Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Отбасы ,тұрмыс ғұрыптары

Барымта. «Барымта-ел шулатып, жылқы қуған» (І. Жансүгіров). Ертеде дау-жанжалда есесі кеткен ел өз қарсыластарының малын (жылқысын) күш, қару жұмсап айдап, қуып әкететін болған. Мұны «барымта» -дейді. Кейде мынадай да болады. Егер қарсы жақ құнға немесе айыпқа мал төлейтін болып оны мерзімінде төлемейтін болса, онда даугерлер ол елдің малын барымталап алады. Барымта кейде кек қайтару, ө шалу мақсатымен де жасалады.Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопиясында Базаралының Тәкежан жылқысын барымталап алуы кең суреттелген. Бұл жағдай өткен ғасырларда қазақ даласында жиі кездесіп тұрған.

Бұйымтай. Көңілде бұйымтайым ең қымбатты,

Отырмын енді соны сұрайын деп.

(«Бақтияр»хиссасынан)

Сыйлас, бастас кісілер әдейі келіп, сәлемдесіп екі-үш күн болғаннан кейін аттануға рұқсат сұрайды. Бұдан кейін үй иесі «бұйымтайыңызды» айтыңыз деп сұрайды. Бұл қонақтың қалағаны немесе нендей шаруасы бар екенін білу деген сөзін, өтінішін орындау қазақ үшін бұлжымас заң. Оны қолынан келген әр адам өзіне міндет санайды. Әдеп бойынша үйіне келген кісіден үй иесі дастархан жайып, шаруасын сұрап білуі парыз және оның көңілін қалдырмағаны жөн. «Бұйымтай» дегеніміз осы.

Уәде. « Уәде-құдай аты»(мәтел).Қазақ жақсы азаматты мақтағанда «бір сөзді», «уәдеде тұратын» деп баға берген. Осыған орай халық сөзіне берік, уәдесіне тұратын адамды ерекше құрметтеген. Адамгершіліктің алтын тұғырынан таймай, берген уәдесін орындау әр азаматтың борышы әрі міндеті. Ал, сөзінде тұрмайтын адамдардан ел бойын аулақ ұстап, оның сөзіне де, ісіне де сенімсіздікпен қараған. Демек,уәде беру, оны бұлжытпай орындау ұлттық намыспен қасиетті үлгі-өнегемен тікелей байланысты.

Пітір. Жыл сайын ораза, айт кезінде мешітке арнайы апарып,әр адам ата-бабаларына т. б. аруақтарға бағыштап құран оқытып берілетін садақасының бір түрі. Пітір беру тек діншілдік емес, ол тірілердің аруақтарға деген құрметі.

Табыну. Адам баласында Алла тағалаға, әулие-әнбиге, тағы басқа киелі тылсым күшке сыйыну мен сенудің және оған берілудің бірнеше жолдары бар. Солардың бірі-табыну. Адамдар осы табыну арқылы діни ұғымның таным-түсінігін, оның құдіретті күшін дәріптейді. Оған өзі де, өзгені де сендіреді, тоқтатады. Қазақтар көбінесе Жаратушы құдіреттен басқа аруаққа табынады. Олардан көмек күтеді, бала тілейді, ауру-сырқауына шипа іздейді. Табынудың ақсарбас айту, тасаттық беру, әулие басына түнеу, мойнына бұршақ салу, құрбандық шалу, қайыр садақа беру тағы басқа жөн-жосықтары мен ырым-тыйымдары, өзгеше көріністері де бар. Бұл дәстүрді ел ішінен әлі де жиі кездестіруге болады.

Қорытынды
Жүргізілген зерттеу тұжырымдарына сүйене отырып, мынандай қорытындылар жасалды:
1.Бүгінгі таңдағы халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу, соның ішінде қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт-дәстүрді тәрбие құралы ретінде пайдалану жаңа қоғамның сұранысынан, үкіметтің талабынан туындап отыр.
3. Қазақ халқының салт- дәстүрлерінің бүгінгі қоғамдағы оқушыларды тәрбиелеудегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді. Өйткені бастауыш саты оқушыларын қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт-дәстүрі арқылы тәрбиелеу шәкірттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда тиімді нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
4. Қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отырғандығын көрсетеді. Соған орай, бұл проблеманы шешудің тиімді жолдары көрсетілді.
5. Қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт- дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың тиімділігін арттыру мынадай педагогикалық шарттарды ұсынуға байланысты:мотивациялық-мақсаттылық; интеллектуалды-эмоциялық; тұлғалық; әлеуметтік..
6. Зерттеуде ұсынылып отырған қазақ халқының жеті ата шежіресі мен салт-дәстүрлерінің тәрбие формалары мен әдістерін оңтайлы пайдалану рухани адамгершілік қасиеттерін, ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, құрметтей білу іс-әрекеттерін жетілдіреді.
Қорыта келгенде, жүргізілген зерттеу жұмысымысымның барысында ұлттық құндылықтарымызға, мұраларымызға, салт-дәстүрлерімізге халықтың құрметі жоғары екендігіне, ең бастысы, осы сезімді жоғалтып алмасақ, ең үлкен жеңісіміз сол болатындығына көз жеткіздім.

Пікір

Қазақтың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын сақтайтын,болашақ ұрпақ тәрбиелеудеміз.Осы тұрғыда Маулен Фаризаның алып отырған ауқымды тақырыбы-зерттеу барысында жасалған тұжырымды ойлары,нақты дәлердермен көрсетілген.Ата-бабамыздан қалған асыл мұрамызды көздің қарашығындай сақтап,болашақ ұрпақтың мәңгілік мұрасы болары анық.Зерттеу жұмысында салт пен дәстүрді, әдет пен ғұрыптың ерекшелігіне аса мән беріп,тоқталып кеткен.Олардың өзіндік ерекшелігіне назар аударған.Сан түрлі тарауларға, тақырыптарға бөлген.Салт-дәстүрдің,әдет-ғұрыптың ерекшелігін зерделеп зерттеген.

 

Пікір жазушы: Сарсенбаева Ж.Д

Ы.Алтынсарин атындағы

№27 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Кенжеахметұлы “Қазақ халқының салт-дәстүрлері”-Алматы:”Алматыкітап” 2005

2.Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті 2006

3.Қазақ әдебиеті энциклопедиясы 1999

4. Әжіғали С.Е. «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» Алматы- 2005ж 4

5. Кенжеахмет С.Қазақтың салт-дәстүрлері.Алматы,1994 ж
6. Сайдахметов Б.С. Дәстүр – ұлттық тәрбиенің өзегі

7. Сайдахметов Б.С. Ата дәстүрің – асыл қазынаң. Алматы,2007. -№12.
8. Сайдахметов Б.С. Халық дәстүрлері – тәрбие негізі // Қазақстан кәсіпкері. Алматы, 2008.-№1 (56).
9. Сайдахметов Б.С.Жеті ата шежіресі – ұлттық тәрбиенің құралы // Білім.. Алматы,2008. -№1
10. Сейіт Кенжеахметов.Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1994ж

 


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 196 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Отау көтеру салты | Еңбек салты | Тұрмыс дәстүрі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Еңбек дәстүрі| С о д е р ж а н и е

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)