Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Теориядан қысқаша мағлұматтар

Читайте также:
  1. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 1 страница
  2. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 2 страница
  3. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 3 страница
  4. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 4 страница
  5. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 5 страница
  6. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 6 страница
  7. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 7 страница

Практикалық жұмыс

Тақырыбы: Microsoft Office пакеттерімен жұмыс

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Office бағдарламасының әрқайсысымен танысу және олармен жұмыс істеуді үйрену.

1. Microsoft Word мәтіндік процессорымен жұмыс

Теориядан қысқаша мағлұматтар

Microsoft Word терезесінің (1.1-сурет) жоғарғы бөлігінің бойында бағдарлама аты бейнеленетін тақырып жолы болады. Егер құжат терезесі ашулы тұрса, онда бағдалама аты және ашылып тұрған құжат аты тақырып жолында көрсетіледі. Басқа жағдайларда құжат аты құжаттың тақырып жолына шығады. Тақырып жолының сол жағында Word -тың терезелік мәзірінің батырмалары, ал оң жағында Microsoft Word терезесінің өлшемдерін басқару батырмалары орналасады. Ондағы қалың сызықпен сызылған бірінші батырманы шертсе, терезе есептер тақтасына батырма ретінде жиналып қойылады.

Қалпына келтіру/Жайып қою (Восстановить/Развернуть) батырмаларытерезе өлшеміне байланысты экранда стандартты өлшемге дейін терезені қалпына келтіреді немесе оны бүкіл экран бойына жайып қояды. Терезені жабу батырмасы Microsoft Word терезесін жабады және бағдарлама жұмысын аяқтайды.

Тақырып жолынан төменде, әрбір бөлімі аса төмен деңгейдегі меншікті мәзірден тұратын мәзір жолы орналасады. Мәзір жолының сол жағында құжаттың терезелік мәзір батырмасы, ал мәзірдің оң жағында құжат терезесінің өлшемдерін басқару батырмасы орналасады. Стандартты өлшемдегі құжат терезесінде жайып қою батырмасында жоғарғы бөлігі қара қалың сызықпен сызылған шаршы бейнеленген. Осы батырманы шерткеннен кейін терезе бағдарлама терезесінің бар аумағын алады.

 

1.1-сурет – Microsoft Word терезесі

 

Microsoft Word терезе алаңын барынша қолдануды қамтамасыз ету үшін, құжат терезесін жайып қою батырмасын баса отырып, құжатты толық экран бетіне бейнелеу ұсынылады.

Тапсырма 1:

1. Word текстік редакторын жүктеңіз.

2. Құжатқа титулдық парақ жасаңыз.(1.5-сурет бойынша)

 

 

1.5-сурет – Титулдық парақты әзірлеу стандарты

2-тапсырма: MS Word-та кестемен жұмыс.

Келесі параққа өзіңіз туралы қысқаша ақпарат енгізіңіз (1.1-кесте бойынша).

 

1.1-кесте – Студенттің жеке картасы

 

 

3-тапсырма: MS Word-та формула жазу

1. 1.2-кестедегі формуланы енгізу үшін Вставка ® Объект... ® Mіcrosoft Equatіon 3.0 командасымен формула редакторын іске қосыңыз.

2. Стиль ® Определить командасымен формуладағы әртүрлі элементтер үшін қажет шрифтерді тағайындаңыз.

3. Формат ® Интервал терезесіндегі тағайындамалар формула элементтерінің мөлшерін беруге арналған.

4. Формуланы енгізуді және өңдеуді аяқтау үшін Esc батырмасын басыңыз немесе формула редакторы терезесін жабыңыз.

5. Енгізілген формуланы айырбастау буфері арқылы құжаттың басқа жеріне көшіріңіз.

6. Формуланы екі рет шерту арқылы оны өңдеңіз.

 

 

1.2-кесте – Тапсырма нұсқалары.

 

 

 

4-тапсырма. Кесте негізінде Word–та диаграмма құру

1. Таблица ® Вставить таблицу командаларымен 14 жолдан 7 бағанадан тұратын кесте құрыңыз.

2. Барлық бағаналардың бірінші жолдағы ұяшықтарын белгілеп Таблица ® Объединить ячейки командасын орындаңыз.

3. Үшінші жолдың екіншіден жетінші бағаналарының ұяшықтарын белгілеп, оларды біріктіріңіз.

4. Тоғызыншы жолдың екіншіден жетінші бағаналарының ұяшықтарын белгілеп, оларды біріктіріңіз.

5. Кестені көрсетілген үлгі бойынша (1.3-кесте) нұсқаңыздың нөмерін қоса отырып толтырыңыз. Кестені есептеулерді орындау үшін қолданған ыңғайлы. Есептеулерді орындау үшін Макет тізбелігіндегі Формула командасын қолданыңыз.

6. Кестені форматтау келісім бойынша барлық кестелер біртұтас жұқа екі жарты пункт болатын сызықтармен қоршалған. Кестелер және шекара саймандар панелінде кестенің жаңа түрін, сонымен қоса енін, түсін және сызық түрлерін таңдаңыз. Нақты шекаралар үстінен таңдалған шекараларды Нарисовать таблицу сайманының көмегімен сызыңыз. Шекараның жаңа түрін бірнеше ұяшықтарға немесе олардың жақтауларын жоюға тез қолдану үшін саймандар панеліндегі Кестелер және шекаралар ішінен сызық түрі, сызық қалыңдығы және шекара түсі аймақтарын пайдаланыңыз. Кейбір ұяшықтарды безендіру үшін, оларды бояп қоюға болады. Ол үшін Автоформат таблицы батырмасын басыңыз.

7. Кестені екінші жолынан бастап белгілеңіз де, Правка ® Копировать командасын орындаңыз. Кестені толық белгілеу үшін: тышқан көрсеткішін кестенің кез келген жеріне орналастырып, Таблица® Выделить ® Таблица командасын орындауға болады.

8. Негізгі диаграмманы Вставка ® Объект ® ДиаграммаMіcrosoft Graph командаларын орындау арқылы қондырыңыз. Диаграмма қасында оның негізгі кестесі ашылады.

9. Диаграммманың негізгі кестесінің мазмұнын жол және бағана тақырыптарының қиылысу ұяшығына шерту арқылы белгілеңіз (жоғарғы сол бұрышта).

10. Негізгі кесте мазмұнын буфердегі өз кестеңіздің мазмұнымен ауыстырыңыз (Правка ® Вставка).

11. Диаграмманың негізгі кестесінің Өнімдер, Барлық шығын, Шығындар және ең соңғы Барлық шығын жолдарын белгілеңіз де, оларды тазартыңыз.

12. Диаграммада сурет аймағын белгілеңіз. Тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан тізбеліктен Диаграмма ® Тип диаграммы пунктін таңдаңыз. Басқа түрдегі (стандарттық және стандартсыз) диаграммалар бейнесі ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қарап шығыңыз.

13. Тип диаграммы терезесін жабыңыз. Құжатты сақтаңыз.

Ескерту: Кесте ұяшықтарының мазмұнын алфавит, шама және мерзім бойынша сұрыптауға болады. Ол үшін сұрыпталатын ұяшықтарды белгілеп алып, Кестелер және шекаралар саймандар панеліндегі өсу бойынша сұрыптау немесе кему бойынша сұрыптау батырмаларын басыңыз.

1.3-кесте – Кестені толтыру үлгісі

 


Дата добавления: 2015-10-28; просмотров: 429 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Payday Loans No Credit Check| Теориядан қысқаша мағлұматтар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)