Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сөзжасамның негізгі бірліктері.

Читайте также:
  1. A)бұл құқықтың дамуы мен қызмет етуінің қалыптасу процессінің негізгі немесе жетекші бастаулары
  2. B) негізгі құралдарды жою кезінде еңбекақы есептелінді
  3. E) негізгі және қосымша
  4. а)- негізгі бағыттары мен белгіленуі, б), в), г)- негізгі жазықтықтар мен олардың белгіленуі
  5. Гравиметрияда негізгі: тұнбаны сүзу, шаю, кептіру және күйдіру операцияларын орындау әдістемесі.
  6. Демократиялық басқару жүйесінің ең негізгі және тиімді жол болып отырғанының себебі неде?
  7. Компрессорлық станцияның негізгі жабдықтары

Сөзжасамның тіл білімінде жеке саласы ретінде қалыптасуы.

Сөзжасамның негізгі бірліктері.

Жоспар:

1. Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы екені

2. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының түркі тілдеріне әсері

3. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуы, ол дәлелденген ғылыми еңбек.

Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылу оның өзіндік зерттеу нысаны болумен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерлі, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі қазақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамы жаңа сөздер жасау арқылы толықтырылып отыратын негізгі тілдік құбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып, іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы заңдылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.

Сөзжасамды тіл білімінің жеке, дербес саласы деп тану мәселесі басталғанына бірсыпыра уақыт болды. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған акам. В.В. Виноградов болды. В.В. Виноградов бұл пікірді 1950 жылдары ұсынған болатын. Содан бері ғалымдар бұл пікірді дәлелдей, дамыта келе 1970 жылы шыққан “Русская грамматика” кітабында оны жеке сала ретінде беріп, сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деген пікірін жария етті.1980жылы шыққан “Русская грамматикада” сөзжасам жеке сала ретінде беріліп, бұл мәселенің түпкілікті шешілгенін дәлелдейді.

Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы – ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір-таласының нәтижесі. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салалрымен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г.О. Винокур, Е. С. Кубряков, Е.А. Земская, Н.Д. Арутюнова, А.Н. Тихонов, И.С. Улухановтарды айтуға болады.

Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болды. Бұл конгресте сөзжасам мәселесі тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып, оған арнайы секция бөлінген. Конгресте тіл біліміндегі сөзжасам мәселесіндегі олқылықты жою мақсаты көзделіп, сөзжасам мәселесін зерттеуді күшейту мәселесі алға қойылды. Ғылымдағы бұл бетбұрыстан түркі тілдерінің ғалымдары да тыс қалмады. Татар тілінің маманы Ф. А. Ганиев өзінің сөзжасамның мәселесіне арналған докторлық диссертациясында “Сөзжасам-татар тіл білімінің бір саласы”деген тақырып бөлініп, онда осы мәселені жан-жақты дәлелдеген. Сөзжасам мәселесі туралы ғалымдар зерттеулері, түрлі пікірлері мен ұсыныстары қазақ тілі ғалымдарына да әсер етті, қозғау салды, осы мәселені зерттеуге игі ықпал жасады. 1984-1988 жылдары академияның тіл білімі институтының грамматика бөлімінің қызметкерлері сөзжасам мәселесін арнайы зерттеді. Зертеудің нәтижесі 1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы” деген атпен монография болып шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан зерттеген зерттеудің нәтижесі болды. Ғалымдардың соңғы жетістігіне негізделе отырып жазылған ғылыми көлемді монография еді. Монографияны Тіл білімі инситутының ғылыми қызметкерлері жазды. Олар: М. Балақаев, А. Қалыбаева, Қ. Есенов, Н. Оралбаева, Е. Жанпейісов, С. Нұрқатов. Монография екі бөлімнен тұрады: 1) сөзжасамның жалпы мәселелері,2)сөз таптарының сөзжасамы. Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы оның тіл білімінің басқа салаларымен байланысын жоққа шығармайды. Өйткені тіл білімінің барлық салалары бір-бірімен байланысты, себебі олардың бәрі тілді зерттейді, сондықтан оларда байланыс болмауы мүмкін емес. Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол-әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен. Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан, ол қысқа аз уақытта тез қалыптаса қалатын құбылыс емес. Сондықтан ол түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де қатысты.

Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол-әрине, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам -жүйесінің негізі көне түркі тілінен (ең көне жазба ескерткіштер тілі) басталып, содан бері да-мып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, екшеле келіп, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен. Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан, ол қысқа аз уақытта тез қалыптаса қалатын құбылыс емес. Сондықтан ол түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне де қатысты. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сездермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалған (күнтүз, Темір-қапығ, Қара-құм, Ілтеріс, арқыш-тіркес, секіз он, йеті йуз), сол сияқты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сол кездің сөзжасам жүйесіне жатады: [кат\ 1) қабат, қатар, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру. Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның морфологиялық, синтаксистік, семантикалық тәсілдері болғанын анық көрсетіп тұр.

Бұл келтірілген мысалдар қазақ тілінің қазіргі сөзжасамдық жүйесінің түп негізі түркі халықтарының ең көне заманынан бастау алғанын көрсетті. Ал түркі тілдерінде қазір көне түркі жазбаларындағы сөзжасам жүйесі сол қалпында қалмағаны түсінікті. Өйткені түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің қазіргі күрделі сөзжасамдық жүйесі көне түркі тілінен бастау алғанымен, содан бері үнемі дамудың нәтижесінде қалыпта-сқан. Сондықтан қазіргі қазақ тілінің күрделі сөзжасам жүйесі ұзақ уақытта қалыптасқан, ол тіл дамуының нәтижесі. Тілдің сөзжасам жүйесі көне қүбылыстарға жатады, ол күмән туғызбайды. Өйткені сөз жасаушы тұлғалар, сөз жасаудың тәсілдері, үлгілері күнде құбылатын, күнде жаңаратын құбылыстар емес. Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің даму әрекетінен де тыс қала алмайды. Сондықтан сөзжасам жүйесінде де өзгеріс болып тұрады, бірақ ол ете баяу болады және ол, көбіне тілде бар үлгілердің белгілі бір кезеңде белсенді қызмет етуі арқылы, ол қызметтің бәсеңдеуі арқылы, не сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөзжасамдық түрлердің қолданудан шығуы сияқты т.б. өзгерістер ретінде болады. Мысалға көне жазба ескерткіштер тіліндегі туынды сөздер саны мен қазіргі тілдегі туынды сөздер саны бір емес, қазіргі тіл туынды сөздерге өте бай. Тілдің туынды сөздермен толығуының тілден тыс жағдайларға қатысын былай қойғанда, оның сөзжасам жүйесіне де тікелей қатысы бар. Көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның морфологиялық тәсілі болды, бірақ әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал қазірде морфологиялық тәсіл сөзжасамда үлкен қызмет атқарады, бірақ көне жазба ескерткіштермен салыстырғанда, қазіргі тіл сөз тудырушы жұрнаққа өте бай, сөзжасам құрамы түрлі жұрнақтар арқылы толыққан. Сөзжасамдық жұрнақтардың тілге қосылғанын өте көне жазба ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді салыстыру арқылы көру жеңіл, осы екі арада талай ғасырлар өткенін еске алсақ, олардың әр кезеңінің тілдің сөзжасам жүйесінің қалыптасуына да, сөздік қордың баюына да үлесі болғаны анық көрінеді. Сөйтіп, тілдің сөзжасам жүйесінің толығып отыруы, сөзжасамдық заңцылықтардың тілде орнығып қалыптасуы баяу болса да, тіл дамуында үнемі болып отыратын құбылыс екені даусыз. Бірақ ол ерекше жылдамдықпен болатын құбылыстарға жатпайды. Соңғы 40-50 жыддың ішінде қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне қосылған жұрнақтар өте мардымсыз. Жаңа жұрнақтар арқылы сөзжасам жүйесінің баюы, толығуы тез болып тұратын кұбылыс емес. Тілімізде - хана сияқты жаңа жұрнақтың қосылуы, пайда болуы - өте сирек құбылыс. Алғаш біріккен сөздің бір сыңары ретінде қызмет атқарған бұл морфема, кейін жұрнаққа айналғаны белгілі. Бұрын шайхана, ас-хана, жатақхана, наубайхана, кітапхана, баспахана сияқты аздаған сөзде қолданылатын бұл морфема бірте-бірте қолданылу өрісін кеңейтіп, қазір өнімді жұрнаққа айналды. Мысалы, емхана, дәріхана.

Қазақ тілінде сөз қысқарту тәсілі қазан төңкерісіне дейін мүлдем болмаған деген пікірден аулақпыз. Бұл тәсіл тілде бұрын да болған. Ол адам аттарында қолданылып, оған сый-құрмет, үлкейту, кішірейту, еркелету мәнін қосатын. Ол қазіргі тілде де өте жиі кездеседі: Жәке, Сәке, Сызаң, Сәбе, Айнаш, Жаңаш, Қантай, Жантай т.б. осы сияқты қолдануларды алайық. Мұндағы қысқартудың бір ерекшелігі кісі аты тек қана қысқартылып қоймайды, оған -ке, -еке, -аң, -а, -е, -ш, -тай сияқты белгілі морфемалар қосылады. Сөйтіп, мұнда да сөздердің белгілі тобы қысқаратыны, қысқаратын сөздің алғашқы буыны сақталатыны және оларға белгілі морфемалардың қосылатыны сияқты белгілі заңдылық бар. Кісі аттарын қысқартып айту - дүние жүзіндегі тілдердің көбіне тән құбылыс. Көпшілік тілдерде кісі атын қысқартып айту адамның бала кезіне тән. Орыс тілінде де ол - бар құбылыс, бірақ тек бала шаққа емес, жастық кезең деу орынды. Мысалы: Екатерина - Катя, Елизавета - Лиза,Мария - Маша, Евгения - Женя, Николай -Коля т.б. Бұл - қазақ тіліне де тән құбылыс: Садуақас - Сәкен, Қанапия - Канаш, Жәмила - Жәміш, Қожахмет - Қожаш т.б. Осы тәсіл арқылы кісі аттарының мүлдем өзгеріп, қысқарған аты халық есінде қалғаны да бірсыпыра. Оған мысал баршылық. Мысалы, атақты жазушы Сейфуллиннің халыққа Сәкен атымен белгілі екені -тарихи шындық. Ал ақынның нағыз аты Садуақас екенін көпшілік біле бермейді. Ақынның қысқа аты оның нағыз атына айналған. Сол сияқты қазақтың атақты ғалымы Сәтбаев халыққа Қаныш атымен әйгілі. Ал оның толық аты - Ғабдұл-Ғани көпшілікке таныс емес. Оны қысқартып, туыстары Қаныш деп атаса, ол кейін ғалымның негізгі атына айналған. Халыққа белгілі қоғам қайраткері, ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты көпшілік Димаш Ахметұлы атайтынын да халық ұмыта қойған жоқ. Осы айтылғандар тілдердің көбінде кісі аттарын қысқартып қолдану зандылығы көне замандардан бар құбылыс екенін дәлелдейді. Бірақ кісі атын қысқарту түрлі тілде түрліше қалыптасқан. Қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі бойынша бала, жастар атын қысқартып еркелету мәнін қосумен бірге үлкен адамдар атын қысқартып, оған сый-құрмет мәнін қосу қалыптасқан. Ондай қысқартуға белгілі қосымшалар косылуы да тілдерге жат құбылыс емес. Мысалы қытай тілінде кісі атына -сан морфемасы қосылып, сый-қүрмет мәні қосылатыны белгілі. Олай болса, кісі атын қысқартып атау - жалпы тіл атаулыда бар қүбылыс. Ал оның түрлі тілде өзіндік ерекшелігі бары да заңды. Сондықтан қазақ тілінде кісі атын қысқартьш қолдану - тілдегі қалыптасқан заңдылықтардың бірі. Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің жалпы даму заңдылығына бағынады. Тіл бірден өзгеріп, жаңа сапаға көшетін құбылыс емес, ол үнемі даму үстінде қызмет етеді. Тілдің заңдылыктары екшеліп, нығайып, барған сайын орнығып, даму үстінде қалыптасады. Бұл тілдің сөзжасам жүйесіне де тікелей қатысты. Сондықтан да сөзжасам тәсілдері мен көрсеткіштері көне замандарда-ақ белгілі бір жүйеге түсе бастағаны жазба ескерт-кіштер тілі арқылы белгілі. Бірақ қазіргі тілдің сөзжасам жүйесінің өте, әбден қалыптасқан екені талассыз тәсілі белгілі тілдік нұсқаларға негізделетінін естен шығаруға болмайды. Олай болса, тілдің сөзжасам жүйесіне сөзжасам нұскалары да жата-ды. Тілде сөз жасауға қатысатын нақтылы тілдік нұсқалар бар. Сөз жасау әрекеті тілде бар нұсқалардың негізінде ғана болады. Сөзжасам единицалары деп сөзжасамды жүзеге асыратын тілдік бірліктер аталады. Тілдік нұсқаларға сүйенбей, жоқтан ешбір сөз жасалмайды. Ол жөніндегі ғалымдар пікірі бойынша да және түрлі тілдердің сөз жасау тәжірибесінде де жоқтан сөз жасау кездеспейді. Сол сияқты түркі тілдерінің, қазақ тілінің сөз жасау тарихы жаңа сөз тілде бар тілдік нұсқа-лардың негізінде ғана жасалатынын дәлелдейді. Қазақ тілінде сөз жасауға қатысатын тілдік нұсқаларға түбір және сөзжасамдық жұрнақ жатады. Түбір сөз тілде турлі жағынан қаралып жүргенімен, дәл сөз жасаушы негізгі нұсқалардың бірі ретінде толық зерттелді деуге келмейді. Ал түбірсіз ешбір сөз жасалмайды, сондықтан ол - сөз жасамдағы негізгі тұлға. Түбір сөздің сезжасам жүйесінде өзіндік белгілі қызметі бар. Алдымен түбірлердің сөз жасаушы негізгі нұсқаның бірі ретінде танылуы оның жаңа сөздің мағынасын белгілеуде атқаратын қызметіне байланысты. Сөзжасам ісіндегі түбірдің негізгі нұсқа болып саналатын себебі түбір сездің лексикалық мағынасы жаңа сөздің лексикалық мағынасына арқау болады, негіз болады, өйткені тілде бір лексикалық мағьша екінші лексикалық мағынаның негізінде жасалады. Сөздің лексикалық мағынасының негізінде туынды сөздің жаңа мағынасы жасалады: бала-лы, бала-лық, бала-ң, бала-жан, бала-пан т.б. Келтірілген 5 туынды сөздің бәрінің мағынасында байланыстылық бар, себебі олардың бәрінің мағы-насының жасалуына бала деген бір сөз негіз болып тұр. Міне, ол осы 5 туынды сөздің мағынасына арқау болғандықтан, оларда мағына ұқсастығы, жақындығы бар, олардың мағыналық байланысы көрініп тұр. Сөйтіп, түбір сөздің мағынасы мен ол арқылы жасалған туынды сөздің мағынасы өте тығыз байланысты және ол кездейсоқ құбылыс емес, сөз жасауда үнемі сақталатын заңдылық. Оның сөзжасамда атқаратын қызметі өте күшті. Сөзжасамға түбір сөз ретінде қатысатын сөздердің бәрі лексикалық мағыналы сөздер болғандықтан, оларға тілде дербес сөз түрінде қодданылып жүрген сөздер жатады. Бұл сөзжасамдағы негізгі заңдылыққа жатады. Өте сирек жағдайда қазіргі тілдің даму сатысының дәрежесінде кейбір туынды түбірлер тілде толық мағынасы жоқ сөздерден жасалғандай болып көрінеді. Өйткені олардын құрамындағы негіз сөздер тілде казір дербес қодданылмайды. Мүндайда негіз сөздің лексикалық мағынасы байқалмайды. Бірақ бұл тілдің қазіргі кезеңіне, дәуіріне, сатысына байланысты:ұял, үұят, оян, оят, жұбан, жұбат, шалқала, шалқасынан, шалқалай, момын, момақан сияқты туынды түбірлерге негіз болып тұрған ұя, оя,шалқ, жұба, мом түбірлерінің қазір лексикалық мағынасы анық көрінбейді. Олар қазір тілде жеке лексикалық сөз ретінде қолданылмайды, сөздік қорда ол сөздер сақталмай, қолданудан шығып қалған. Сондықтан олардың лексикалық мағынасы анық көрінбейді, танылмайды, бірақ осы туынды түбірлер жасалған кезде ол негіз сөздердің лексикалық мағынасы болған. Лексикалық мағынасы болмаса, одан туыңцы түбір жасалмас еді. Жаңа сөз жасауға тілдегі түбірлердің барлық түрі қатыса алады. Оларды атағанда, мынадай: негізгі түбір, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Сөзжасамға негіз сөз қызметіне қатысатын бұл түбірлердің көбі (негізгі түбірден басқасы) – сөзжасам әрекетінің нәтижесінде ту-ған туыңды сөздер. Сондықтан туынды сөздер де лексикалық мағыналы сөздер ретінде сөзжасамда жаңа сөз жасауға қатыса береді. Туынды сөздер арнайы тоқталуды қажет етеді. Бұл арада туынды сөз жасауға осы түбірлердің негіз сез қызметінде қодданылуы сөз болып отыр. Алайда аталған түбірлердің сөз жасауға қатысы бірдей дәрежеде емес. Соңдықтан тіддің сөзжасам жүйесіңдегі түбір сөздердің атқаратын қызметінде де ерекшелік бар. Мәселен, негізгі түбірлер сөзжасам ісіне ең белсенді қатысатын түбірлер: бас-тық, кез-де, ақ-та, жи-ын, біл-ім, тау-лы, өнім т.б. Туынды түбірлер де сөзжасамға қатысады, бірақ олар негізгі түбірлерден өнімсіз. Ал біріккен сөз, қос сөздер мен қысқарған сөздер жаңа сөз жасауға сирек қатысады, олардың сөзжасамдық қабілеті нашар: бүгін-гі, биыл-ғы, колхоз-шы, совхоз-шы, бес-алты-сыз, алпыс-жетпіссіз, Екібастұз-дық, белбеу-лет.б. Сөз жасау ісіне тілдің сөздік құрамындағы сөз атаулының қатысы да бірдей дәрежеде емес. Тілімізде байырғы сөздермен қатар басқа тідден енген сөздер де өте көп. Осы екі топтағы сөздердің сөзжасамға қатысын салыстырғанда, оларда айырма бар. Байырғы сөздердің сөзжасам әрекетіне қатысы белсенді түрде болса, басқа тідцен енген сөздер сөзжасамға одан әлдеқайда бәсең түрде қатысады. Тілдегі әр негізгі түбір талай туынды сөздің жасалуына негіз болған. Мысалы, жел деген негізгі түбір сөзден 110 туынды түбір жасалған. Олардың бәрі бір түбірден тараған бір сөзжасамдық ұяға жатады. Мұндай сөзжасамдық ұялар тідде жиі кездеседі және олардың құрамы өте күрделі. Қазіргі тілде бір сөзжасамдық ұяның құрамындағы туынды сөздердің саны жүзден артуы жиі кездесетін құбылыс болса, көне жазба ескерткіштер тілінде ондай жағдай мүлдем кездеспейді. Осының өзі-ақ сөзжасам көрсеткіштерінің өнімділігі күшейгенін, қызметі артқанын анық көрсете алады. Бұл сөзжасамдық жүйенің дамуының нәтижесі. Сонымен бірге қазіргі тілде қызмет етіп жүрген сөзжасамдық көрсеткіштердің негізі көне жазба ескерткіштер тілінде болғанымен, сөзжасамдық көрсеткіштердің ол кезде атқарған қызметі мен қазіргі атқарып отырған қызметінің арасында үлкен айырмашылық бар. Оны сол кездегі туынды сөздер мен қазіргі туынды сөздерді сан жағынан салыстыру арқылы көреміз. Өйткені туынды сөздер - сөзжасамдық тәсілдердің тілде атқарған қызметінің нәтижесі. Бұл сөзжасамдық тәсілдердің тілде атқаратын қызметі бар-ған сайын дамып, орнығып отырғанын, ол тәсілдердің тідде қалыптасып заңдылыққа айналып, үнемі сөзжасамдық қызметі күрделеніп отырғанын дәлелдейді. Жоғарыда айтылғандардан сөзжасам жүйесін сипаттайтын ірі құбылыстарға сөзжасам тәсілдері жататыны анықталды. Бірақ сөзжасамның әр жасалуы - өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сез табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдін іштей айырмасы бар:

1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі;

2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей өз сөз табының құрамында қалуы.

Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сез дыбыстық құрамын сақтай отырып, сөз мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде басқа мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар:1) қорған, айтыс, жарыс - етістік, қимыл, бірге, біреу - сан есім, сандық ұғым, басқа - сын есім, өзге - есімдік. Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу -есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, басқа, өзге -сын есімге көшкен мағынасы келтірілді. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация) тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану -көбіне ықшамдау заңдылығына байланысты бо-латын құбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жетідеген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш "жеті күн" мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған. Үші, жетісі,қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Соққан, туысқан, суыртпақ, қашаған, туған сияқты зат атаулары да жоғарыдағы сияқты сөздермен бір жол, тәсіл арқылы заттанған. Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге кешуі, бірден, етпетінен, басқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артқа, әзірге, қазірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б.осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асқан. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына қарай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет атқарған. Келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамын байытуда лексика-семантикалық тәсілдің өзіндік орны барын білдіреді. Сөзжасамдык тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі сөзжасам процесінің нәтижесіне жатады. Сондықтан туынды сөздер сөзжасам ілімінің зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам жүйесінде негізгі орын алады.

 

Терминжасам тәсілдері сөзжасам тәсілдеріне негізделеді. Сонымен бірге, терминжасам тәсілдерінің өз ерекшеліктері де бар. Сөзжасам тәсілдері терминжасам тәсілдерінің негізін құрайды.
Сөзжасамдық тәсілдер туралы сөз болғанда, оның бірте-бірте қалыптасқанын есте ұстау керек. Өйткені терминжасам тәсілдері де бірте-бірте қалыптасады.Сөзжасам тәсілдері, олардың түрлері туралы теория А.Байтұрсынұлының «Тіл-құралы» кезінде қалыптаспаған еді. Сондықтан А.Байтұрсынұлы «Тіл-құралында» сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсілдері терминдерін қолданған жоқ. Бірақ сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалатын туынды сөз мәселелерін ол жазды. Мәселен, жұрнақ, туынды сөз, қос сөз (жалпылағыш қос сөз, жалқылағыш қос сөз), зат есімнен туған сөздер, оны есімнен туған сөздер, етістіктен туған сөздер, туынды етістіктердегі жұрнақтар, етістіктен туатын басқа сөздердегі жұрнақтар түрінде сөзжасамның негізгі мәселелерінен «Тіл-құралда» мәлімет берілген.
А.Байтұрсынұлының бұл пікірлері кейін жұрнақ теориясының дамуына, туынды сөздер, зат есімнің синтетикалық сөзжасам теориясына, сын есім, етістік сөзжасам теориясына негіз болды. Рас, А.Байтұрсынұлы үлгісі ұзақ сақталды.
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің, қазақ әдебиетінің терминін жасағанда, тек қазақтың байырғы сөздеріне сүйенді және қазақтың байырғы сөздерінен ғылыми термин жасауға болатынына сенді, оны уағыздады, оны іс жүзінде дәлелдеді.
Н.Сауранбаев 1953 жылғы «Қазақ тілі» деген атпен шыққан педучилищелерге арналған оқулығында «Зат есімнің жасалуы», «Сын есімдердің жасалуы», «Етістіктің жасалуы» терминдерін қолданып, сөз таптарының сөзжасамы мәселесін көтерді. Бұдан қазақ тілінде сөзжасам мәселесі жұрнақ арқылы туынды сөздің жасалуынан басталғаны байқалады.
1960 жылы шыққан Ғ.Әбухановтың «Қазақ тілі» оқулығында «Зат есім сөздерін тудыру тәсілдері» деген тақырып берілген. Бірақ оқулықта сөзжасамдық тәсілдер аталмаған. Тек 1964 жылғы А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» жоғары оқу орнына арналған оқу құралында морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық) тәсілдер көрсетіліп, оларға бірінші рет мынадай анықтамалар берілген: «Морфологиялық тәсіл деп түбір сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін айтамыз да, синтаксистік тәсіл деп түбір (я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы сөз тудыру тәсілін айтамыз».
1967 жылғы «Қазақ тілінің грамматикасы» кітабында сөзжасамдық тәсілдер дәл жоғарыдағы пікірді қайталаған.
Ал 1974 жылғы А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» атты жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқулықта сөзжасамның мына үш түрі берілген: «Сөйтіп, грамматикалық жолмен сөз тудырудың үш түрлі тәсілі бар, оның біріншісі – морфологиялық тәсіл, екіншісі – синтаксистік тәсіл, үшіншісі –морфологиялық-синтаксистік (я синтаксистік-морфологиялық) тәсіл».
Қазақ тілінің сөзжасамында тәсілдерді бұлай топтастыру да толық қалыптаспады, әсіресе тәсілдің үшінші түрі танылмады.
1989 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда ғана қазіргі қолданыстағы сөзжасамдық тәсілдердің үш түрі алғаш рет беріліп, ол ғылымда қалыптасып, орнықты. Монографияда: 1) синтетикалық (морфологиялық), 2) аналитикалық (синтаксистік), 3) лексика-семантикалық тәсілдер берілген.
Сонымен бірге, монографияда әр сөзжасамдық тәсіл алғаш рет ғылыми негізде толық сипатталған. Бұл сөзжасамдық тәсілдерге алғаш рет берілген толық ғылыми сипаттама болды.
Монографияда синтетикалық тәсіл термині түрліше аталып жүргенін ескерту арқылы синтетикалық тәсіл терминінің қалыптасып үлгермегенін аңғартқан. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауға түбір сөз бен жұрнақ қатысатынын, олардың атқаратын қызметін анықтап, синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын модельдер (үлгілер) мен типтерге, олардың түрлеріне, түбір морфемаға мағынасы мен құрылымына, жұрнақтарға жан-жақты сипаттама берген.
Бұл сөзжасам тәсілдеріне қазақ тіл білімінде толық берілген алғашқы сипаттама.
Монографияда сөзжасамның аналитикалық тәсілі де кең талданған. Аналитикалық тәсіл өте көне тәсіл деп саналып, оның дүние жүзі тілдерінен алатын орны жан-жақты сипатталған. Сонымен бірге түркі тілдері сөзжасамында белсенді қызмет атқаратыны дәлелденген. Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің іштей 4 түрге бөлінетінін төмендегіше көрсеткен: «Тілімізде аналитикалық тәсілдің мынадай ішкі түрлері бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту.
Монографияда бұл тәсілдердің бәрі өте толық дәлелденген.
Осы мәселеде тірек сыңар, ауыспалы сыңар, туынды мағына мәселелері мұқият талданған. Сол арқылы аналитикалық тәсілде сөзжасамға қатысатын тілдік бірліктер де талданған.
Лексика-семантикалық тәсіл сөзжасамдық тәсілдер қатарына алғаш рет осы монографияда қосылып, ғылыми сипаттама алған. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөз жаңа мағынаға ие болып, омоним сөздер қатарын толықтырып, сөз басқа сөз табына да өтеді деп сипатталған.
Осы монографиядан кейін лексика-семантикалық тәсіл қазақ тіл білімінде танылып, барлық еңбектерде көрсетілетін болды. Сонымен бірге, сөзжасамдық тәсілдер мәселесі барған сайын толықтырылып, нақтыланып анықталды. Мәселен, 2002 жылғы «Қазақ грамматикасында» негіз сөз бен туынды сөздің мағыналық байланысы, сөзжасамдық жұрнақтың екі түрі – лексикалық мағына жасайтын, лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар туралы мәлімет берілген және сөзжасамдық жұрнақтардың сөз таптарына қатысы дәлелдену арқылы синтетикалық тәсіл толықтырылған.
«Қазақ грамматикасында» аналитикалық тәсіл сөзқосым, қосарлану, қысқарту тәсілдерінің мәнін, түрлерін, дамуын дәлелдеу арқылы толықтырылған.
«Грамматикада» лексика-семантикалық тәсіл мәселесі де нақтыланып, толықтырылған. Мәселен, лексика-семантикалық тәсілде сөздің дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып жаңа мағынаға ие болуына байланысты оның лексика-семантикалық тәсілге жататыны әр сөз табы арқылы анықталған. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздін сөз табын сақтауы да, сөз табын ауыстыруы да мүмкін екені дәлелденген. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған сөздердің басқа сөз табына көшудің ішкі заңдылықтары ашылған.
1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» монографиясынан бастап-ақ ғалымдар сөзжасамның 3 тәсілін қабылдап, өз еңбектерінде қолдана бастады, оған терминология ғалымдары да жатады.
Сөзжасамдық тәсілдің осы 3 түрі «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында беріліп, ол ғылымда орныққан заңдылық ретінде танылған.
Сөзжасам мәселесінде сөзжасамдық тәсілдер мәселесі негізгі орын алатыны белгілі. Бұл мәселе терминжасам мәселесіне байланысты елеусіз қалды деп айта алмаймыз. Терминолог ғалымдар еңбектерінде қажетіне қарай оған көңіл бөліп отырған. Мәселен, терминология саласының ірі маманы академик Ө.Айтбаев ғылымда аталып жүрген мына тәсілдерді атап, оларға талдау жасаған: «1) семантикалық тәсіл, 2) морфологиялық тәсіл, 3) синтаксистік тәсіл, 4) калькалау тәсіл, 5) сөз қысқарту (аббревиациялау) тәсілі».
Ғалым терминжасамның семантикалық тәсілін талдай келе, ол пікірлерін төмендегіше қорытады: «Сонымен, семантикалық тәсіл терминжасамның негізгі тәсілдерінің бірі ретінде терминологиялық лексика қабатының толыға, байи түсуіне үлкен септік жасайтын негізгі амалдың бірі болып табылады. Мұның тағы бір атап айтылуға тиісті ерекшелігі сол арқылы жасалған терминдер терминжасамның өзге амалдарына қарағанда, әрі қысқа, әрі нұсқа болып шығатыны. Сондықтан да терминжасам процесінде бұл тәсілді сарқа пайдаланып отыру қажет».
Ғалым еңбегінде калькалау тәсілі туралы жай аудармадан калькалаудың айырмасы мәселесіне жақсы түсінік берген. Сондай-ақ, ғалым калькалану арқылы жасалған сөздерді зат есім сөздер тобына жатады деп танып, калька-терминдердің екі түрін, яғни мағыналық және мағыналық-құрылым тұрғысындағы түрін атаған. Оны ғалымның өз сөзімен келтірген дұрыс. Ол төмендегідей: «Калькалану тәсілі арқылы жасалып, тілімізге енген терминдерді екі ыңғайда қарастырып, танып білу керек сияқты. Бірі – мағыналық калька, яғни сөзбе-сөз аударма емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі – мағыналық құрылымын (структурно-смысловые слова) беру. Бұл тәсіл бойынша термин сөзбе-сөз аударылады. Онда сөздің негізгі мағынасын берумен қатар, оның бөлінбес бөлшектері мен синтаксистік құрылымын да сақтау көзделеді».
Терминжасамда өзіндік орны бар бір топ терминдер бар, олар химия, физика, математика, техникаға қатысты терминдер. Олар осы салаларда үлкен қызмет атқарады. Мысалы, көпшілікке мәлім математикадағы мына таңбаларды алайық: =, ≠, >, <, \\. Бұл таңбалардың әрқайсысы белгілі ұғымды білдіреді. Мәселен, = тең, ≠ тең емес, > көп, < аз т.б.
Математика, химияда латын әріптері белгілі мәнде қолданылатыны белгілі. ά, β, γ, А, В, С т.б. Таңбалардың бір тобы жол бойында көп қолданылатыны белгілі. Әсіресе, ғылымның түрлі саласында қолданылатын таңбалар, символдардың прагматикалық мәні оларды терминология саласында қарауды нұсқайды.
Бұл мәселелер туралы зерттеулер қазақ тіл білімінде кездеспеді. Мамандар арасында, оқыту ісінде ондай таңбалар жиі қолданылатыны белгілі. Демек, олардың да зерттелуі қажет.
Терминдердің сөзжасам жүйесі бар. Бірақ терминдердің сөзжасам жүйесі арнайы зерттелмеген. Оның әр мәселесі жөнінде түрлі пікірлер, белгісіз, анықталмаған ғылыми ұғымдар өте көп.
Терминжасам – жүйелі құбылыс, оның яғни жүйенің бір мүшесіне терминжасамдық тәсілдер жатады. Терминжасам тілдің сөзжасам жүйесінің бір мүшесі, бір тармағы болғандықтан, ол сөзжасамның жалпы заңдылықтарын сақтайды, оған бағынады, ол терминжасамда қолданылады. Олай болса, терминжасамда сөзжасамның тәсілдері түгел қолданылады. Сонымен бірге, терминжасамның өз ерекшелігіне байланысты тәсілдер де терминжасам тәсілдерінен орын алады.
Терминжасам мәселесіне арнайы назар аударған ғалым- Ш.Құрманбайұлы. Ғалым монорафиясында терминжасам тәсілдерінің мына түрлерін көрсеткен: 1) синтетикалық (морфологиялық) тәсіл, 2) аналитикалық (синтаксистік) тәсіл, 3) терминдену (лексика-семантикалық) тәсілі, 4) калькалау тәсілі.
Термин сөздердің тіліміздегі аумағы өте үлкен. Оған 30 томдық терминологиялық сөздік толық дәлел болады. Бұл сөздік қорымыздағы үлкен байлық. Тіліміздегі осы үлкен байлық жан-жақты толық зерттелген деп айтуға әлі ерте демекпіз.
Термин мәселелерін зерттеген ірі ғалымдарымыз барын білеміз. Академиктер Ә.Қайдар, Ө.Айтбаев, профессор Ш.Құрманбайұлы сияқты ғалымдарымыз – қазақ терминология ілімін зерттеушілер. Қазір заман өзгерді, талап та өзгерді. Кеңес заманы кезінде орыс тілінен терминдер біріздендіру саясаты бойынша дайын қалпында қабылданды. Осы саясаттың нәтижесі туралы Ш.Құрманбайұлы сөзін келтірелік: «Оған 70-80 пайызын орыс терминологиясымен ортақ терминдер құрайтын біздің терминологиялық лексикамыз бен біз тәрізді одақ құрамында болған көптеген халықтардың терминологиялық қоры құрамына қарап-ақ көз жеткізуге болады».
Әрине, кеңес заманында жат тілдегі дайын терминді қабылдау саясаты кезінде терминжасам теориясын зерттеу мәселесі қойылған емес. Бұл жағдай ұзаққа созылды.
Қазір терминологиядағы кемшіліктерді жою мәселесі көтерілуімен байланысты ғана терминжасам мәселесін зерттеудің теориялық, практикалық жағынан маңызы артып отыр.
Терминологияның келесі маманы Ш.Біләлов терминжасам тәсілдерін өзінше түсіндірген: «Сонымен, 1-ереже бойынша баламалық жаңа сөз қалай жасалады? Біріншіден, сөзге қосымша, жалғаулықтар жалғану арқылы жасалады. Мысалы, көрме (хорда), жарма (биссектриса), кейіптеме (формула), түзгі (элемент), қосым (интеграл), ажырам (дифференциал), үстеме (мантисса), бүйірлік (абсцисса), беттік (ордината), төбелік (апликата), қиынды (сектор), тікше (прямоугольник)…
Екіншіден, жаңа сөз сөздердің бірігуі арқылы жасалады: теңқиық (ромб), ішжиын (подмножество), қиықша (параллелограмм), қиықжақ (параллелепипед), костабан (трапеция), кілшоқы (пирамида), екімүше (бином), баскерме (диаметр)…
Үшіншіден, сөз тіркестері арқылы жасалады: алғашқы берне (первообразная)…».
Алайда, тіл білімінде терминжасам тәсілдері туралы пікір тұрақталған деп айтуға болмайды, бұл мәселеде пікір алалығы күшті. Кейбір ғалымдар терминжасамда сөзжасамдық тәсілдердің түрлерінің атауы, яғни терминдерін өзгертуді де ұсынады. Ол туралы С.В.Гриневтің пікірін келтіруге болады. С.В.Гринев терминжасам тәсілдерін былай атауды ұсынады: семантикалық терминжасам, морфологиялық терминжасам, синтаксистік терминжасам, морфолого-синтаксистік терминжасам, терминологиялық алмасым.
Ал О.П.Фролова терминдену, күрделі терминдер жасау, алмасу тәсілдерін атаған. Көпшілік ғалымдар синтетикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл, лексика-семантикалық тәсіл терминдерін қолданып жүр.
Қосымшалы терминжасам (суффиксальные терминообразования), транспозиция, словосложение, лексикализация терминдерін қолданушы ғалымдар да бар. Бұдан терминжасам тәсілдері мәселесінің әлі толық шешілмегенін аңғаруға болады.
Тілдің сөзжасам тәсілдерінің бәрі терминжасамда қолданылады. Терминжасамның өзіндік ерекшелігі де бар.
Терминжасамда тілдің сөзжасамдық тәсілдері қолданылатын болғандықтан, терминжасам тілдің сөзжасам заңдылықтарына бағынады. Сондықтан терминжасамның синтетикалық тәсілі де сөзжасамның синтетикалық тәсілінің заңдылықтары бойынша қызмет етеді.
«Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында синтетикалық тәсіл туралы мынадай мәлімет берілген: «Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ».
Бірақ терминжасамның өз жұрнағы жоқ. Сондықтан терминжасамда тілдің сөзжасам жүйесінің жұрнақтары қызмет етеді, онда сөзжасам заңдылықтары толық сақталады.
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі де терминжасамда белсенді қолданылады. Тек, терминжасамда оған қатысатын лексикалық бірліктер терминнің дефинициясына сай таңдалады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 1292 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Представлення отриманих результатів| Тема: Введение.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)