Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұрмыс дәстүрі

Читайте также:
  1. Еңбек дәстүрі
  2. Отбасы ,тұрмыс ғұрыптары

Бата. «Батамен ер көгерер» (мақал). Ақ тілеудің белгісі –бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «Ақ бата» деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар.

1.Жас талапкерге бата. «Сырым батыр жас кезінде батасын алайын... деп Бөкен биге барыпты». Бұл ерлік, өнер, өмір жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата.Қошқарұлы Жәнібек жас кезінде Қаракерей Соқыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кісі былай депті

Белбеуің белдеуіңде байлаулы болсын,

Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.

Есігің ашық болсын:

Қабағың жазық болсын.

Мұндай баталар талапты, халық сүйген, ер азаматтарға ғана берілген. Торғай облысының аманкелді ауданындағы «Қабырға» кеңшарында тұратын Айнагүл мен Сақтапберген Кенжеахметовтардың отбасында жас сәби туып, оған ырым қылып Сейіт деп менің атымды қойыпты. Сол бала 1994 жылы алғаш мектепке барғанда ата-аналары мені тойға шақырыпты. Сонда жас Сейітке берген бата еді. Кәдеге жарар деп ұсынып отырмын.

2. Дастарқанға бата. Дастарқаның мол болсын,

Өміріңе ұзақ жас берсін!

(Ақ бата)

Батаның екінші түрі дастарқанға ризашылықпен беріледі. Дұрыс мүшелі қонақасы берілмесе шешен, өткір тілді адамдар бата арасында сол үйдің сараңдығында қосып айтып жіберетіндер болған.

3.Алғыс бата. Бақ берсін, бас берсін.

Өміріңе ұзақ жас берсін!

(Ақ бата)

Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Ендеше, бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады.Батаны құрметті, елге сыйлы адамдар береді.

4.Жаңа айдың батасы. Ай көрдім аман көрдім,

Ақиреттік заман көрдім.

Жаңа айда – жарылқа,

Ескі айда-есірке(бата).

Жаңа туған айды көрген әр адам осылайша бата жасап, бет сипайды.Бұл-діншілдік немесе соқыр сенім емес, ол адамдардың табиғатқа, құбылысқа, ауа райына байланысты таным, түсінік. Айдың тууына және жатысына қарап жұлдызшылар ауа райын,болашақты болжап отырған.

5.Наурыз батасы. Соның бірі-осы Наурыз батасы(«Жеті қазына» кітабынан).

Ұлыстың ұлы күнінде «наурыз көжеге» шақырғандарға, «Наурызнама» тойын өткізіп халықты риза қылғанадамдарға, өнер көрсеткен өнерпаздар мен ақындарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары, билер қол жайыпбата береді. Бұл бата жалпы көпшілікке де бағышталады. Талапкер жастар Наурыз күні дуалы ауыздың уыс батасын алуға тырысады. Наурыз батасының орны ерекше.

Бес жақсы.« Оның үстіне қалың малмен қабат бес жақсы туралы да келісілді»(Ы.Алтынсарин). Аты айтып тұрғандай бұл бұрынғы ізгі жақсылар, би, бай, мырза,батыр,ел ағаларыарасында жүретін жолы да, орны да ерекше қасиетті бағалы дәстүр деп саналады. Елдің аса құрметті, беделді адамдары арасындағы достық, сыйластық қарым-қатынастарда сый-сияпат немесе құдалар арасындағы қалың мал, киіт орнына да жүрген.

Халық арасында жоғары құрмет пен марапат, сый-сияпаттың ең жоғары түрі

«Бес жақсыға» мыналар жатады:1.Қара нар. 2. Жүйрік ат. 3.Қалы кілем. 4.Алмас қылыш. 5.Бұлғын ішік. Құдалр арасында мұның бірі ұзатылған қыздың сәукеле бастаған асыл тағымдарымен алмасытрылыды. Бұл дәстүр елдің, ердің мырзалық, мәрттік, тектілік, сыйластық қасиеттерін көрсететін әрі оның салтанатын, ар-абыройын арттыратын ұлы көрініс.«Бес жақсының» бір түрінің өзі 4-5 жылқыға бағаланған.

 

Сарқыт. «Әже сарқыт әкелдің бе?»(ел аузынан). Айттан, тойдан ырымдап кәмпит, құрт сияқты дәмнен алып, үлкен кісілер (әйелдер) үйдегі балалары мен келіндеріне әкеліп, ауыз тигізеді. Мұны«сарқыт» дейді. Сол сияқты үлкен табақтан қалған етті де «сарқыт» деп, оны да жастар үлкен кісілердің жолын, абыройын берсін деп ырым қылып таласып жейді. Бұрын сарқыт қайтады деп келіндер әдейі күтіп отыратын. Қазақ салтында сарқыттың әрі ырымдық, әрі тәрбиелік, әрі дәстүрлік қызметтері бар.


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 281 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Еңбек салты| Еңбек дәстүрі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)