Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емтихан сұрақтары.

Читайте также:
  1. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  2. Курс бойынша емтихан сұрақтары
  3. Курс бойынша емтихан сұрақтары
  4. Курс бойынша емтихан сұрақтары
  5. Курс бойыншаемтихан сұрақтары

1. Жасуша туралы ұғым. Жасуша (торша) тірі ағзаның ең кіші бөлігі. Жасушаның құрылысы мен эукариотты организм дегі қызметі. Жасуша емес құрылымдар; сипласт, синцитий, жасуша аралық зат.

2. Медицинадағы цитологияның маңызы. Жасушалық теорияның қазіргі кездегі маңызы. Жануарлар жасушасының құрамы: цитоплазма мен жасуша қабығы, ядросы. Жасушаның арнайы қызметіне байланысты оның түрі мен көлемі (мөлшері). Жасуша құрамындағы компонеттері (құрылымдары)

3. Цитоплазма. Жасуша тіршілігіндегі биологиялық мембрананың маңызы мен молекулярлық құрамы, негізгі қызметі.

4. Жасуша қабығы. Цитолемма, мембрана үсті, мембрана асты, қабаттары. Құрылысының химиялық құрамына және қызметіне сипаттама. Зат алмасу механизмі: рецепциалық, адгезиялық жай – күйі. Эндо және экзоцитоз (ішкі және сыртқы) процестері.

5. Жасуша аралық байланыстары. Әртүрлі байланыстардың қызметіне және құрылысына қарай сипаттама беру. Қарапайым байланыстар. Күрделі байланыстар (жасуша аралық контакт). Оның түрлері. Тығыз және қуыс арқылы (нексустар), аралық демосомалық және саусақ тәрізді байланыстар.

6. Цитоплазмадағы негізгі құрылымдар – қосындылар. Органеллалардың түрлері мен оларға анықтама беріп, сипаттау.

7. Эндоплазмалық тор; Оның құрылысы мен қызметі, түрлері; түйіршікті, түйіршіксіз. Жасушаның атқаратын қызметіне байланысты түрлерінің ерекшеліктері. Зат алмасу кезеңіндегі тордың маңызы.

8. Гольджи кешені (комплексі)- жасушадағы қызметі, құрылысы. Бездердің жасушадағы секторлық қызметке қатысуы. Мембраналы органеллалардың (құрылымдарының) маңызы.

9. Лизасомалар – олардың құрылысы. Құрамындағы негізгі ферменттері. Ферменттердің жасушасының ас қорыту процесстеріндегі атқаратын қызметі. Біріншілік және екіншілік гетеро, аутофагосомалар. Организм жасушаларындағы лизосомалардың қорғаныс қызметін атқаруындағы ролі.

10. Пероксисомалар – олардың құрылысы, ферменттік құрамы, қызметі.

11. Митохондрий – құрылысы, негізгі ферменттік құрамы, қызметі митохондриялардың белок синтезінде арнайы атқаратын қызметі. Митохондриялардың репродукциясы (көбеюі). Митохондрийдің жасушалардың әртүрлі биоэнергетикалық кезеңіндегі құрылыс ерекшеліктері. мемранасыз органеллалар.

12. Рибосомалар – құрылысы, химиялық құрамы, қызметі. Бос рибосомалар, полирибосомалар. Рибосомалардың жасушадағы басқа да компоненттермен байланысы.

13. Жасуша орталығы (центриолалар). Құрылысы. Жасушаның бөлінуі, оның сатылары. Интерфазадағы центриоланың қызметі.

14. Микротүтікшелер – құрылысы, қызметі.

15. Микрофибриллалар мен микрофиламенттер – актин, миозин және басқалары. Бұлардың химиялық құрамы, жалпы қызметіне сипаттама.Арнайы қызмет атқаратын органеллалар.

16. Жасуша құрамындағы жалпы органеллалардан пайда болған (олардың өзгеруінен) арнайы қызмет атқаратын органеллалар. Микробүрлер, базальді қатпарлар, кірпікшелер, жіпшелер. Тонофибриллалар. Миофибриллалар. Нейрофибриллалар. Арнайы органеллалардың құрылысы мен қызметі. Жасушалардың маңызы.

17. Жасуша қосындылары, анықтамасы, түрлері, организмнің тіршілігіндегі, жасуша құрамындағы қосындылардың – маңызы.

18. Гиалоплазма – анықтамасы (сипаттамасы). Глиаплазманың физико – химиялық құрамы жайындағы мәлімет. Жасуша тіршілігіндегі зат алмасу мен цитоплазмадағы компоненттердің бір- біріне тұтастығын сақтаудағы гиалоплазманың маңызы. Ядро.

19. Жасушаның өмір тіршілігіндегі және генетикалық информацияны ұрпақтан – ұрпаққа (тұқым қуалау) берілу кезеңіндегі ядроның маңызы, әртүрлі жасушалардағы ядроның түрлері мен көлемі, ядро саны. Ядро мен цитоплазманың арасындағы қатынас. Жасушаның атқаратын қызметінің негізгі көрсеткіші- ядро. Ядро құрамындағы негізгі компоненттері, ядро қабығы, хромосомалары, ядрошық кариоплазма (нуклеоплазма).

20. Ядро қабығы. Құрылысы. Ядро қабығының ядро мен цитоплазма арасындағы зат алмасуындағы маңызы. Ядро – цитоплазмалық байланыстағы саңылау комплексінің маңызы. Жасуша цитоплазмасындағы мемраналы жүйелермен ядро қабығының өзара қарым- қатынасы (байланысы).

21. Хромосомалар. Интерфаза кезеңіндегі ядродағы хромосомалардың құрамы. Жасуша тіршілігіндегі хромосомалардың молекуляры – химиялық құрамы, оның маңызы. Хроматин туралы ұғым. Дифузды және гетерохроматин (конденсиалы). Жыныстық хроматин. Жасушаның бөліну кезеңіндегі хромосомалардың құрылысы мен маңызы (қызметі).

22. Ядрошық. Құрылысы. Рибосомалардың түзілуіндегі және РНК – синтезіндегі ядрошықтың атқаратын қызметі, ядрошық пайда болуы кезіңіндегі ядрошықты құрушы хромосоманың маңызы. Ядрошықтың қызметінің тұрақтығы. Жасуша тіршілігінің шығу негіздері. Жасушадағы синтездік процесстер.

23. Ақуызды және ақуызсыз заттар синтезіндегі жасуша құрамындағы компоненттердің өзара қатынасы (байланысы). Секреция және олардың түрлері туралы ұғым.

24. Жасушаның өмір тіршілігі (цикл). Тіршілік цикліне сипаттама. Цикл кезеңдері (митозды бөліну, өсу және дифференциялану, белсенді қызметтік кезеңі, қартайып тозу және өлу). Әртүрлі жасушалардың тіршілік – (өмір сүру) циклінің ерекшеліктері. Жасуша және оның құрамындағы компонеттердің репродукциясы.

25. Митоздық кезең. Оның биологиялық маңызы мен сипаттамасы. Митоздың сатылары (интерфаза мен митоз). Митоздық сипаттамаларының өзіндік ерекшеліктері.

26. Митоз. Биологиялық маңызы. Митоздың әр сатысындағы жасуша компоненттеріндегі (құрылысындағы) өзгерістері. Митоздың әртүрлі сатыларындағы физико- химиялық әсерлерге беретін жасушаның сезімталдық қасиеті (сәулелі энергияға, улы заттарға, дәрілерге).

27. Мейоз. Мейоздың сатылары. Мейоздың биологиялық маңызы. Ерекшеліктері.

28. Эндорепродукция. Полиплодия- оның қызметі, биолгиялық маңызы. Полмплоидия шығу механизмі, Эндомитоз екі және одан да көп ядролы жасушалардың пайда болуы.

29. Политения- жалпы ұғым беру. Биологиялық маңызы. Жасуша ішіндегі регенерация (ішкі даму). Жалпы морфо- функциональді қызметіне сипаттама. Биологиялық маңызы. Жасушаның зақымдаушы әсерлерге беретін жауабы.

30. Жасушадағы қайтымды және қайтымсыз өзгерістері және олардың морфологиялық шығу тегі (белгілері). Жасуша тіршілігін сақтаудағы адаптация (бейімділік) процессінің маңызы. Жасушаның тіршілігінің жойылуы (өлуі) некроз; апоптоз- оның шығу жолдары. Эмбриология. Жалпы эмбриологияның негізі.

31. Адам эмбриологиясының даму сатылары. Прогенез. Ұрықтану, ұрықтың даму кезеңіндегі биологиялық ерекшеліктері болып саналады; индукция, детерминация, бөліну, жасушалардың орнын ауыстыру (көшу)- миграция, өсу, түрлену, жасушалардың өзара қатынасы мен бұзылуы жайындағы мәліметтер. Ұрықтан тыс (уақытша мүшелері) мүшелер және олардың құрылысы мен қызметі, Ұрықтың дамуындағы бұл мүшелердің маңызы.Адам эмбриологиясы.

32. Адам эмбриологиясының қызметі мен маңызы. Медициналық эмбриологиясы. Сүтқоректілердің эмбриологиясының адам эмбриологиясында алатын орны және маңызы. А. О. Ковваленко, А. Н. Северцев, П.П. Иванов пен А.В. Ивановтардың эмбриология іліміне қосқан үлестері. Адам ұрығының даму кезіндегі негізгі сатылары.

33. Прогенез. Аталық және аналық жыныс жасушалары. Жыныс жасушаларының құрылысы мен қызметі. Олардың даму барысындағы негізгі кезеңдері.

34. Ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы. Ұрықтың негізгі сатылары. Пронуклеустардың қосылуы. Қалыпты ұрықтану процесіне керекті (қажетті қолайлы) жағдайлар. Эмбриогенез.

35. Зигота. Зиготаның құрылысы, цитоплазманың өзіндік ерекшеліктері, зиготаның геномы.

36. Бөлшектену. Адам ұрығының бөлшектенуіне сипаттама. Бөлшектенудің әртүрлі сатысындағы ұрықтың құрылысы. Морула, бластоциста, эмбриобласт пен трофобласт.

37. Имплантация. Оның жүру механизмі. Имплантацияның сатылары. Адам имплантациясының ерекшеліктері.

38. Гаструляция. Адам ұрығының гаструляциясына сипаттама. Гаструляцияның бірінші, екінші сатылары, олардың өзіндік ерекшеліктері. Ұрық жапырақшаларының пайда болуы.

39. Ұрық жапырақшасының пайда болуындағы жасушалардың орын ауыстыру жолдары – миграциясы. Жасушалардың өзара орналасу барысы, эмбриональды индукция, детерминация, дифференциялануы (түрленуі). Ұрықтың бастамасы. Тіндер мен біліктік мүшелерінің пайда болуы. Нерв түтігінің пайда болуы – нейруляция. Ұрықтың біліктік мүшелерінің дамуы (нерв түтігі, хорда, ішек түтігі). Ұрықтың уақытша немесе ұрықтан тыс мүшелері.

40. Хорион (сірлі), амнион (сулы) қабықтары. Сарыуыз қабығы, аллантоис. Құрылысы мен қызметі, маңызы. Ұрықтан тыс мезодерма. Плацентаның (бала серігі) пайда болуындағы хорионның маңызы.

41. Адамның плацентасы. Оның құрылысы мен қызметі. Жүктілік кезіндегі жатыр эндометрийінің өзгеруі (ерекшелігі), ұрық қабықтары. Ана – ұрық (нәресте) жүйесі. Эмбриональді гистогенез (тіндердің дамуы).

42. Ұрықтың дамуы кезеңіндегі жасушалардың дифференциясынан (түрленуінен) тіндердің түзілуі. Гистогенез механизмі. Индукция, детерминация, имиграция (орын ауыстыру), дифференциялануы (түрленуі), интеграция, жасушаның өлуі (жойылуы) (Шлемен, Руи). Жүктіліктің қауіпті кезеңдері жайындағы ұғым.

43. Детерминация процессінің өзгеруінен пайда болатын ауытқулар мен кемтарлықтар. Адам ұрығының даму барысындағы қауіпті кезеңдері. Қауіпті кезеңдердің пайда болуына әсер ететін факторлар. Нәресте ағзаларының даму ерекшеліктері.

44. Постнатальды немесе туғаннан кейінгі нәресте тіршілігіне жалпы сипаттама. Нәрестенің даму кезеңдері. Эмбриональді және (постнатальді) туғаннан кейінгі негізгі функциональді жүйелердің даму теориялары (Анохин П.К.). Жалпы гистология (тін туралы ілім)

45. Тіндер- ағзалардың құрамындағы ең негізгі жасушалар мен олардың туындылары. Тіндердің құрамында жасуша, жасуша емес құрылымдары- симпласттар, жасуша аралық зат бар екенін білу.

46. Тіндер жүйесін түзететін жасушалар. Жасуша популяциясы туралы ілім. Бағаналы жасушалар және олардың қасиеті. Жасуша детерминациясы мен дифференцировкасы (түрленуі). Жасушаның бөлінуі. Дифферондар. Жасуша детерминациясының, дифференциялануының молекуляры негізіндегі гендердің активтілігі (ерекшелігі) немесе белсенділігі.

47. А.А. Заварзиннің тіндердің шығу тегі мен дамуындағы, параллелизм теориясы. Н.Г. Хлопитшиц дивергенттік даму теориясы мен оның қазіргі замандағы ғылыми ерекшеліктері.

48. Тіндердің морфо- функциональді топқа және генетикалық түрге жіктелуі. Тіндердің жүйе түзудегі маңызы. Тіндердің мүшелеріндегі ішкі біртұтастығын сақтау маңызы (гомеостаз).

49. Тіндердің қайта даму прцесстеріне қабілеттілігі (физиологиялық регенерациясы). Тіндердің реперативтік ренегерациясы. Тіндердің өзгергіштік қасиеті, метаплазия және оның мүмкіндіктері туралы ұғым.

50. Эпителий тіндердің организмдегі (ағзалардағы) орналасуына байланысты жалпы морфо- функциональді сипаттамасы. Эпителий тінінің шығуы тегі. Морфофункциональды және генетикалық жіктелуі. Н.Г. Хлопиннің эпителий тінін зерттеудегі қосқан үлесі. Эпителий тінінің жасуша аралық байланыстары. Эпителий жасушаларына тән арнайы органеллалар және олардың маңызы.

51. Базальді мембрана. Эпителий тініне тән ерекшеліктер, жасушаларының полярлық қасиеті. Эпителий пласттік құрылысы. Әртүрлі эпителийдің пласттік құрылысы. Әртүрлі эпителийлердің құрылыс ерекшеліктері. Бір және көп қабатты эпителий. Көп қатарлы эпителий. Мүйізделген, мүйізделмеген эпителий. Ауыспалы эпителий. Эпителий тіндерінің регенерациясы (қайта дамуы) дифферондары. Әртүрлі эпителийдің құрамындағы камбиальді жасушаларының орналасу ерекшеліктері.

52. Эпителийдің секреторлық қызметі. Бездер, олардың құрылысы және жіктелу ерекшеліктері. Секреторлық кезеңінің гистофизиологиясы. Без жасушасының секрет бөлу кезеңіндегі құрылыс ерекшеліктері. Секреттің (сол) түрлері; голокринді, апокринді және мерикринді бездер. Секретті конвейрі мен мембрана ағыны. Ішкі ортаны байланыстырушы тіндер.

53. Ағзаның ішкі ортасының біртұтастығын сақтаудағы тіндердің жалпы морфофункциональді сипаттамасы (гомеостаз). Бұл тіндердің шығу тегі мен жіктелуі. Қан мен лимфа.

54. Қан мен лимфаның құрамы. Олардың атқаратын қызметі. Қанның формальды элементтері. Лимфа- лейкоциттері. Адам қанының құрамындағы жасушасыз құрылым- эритроциттер мен қан пластинкалары (тромбоциттер).

55. Лейкоциттердің морфологиялық жіктелуі: түйіршікті – түйіршіксіз түрлері. Формалды элементтердің құрылысы мен қызметі.

56. Қанның геограммасы мен лейкоцитарлы формуласы. Қанның жасқа және жынысқа байланысты ерекшеліктері. Нәресте, жаңа туған сәби қанның ерекшеліктері. Туғаннан кейінгі қанның динамикасының өзгеруі. Қан мен лимфаның физиологиялық регенерациясы туралы ұғым.

57. Дәнекер тіндерінің жалпы морфофункциональді сипаттамасы. Жіктелуі. Дәнекер тінінің жасушаларының жасқа байланысты ерекшеліктері мен жасуша аралық заты.

58. Борпылдақ дәнекер тінінің жасушалары. Фибробластар, олардың шығу тегі мен түрлері. Дифференциялануы. Құрылысы мен цитохимиялық ерекшеліктері.

59. Макрофагтар (гистоциттер), шығу тегі, құрылысы, қызметі. Макрофагтардың организмдегі қорғаныс қызметі. Оның маңызы. Мононуклеарлы- макрофагтық жүйе туралы ұғым.

60. Адипоциттер (май жасушалары) шығу тегі. Құрылысы, цитохимиялық сипаттамасы: ақ және қоныр май тіні және бұлардың метаболисттік маңызы.

61. Адвентициалды жасушалар, олардың шығу тегі мен әртүрлі дифференциялануына байланысты құрылысы мен маңызы.

62. Перициттер, шығу тегі мен құрылысы, қызметі мен дәнекер тінінің қалыпты кезеңіндегі олардың биогендік аминдер синтезіндегі атқаратын қызметі.

63. Пигмент жасушалары немесе пигментоциттер, олардың шығу тегі, құрылысы мен қызметі. Жасуша аралық зат. Жалпы сипаттамасы мен құрылысы.

64. Негізгі зат. Оның физико- химиялық қасиеті мен маңызы. Коллаген және эластин талшықтары, олардың маңызы, құрылысы, химиялық құрамы. Ретикулинді талшықтар. Жасуша аралық зат шығу тегі.

65. Қан мен борпылдақ тінінің өзара қатынасы. Лейкоциттердің бұл тін үшін маңызы. Гистогенездегі регенерация процесстеріндегі қабынудағы борпылдақ дәнекер тін жасушаларының маңызы. Организмдегі қорғаныс реакциясына қатысуы мен басқа түрлері.

66. Тығыз талшықты дәнекер тіні. Олардың түрлері, қызметі құрылысы.

67. Арнайы қасиеті бар дәнекер тіні.Ретикулырлы тіннің құрылысы, гистофизиологиясының маңызы, май тіні, түрлері, құрылысы мен маңызы.

68. Арнайы қасиеті бар дәнекер тіні.Пигметті және шырышты тіннің құрылысы.

69. Шеміршек тіндері.Жалпы морфо- функциональды қасиеті. Түрлері. Шеміршек тініне сипаттама, шеміршек жасушалары. Шеміршек тіндерінің түрлері. Бұл тіндердің гистохимиялық ерекшеліктері мен жасуша аралық заты. Шеміршек тіндерінің жасқа байланысты өзгерістері және хондрогенез процессі (дамуы).

70. Гиалинді, талшықты және эластинді шеміршек. Шеміршек қабығы. Оның маңызы. Шеміршек қабығының шеміршектегі өсуіндегі, қоректенудегі қайта дамуындағы маңызы.

71. Сүйек тіндері.Морфо- функциональды сипаттамасы, түрлері. Сүйек тінінің жасушалары, остеоциттер, остебласттар, остеокласттар. Жасуша аралық заты, физико химиялық қасиеті мен құрылысы. Ірі талшықты сүйек тіні.

72. Пластинкалы сүйек тіні. Сүйек тінінің қайта дамуы (регенерациясы). Сүйектің дамуы. Тура және тура емес остеогенез. Сүйектің жасқа байланысты өзгеруі.

73. Сүйек тіні. Сүйектің микроскопиялық құрылысы. Сүйек қабығы- периост. Сүйектің ішкі қабығы (эндост). Сүйек қабығының атқаратын қызметі, қоректенуідегі маңызы. Сүйектің эмбриогенезі. Эктоптикалық сүйек тінінің дамуы. Сүйек тінінің жарақаттаныуы мен физиологиялық регенерациясы. Сүйек тініндегі қантамырлар мен нервтері.

74. Эмбриональды дәнекер тінінің орнына сүйектің пайда болуы. Сүйектің шеміршектен дамуы. Ағзаның (организм) сүйек тінінің қалыптасуы. Сүйектің өсуіне әсер ететін факторлар.

75. Бұлшықет тіндері. Жалпы морфо- функциональды ерекшеліктері. Шығу тегі мен дамуы,

76. Бұлшықет тінінің жіктелуі, түрлері. Біріңғай салалы бұлшықет тіні. Дамуы, құрылысы, морфофункциональды және гистохимиялық сипаттамасы. Тегіс салалы миоциттер. Жиырылғыштық аппараттың құрамы. Тегіс салалы бұлшықет тінінің қайта дамуы, Жасқа байланысты өзгеруі (ерекшеліктері).

77. Қаңқа бұлшықет тіні (дене бұлшықеті), Гистогенезі. Тіннің құрылысы. Ет тінінің құрылым бірлігі болып табылатын- симпласт бұлшықет талшықтары. Бұлшықет талшықтарының құрылысы, базальды мембрана, сарколеммасы, ядросы, жалпы және арнайы қызмет атқаратын органеллалар. Саркотубулярлы жүйе. Миофибриллалар. Саркомер бұлшықет тініндегі морфофункциональды бірлігі. Әртүрлі бұлшықет талшықтары. Миосателлиттер. Қаңқа бұлшықет тінінің регенерациясы (бұлшықет қайта дамуы).

78. Бұлшықет – ағза. Микроскопиялық құрылысы. Жүйкеленуі, жіктелуі, түрлері. Мион. Бұлшықет талшықтарының сіңірмен байланысы. Бұлшықет тінінің регенерациясы (А.Н. Студицкий). Адам жасына және істеген жұмысына қарай бұлшықет тінінің өзгеру ерекшеліктері.

79. Жүректің ет тіні (целом типті). Гистогенезді дамуы. Түрлері, жіктелуі. Жирылғыш және өткізгіш жүрек бұлшықет жасушалары. Бұл екі жүрек бұлшықет жасуша түрлерінің құрылыс ерекшеліктері мен қызметі. Кардиомициттер, ондағы жалпы және арнайы қызмет атқаратын органеллалар. Олардың морфофункциональдық ерекшеліктері мен қызметі, қыстырма дискілерінің маңызы. Жүректің бұлшықет тінінің миокардтың регенерациялық қабілеті. Біріңғай салалы бұлшықет тіні.

80. Бұлшықет тінінің мезенхимадан дамуы. Гистогенезі мен құрылысы. Морфофункциональды ерекшеліктері. Ет тінінің гистохимиялық ерекшеліктері. Бірыңғай – салалы бұлшықет тіні. Бұлшықет тінінің жиырылғыштық аппараты. Миоциттер қалпына келуі және жасқа байланысты ерекшеліктері. Ет тінінің эпидермальды және нейральды даму тегі.Олардың қызметі. Нерв тіні.

81. Нерв тіні.Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы. Шығу тегі. Гистогенез. Нейрондардың түрлері. Морфологиялық және функциональдық жіктелуі, нейрон денесінің құрылысы. Аксон мен дендриттері. Органеллалар, олардың түрлері, маңызы. Нейрондардағы зат тасымалдау процесстері. Нейромедиаторлар мен нейропепиттердің түзілуі. Нейросекреторлы жасуша (нейрондар),

82. Нейроглия- жалпы сипаттамасы, негізгі түрлері.

83. Макроглия. Глиоциттердің түрлері. Орталық глиоциттер (эпендимоциттер, астроциттер және олигодендроглиоциттер).

84. Шеткі глиоциттер (ганглий глиоциттері), нейролемоциттер. Олардың құрылысы мен маңызы. Микроглия.

85. Нерв талшықтары. Жалпы ерекшеліктері. Түрлері. Миелинді және миелинсіз нерв талшықтарының құрылысы. Талшықтың миелену процессі. Нерв талшықтарының ренегерациясы мен дерегенерациясы.

86. Нерв ұштары. Жалпы морфофункциональдық ерекшеліктері. Рецепторлы және эфферентті нерв ұштары мен құрылысы. Синапс туралы ұғым. Нейрон аралық синапс (байланыс). Олардың түрлер және құрылысы. Нерв жүйесінің субстраты болып саналатын қарапайым және күрделі рефлекторлы доға.

87. Сезім ағзаларына жалпы сипаттама беру. Анализатор ұғымының шығуына мән беру (сезiмтал жүйелер). Рецепторлы жасушалары мен рецепторлы механизмi.

88. Сезім ағзаларының жiктелуi. Шығу тегi мен рецепторлы жасушаларының құрылысы мен олардың өзара байланысы.

89. Көру ағзалары. Жалпы ерекшелiктерi. Шығу тегi мен эмбриональды дамуы. Көз алмасының жалпы құрылысы.

90. Көз алмасының қабықтары, бөлiктерi мен олардың туындылары. Тiндiк құрамы. Негiзгi функциональдық аппараттары: диоптрикалық (жарық сындырушы), аккомодациялық, рецепторлы аппараты.

91. Көру ағзасының негiзгi функциональдық аппараты: диоптрикалық (жарық сындырушы) аппаратының құрылысы.

92. Көру ағзасының негiзгi функциональдық аппараты: аккомодациялық аппаратының құрылысы.

93. Көз алмасының рецепторлы аппаратының құрылысы. Фоторецепторлы жасушалар (жарықты қабылдаушы), оладың механизмi (фоторецепциясьт). Нейрондық құрамы мен торлы қабығының глиоциттерi. Пигменттi қабығы.

94. Сары дақ пен орталық шұңқыр. Көру жүйкесі. Оның құрылысы. Көз алмасының қантамырлы қабығы. Көздiң қосымша аппараты. Жасқа байланысты ерекшелiктерi.

95. Иiс сезу ағзалары. Жалпы ерекшелiктерi. Шығу тегi мен эмбриональды даму барысы. Рецепторлы және иiс сезу жасушалары. Тiректiк және базальды жасушалары. Иiс сезу мүшесінің гистофизиологиясы. Жасқа байланысты өзгеруi.

96. Дәм сезу ағзалары. Жалпы сипаттамасы мен даму барысы. Рецепторлы және иiс сезу жасушалары. Дәм сезу түйiндерiнiң инервациясы. Дәм сезу ағзыларының гистофизиологиясы.

97. Есту және тепе-теңдiк сақтау ағзалары. Бұл ағзалардың морфофункциональдық сипаттамасы. Iшкi құлақ. Сүйектi және жарғақты лабиринттерi. Шығу тегi мен эмбриональды дамуы.

98. Жарғақты лабиринттерiнiң кiреберiс бөлiгi, есту қапшығы, жартылай иiлген ұлу каналы. Кiрпiкшелi және тiректiк жасушалар. Отолиттi (тасты) мембранасы мен күмбезi. Нервтенуi. Кiреберiс лабиринтiнiң гистофизиологиясы. Жарғақты лабиринтiнiң ұлу бөлiмi.

99. Спиральды ағза. Кiрпiкшелi (сезiмтал) және тiректiк жасушалар нервтенуi, дыбыс қабылдау үрдісiнiң ерекшелiгi мен гистофизиологиясы.

90Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфо- функциональды сипаттама беру. Қантамырларының жіктелуі, дамуы, құрылысы. Қантамырлардың құрылысы мен гемодинамикалық жағдайының өзара байланысы.. Жас ерекшеліктері

91Артериялар. Сипаттамасы. Жіктелуі, дамуы, артерияның құрылысы және функциясы. Артерияның құрылысы мен гемодинамикалық жағдайының өзара байланысы. Жас ерекшеліктері.

92. Веналар. Сипаттамасы. Жіктелуі, дамуы, венаның құрылысы және функциясы. Венаның құрылысы мен гемодинамикалық жағдайының өзара байланысы. Жас ерекшеліктері.

92Микроцикуляторлы арнаның қантамырлары. Сипаттама. Артериолалар. Артериолалардың қызметтерінің реттелуі және құрылымдық бірлестігінің ерекшеліктері.

93Капиллярлар. Құрылысы. Капиллярлардың жіктелуі. Гистогематикалық тосқауыл жөнінде түсінік.

94Артериолды – венулярлы анастомоздар, жіктелуі. Құрылысы. Артериолды- венулярлы анастомоздың әртүрлі типтерінің құрылысы мен қызметі.

95Лимфа тамырлары. Сипаттамасы. Дамуы. Лимфа капиллярлары құрылысы және функциясы.

96Жүректің дамуы. Жүрек қабырғасының тіндік құрамы және құрылысы. Жүректің регенерациясы. Жас ерекшеліктері.

97Жүректің өткізгіш жүйесіне гистохимиялық сипаттама және құрылысы.

98. Орталық және шеткі қан жасаушы және иммундық қорғаныс ағзаларына сипаттама.

99. Сүйектің қызыл кемігі.Қызметі және құрылысы.Гемокапиллярлардың ерекшелігі.

100.Тимус. Құрылысы мен қызметі. Оның Т- лимфоцитопоэздегі маңызы. Қыртысты және милық заттарының тіндік құрамы. Гематотимустық тосқауыл.Тимустың адам жасына байланысты және акцидентальды инволюциясы.

101. Лимфалық түйіндер құрылысы мен тіндік құрамы.Қыртысты заты, милы заты және паракоритикалдық аймағы. Синустар жүйесі. Жасқа байланысты ерекшеліктері.

102. Көкбауыр. Көкбауырдың ақ және қызыл пульпасы, олардың құрылысы және тіндік құрамы. Көкбауырдың қанайналымының ерекшеліктері.Қалпына келу мүмкіндіктері және жасқа байланысты өзгерістері.

103. Тыныс алу және асқорыту жолдарындағы лимфалық фоликулдар (жеке және топтасқан) туралы түсінік.

104. Эндокриндік жүйе. Морфо- функциональдық сипаттамасы.. Жіктелуі. Нысана- жасушасы және гормон туралы деген ұғым. Эпифиз; даму көздері, құрылысы, секреторлық қызметтері. Эпифиздің эндокриндік жүйедегі алатын орны және ролі.

105. Гипоталамус. Нейросекреторлық бөлімдері.. Құрылысы; үлкен және ұсақ жасушалы ядролары. Нейросекреторлық жасушалардың қызметі мен құрылысының ерекшеліктері.

106. Гипоталамо- аденогипофизарлы және гипоталамо нейрогипофизарлы жүйесі туралы ұғым. Функциональдық және құрылымдық маңызы. Нейросекреторлық клеткаларға сипаттама. Нейрогемальдық мүшелер, оның қанмен қамтамасыз етілуінің ерекшеліктері. Аксовазальдық синапстар.

107. Гипофиз. Эмбриональдық дамудың негізгі кезеңдері. Құрылысы: адено және нейрогипофиздің тіндік және жасушалық құрамы. Аденоциттердің морфо- функциональдық сипаттамасы, оның гормональдық статусының бұзылуына байланысты өзгеруі. Қызметінің реттелуі.

108. Қалқанша безінің морфо- функциональдық сипаттамасы. Эмбриональды дамудың негізгі кезеңдері мен құрылысы: Тіндік және жасушалық құрамы. Қызметтелік маңызы. Тироциттердің секреторлық циклінің сатылары. Парафоликулярлық эндокриноциттер олардың құрылысы,орналасуы, қызметтері.

109. Қалқанша маңы безінің морфо- функциональдық сипаттамасы. Даму көздері. Тіндік және жасушалық құрамы. Қызметілік маңызы. Минералды заттардың алмасуын реттеудегі маңызы. Жасқа байланысты өзгеруі.

110. Бүйрек үсті безінің морфо- функциональдық сипаттамасы. Даму көздері. Қыртысты және милы заттың құрылысы және тіндік құрамы.Жасушалық құрамы және гормондары Бүйрек үсті безінің секреторлық қызметі және оның реттелуі. Жасқа байланысты өзгеруі.

111. Диффузды эндокриндік жүйе туралы түсінік. Орналасуы. Даму көздері туралы қазіргі кездегі көзқарастар. Гормон бөлетін жасушаларға морфо- функциональдық сипаттамасы.

112. Ауыз қуысы. Кілегейлі қабығының гистофункциональді сипаттамасы. Кілегейлі қабық эпителиінің құрылымдық және гистологиялық ерекшеліктері. Базальді мембрана. Меншікті пластинкасы. Қан тамырлары мен иннервациясы (нервтері). Физиологиялық және репаративті регенерациясы (қайта дамуы). Кілегейлі қабық эпителиінің жасқа байланысты өзгеруі.

113.Ерін. Еріннің тері, аралық және кілегейлі бөліктеріне сипаттама. Ерін бездері. Ерін тартпасы, оның құрлысы.

114. Ұрт. Ұрттың максилярлы, мандибулярлы және аралық бөліктері. Ұрт бездері. Ұрттың май бездері және олардың Құрылысы.

115 Қатты таңдай. Қатты таңдайдың безді және майлы бөліктері. Шеткі аймағы мен таңдай тігісі.

116.Тілшік және жұмсақ таңдай. Олардың кілегейлі қабықтарының ауыз және мұрын бөліктері.

117.Ауыз қуысының түбі. Ерін мен ұрттың алдынғы қатпары. Астынғы және үстіңгі ерін тартпаларының құрылысы. Тіл асты қатпары және шықшық безінің емізікшесі.

118. Тістер. Тістерге жалпы морфо-функционельді сипаттама. Тістің қатты және жұмсақ тіндері.

119.Эмаль (кіреуке), оның микроскопиялық және ультрамикроскопиялық құрылысы. Физико-химиялық қасиеті. Эмальдағы эмаль призмалары. Олардың түрлері мен құрылысы. Эмальдағы ашық және күңгірт (Гунтер-Шрегер) жолақтары және эмальдің өсу сызығы (Ретциус). Эмаль жіпшелері мен эмальдық будалар. Эмаль призмасының аралық заты. Эмальдың қоректенуі мен инвестелінуі және зат алмасу ерекшеліктері. Әр түрлі тістердегі эмальдың құрылысы. Эмаль-дентин аралық байланыс. Эмаль-цемент аралық байланыс. Эмальдің беткі қабаттарының құрылысы. Кутикула, пелликула, бұлардың маңызы. Эмальдағы әртүрлі заттардың сіңуі. Тіс қақтары мен тастары.

120.Дентин. Микро-ультрамикроскопиялық құрылысы. Дентиннің негізгі заты. Дентин талшықтары. Радиальді және тангенциальді талшықтар. Дентин түтікшелері және дентіннің тіршілік жағдайына дентинобластың маңызы. Дентиннің известелінуі, дентин шарлары. Интерглобулярлы дентин. Дентиннің дәнді қабаты. Плащты немесе жабынды дентин. Пульпа маңындағы дентин. Дентиннің контурлы сызығы (Оуэн). Мөлдір дентин. Предентин. Біріншілік, екіншілік және үшіншілік дентин. Дентиннің мұқалуға (сыртқы әсерге) беретін жауабы.

121. Цемент. Цементтің құрылысы. Жасушалы және жасушасыз цемент. Цементоциттер. Цементтің негізгі заты. Цементтің талшықты негізі. Цемент түрлерінің бір түбірлі және көп түбірлі тістердегі топографиясы. Цементтің қоректенуі.

122. Тістердің жұмсақ тіні. Тістердің жұмсақ тінінің (пульпа) құрылыс ерекшелігі. Пульпаның морфо-функциональді маңызы Пульпаның аралық заты. Аралық затының гистохимиялық сипаттамасы. Пульпоциттер. Пульпаның шеткі, аралық және орталық қабатының құрылыс ерекшелігі. Тіс сауыты және тіс түбірінің пульпасының ерекшклігі. Пульпадағы қан тамырлары, нервтері. Реактивті қасиеттері, тіс пульпасының регенерациясы мен асептикалық қабынуы. Дентиклдер. Пульпаның петрификациясы.

123. Қызыл иек. Құрылысы мен гистохимиялық сипаттамасы. Қызыл иектің қабаттары. Кілегейлі қабығы. Көп қабатты жалпақ эпителиі мен меншікті пластинкасы. Қызыл иек бүртіктері (емізіктері). Қызыл иек сайы, қызыл иек қалтасы. Қызыл иек эпителиінің байланысы.

124. Тістердің бекітуші (байланыстыратын) аппараты. Периодонт, оның құрамындағы коллагенді негізі. Циркулярлы (айналмалы) байлам. Периодонттың кілегейлі қабығының (әр түрлі бөліктеріндегі) коллаген талшықтарының орналасу ерекшекліктері. Периодонттың жасушалық құрамы. Қан тамырлары мен нервті. Малассе аралшықтары, эмаль тамшылары, цементиклдер. Жасқа байланысты периодон өзгерісі. Тіс альвеоласы, құрылысы мен қызиеті. Тіс түбірі және альвеолалар арасындығы перделердің құрылыс ерекшелігі. Тіске түскен күштің әсерінен (шайнау барысындағы) тіс альвеоласы мен үстінгі және астыңғы жақтық қайта өзгеруі.

125. Беттің, ауыз қуысының, тіс пен жақтың (жүйесінің) дамуы. Ауыз шұңқыры. Бастапқы ауыз қуысы. Желбезек аппараты, оның бөліктері мен туындылары. Желбезек қалтасы, қуысы, доғалары. Беттің дамуы. Таңдайдың дамуы. Бастапқы ауыз қуысының, ауыз және мұрын қуыстарына бөлінуі. Ауыз қуысының кіреберісінің дамуы.

126. Тіс-жақ жүйесінің дамуы. Сүт тістерінің жарып шығуы. Вестибулярлы және тіс пластинкаларының түзілуі. Тіс бастамалары. Дамуы, эмальдық орган, тіс еміздігі, тіс қабы. Олардың құрылыстары дамуы және туындылары, тіс бастамасының дифференциялануы, тістің гистогенезі. Дентинобластар, олардың дентин дамуындағы маңызы. Радиальді және тангенцмальді дентин талшықтардың пайда болуы. Жабынды және пульпа маңындағы дентин. Предентин. Энамелобластар, олардың полярлық өзгеруі. Энамелогенез эмаль призмалары мен эмальдің өсу сызығының пайда болуы. Эмальдің известенуі. Неонатальді сызықтар. Тіс түбірінің дамуы. Цементобластар.Цементтің дамуындағы цементтобластың маңызы. Жасушалы және жасушасыз цементтің түзілуі. Тіс еміздігінің дифференциялануы. Тіс пульпасының дамуы. Дамып келе жатқан тістің қанмен қамтамасыз етілуі мен нервтенуі. Периодонт пен альвеола сүйегінің дамуы. Сүт тістерінің жарып шығуы. Тістердің жарып шығу теориясы. Тұрақты тістердің жарып шығуы. Тістердің алмасуы. Тіс тіндерінің физиологиялық және репаративті регенерациясы. Тістердің жасқа байланысты өзгерістері.

127. Тіл. Тілдің дамуы мен құрылысы. Тілдің кілегейлі қабығы. Тіл кілегейлі қабығының тілдің әр түрлі бөліктеріндегі ерекшіліктері. Тіл тартпасы. Жіп, саңырауқұлақ, жапырақ тәрізді тіл бүртіктері. Бұлардағы дәм сезу түйіндері. Дәм сезу апараттары. Тілдің сілекей бездері. Апоневроз және тіл перделері. Тілдің денесі.

128. Миндалиналар, олардың құрылысы мен дамуы. Миндалина крипталары. Миндалина лимфоидты фолликулалары. Олардың жасушалық құрамы. Миндалина түрлері: таңдай, жұтқыншақ дәне тіл миндалиналары Жұтқыншақтың лимфо-эпителиальді сақинасының гистофизиологиясы. Миндалиналардың физиологиялық және репаративті регенерациясы, жасқа байланысты өзгеруі.

129. Ірі сілекей бездері. Құрылысы, дамуы, гистофизиологиясы. Соңғы секреторлы және сілекей шығаратын бездің өзектерінің микро-ультрамикроскопиялық құрылысы. Сілекей бездерінің түрлері: белокты, шырышты, аралас (белокты-шырышты). Сілекейдің маңызы, химиялық құрамы. Реабсорбциялық маңызы.

Құлақ маңы, тіл асты, жақ асты бездерінің жасқа байланысты ерекшеліктері.

130. Өңеш. Қызметі,қабырғасының құрылысы,дамуы.Өңеш Қабырғасының әртүрлі

бөліктерінің құрылысы. Өңеш бездері.

131.Асқазан.Асқазан қабырғасының құрылысы, оның тіндік құрамы, әртүрлі бөліктеріндегі шырышты қабығының құрылысының ерекшеліктері. Асқазан бездерінің орналасуы, құрылысы, жасушалық құрамы.

132. Аш ішек. Даму көздері. Қабырғасының құрылысы. «Крипті- бүрлер» жүйесі ішектің құрылымдық қызметтік бірлігі ретінде. Ішектің әртүрлі бөлімдеріндегі шырышты қабығының құрылысының ерекшеліктері

133. Тоқ ішек. Даму көздері. Қабырғасының құрылысы. Атқаратын қызметіне байланысты шырышты қабығының құрылысының ерекшеліктері.

134. Аппендикс, оның құрылысы мен маңызы. Тік ішек. Қабырғасының морфо- функциональдық сипаттамасы.

135. Ұйқы безі. Морфо- функцмональдық сипаттамасы, даму көздері. Экзокринді және эндокринді бөлімдерінің құрылысы.

136. Бауыр. Бауырдың қан айналымының ерекшелігі. Бауыр бөлікшесінің құрылысы.Бөлікшілік гемокапилярлардың гистофункцинальдық сипаттамасы. Гепатоциттер, олардың құрылысы мен қызметтері. Бауырдың қалпына келу мүмкіндіктері

137. Өт қабы мен өт шығару жолдары.

138. Жалпы морфо- функциональдық сипаттамасы. Ауа өткізу жолдары мен респираторлық бөлім.

139Өкпеден тыс ауа өткізу жолдары. Ауа өткізу жолдарының қабырғасының құрылысы: мұрын қуыс, көмекей, кеңірдек және басты бронхтар. Шырышты қабығының гистофункциональдық ерекшеліктері.

140. Өкпе. Өкпе ішілік ауа өткізу жолдары:бронхтар мен бронхиолалар.Бронхтар мен бронхиолалардың диаметріне байланысты қабырғасының құрылысы.

141. өкпе ацинусы мүшенің морфо- функциональдық бірлігі ретінде. Ацинустың құрылымдық компонентері. Альвеолалардың қабырғасының құрылысы. Альвеоциттердің түрлері, олардың гистофункциональдық сипаттамасы. Сурфактантты- альвеолярлық комплекс. Аэро- гематикалық тосқауыл және оның газ алмасуындағы маңызы. Өкпе макрофагтары. Плевра.

142. Тері. Даму көздері мен эмбриональдық даму барысы.

143. Эпидермис және дерманың құрылысы. Бүртікті және торлы қабаттары, олардың тіндік құрамы. Тері бездері. Шаш. Тырнақ.

144. Несеп шығару жүйесіне сипаттама. Бүйрек. Дамуының негізгі кезеңдері. Бүйректің қыртысты және милық затының құрылысы. Қан айналымының ерекшелігі, Нефрон бүйректің құрылымдық қызметтілік бірлігі.Нефронның әртүрлі бөлімдерінің гистофизиологиясы.

145. Бүйректің эндокриндік аппаратына сипаттама.

146. Несеп шығару жолдары: несепағар, қуық, несеп шығару түтігі. Даму көздері, құрылысы, иннервациясы.

147.Аталық жыныс безі.Оның генеративтік және эндокриндік қызметі Құрылысы және қызметі. Иірілімденген ұрық өзекшелері.Спермотогенез, Гематотестикулярлы тосқауыл.

147.Ұрық шығару жолдары.Ұрық шығару өзегі, ұрық көпіршіктері, қуық асты безі. Құрылысы, қызметі. Жасқа байланысты өзгеруі.

148.Аналық жыныс жүйесі. Аналық жыныс безінің генеративті және эндокриндік қызметі. Құрылысы және қызметі.Овогенез.Сары дене. Аналық жыныс безінің гормоналды реттелуі. Жасқа байланысты ерекшелігі.

149Жатыр түтікшелері, құрылысы қызметі. Жатыр қабырғасының құрылысы және қызметі. Министруальдық цикл және оның сатылары. Қынап. Қабырғасының минуструальдық циклге байлансты құрылысы. Жасқа байланысты өзгерістері

150.Сүт бездері. Сүттенген және сүтсіз бездердің құрылысы. Құрылымдық ерекшеліктері. Лактацияның реттелуі.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 442 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кристаллоскопия| Найти своё зеркало Всем женщинам мира с любовью

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.04 сек.)