Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орта ғасырлардағы Италия дамуының ерекшеліктері.

Читайте также:
  1. Греция Италия: 25 июня- 5 июля 2014
  2. Италиядағы империалистік диктатуранын күшеюі және фашистік диктатураның күйреуі.
  3. Костюм Эпохи Возрождения. Италия
  4. Лекция. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Англия, Франция, Италия
  5. Мұз үстіндегі жол ерекшеліктері.
  6. Новогодняя поездка, Италия (25.12.2012 – 05.01.2013), автобусная, 350 евро

1. ХІІ – ХІІІ ғасырларда Германияда өндіргіш күштердің едәуір дамуы байқалды. Егіс көлемі ұлғайды, қалалардың өрлеуі қарқыны жоғары болды. Рейндегі Кельн мен Вормс, Жоғарғы Дунайдағы Ульм, Нюрнберг, Аугусбурк, Майндағы Франкфурт өнеркәсіптің дамуында жетекші орындарды алды. Алайда, елде тауарлы- шаруашылықтың дамуы қарқын алғанына қарамастан Германия ХІІ – ХІІІ ғасырларда феодалдық бытыраңқы ел болып қала берді. Англия мен франциядағыдай Германияда қалалар мен король өкіметінің арасында одақ қалыптаспады. Герман корольдары, атап айтқанда, қалалықтардың феодалдарға қарсы күресінде оларды қолдамады. Бұл көбінесе неміс қалаларының саяси аренаға кешеуілдеп шығуымен де түсіндіріледі. Дегенмен, герман корольдарының қалалықтармен одағы болмауының басты себебі герман императорларының агрессияшыл сыртқы саясаты болды. Итальян жорықтары “әлемдік үстемдікке” ұмтылу, герман императорларының назарын ішкі істерден басқа жаққа аударды. Шексіз соғыстар герман императорларын ірі феодалдарға барынша тәуелді ете берді. Үшінші герман династиясы Штауфендердің немесе Гогенштауфендердің тарихы (1138 – 1254) герман императорларының басқыншылық саясатының елдің ішкі дамуы үшін қаншалықты залалды болғанын көрсетеді. ХІІ– ХІІІ ғасырлардың басында Штауфендер династиясының үш императоры: Фридрих І (1152– 1190), оның ұлы Генрих ҮІ (1191 – 1197) және немересі Фридрих ІІ (1212 – 1250) – маңызды роль атқрды.

Егер Оттондар Альпі тауының арғы жағына негізінен жекеленген экспедициялар жасаумен шектелсе, Штауфендер Итальяны өздерінің билігінің тірегі еткісі келді. Бұл орайда олар табиғи түрде рим папаларының мүдделерімен қақтығысты. Екі универсалистік күш – герман императоры мен рим папасы --христиан әлеміндегі үстемдік үшін күресіп қойған жоқ, Италиядағы саяи мүдделері үшін күресті. Пападан кейінгі Штауфендердің Италиядағы жаулары 1130 жылы пайда болған Норманндық Сицилия корольдығы мен Италия қала – коммуналары болды. Герман императорларының Италияда тұрақты одақтастары, сүйенген әлеуметтік күштері болған жоқ. Болған одақтастары да үнемі орын ауысып отырды.

Император Фридрих І Барбаросса (“Сары сақал”) Солтүстік Италияда өзінің жеке иелігі – доменіне ұқсас бірлестік құрғысы келді. Солтүстік Италия империяның ең бай аймағы еді. Өзінің саяси жоспарларын жүзеге асыру үшін Фридрих І Барбаросса Италияға алты рет жорық жасады. Шешуші шайқас 1176 жылы Италияның қаласы Леньяно түбінде болып, Италья қала коммуналарының одағы Ломбард лигасының біріккен күші Фридрих І – нің әскерін тас талқан етіп жеңді. Жеңіліске ұшырауының бір себебі императордың одақтасы, құдіретті феодалдар әулеті Вельфтер үйінің өкілі Генрих Левтің көмекке келуден бас тартуы болды. Леньяно түбіндегі шайқастан кейін Фридрих І – і рим папасымен (1177) және Ломбард лигасымен бейбіт келісімге келуге мәжбүр болды. Ол бойынша, император Солтүстік Италиядағы өзінің көптеген жоспарларынан бас тартуға мәжбүр болды. Қолын босатып алған император құдіретті күшті Вельфтер үйімен соғысқа кірісіп кетті (1178 – 1180).

Генрих Левке қарсы империялық сот процессі басталды. Сот шешімі бойынша оның барлық иеліктері тартылып алынып, оның өзі Англияға қуылды. Оның феодтары ірі княздар арасында бөліске салынды. Вельфтерді жеңу Барбароссаның ірі табысы болды, алайда оның ленндерінің императордың доменіне өтпей ірі феодалдар арасында бөлінуі феодалдық бытыраңқылыққа қызмет етті.

Фридрих І – нің Итальян саясатының құрамдас бөліктерінің бірі Сицилияға қатысты болды. 1186- жылы ол өзінің ұлы Генрих ҮІ – ны Сицилия принцессасы Констанцияға үйлендірді. Сөйтіп, мұралық жолмен Сицилия, Оңтүстік Италияны өз қарамағына алу мүмкіндігіне ие болды. Барбаросса үшін бұл үлкен дипломатиялық жеңіс болып көрінді, ал шын мәнісінде тағдырлы жеңіліс еді. Себебі, мұндай қадаммен Штауфендер рим папасы мен Ломбард қалаларын өзіне қарсы қойып алды. Генрих ҮІ – ның өзі Сицилияда өзін қауіпсіз сезінген жоқ. Фридрих І – і 1190 жылы үшінші крест жорығы кезінде қайтыс болды.

Папа Инокентий ІІІ – нің тұсында (1198 – 1216) шіркеу билігі шырқау шыңына жетті. Папаның соты Европа корольдарының трибуналына айналды. Корольдар папаның рұқсатымен үйленіп – ажырастырылды. Бүкіл Европадан жиналған алым салықтар Рим папасының қазынасына жиналды. Күпірлікке қарсы инквизиция соты – күллі европада қаһарын төгіп тұрды. Инокентий ІІІ императорлық тәжді-де өз қалауынша кигізді.

Генрих ҮІ – қайтыс болғаннан кейін (1197) оның мұрагері Фридрих ІІ Штауфен бар болғаны үш жаста еді. Ол рим папасының тәрбиесінде болды. 1212- жылы рим папасы Штауфенді герман императоры деп жарияланды. Фридрих ІІ (1212 – 1250) Штауфендер үйінің үшінші көрнекті өкілі болды. Жартылай неміс – жартылай итальяндық Фридрих ІІ әртүрлі мәдени ортаның ықпалын жақсы қабылдаған билеушілердің бірі еді. Ол араб және грек тілдерін білді, латын және италиян тілдерінде трактаттарын жазды. Оның сарайында араб, византия және еврей ғалымдары жұмыс жасады. Шығыс музыкасы, шығыс биі, әдебиеті мен өнері оның сарайында барынша қолпашталды.

ФридрихІІ Сицилия корольдығын орталықтанған бюрократиялық монархияға айналдырғысы келді. Бұл бағытта ол көптеген шараларды жүзеге асырды. Ең бірінші кезекте орталықтануға қарсы шыққан Сицилия феодалдарының қарсылығы басып жаншылды. Ал императордың Италиядағы саясаты мүлде басқаша болды. Италияда үнемі болып, Германияда болмағандықтан Фридрих ІІ – і ірі феодалдарға үнемі жеңілдіктер жасады. Италияда, Фридрих ІІ Ломбард қалаларына қарсы күресті қайтадан жандандырды. Бірақ, Ломбард қалалары бұл жолы да Барбаросса заманындағыдай тез бірігіп, императорға лайықты тойтарыс бере алды. Фридрих ІІ–нің тұсында императордың папамен күресі шырқау шыңына жетті.

2. Алайда, өздерінің империялық тәжін біржолата баянды ету үшін Габсбургтер ұзақ уақыт бойы өздерімен бәсекелескен – Люксембургтер әулетімен соғысуға тура келді. Германияда құдіретті әулеттер үстемдігі ғасырларға созылды. Люксембургтер үйі Карл ІҮ – нің (1347 – 1378) тұсында айрықша күшейді. Люксенбург княздығынан бөлек, Чехия корольдығы оның иелігіне кірді. Габсбургтер сияқты Люксенбургтер де князьдарға жеңілдіктер берумен болды. ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы Германия дамуының ерекшелігі сонда ірі феодалдар бірде бір князьдық үйдің қатты күшейіп кетуіне жол бермеуге тырысты, яғни орталықтанған императорлық билікке қарсы болды. Сонымен Германияда ірі феодалдар қайткен күнде де елдің бытыраңқы жағдайын сақтап қалуға мүдделі еді. С аяси бытыраңқылықтың құқықтық негізін қалаған 1356- жылы Карл ІҮ указымен қабылданған. “алтын булла” заңы болды. Бұл “Қасиетті рим империясы” ыдыраған 1866- жылға дейін империялық заңнаманың ядросы болды.

“Алтын булла” феодалдық бытыраңқылықты заңдастырды. “Алтын булла” бойынша Германияда императорды сайлау құқы аса ірі жеті княздықтың прерогативасына айналды. Сайлау құқы бар жеті князьдық – курфюрлік деген титул алды. Олар үш діни князьдықтан – Майн, Кельн және Трир архиепископынан және төрт светтік князьдықтан: - Богемия корольдығы (Чехия), Рейн пфальцграфы, Саксония герцогтығы және Бранденбург маркграфтығы – тұрды. Курфюрлердің императорды сайлау құқы ғана емес, тақтан тайдыру құқы да болды. Мысалы, 1400- жылы Карл ІҮ – нің ұлы император Воцлав қалалықтардың феодалдарға қарсы күресіне жәрдем бергісі келгені үшін тақтан тайдырылды. Ал оның інісі, Карл ІҮ–нің екінші ұлы (1410 – 1437) Сигизмунд курфюрлердің қолындағы ойыншыққа айналды. Сигизмунд өзінің билігін нығайтқысы және ұлы мемлекет құрып, папамен одақтасқысы келді, бірақ гусшілдерге қарсы соғыстардағы сәтсіздіктері мұның барлығын мансұқ етті.

1438- жылы Люксембургтер династиясының тоқтауымен императорлық билік Габсбургтерге өтті. Императорлық биліктің мұралықпен берілуінің бұл кезде ешқандай мәні қалған жоқ. Бұл уақытта екінші универсиалистік мекеме – рим папалығының құлдырауы да Германия үшін ауыр болды. Билік атауының жоқ жағдайында – елде қарақшылық пен жүгенсіздік етек алды. Фридрих ІІІ (1440 – 1493) басқарған жылдар императорлық билік дәрменсіздігінің дәуірі еді. Орта ғасырлық бір хронисттің айтуынша Германияда императордың бар екені ұмытыла бастады.

Саяси бытыраңқылық Германияның халықаралық жағдайында ауырлатты. ХҮ – ғасырдың өн бойында Германия көптеген жерлерінен айырылды. ХҮ- ғасырдың 60 жылдарында (1466) Тевтон ордені Польшаға вассалдық тәуелділікте болса, осы жылдары империяның құрамындағы Шлезвиг – Гольштейн Данияға өтті. 1481 жылы Швейцария конфедерациясының біржолата қалыптасуы аяқталды. Венгер корольі Матьяш Корвин, тіпті,императордың әулеттік иелігі Жоғарғы және Төменгі Австрия мен Штирияны тартып алды. Тек Фридрих ІІІ басқаруының соңына қарай, оның ұлы Максимилианның Марйя Бургундскаяға үйленуі оның билігін нығайтты, бүкіл Нидерланды жері Габсбургтерге өтті. (Бұл уақытта Бургундия мемлекеті ыдырап жатты). Максимилиан ұлының испан корольінің қызына үйленуі Габсбургтерді европадағы ең үлкен монархияға айналдырды.

ХІҮ – ХҮ ғасырлардағы Германиядағы князьдық және императорлық биліктің жағдайы неміс сословиялық өкілетті органдарының қалыптасуына да әсер етті. Император вассалдарының империялық жиналысы – рейхстаг, ал жергілікті князьдықтардағы жиналыстар – ландтагтар д.а.

Феодалдық бытыраңқылық, саяси – экономикалық берекесіздік алдыңғы қатарлы неміс қоғамының, ең бірінші кезекте қалалықтардың ашу ызасын тудырды. Бюргерлік оппозициялық көңіл күйдің тамаша көрінісі ХҮ – ХҮІ ғасырларда танымал болған памфлет “Император Сигизмундтың Реформациясы” деп аталды (1439). Реформация елдегі империялық құрылысты түбірінен өзгертіп, елді бірігуге бағытталған шараларды жүзеге асыруды белгіледі. Реформация бюргерлердің арасында танымал болғанымен жүзеге асырылмады.

3. Х – ХІ ғасырларда қалыптасқан Чех корольдығы ХІІ – ХІІІ ғасырларда Европадағы дамыған мемлекеттердің бірі болды. ХІІ – ХІІІ ғасырларда Чех корольдары мен пандары өздерінің иеліктеріне неміс қолөнершілері мен шаруаларын молынан шақырып отырды. Сондай–ақ, Чех корольдары қызметке неміс феодалдарында шақырды. Неміс монастырларыда бұл науқаннан қалыс қалған жоқ. Чехиядағы немістердің қоныстануы басқа славян елдеріндегі отарлаудан ерекшеленді. Дамыған Чех мемлекеттілігімен кездескен неміс отаршылдары мұнда бірте – бірте, жүйелі түрде “бейбіт” жолмен қоныс аударды. Олардың есебінен чех пандары мол пайдаға кенеліп отырды. Алайда, уақыттың өтуімен Чех мемлекеті Герман империясы жүйесіне кіріп отарлық жағдайда қалды. Ұлттық езгіге ұшырады. Чех корольдары императордың вассалы болды.

ХІҮ– ғасырдың ортасынан бастап империя шеңберінде Чехияның экономикалық өрлеуі байқалды. Прага аса ірі сауда және қол өнері орталығына айналды. Өндіргіш күштердің дамуы мен сауда байланыстарының кеңеюі шаруашылықтың ескі феодалдық формаларының ыдырауына, чех қоғамындағы өткір әлеуметтік қайшылықтардың өсуіне алып келді. Чех феодалдары өздерінің шаруаларын (седляк) неміс құқтық жүйесіне көшірді, оған сәйкес седляктар қосымша алым салықтар төледі. Қалаларда да әлеуметтік қайшылықтар шиеленісті. Негізінен немістерден тұрған қала патрициаты қалалардағы өзін өзі басқаруды, сауда мен қол өнерін өз қолына алды.

Чехиядағы әлеуметтік қайшылықтар ұлттық форма да ала бастады. Чех шаруалары мен қол өнершілері, сондай – ақ, күйзелген рыцарлары үшін үстем таптың өкілдері негізінен немістер болды. Алайда, Чехияда тағы бір үлкен қайшылық- католик шіркеуінің чех қоғамындағы айрықша орнына байланысты болды. Жүз жылдық соғыс кезінде рим папалары негізгі алым салықтың салмағын Германия мен Чехияға аударған еді. Чехия айрықша көп төлеуге тиісті болды. Индулгенция мен сауда, нақ Чехияда айрықша кең құлаш жайды. Оның үстіне дін басыларының көпшілігі де немістер еді. Сондықтан, ХҮ – ғасырдың бірінші жартысында Чехияда болған халық бұқарасының әлеуметтік құрамыда алуан түрлі болды.

Чех қоғамы алдыңғы қатарлы өкілдерінің ұлттық және діни – реформаторлық көңіл күйін білдіруші Прага университетінің профессоры, священник Ян Гус болды (1369 – 1415). Ян Густің шіркеу және әлеуметтік – саяси көзқарастары едәуір дәрежеде ағылшын реформаторы Джон Виклефтің ықпалымен қалыптасты. Алайда, кейбір мәселелер бойынша Ян Гус Джон Виклефтенде асып түсті. Гус индулгенциямен саудаға батыл қарсы шықты, католик шіркеуі иелерінің моральдық азғындалуын қатаң сынады. Шіркеу жерлерін секуляризациялауды талап етті. Ян Густің қызметі Прага архиепископы, одан қалды Рим папасының зығырданын қайнатты. Ол университеттен 1412 жылы қуылды. Біраз уақыт деревняда халықтың арасында жүрді. 1414 -жылы Ян Гус Констанца қаласы соборына сотқа шақырылып күпір ретінде 1415 жылы отқа өртелді.

Бұған жауап ретінде Чех қоғамы көтеріліске шықты. 1419 жылдың 30 – шілдесінде Прагада көтеріліс басталып, гусшілдер қозғалысына қалалықтарда қосылды. Көтерілістің басында Прага священнигі Ян Желивский тұрды. Көтерілісшілер король Вацлавты елден қашуға мәжбүр етті. Вацлов көп ұзамай қайтыс болды. 1419- жылдың тамызынан бастап, Чехия Германиямен байланысын үзді. Ұлы Чех шаруаларының соғысы басталды (1419 – 1434). Алғашқы уақыттан бастап – ақ, шаруалар қозғалысының екі қанаты пайда болды: біріншісі, салқынқанды сабырлы қанаты – “ыдысшылар” (яғни, нан мен виномен шоқынуды жақтайтындар, вино ыдыспен ішіледі -чаша). Оған пандардың бір бөлігі, рыцарлар мен қалалықтар кірді, екіншісі, радикальды демократиялық қанаты – табориттер (әскери лагерьдің аты). Оның құрамында негізінен күйзелген рыцарлар, шаруалар мен қолөнершілер болды.

1433 жылы Прагада компромистік келісімге қол қойылып, ол тарихта “ Прага компактаты ”деген атпен қалды. Бұдан кейін ыдысшылар күресті тоқтатты. 1434 жылғы табориттер жеңілген соңғы шайқаста ыдысшылар император әскері жағында соғысты. Чехия қайтадан Герман империясы жүйесіне кірді.

4. ХІІІ – ХҮ ғасырларда Италияда бытыраңқы ел болып қала берді. Елдің неғұрлым дамыған ауданы Солтүстік аймақ – Ломбардия мен Тоскана болып қала берді. Мұндағы ең ірі қала республикалар – Генуя мен Венеция, Милан мен Флоренция болды. Италияның орталық аймағы – Папа облысы – артта қалған аудан болды. Мұнда дамыған қол өнері де, саудада болған жоқ. Жергілікті халық егіншілікпен және рим қаласына келген діндарларға қызмет жасаумен күн көрді. Елдің оңтүстігі Штауфендер билігінен кейін француз феодалы, Капетинг әулетінен – Карл Анжуйскийге өтті (1268). Егер Штауфендер мұсылман әлемімен мейлінше жақсы сауда қарым қатынасында болса, француздар бұл дәстүрді бұзып, шығыс елдеріне жаугершілік ұстанымда болды. Жергілікті халық француздардың озбырлығына, зорлық зомбылығына ұшырады. Бұған қарсы 1282 жылдың 31 – мартында Палермо қаласының тұрғындары көтеріліске шықты. Көтеріліс кешке болғандықтан бұл тарихта “Сицилия ақшамы” деген атпен қалды. Француздардың жазалау шараларынан қорыққан Сицилиялықтар Арагон корольдығының құрамына сұранды (1302). 1445 жылы Арагон – испан мемлекеті Неаполь корльдығын жаулап алды. Сөйтіп, Оңтүстік Италия ұзақ уақыт жат жерлік мемлекеттің қол астында қалды.

Бұған керісінше, Солтүстік Италияның қала – республикалары ХІІІ – ХҮ ғасырларда гүлденді. Венеция – ірі көпестік теңіз державасы болса, Флоренция неғұрлым дамыған өнеркәсіп орталығының, әлеуметтік күрес аренасының, сондай–ақ жаңа итальян мәдениетінің орталығы болды. ХІҮ – ХҮ ғасырларда оның иелігі онан әрі кеңейе түсті. Италияның Адриатика жағалауларынан бөлек Пелопоннес, Эгей теңізі, Крит аралы, ал ХҮ – ғасырдың соңынан Кипр аралы оның иелігіне өтті. Венецияның орасан зор сауда флоты болды. Жерорта теңізіндегі саудада оның монополиясы орнады. Венецияның алтын дукаттары біренше ғасыр бойы халықаралық монетаға айналды.

Венецияның негізгі сауда бәсекелесі – Генуя болды. Генуя сауда республикасы Жерорта теңізінің батыс жартысында үстемдік етіп, “ықпал аймағы” үшін Венециямен күресті. Генуя Венецияға қарсы күресте Византияны қолдап “Латын империясының” құлауына көмектесті. Генуяның Қара теңіз жағалауларында көптеген иеліктері болды. Қырым түбегіндегі Кафа, Балаклава, Судак қалалары Генуяға қарады. Екі қала республиканың арасындағы шешуші теңіз шайқасы 1380- жылы Кьоджиге жақын жерде болып, Венеция жеңіске жетті. Сөйтіп, Жерорта теңізіндегі сауда үстемдігі Венециялықтарға өтті.

“Италияның Афинасы” - Флоренция Арно өзенінің жағалауында орналасты. Ортағасырлық Флоренцияның басты байлығы шұға өндіру болды. ХІІІ – ғасырдың өзінде оны өндіру үшін жергілікті жүн жетіспеді. Жүн шетелдерден – Испаниядан, Оңтүстік Италиядан, тіпті, Англия мен Шотландиядан алдырылды. ХІҮ – ғасырдың ортасында Флоренцияда 200 ден астам ірі шұға мануфактуралары болып, зор көлемде жоғарғы сапалы шұға өнімдері шығарылды. Шұға өнімдерінен бөлек Флоренцияда жібек маталар өндіру, былғары өңдеу, зергерлік дамыды. Венеция мен Генуяға қарағанда, Флоренцияда сауда - өнеркәсіп пен банк операциялары жоғарғы деңгейде жүрді. Риммен көрші орналасқан Флоренция банкирлері папа куриясымен бұрынырақ жақындасты. Италиядан ғана емес, бүкіл Европа елдерінен шіркеу алым салықтарын жинауды рим папалары флоренция банкирлеріне тапсырды. Италия қала – республикаларының ішінде бірінші болып Флоренция алтын монеталар шығарды (1252 жылдан).

Флоренцияның әлеуметтік – экономикалық және кәсіптік бейнесі оның өзіндік цехтық жүйесінен көрінді. ХІІІ – ХҮ ғасырларда мұнда бар болғаны 21 ірі цех болды. Олардың ішіндегі жетеуі бір ірі одаққа бірігіп, қалыптасып келе жатқан капиталистердің одағына ұқсады.Жеті аға цехтарға: мануфактурашы – шұғашылар, жүнмен көтерме сауда жасайтындар, жібек тоқитындар, былғарышылар, банкирлер, аптекарь, дәрігерлер мен заңгерлер (нотариустер, адвокаттар т.б.) кірді. Көпестер мен өнеркәсіп иелерінің цехтардан бөлек, көптеген компаниялары, жекеленген филиалдары, тауарларын өткізетін факториялары болды.

Флоренцияның саяси өмірі күреске толы болды. Дворяндар партиясы – гибеллиндер, ірі буржуазиянікі – гвельфтер деп аталды. 1250 жылы гвельфтер толық жеңіске жетті. 1293- жылғы конституция бойынша Флоренцияда ірі буржуазияның үстемдігі орнады. Республиканың жоғарғы органы – сеньорияға әрбір жеті аға цехтың бір – бірден өкілдері, кіші цехтардың екі өкілі сайланды.

Әдебиеттер:

 

9. Леонтьевский А.В. “Искуство возможного” в политике Карла ІҮ Люксембурга. Волгоград 1995.

10. Колесницкий Н.Ф. “Священная римская империя”: притязания и действительность. М., 1977.

11. Рогачевский А.Л. Правосознание немецкого бюргерства ХІІІ – ХҮІІ вв. СП б., 1995.

12. Итальянские коммуны ХІҮ – ХҮ вв. Сб. Документов Подред. В.И. Рутенбурга. М., Л., 1965.

13. Карпов С.П. Итальянские морские республики и Южное Причерноморье в ХІІІ – ХҮ вв: проблема торговли. М., 1990.

14. Рутенбург В.И. Итальянский город от раннего средневековья до Возрождения. Л., 1987.

15. Его же. Народные движения в городах Италии. ХІҮ – начало ХҮ века. М., 1958.

16. Его же. Очерк из истории раннего капитализма в Италии. Л., 1951.

17. Мацек И. Гуситское революцонное движения. М., 1954.

18. Его же. Табор в гуситском движении. Т. 1-2, М., 1956 и 1959.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1068 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Экономикалық жағдайы | Б.) Гана мемлекеті | Оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы | А) Моси тайпасы құрған мемлекет | Рим империясының құлауы және жаңа әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы: феодализм синтезі. | Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және оның себептері, ықпалы. | Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы. | Верден бөлінісі. | ХІ – ХІІ -ғасырлардағы Византия | Төртінші және соңғы крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Испания.| Христиан діні және католик шіркеуі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)