Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбек дәстүрі

Читайте также:
  1. B) негізгі құралдарды жою кезінде еңбекақы есептелінді
  2. Еңбек салты
  3. Тұрмыс дәстүрі
  4. Ылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу

 

Жылқы күзеу. «Сондықтан жылқы күзеу дәстүрге айналған» (Шаңырақ). Қазақ халқы жылқы малын ерекше бағалап, оны өсіруді мұрат,күтіп баптауды өнер, оның қызығын көруді дәстүр санаған. Сондықтан оған айрықша мән беріп, жылқыға қатысты салт-дәстүрлер қалдырған. Соның бірі- жылқы күзеу. Жылқы еүзеу-қазақ үшін үлкен еңбек мерекесі. Көктем туып, шуақты күндер басталғанда ауыл жылқыларын күзеу басталады. Дәстүр бойынша үлкен мал күзелмейді. Күзелгендер-тай, құнан, байтал. Байталдың жалын қырқа күзеледі. Құйрығы ұшынан «шыбын қағар» қалдырады. Құнанның жалы күзеледі де құйрығы күзелмейді. Кей жерлерде қысыр қалған биелерді де күзейді. Ол «бой түзеу» күзеу деп аталады. Тайдың еркек - ұрғашысының жал-құйрығы тегіс күзеледі. Ең ұшына «шыбын қағар» қалдырады.

Ислам тағылымы

Ақсарбас. « Әруақтарым, қолдай гөр! Ақсарбас!-деп баланы шақырып, айғайлай бастайды» (М.Әуезов).Адамның қауіп-қатерге ұшырағанда, ауырғанда, жаны қысылғанда Алла атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайға ұшыраған адам «Ақсарбас» деп үш рет айтуы керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел-жұртты шақырып, «құдайы» береді. «Ақсарбастың» үш түрі бар. Олар бозқасқа, көкқасқа және қызылқасқа. «Бозқазқа»десе-қой, «көкқасқа» десе-жылқы,«қызылқасқа» десе - сиыр сойылып, құдайы беріліп, көпшіліктің батасын алады. Бұл ырым осы күндерде де қолданылады.

 

Дет

Әдет — адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. “Ауру қалса да әдет қалмайды” деу, әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Жақсы әдет адамның күш-жігерін пайдалы істерге арнауына, уақытын үнемдеп, негізгі ісін тындыруына көмектеседі. Жаман әдетті адам қауымның (отбасының, еңбек ұжымының т.б.) берекесін алып, оғаш қылығымен өзінің де ортадағы қадір-қасиетін төмендетеді. Әдеттің негізгі қалыптасатын кезеңі — балалық шақ. Осы кезеңдегі кез келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиет кейде ұнамсыз әдетердің қалыптасуына себепші болады. Ислам дінін ұстанатын халықтардың әдет-ғұрпы, жазылмаған заңы; әдет шариғатқа ретінде қарастырылады.

Әдет - белгілі бір жағдайда адамның қажеттілікке айналып кеткен мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы. Әдет стихиялық түрде, сонымен қатар бағытталған тәрбие арқылы пайда болып, мінезінің тұрақты қырына айналуы мүмкін. Тәрбиелі деп сырттан бақылау болмағанның өзін-өзі қалай ұстау керектігін білетін және өзінің әдеттеріне сай басқаша шешім қабылдай алмайтын адамды айтады.

Рып

Ғұрып - ежелден орныққан әдеттік ұстанымдар мен нормалардың, ырымдар мен тыйымдардың социумдық қажеттілікке байланысты дағдылы қалыппен және ретпен атқарылатын ұжымдык іс-әрекет арқылы көрініс беруі. Әдеттік ұстанымдар мен нормаларды өз кезегінде дәстүрлі дүниетанымның ілкімді принциптері мен тәсілдерінің, әсіресе, наным-сенімнің категориялары мен ұғымдарының «қолданбалы» (іс-әрекеттік) модельдері деуге болады. Яғни іс жүзінде әлеуметтік мәнді мәселелерге байланысты ру-қауым мүшелерінің іс- әрекеті мен мінез-құлкының ұстанымдары, принциптері мен нормалары болып табылады. Ғұрыптың социумның барлық салаларына қатысы бар. Оның құрылымдық және функционалдық жағынан алуан түрлі болып келетіндігі сондықтан. Осыған орай мал шаруашылығына қатысты ғұрыптарды, кәсіпшіліктің ұсталық, зергерлік, ершілік, емшілік және т.б. сияқты салаларына байланысты ғұрыптарды, сондай-ақ дәстүрлі календарлық және метеорологиялық ғұрыптарды айтуға болады.

Отау көтеру

Неке қияр. «Ауылнаймын, немесе қағазсыз неке қимаймын, жаназа оқытпаймын,- деп Көдебай бір дікілдейді»(Б.Майлин). Неке –қасиетті ұғым, беріктік шарты. Қазақ халқы мұны «ақ неке» деп ардақтайды.«Ақ некелі жарым» деп мақтанады. Бас қосқан ер мен әйелдің міндетті түрде некесі қиылады. Бұл әнмен айтылмайды. Бірақ өлеңше ұйқасқан, дәйім бір қалыпты айтылады. Мысалы:

Куә, куә,куәдірміз

Куәлікке жүрәдірміз.

Мұнда халық қасында,

Таңда хақ қасында

Екі кісі хақ куәлік бередүрміз.

Неке туралы ислам дінінің өз заңы бар. Кейде өзбек, қырғыз, татар,башқұрт сияқты түркі халықтары қыз алысып, қыз берісіп жатады.Бәрі де ислам қауымынан болғандықтан мұндай некеге рұқсат етілген. Егер қазақ жігіт орыс қызын алатын болса, ол әйел мұсылман дініне кіріп, тілін, салт-дәстүрін толық мойындайтындығы туралы уәде беріп, оны орындауы керек. Некеге сонда ғана рұқсат берілген.

Жар-жар. Ұзатылған қыз тойында қыз-жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, баратын жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен айтылатындықтан «Жар-жар» қызықты болып естіледі. Мысалы: «Жар-жарды» жігіт былай бастайды:

Алып келген базардан,

Қара насыр, жар-жар-ау.

Қара мақпал сәукеле,

Шашың басар, жар-жар-ау!

Қыз былай деп жауап қайтарады:

-Есік алды қара су,

Майдан болсын, жар-жар-ау.


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 342 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тұрмыс дәстүрі| Отбасы ,тұрмыс ғұрыптары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)