханбетовна

Мекен жайы: Төле би көшесі 60, 2 корпус, 2.5 -329

Телефоны: 45-85-69

 

 

Тараз 2013 ж

Пәннің мақсаты мен міндеті

 

«Бухгалтерлік есеп негіздері мен қағидалары» пәні бухгалтерлік есептің қалыптасу тарихын ашып көрсетеді және бухгалтерлік есептің нысандары мен бухгалтердің этикалық нормалары туралы түсінік береді.

«Бухгалтерлік есеп негіздері мен қағидалары» пәнінде бухгалтерлік есеп әдістерінің маңызды элементтеріне зор көңіл бөлінген: баланстық жинақтау және бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазуға, құжаттау және түгендеу үрдістеріне, бухгалтерлік есеп нысандары мен оны ұйымдастыру ережелеріне.Осы пәндіоқып үйрену студенттерге қаржылық есептілікті құрастыру туралы түсінік алуға және ақпараттарды өңдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын игеруге мүмкіндік береді.

Пәнді оқып үйренудің мақсаты бухгалтерлік есептің теориялық негіздерін игеру, қолданыстағы ұлттық және халықаралық стандарттарға, бухгалтерлік есеп принциптеріне, нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес ұйымдарда оны жүргізу техникасы мен дағдысын қалыптастыру.

Экономикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған осы курстың пререквизиттері ретінде: «Экономикалық теория» пәні саналады.

Осы курстың постреквизиттері болып келесідей пәндер табылады: «Қаржылық есеп», «Басқару есебі».

Пәннің құзырлылығы бухгалтерлік есеп негіздерін оқып үйренуден тұрады және студенттерге қаржылық есептілікті құрастыру мен оны талдау дағдыларын көрсете алуына, ақпараттарды өңдеудің қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдерінигеруге, есеп саласына байланысты өз ойларын айтуға және ол бойынша мәселелерді шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар "Есеп және аудит" мамандығы бойынша білім алудың келесі деңгейін игеруге қажетті қабілеттерін дамытады.

Курстың мәселелері:

- бухгалтерлік есептің негіздерін, концепцияларын және принциптерін оқып үйрену;

- нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есептің ерекшеліктерімен танысу;

- теориялық және әдістемелік дайындық үшін бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін игеру;

- салық салу жүйесімен танысу.

Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер келесі жәйлерді білуге тиіс:

- қаржылық нәтижелерді анықтау және шаруашылық үрдістерді басқару мақсатында бухгалтерлік есепті құру принциптері мен оларды ұйымдастыру тәсілдерін білу;

- кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы, оның мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық және сенімді ақпарат қалай қалыптасатынын және т.б.

Курстың құрамдас бөліктері және оны игерудегі негізгі талаптар:

Студенттер пәнді қызығушылықпен және белсенділікпен оқуы қажет. Берілген пән бойынша сабақ апта сайын 75 минуттан екі аудиториялық сабақ ретінде жүреді, оларға қатысу міндетті. Сабақ ауқымы аралас, яғни өз бетімен дайындалуды қарастыратын аудиториялық сабақтардан тұрады. Берілген материалдардан басқа сабаққа дайындалу барысында ұсынылатын қосымша әдебиеттерді пайдалану қажет.

Лекциядан кейін және тақырып бойынша негізгі ақпарат көздерімен танысқаннан соң, оқылған материалдар бойынша конспект пен тезистер құру қажет. Олар апта сайын оқытушымен тексеріледі және бағаланады. Сабақта студенттердің қызығушылығы мен белсенділігі ынталандырылады, сонымен қатар шығармашылық жұмысы үшін жоғарғы баллдар қойылады.

Өз бетінше дайындалу үшін сұрақтар жұмыс бағдарламасына сәйкес оқытушымен алдын-ала беріледі. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) алынған білімді нығайту кезінде жеке белсенділікті анықтайды. Бұған мыналар кіреді: өндірістік жағдайлар бойынша мәселелерді шешу, ЭВМ-ды қолдану арқылы ақпараттарды өңдеу және т.б. Кей жағдайда алдын-ала ескертусіз студенттен ауызша немесе жазбаша жауапты талап етуі мүмкін (экспресс-жауап, тесттік тапсырмалар, карточкалар және т.б.). сонымен қатар бұл жауаптар жалпы рейтинг жинағында бағаланады және ескеріледі. Сабаққа белсене қатысу бал жинауда көмектеседі. Одан басқа білімгердің дайындығы тесттік тапсырмалар, жазбаша жұмыстар, ауызша сұрау арқылы тексеріледі.

Кесте. Пәннің мазмұны

Сабақ № Сабақ тақырыптары Әдебиет
  Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы 2. 16-22 8. 5-29
  Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде 8. 30-59
  Ұйымның құралдарын түрлері және орналасуы бойынша топтастыру 2. 43-104 4. 22-35
  Ұйымның қайнар көзін қалыптастыру және мақсаттық тағайындалуы бойынша топтастыру 2. 58-76 8. 80-83
  Бухгалтерлік есеп әдістерінің элементтері 8. 110-123
  Бастапқы бақылау– бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесінің негізі 2. 180-213 8. 124-166
  Ұйымның балансы, оның нысаны мен мазмұны 8. 167-187
  Шаруашылық операциялардың орындалуы бойынша баланстағы өзгерістер 7. 246-277 5. 101-131
  Шоттардың мазмұны мен құрылымы 4. 180-211 7. 146-197
  Шоттардағы екі жақты жазу 4. 108-161 5. 18-57
  Дайындау және өндіріс процессінің есебі 4с. 15-18 5с. 13-22
  Сату және қаржылық нәтижені қалыптастыру процесінің есебі 5с. 43-61 6с. 9-11
  Бухгалтерлік есеп нысандары 4с. 62-69 5с. 22-30
  Қаржылық есептілік негіздері 4с. 19-21 5с. 30-34
  Бухгалтердің кәсіби этикасы 4с. 20-21 10с. 36-41

 

 

Кесте. Білімгерлерді бағалау жүйесі

 

Компоненттер Тапсырмалар саны 1 тапсырмаға берілетін мак-сималдық балл Ең жоғары балл
1. Сабақтағы практикалық тапсырмалар      
2. Белсенділік      
3. СӨЖ №1 – реферат      
4. СӨЖ № 2 – есеп      
5. Қорытынды емтихан      
  Жинағы      

 

Практикалық тапсырмалар әр сабақта болады, сондықтан сабаққа міндетті қатысу және тапсырмаларды орындау екі баллмен бағаланады.

Белсенділік – аудиториядағы сабақтарға дайындықпен келіп ондағы болатын пікір таластарға қатысу, оқитын пәнге шығармашылық тұрғыдан қарау.

СӨЖ- жеке тақырыптарды өз бетінше оқып үйрену, есептерді шығару және тапсырмаларды уақытында орындап, тапсыру.

СӨЖ №1 – бағдарламада қарастырылған тақырыптардан тыс тақырыптарға өз бетінше материал жинап, конспектілеу.

СӨЖ №2 – есептер шығару.

Кесте. Сырттай бөлім білімгерлерін бағалау жүйесі

 

Компоненттер Тапсыр-ма саны Бір тапсырманы орындағаны үшін балл Ең жоғарғы балл
  Сабақтағы практикалық тапсырмалар      
  Тесттік тапсырмалар      
  СӨЖ №1      
  СӨЖ №2      
  Қорытынды емтихан      
  Жинағы      

 

Практикалық тапсырмалар әр сабақта болады, сондықтан сабаққа міндетті қатысу және оларды орындау бір балмен бағаланады.

Тесттік тапсырмалар және оларды бағалау жеке тақырыптарды өткеннен кейін орындалады.

СӨЖ – жеке сұрақтарды өз бетінше оқып үйрену, есептерді шығару және тапсрымаларды тиісті уақытында орындап тапсыру.

СӨЖ №1 – жеке тақырыптар бойынша тиісті материалдар жинап, жазу

СӨЖ №2 – әр тақырыпқа тиісті есептер шығару

Кесте. СӨЖ тапсырманы сипаттау

Рет саны СӨЖ атаулары Берілген мерзімі СӨЖ қабылдау мерзімі Орындау шарты және көлемі
СӨЖ №1 Жека тапсырмалардың тақырыптары өз бетінше таңдалады 2 апта 3-7 апта Компьютерде теріл-ген 5-7 бет көлемдегі реферат. (А4, шрифт 14)
СӨЖ № 2 Бухгалтерлік есептің тәжірибесі және қаржылық есеп беруді дайындауға арналған есептер топта-масы. 8 апта 10-13 апта Есеп шығару

5-кесте. №1 СӨЖ орындауға берілген жеке тапсырмалардың тақырыптары

 

Р/с Тақырыптардың мазмұны
1. Қаржылық есептіліктің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері
2. Активтердің құрамы мен сипаты
3. Ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелердің құрамы мен сипаттамасы
4. Капиталдың құрамы мен сипаттамасы
5. Табыстар жайлы түсінік және оны талдаудың әдістері
6. Шығыстар жайлы түсінік
7. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны және негізгі бухгалтерлік теңдеу
8. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері
9. Бухгалтерлік шоттар жайлы түсінік және оның жіктелуі
10. Екі жақты жазу жүйесі
11. Есептік цикл
12. Бухгалтерлік құжаттар, олардың атқаратын қызметі мен жіктелуі
13. Түгендеу
14. Бухгалтерлік есепке енгізу формалары
15. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері
16. Ағымдағы активтердің анықтамасы: ақшалар және оның сипаттамасы
17. Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануының есебі
18. Қорлар есебі және оларды бағалау
19. Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелуі мен бағалануы
20. Міндеттемелердің анықтамасы мен жіктелуі
21. Бюджетпен есеп айырысу операцияларының көрсетілінуі
22. Капитал туралы түсінік: Жарғылық капитал, резервтік капитал
23. Есепті кезеңдегі бөлінбеген кіріс және есепті кезеңнің шығысы
24. Қаржылық есептілікті ұсыну
25. Бухгалтерлік есептің даму тарихы
26. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есептің мәні
27. Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі бухгалтерлік есептің ролі
28. Қазақстандағы бухгалтерлік есепті нормативтік –құқықтық реттеу
29. Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік есепті стандартизациялау
30. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар және бухгалтерлік есептің негізгі жүйелері
31. Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру аспектілері
32. Қазіргі кездегі бухгалтерияны ұйымдастыру аспектілері
33. Бухгалтерлердің этикалық нормасы
34. Қазақстанда бухгалтерлік есеп формаларын құрудың жалпы ережелері
35. Қазіргі бухгалтерлік бағдарламалар көмегімен есепті дамыту мүмкіндіктері
36. Құжаттарды сақтау тәртібі және тәсілдері
37. Қазіргі кездегі түгендеуді жүргізу ерекшеліктері
38. Баланстан тыс есепке алудың ерекшеліктері
39. Қазақстандағы серіктестіктердің формалары және айырмашылықтары
40. Есеп саясаты түсінігі және оны қалыптастыру
41. Есеп беру және оның Қазақстанда қалыптасу негізі
42. Қаржылық есеп беруді құрудың халықаралық тәжірибесі
43. Әлемдегі экономикалық дамыған елдердегі есеп жүйесі
44. Қазіргі кездегі бухгалтерлік модельдер

Кесте. «Бухгалтерлік есеп негіздері мен қағидалары» пәні бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Оқулықтар, оқу құралдарының және т.б. атаулары Баспа, шыққан жылы Кітапхана –мекен-жайы Саны
Негізгі әдебиеттер тізімі
1. 2007-жылғы 28-ақпандағы №234-ІIІ Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы.   ТарМУ кітапханасы  
2. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары:1 қаңтар 2009 ж. жағдай бойынша толық ресми мәтіннің аудармасы - //http://www.iasb.org.   ТарМУ кітапханасы  
3. Абдыманапов А., Раимов С. Принципы бухгалтерского учета и финансовой отчетности Алматы, 2005. ТарМУ кітапханасы  
4. Александер Д., Бриттон А., Йориссен Э. Международные стандарты финансовой отчетности: от теории к практике М.; ООО «Вершина», 2007 ТарМУ кітапханасы  
5. Бочкарева И.И., Левина Г.Г. Бухгалтерский финансовый учет М.: Магистр, 2008. ТарМУ кітапханасы  
6. Ержанов М.С., Нурумов А.А. Финансовая отчетность Казахстанских предприятий: Учебное пособие М. С. Ержанов. - Алматы: Экономика, 2007. - 180с. ТарМУ кітапханасы  
7. О.М. Карибжанов Основы формирования финансовой отчетности в соответствии с МСФО г. Алматы, 2010 ТарМУ кітапханасы  
8. Кеулимжаев К.К., Ажибаева З.Н., Кудайбергенов Н.А. Принципы бухгалтерского учета Алматы: Экономикс, 2003г. ТарМУ кітапханасы  
9. Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н., Иманкулова Ш.А., Бекова Р.Ж.. Основы бухгалтерского учета по МСФО Алматы: Экономика баспасы, 2009-198 с. ТарМУ кітапханасы  
10. Нидлз Б., Андерсон X., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета М.:Фин и Стат, 2002. ТарМУ кітапханасы  
11. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет Алматы: Экономика, 2011 ТарМУ кітапханасы  
12. Нурсеитов Э.О. Национальный бухгалтерский учет и МСФО. г. Алматы, «LEM»,2010 ТарМУ кітапханасы  
13. Проскурина В.П. Бухгалтерский учет от азов до баланса, практическое пособие Алматы. «LEM», 2012 ТарМУ кітапханасы  
14. Султанова Б.Б. Основы бухгалтерского учета Издательство «экономика», 2009 ТарМУ кітапханасы  
15. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2005.- 548 с. ТарМУ кітапханасы  
Қосымша әдебиеттер тізімі
16. Воронина Л.И. Теория бухгалтерского учета: М.:Эксмо,2009-432с. ТарМУ кітапханасы  
17. Астахов В.П. Теория бухгалтерского учета: М.:Вузовский учебник: ИНФРА-М,2011-397 с. ТарМУ кітапханасы  
18. Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях. Учебное пособие Алматы: ТОО «Издательство LEM», 2008. ТарМУ кітапханасы  
19. Нурсеитов Э.О., Нурсеитов Д.Э. Международные стандарты финансовой отчетности: теория и практика. Справочное руководство Алматы: LEM, 2007. ТарМУ кітапханасы  

Лекция 1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы

Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау ХІІ ғасырдан алады. Бұл ғылым туралы алғашқы түсінік шамамен 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған. Есеп тарихына зор үлес қосқандардың алғашқыларына францискандық монах, әлемге белгілі математик – Лука Пачоли жатады. Ол бірінші болып бухгалтерия негізін жүйелендірді. Оның «Шоттар және жазулар туралы» трактаты 1494ж. Венецияда жарық көрді және есеп саласындағы теориялық зерттеулерге арналды. Бұл кітап – есеп жазуларының мәні мен мақсатын айқындайтын алғашқы басылымдардың бірі. Ал «бухгалтер» (неміс тілінен «buhhalter») термині ХV ғасырда Австрияда пайда болған, «есеп кітабын ұстаушы» деген мағынаны білдіреді.

1498 жылы Қасиетті Рим империясының императоры Максимилиан-1 бірінші бухгалтер етіп Христофор Штехерді тағайындады. Осы кезеңнен бастап біздің ғылымның және кәсібіміздің атауы есеп регистрінің негізгі түрі – кітаппен байланысты болды. Көпестер немесе жалдаушы бухгалтерлер бірнеше ғасырлар бойы есепті арнайы кітаптарда жүргізді.

Тарихта алғашқы рет бухгалтерлер қоғамы 1581 жылы Венецияда құрылды. Есеп жүйесі өзінің дамуында белгілі эволюциялық сатылардан өтті: сауда (1800ж. Дейін), кәсіпкерлік (1900ж. дейін), ұйымдастырушылық (1950ж. дейін), оңтайластырушылық (1950-1975ж.), стратегиялық (1975ж. бастап).

Біз бухгалтерлік есептің пайда болған кезінен бастап, оның қалыптасып даму тарихына қысқаша тоқталдық. Соның өзі есептің адамзат қоғамымен бірдей қалыптасып, дамып келгендігін ділелдейді. Ең бастысы – ол адам үшін өмірлік қажеттілік, әсіресе қазіргі жағдайда, онсыз нарықтың да, өндірістің де дамуы мүмкін емес.

Лекция 2. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде

Бухгалтерлік есеп- белгілі бір ұйым туралы қаржылық ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға ұйымның қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік варианттарын таңдау кезінде негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Ұйымның қызметі туралы мәліметтер бухгалтерлік есеп жүйесіне кіру, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы ақпараттар одан шығу деп түсінуге болады.

Көптеген кәсіпорындар, сондай-ақ, қаржылық емес ақпараттарды пайдаланады. Сан түрлі ақпараттық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін басқару ақпараттық жүйе құрылады. Бұл жүйе кәсіпорынды басқару үшін қажетті ақпараттарды беруші, өзара байланысты кіші жүйелерден тұрады.

Бухгалтерлік есеп - басқару ақпараттық жүйенің қаржылық орталығы. Ол басқару аппаратында да, сыртқы пайдаланушыларда да ұйымның шаруашылық қызметінің толық көрінісінің бар болуына мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:

- ұйымның, сонымен бірге басқа да мүдделі тұлғаларды оның шаруашылық қызметі туралы толық және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету;

- ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылау жасаушы мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есепті зерттеу білім алуға және маңызды басқару шешімдерін қабылдай білуге мүмкіндік береді. Есептік ақпараттар кәсіпорын ішінде де, одан тыс жерде де сондай шешімдерді қабылдауға негіз болады. Ол үш бірдей міндетті қызметті (функцияны) – жоспарлауды, бақылауды, бағалауды – жүзеге асыру үшін басқару аппаратын сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Экономикалық ақпараттар қаржылық қортынды есеп нысандарында көрініс табады.

Ұйымның қаржылық қортынды есебі – оның өткен кезеңдегі жұмысының нәтижелері мен жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі; ұйымның белгілі бір кезеңдегі қызметтің нәтижелері мен жағдайы жөніндегі жиынтық мәліметтер көрсетілген ағымдағы есептен алынған қысқаша үзінді болып табылатын есеп жазуларының ерекше түрі.

Қаржылық қорытынды есеп берудің мақсаты- ұйымның қаржылық жағдайы, қызметі және қаржылық жағдайындағы өзгерістер жөніндегі ақпараттарды дайындап тапсыру.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Кез келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселеның негізгі және басты қажеттілігі болып табылады.

Ұйымдарда бухгалтерлік есеп төрт деңгейлі реттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» жарлығы. Онда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың және жүргізудің, қаржылық есеп беруді дайындап тапсырудың концептуалдық ережелері мен жалпы принциптері, бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз ететін шаралар, активтер мен міндеттемелерді бағалау тәртібі, бухгалтерлік есеп әдістері айқындалады.

Екінші деңгей - бухгалтерлік есеп стандарттары. Бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз — ұйымдар бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру үшін пайдаланылатын ережелер мен процедуралардың жиынтығы.

Стандарттар бухгалтерлік есептің әр түрлі аспектілерін қамтиды. Олардың кейбіреулері бағалау мен танудың альтернативтік өдістерін ұсынады. Бұл әрбір басшы өз бизнесінің ерекшеліктеріне байланысты стандартта ұсынылған бағалау мен танудың барлық альтернативті әдістерінің ішінен өзінің кәсіпорыны үшін тиімділігін және кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оның қаржылық жағдайын нақты көрсетуге мүмкіндік беретіндерін тандап алуға тиісті екендігін көрсетеді.

Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда «үлгі», «норма» деген мағынаны білдіреді. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға қол жеткізу үшін 1973 жылы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының Халықаралық комитеті құрылды. Бұл тәуелсіз үкіметтік емес ұйым.

Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының (ХЕҚС) негізгі мақсаты – төмендегілерді орындай отырып, қаржылық есеп беруге қол жеткізу:

- қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;

- ақпараттық жүйені құру принциптері;

- ақпараттардың сапалық сипаттамалары;

- қаржылық есеп берудің элементтері;

- бағалау және тану принциптері.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті стандартизациялауды іске асырушы негізгі ұйым – Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі және оның қарамағынан құрылған Бухгалтерлік есеп және аудиттің методологиясы Департаменті болып табылады.

Үшінші деңгей – бухгалтерлік есеп стандарттарының мазмұнын ашып көрсететін, ұйымдардың қандай салаға жататындығына, көлеміне, типіне т.б. факторларға байланысты оларға бухгалтерлік есепті өздері ұйымдастырудың варианттарын ұсынатын әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар.

Төртінші деңгей – бухгалтерлік есеп бойынша өкілетті органдар дайындап шығарған нормативтік актілердің негізінде дайындалған ұйымның бухгалтерлік есеп жөніндегі жарлықтары, бұйрықтары, есеп жүргізу саясатын құрайтын шешімдер.

Қазақстан аумағында бухгалтерлік есептің бірегейлігін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қамтамасыз етеді. Қазақстандық бухгалтерлік есептің өзіне тән ерекшелігі – алдымен құжаттар. Олар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтуі қажет, сонан соң ғана нормативтік –құқықтық акт статусын алады.

Бухгалтерлік есеп — бизнес тілі. Ол кез-келген бизнеске тән қызметтің сан-алуан тұрлерін байланыстырушы буын болып табылады. Есеп мәліметтерінің негізінде салықтарды есептеу жүзеге асырылады, кең шеңберлі мүдделі пайдаланушыларға тапсыру үшін қаржылық қорытынды есеп құрылады. Басқаша айтқанда, бухгалтерлік есеп кез-келген қоғамның күнделікті өмірінің көптеген жактарына әсер етуші қызметтің ең бір пайдалы саласы болып табылады.

Бухгалтерлік есеп жүйесі әлемнің әртүрлі елдерінде бірдей емес. Себебі ақпараттарды дайындап тапсыру кезінде олар капитал нарығында әрекет етуші инвесторлардың шешім қабылдауы, мемлекеттік салық саясатының тиісті деңгейде орындалуына бақылау жасау және дұрыс ақпараттар дайындап беру, мемлекеттік статистикалық қорытынды есепті құру сияқты мақсаттарды көздейді.

Лекция 3. Ұйымның құралдарын түрлері және орналасуы бойынша топтастыру

Бухгалтерлік есеп пәні – бұл шаруашылық өмірдің нақтылығы, оның жиынтығы ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін сипаттайды.

Бухгалтерлік есептің объектілері:

1) шаруашылық процестері (сатып алу, өндіру, сату процестері);

2) құралдардың айналымы (А-Т-А,);

3) еңбек шығындары мен еңбекақы төлемдері;

4) есеп айырысу қатынастары (жабдықтаушылармен, банктермен, бюджетпен, жұмысшылармен);

5) ұйымның мүлкі (айналымнан тыс активтер және айналымды активтер);

6) мүліктердің қалыптасу көдері (меншікті, заемдық, тартылған).

Бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп берудің мақсаты қызығушылық танытқан тұлғаларға ұйымның қаржылық жағдайы, нәтижесі және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы толық және дәл ақпараттар беру болып табылады.

Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:

- ҚР заңдарын сақталғанын бақылау үшін қаржылық есеп берудің ішкі және сыртқы тұтынушыларына қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету;

- Мүліктердің бары мен жылжуын бақылауды қамтамасыз ету;

- Ұйымның теріс нәтижелі шаруашылық қызметін болдырмау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ішкі шаруашылық резервтерді анықтау;

- Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау және олардың тиімді пайдалануы;

- Ішкі ресурстарды нақты қолданылуын бағалау.

Бухгалтерлік есеп ұйымның қызметін көрсетеді. Бухгалтерлік есеп пәні субъектінің меншігі және өндіріс процессіндегі шаруашылық құралдардың қозғалысы болып табылады.

Ұйымның меншігіндегі құралдарды дұрыс бақылауды ұйымдастыру үшін құралдарды топтастыру туындайды.

Ұйымның шаруашылық құралдары келесідей топтастырылады: құрамы бойынша, мақсаты бойынша, қалыптасу көзі бойынша.

Ұйымдағы құралдардың құрамы бойынша топтастырылуы 1-суретте көрсетілген.

 

Сурет 1. Ұйымдағы құралдардың құрамы бойынша топтастырылуы

 

Ұйымдағы құралдардың мақсаты бойынша топтастырылуы 2-суретте көрсетілген.

 

Сурет 2. Ұйымдағы құралдардың мақсаты бойынша топтастырылуы

 

Ұйымдағы құралдардың қалыптасу көзі бойынша топтастырылуы 3-суретте көрсетілген.

 

Сурет 3. Ұйымдағы құралдардың қалыптасу көзі бойынша топтастырылуы

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 470 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЛЗ 3. Право собственности на объекты природы .| Основные положения итоговой государственной аттестации выпускников

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.03 сек.)