Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Номотоптық аритмиялар

Читайте также:
  1. Ткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары

Номотоптық ырғақтың бұзылыстары синустық-жүрекшелік торапта серпіннің пайда болу жиілігі әртүрлі себептерден өзгеріп тұруымен байқалады. Сондықтан бұл аритмиялар синустық тахикардия, синустық брадикардия және синустық аритмиялар түрлерінде көрінеді.

Синустық тахикардия – деп синустық-жүрекшелік торапта серпін пайда болуы жиілеуінен дамитын жүрек қағуын айтады. Бұл кезде жүрек соғуы минөтіне 100-140 шамасында болады және ЭКГ-да жүрекше-қарынша кешендері өзгермейді, тек диастолалық үзіліс, Т - Р өркештерінің арасы қысқарады (-сурет). Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуы жүрек соғуын жиілетеді, ал парасимпатикалық жүйке жүйесінің қозуы оны, керісінше, сиретеді. Осыдан синусгық-жүрекшелік торапта серпін пайда болуының жиілеуі мына жағдайларда байқалады:

● жүректе симпатикалық-адреналиндік әсерлердің артып кетуінен; бұндай жағдай көңіл-күйдің қобалжуы, физикалық күштену, гипертиреоз, феохромоцитома кездерінде болады;

● парасимпатикалық жүйкелердің жүрекке әсері әлсіреуінен; бұндай жағдай орталық жүйке жүйесінің бүліністерінде байқалады;

● синустық-жүрекшелік тораптың жасушаларына әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық ықпалдардың тікелей әсерлерінен болады. Мәселен, ыстық қанның (қызба, гипертермия кездерінде), қышқыл өнімдердің (гипоксия, қантты диабет кездерінде), микробтардың және олардың уыттарының (жұқпалы аурулар кездерінде), дәрілердің (кофеин, адреналин т. б.) әсерлерінен синустық тахикардия дамиды.

Қысқа мерзімде синустық тахикардия жалпы қанайналымға теріс әсер етпейді. Ал, ұзаққа созылған жүректің тым жиі соғуы (минөтіне 100 -140 реттен астам) оның қызметінің бұзылыстарына әкеледі. Бұл кезде жүректің оттегіге мұқтаждығы артады, жүрек қанға толмай аз қанмен жиырылады, жүректе энергия түзілуі нашарлайды. Сондықтан жүректен шығатын қанның соққылық көлемі азаяды. Ұзақ мерзім жиі соғуынан жүректің қызметінің сүлде жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.

Синустық брадикардия – деп синустық-жүрекшелік торапта серпін пайда болуы сиреуінен жүректің сирек соғуын айтады.

Бұл кезде жүрек соғуы минөтіне 60-тан аз болады және ЭКГ-да жүрекше-қарынша кешендері өзгермей, тек диастолалық үзіліс, Т - Р өркештерінің арасы ұзарады (-сурет). Синустық брадикардия мына жағдайлардан дамуы мүмкін:

● жүрекке парасимпатикалық жүйке жүйесінің әсёрі күшейгенде; бұндай жағдай бас сүйек ішінде қысым көтерілгенде (мый жарақатында, мыйда өспе өскенде, мый қабықтары қабынғанда, мыйға қан құйылғанда) байқалады; Өйткені бұл кездерде кезбе жүйкенің (n. vagus) орталығы қоздырылады. Сонымен бірге, парасимпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты көтерілуі бұл жүйкенің шеткері аяқшаларының қозуынан да болады. Мәселен, іш сүзегі кезінде ашішектердің қабырғаларындағы кезбе жүйке аяқшалары қозуынан рефлекстік түрде синустық брадикардия дамиды. Осындай жағдай екі көздің, немесе ұйқы артерияларының сыртынан саусақпен басьш қысқанда байқалады. Көздің сыртынан басып, парасимпатикалық жүйкені қоздыруды Даньини-Ашнер рефлексі; үйқы артерияларын қысып, оны қоздыруды Геринг рефлексі деп атайды. Осы тәсілдер ұстамалы тахикардияның ұстамасын тоқтату үшін клиникада пайдаланылады;

● жүрекке симпатикалық-адреналиндік әсерлердің әлсіреуінен; бүндай жағдай жоғары жүйке іс-әрекеттерінің бұзылыстарында, симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы орналасқан гипоталамустың құрылымдық бүліністерінде, симпатикалық жүйке талшықтарының рецепторларының бұзылыстарында байқалады;

● синустық-жүрекшелік торабқа әртүрлі физикалық, химиялық немесе биологиялық ықпалдардың, тікелей бүліндіргіш әсерлерінен. Мәселен, осы тораптың жарақаттануы, оған қан құйылуы синустық брадикардияның дамуына әкеледі;

● синустық-жүрекшелік торапқа улы заттар, өт қышқылдары, кейбір дәрі-дәрмектер (хинин, опиаттар, жүрек гликозидтері, холиномиметиктер т. б.) тежеуші әсер етеді.

Бұл факторлар тым қарқынды болғанда синустық-жүрекшелік торапта серпін пайда болуын сиретіп қана қоймай, оны мүлде жоғалтуы мүмкін. Жүрек соғуы қатты сирегенде қанайналым жеткіліксіздігі дамиды.

 

-сурет. Жүрек ырғағының номотоптық бұзылыстары.

А. сау адамның ЭКГ-сы; Б. с инустык тахикардия;

В. синустық брадикардия; Г. синустық аритмия

(дем алғанда жүрек соғуы жиілеп, дем шығарғанда сирейді).

Синустық аритмия - деп синустық-жүрекшелік торапта пайда болатын серпіндердің жиілігі өзгеріп тұруынан жүрек жиырылуының біресе жиілеп, біресе сиреп тұруын айтады. Ол тыныс алумен байланысты өзгереді. Сондықтан, бұл аритмияны тыныстық аритмия деп те атайды. Өйткені демді ішке тартқанда жүрек соғуы жиілейді, ал демді сыртқа шығарғанда ол сирейді (-сурет). Бұндай аритмия жиі жас балаларда және жасөспірімдерде байқалады. Синустық аритмияның дамуы кезбе жүйке межеқуатының өзгеріп тұруынан (ол демді ішке тартқанда төмендеп, сыртқа шығарғанда көтерілуінен) байланысты. Ересек адамдарда мыйдың сыртқы қыртысының қызметімен кезбе жүйке межеқуатының өзгерістері теңгеріліп тұрады. Соңдықтан бұл аритмия ересек адамдарда байқалмайды. Ал, мыйдың сыртқы қыртысының қызметі бұзылғанда, наркоз, сілейме кездерінде синустық аритмия айқын дамиды және ол науқастың жағдайы ауырлағанын көрсетеді.

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 334 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жүрек соңылық жүктеме артуының маңызы | Жүрек қызметінің сүлде жеткіліксіздігін (ЖҚСЖ) емдеу шаралары | Миокард инфарктының патогенезі | Артериялық гипертензия дамуына әкелетін қауіп-қатерлі факторларэкзогендік және эндогендік болып ажыратылады. | Accommodations |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жүректің ишемиялық ауруын емдеу негіздері| Ткізгіш жүйесінде серпіндердің өткізілуі өзгерістерінен дамитын жүрек аритмиялары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)