Читайте также: |
|
Салбурын. Мұндай аң аулағанды қазақтар «салбурын» деп атайды. Бұл-аңшылық сауық. Аңшы, саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығуын «салбурын» деп айтады. Мұны аңшылыө мерекесі десе де болады. Мұнда алған аң бәріне бірдей бөлінеді. Ауылдағы ақсақалдардың жолы бқлек есептеледі. Салбурын аңшылардың қыстың күні күтетін сәті-сонар.Сонар «ұзақ сонар», «келте сонар»және «қан сонар»деп үшке бөлінеді мұның ең қызығы соңғысы.«Қан сонарда бүркітші шығады аңға»(Абай).
Тағы бір қызығы қасқыр, түлкі сияқы аңдар сонардың өзіне қауіпті екенін сезеді. Ондай сәттерді олар апанынан, інінен немесе жатқан жерінен қозғалмайды,із салмайды. Мұны кәнігі аңшылар жақсы біледі. Сонарда аңшылар аңды дабыл қағып, айғайлап ит қосып үркітіп шығарады.
Саятшылық. Қар аппақ,бүркіт-қара,түлкі –қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
(Абай)
Саятшылық яғни құс салып аң аулау өнері де қазақ өміріндегі сирек кездесетін қызыұты салт.Мұндай адамды (құс бегі)деп атайды.Құстың «тілін» білетін жіне оның мінез-құлқын,жан-дүниесін,қасиетімен табиғатын. Білетін адамдар бұрын көп болған.Олар қазірде бар, бірақ сирек кездеседі.Құс бегілер көбінесе бүркіт, лашын,сұңқар, қырғи,тұйғын, ителгі сияқты жыртқыш құстарды ұстап аңға салып баулыиды.Мұның бірнеше қыры-сыры құпия қызығы да өте көп. Жаз қаз, үйрек,қырғауыл, шіл,кекілік сияқты құстарды да алды.
Ислам тағылымдары
Айт. «Айт құтты болсын!»- Айтсын, жақсылығы бірге болсын (Б.Майлин). Айт- исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Ол «ораза айты», «құрбан айты» деп аталады. Айт Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айты отыз күн ораза біткеннен кейін болады. Ораза айтын «рамазан айы» деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Мұхаммед Пайғамбар Алла тағаланың сөзін ораза айында естіген.
Құрбан айтты да мұсылмандардың бас мейрамы. Ол Ораза айтынан соң 70 күннен кейін басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. (Зұлхижа-қажылыққа баратын ай).
Айт күндері таза киінген адмдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып,құттықтайды «айттық» сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар иманды адамдар деп саналады. «Айт күні айтқан тілеулері дұрыс екен бишаралардың..»(Б.Майлин).
Екі айт та мұсылман елдерінде үлкен той дәрежесінде өтеді және ол демалыс күндері болып қалыптасқан.
Жарапазан. «Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел арлап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам жүріп айтады. Бірі, жарапазан айтқанда екіншісі, қостаушысы болады. Мысалы:
Айтушы: Жарапазан айтушының сауалы бар,
Отыз күн оразаға жауабы бар.
Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар,
Дәстүр
Дәстүр - (лат. traditio - сабақтастық) - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де қосып алады.[2]Олар қоғамның барлық салаларынан көрініс табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі және басқа да салалардағы алар орны ерекше. Қоғамдағы даму салдарынан Дәстүр рөлі біршама төмендейді. Олардың қоғамдық қызметтері индустриалды қоғамға қарағанда,индустрияландыруға дейінгі қоғамда едәуір кең болды. Дәстүр - әдет-ғұрыпқа қарағанда ауқымды құбылыс. Дәстүр рөлін әлеуметтік тұрғыда бағалау нақты түрде жүргізілуі керек. Дәстүрді елемеуге болмайды, ойткені ол қоғамның тарихи дамуының сабақтастығының бұзылуына әкеп соқтырады. Сондай-ақ дәстүрді мүлде шексіздендіруге де болмайды, өйткені ол қоғамның ескірген тұстарын сол қалпында сақтап, оны тұралатып, тоқырауға ұшыратады. Саясаттың ғылымы мен өнері дәстүр мен жаңалықты үйлестіріп, оңтайлы жолын табуда жатыр.
Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 126 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Отау көтеру салты | | | Тұрмыс дәстүрі |