Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары

Читайте также:
  1. Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (ЖҚСЖ) емдеу шаралары
  2. Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы
  3. Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері

Синустық-жүрекшелік торапта пайда болған электр серпіндері жүректің төменгі бөліктеріне өткізгіш жүйесі арқылы өткізіледі де, оларда қозу үрдісін туындатады. Бұл серпіндер жасуша мембраналарына әсер етіп, олар арқылы иондардың алмасуын өзгертеді. Осының нәтижесінде әсер ету потенциалы бір жасушадан екіншісіне, ары қарай көрші жасушаларға өткізіліп, олардың деполяризациясы пайда болады. Осылай электр серпіндері жүректің өткізгіш жүйесінің жасушалары арқылы өткізіледі.

Жүректің өткізгіш жүйесінде электр серпіндері өткізілуінің бұзылыстары:

● кардиомиоциттерде әрекет ету потенциалының өзгерістерімен;

● жүрек ет жасушаларының қозымдылығы мен серпіндерді өткізу уақытының өзгерістерімен, бөгеттер дамуымен;

● өткізгіштіктің бір бағытта бұзылыстарымен және қозу толқынының кері оралуымен (ағылш. re-entry) көрінеді.

Бөгеттер (блокада) жиі жүректің өткізгіш жүйесі жасушаларының бүліністерінен пайда болады. Бұл бүліністер жүректің өткізгіш жүйесінде:

√ ишемия, некроз дамығанда;

√ жүрек жарақаты, қан қүйылу кездерінде;

√ кардиосклероз дамығанда;

√ организмнің арақпен, никотинмен улануы кездерінде

√ кейбір дәрі-дәрмектердің (дигиталис, хинидин, β-адренорецептор-лардың тежегіштері т.б.) әсерлерінен;

√ бактериялардың (күл ауруы, жәншау (скарлатина), іш сүзегі қоздырғыштарының) уыттарынан;

√ вирустардың әсерлерінен - дамуы мүмкін.

Бөгеттер жүректің өткізгіш жүйесінің кез-келген жерінде (синустық-жүрекшелік тораппен жүрекшелердің арасында, жүрекшелердің қабырға-ларында, жүрекшелер мен қарыншалар арасында, қарыншалардың қабырғаларында, Гис шоғының аяқшаларында, Пуркиние талшықтарында) орналасуы ықтимал.

Электр серпіннің синустық-жүрекшелік тораптан жүрекшелерге өткізілуінің бұзылыстарынан жүрек соғуының сиреуі байқалады, кейбір жүрек жиырылулары болмайды.

Жүрекшелердің қабырғалары арқылы өткізгіштің бөгеттері нәтиже-сінде оң және сол жүрекшелердің жиырылуы бір мезгілде болмайды. ЭКГ-да Р-өркеші екі айрылып көрінеді.

Атриовентрикулалық бөгет кезінде синустық-жүрекшелік торапта пайда болған серпіндердің жүрекшелерден қарыншаларға өтуі бұзылады. Бұл кезде серпіндердің өтуі бұзылуы жартылай немесе толық болуы мүмкін. Жартылай атриовентрикулалық бөгеттің үш дәрежесін ажыратады:

● І-дережесінде жүрекшелерден серпіндердің жүрекше-қарынша аралық торап арқылы қарыншаларға өтуі баяулайды. Сондықтан қарыншалардың жиырылуы жүрекшелер жиырылғаннан кейін біршама кешеуілдеп болады. ЭКГ-да жүрекшелердің жиырылуына Р-өркеші, қарыншалардың жиырылуына QRST кешені сәйкес келетіндіктен, Р-Q өркештерінің аралығы ұзарады. Қалыпты жағдайда бұл аралық 0,12-0,20 сек. болса, ол атриовентрикулалық бөгеттің І-дәрежесінде 0,20 сек. астам біркелкі ұзарады (-сурет);

-сурет. Атриовентрикулалық бөгеттің І-дәрежесі.

 

● II-дәрежесінде синустық-жүрекшелік торапта пайда болган серпіндердің жүрекше-қарынша аралық торап арқылы қарыншаларға өтуі біртіндеп нашарлай береді де, жүректің бірнеше жиырылуларынан кейін мүлде өтпей қалады. Сол себептен ЭКГ-да Р - Q өркештерінің аралығы біртіндеп ұзарып, жүректің бірнеше жиырылуларынан кейін Р өркешінің артынан қарыншалардың жиырылуы (QRS кешені) болмайды (-сурет). Содан кейін жүрекшелерден серпіннің қарыншаларға өткізілуі қалпына келеді де, біртіндеп қайта нашарлай береді. Бірнеше жиырылудан соң қарыншалар жүрекшелердің жиырылуына тағы жауап қайтармайды. Осылай жүрекше-қарынша аралық торапта өткізгіштіктің өзгеруі белгілі заңдылықпен қайталана береді. Бұл оралымды Венкебах-Самойлов оралымы немесе кезеңі деп атайды;

-сурет. Атриовентрикулалық бөгеттің ІІ-дәрежесі.

 

● III-дәрежесінде серпіндердің жүрекшелерден атриовентрикулалық торап арқылы қарыншаларға әрбір екіншісі, үшіншісі немесе төртіншісі ғана өткізіледі. Сондықтан жүрекшенің 2, 3, 4 жиырылуларына қарыншалар бір жиырылумен ғана жауап қайтарады. ЭКГ-да 2-3 немесе 4 Р өркешінен кейін бір QRS кешені пайда болады.

Толық атриовентрикулалық бөгет кезінде жүрекшелерден қарыншаларға серпіндер мүлде өтпейді. Жүрекшелер cинустық-жүрекшелік торапта пайда болған номотоптық ырғақ бойынша, қарыншалар өз беттерінше идиовентрикулалық ырғақ бойынша жиырылады. Сол себептеи жүрекшелер минөтіне 70-80 рет жиырылса, қарыншалар минөтіне 30-40 рет қана жиырылады. Бұл бөгет кезінде жүрекшелер мен қарыншалардың жиырылуы бір мезгілде болуы мүмкін. Осыдан келіп жүрекшелердің тығындалып қалуы немесе олардың тампонадасы дамуы ықтимал. Сондықтан шеткері ағзалардың, әсіресе мыйдың қанмен қамтамасыз етілуі қатты бұзылады, адам есінен айырылады, тырыспа-селкілдек дамиды. Бұндай жағдайды Морганьи-Эдемс-Стокс синдромы деп атайды. Осыдан адам тез жан тапсыруы мүмкін. Кейде қанайналым қалпына келіп, көрсетілген құбылыстар бірнеше рет қайталануы ықтимал. Кейде толық бөгет жартылай бөгетке ауысуы мүмкін. Толық атриовентрикулалық бөгетті емдеу үшін жасанды электроширатқылар (электростимулятор) қолданылады.

Қарыншалардың қабырғаларындағы өткізгіштіктің бұзылыстары жиі Гис шоғының бір аяқшасында байқалады. Сондықтан қарыншалардың қозуын туындататын серпіндердің оң немесе сол қарыншаға өтуі кешеуілдейді, олардың жиырылуы бір мезгілде болмайды. ЭКГ-да R-өркеші екіге айрылып көрінеді (-сурет).

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 250 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы | Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (ЖҚСЖ) емдеу шаралары | Миокард инфарктының патогенезі | Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері | Accommodations |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Номотоптық аритмиялар| Артериялық гипертензия дамуына әкелетін қауіп-қатерлі факторларэкзогендік және эндогендік болып ажыратылады.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)