Читайте также:
|
|
Элективті пәндер
(таңдау бойынша)
1 курс | |||||
№ | Циклы | ТК № | Пәндердің атауы | Кредит саны | Семестр |
БП | ТК | а)Археологияға кіріспе б)Археология негіздері | |||
БП | ТК | а)Қазақстан археологиясы б)Орта Азия археологиясы | |||
2 курс | |||||
БП | а)Номадизмнің қалыптасуы мен дамуы б)Қазақтың отырықшылық мәдениетінің дамуы (ХҮІІ-ХІХғғ) | ||||
3 курс | |||||
- | |||||
4 курс | |||||
БП | ТК 4715 | а)Орталық Азия археологиясы б)Шығыс археологиясы | |||
БП | ТК 4727 | а)Тарихи антропология б)Тарихи география | |||
КП | ТК 4704 | а)Кеңес мемлекетінің тарихы б)Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы | |||
КП | ТК 4713 | а)Әлемдік археологиялық ескерткіштер б)Сақ скиф археологиясы | |||
КП | ТК 4716 | а)Қазақстан және Орталық Азия нумизматикасы б)Ресей нумизматикасы |
Курс
Пәннің атауы: Археология пәніне кіріспе
Бағдарламаның қысқаша курсы: Археология ғылымының жалпы даму тарихымен таныстыру. Археологиялық зерттеу жұмысының бағыттары. Барлау жұмыстары. Затарды жинау, саралау. Археологиялық ғылыми есеп, ескерткіштер тізімі, қорытынды жасау. Студенттерді археологиялық деректерді талдауға, жіктеуге машықтандыру. Әлемдік тарихи процестерді тану тұрғысында жалпы археология ғылымымен және оның даму, қалыптасу тарихын, зерттеу әдістерін, мәдениеттердің мәнін ұғындыру.
Пәннің атауы: Археология негіздері
Бағдарламаның қысқаша курсы: Археология ғылымының жалпы даму тарихымен таныстыру. Археологиялық мәдениет және этнос мәселесі. Археологиялық деректерді талдау және жіктеу. Археологиялық зерттеулердің құрылымы. Далалық жазба жүргізу және оның маңызы. Жіктеудің түрлері. Археологиялық түрлік әдістің шығуы. Пән география, мәдениеттану, тарих, тіл, антропология пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.
Пәннің атауы: Қазақстан археологиясы
Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақстан археологиясы тарихы курсының басты мақсаты студенттердің тарихи санасын қалыптастыру, оны қазіргі талаптарға сай оқытудың әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру болып табылады. Студенттерге археологиялық деректерді талдауға, жіктеуге машықтандыру; Әлемдік тарихи прцестерді тану тұрғысында жалпы археология ғылымымен және оның даму, қалыптасу тарихын, зерттеу әдістерін, мәдениеттердің мәнін ұғындыру.
Пәннің атауы: Орта Азия археологиясы
Бағдарламаның қысқаша курсы: Орта Азия елдерінің Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан жеріндегі археологиялық мәдениеттер. Олардың ашылу мен зерттелуі. Негізгі ерекшеліктері, таралу аймағы. Көршілес және алыс, жақын археологиялық мәдениеттермен байланысы. Курс барысында студенттер Орта Азияның археологиялық ескерткіштері мен мәдениеттері жайлы түсінік қалыптастырады..
Курс
Пәннің атауы: Номадизмнің қалыптасуы мен дамуы
Бағдарламаның қысқаша курсы:
Көшпелілік эволюциясы және Қазақстан жеріндегі этногенетикалық процесстер ерекшеліктері. Шаруашылықтың, өмір салтының, заттай және рухани мәдениеттің, тіл мен шығу тегінің, мінез-құлқымен болмыстың ортақтығы.
Пәннің атауы: Қазақтың отырықшылық мәдениетінің дамуы (ХҮІІ-ХІХғғ)
Бағдарламаның қысқаша курсы: Орта ғасырлардағы қалалардың дамуын, рухани және материалдық мәдениет дамуын, діндер алуан түрлілігі мен мәдени құндылықтар т.б. экономика, сауда дамуы, жол соқпақтары бағытын ашып көрсету.
Курс
-
Курс
Пәннің атауы: Орталық Азия археологиясы
Бағдарламаның қысқаша курсы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Монғолия жеріндегі археологиялық мәдениеттер. Олардың ашылу мен зерттелуі. Негізгі ерекшеліктері, таралу аймағы. Көршілес жіне алыс, жақын археологиялық мәдениеттермен байланысы. Курс барысында студенттер Орталық Азияның археологиялық ескерткіштері мен мәдениеттері жайлы оқып үйренеді.
Пәннің атауы: Шығыс археологиясы
Бағдарламаның қысқаша курсы: Қытай археологиясы. Монғолия археологиясы. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері археологиясы. Қазақстан археологиясы. Негізгі археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштер. Тарихи, мәдени сабақтастық мәселелері. Студенттер курс барысында шығыс елдерінің археологиялық мәдениеттерімен, ескерткіштерімен танысып, мағлұматтар алады.
Пәннің атауы: Тарихи антропология
Бағдарламаның қысқаша курсы: Тарихи антропология пәні студенттерге антропологиялық жағынан салыстырмалы талдауға, адамның шығу тегі мен дамуын, дене құрылысын, Нәсілдік ерекшеліктерін зерттей отырып баламалы түрде оқыту. Тарихи антропология пәнінің қазіргі күндегі өзекті проблемалыры яғни адамның дене құрылыс ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуын қарастырады.
Пәннің атауы: Тарихи география
Бағдарламаның қысқаша курсы: Тарихи география курсы студенттерге Қазақстанның жер бедерінде болып жатқан экзлгендік табиғи құбылыстарды, анторпогендік факторлардың әсерінен өзгеріп жатқан құрылымдарды зерттей отырып мәлімет береді. Сонымен бірге Қазақстан аумағындағы ландщафтық өзгерістерді картаға түсіру, шөлді және таулы жерлердің ландшафтарын одан әрі жіктеуді, бүкіл республика жері мен жекелеген аудандар сұлбасына қатысты мәселелерді қарастырады.
Пәннің атауы: Кеңес мемлекетінің тарихы
Бағдарламаның қысқаша курсы:. Кеңес мемлекетінің құрылуы. Бұрынғы Ресей құрамындағы республикалардың тарихын қамтиды. Кеңес Одағы ыдыраған соң, аталған республикалар жеке-жеке тәуелсіз мемлекеттерге айналды. КСРО кезінде бұл елдердің тарихы тек Ресей мемлекеті негізінде келді. Мемлекеттердің даму процесінің әрқилы жолдары, экономикалық және саяси дамуының негізгі заңдылықтары. Әрбір мемлекеттің ұлттық тарихын есепке ала отырып, соның негізінде студенттерге тыңғылықты білім қалыптастыру.
Пәннің атауы: Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы
Бағдарламаның қысқаша курсы: Екінші дүниежүзілік соғыстың туу себептері. Австрия-Венгрия, Германия, Италия мемлекеттерінің арасындағы алауыздық. Соғыстың әлеуметтік, экономикалық, саяси себептері. Екінші дүниежүзілік соғыстың барысы. Аяқталуы мен нәтижелері.
Пәннің атауы: Әлемдік археологиялық ескерткіштер
Бағдарламаның қысқаша курсы: Курс Европа, Азия, Африка, Америка елдерінің тарихымен, мәдениетін жан-жақты танып-білуге, әлемдік археология ғылымының даму тарихы және археологиялық зерттеу мәселелерімен танысуға мүмкіндік жасайды. Курс ежелгі дүние, ортағасырлар тарихымен, мәдениеттану, архитектура курстарымен тығыз байланыста оқытылады. Студенттердің білімінодан әрі жетілдіру, бұрынғы және қазіргі уақыттағы маңызды археологиялық ашылулармен, археология ғылымындағы зерттеу проблемаларымен таныстыру.Әдістемелік археологиялық тарихи танымды меңгеру және шетелдік зерттеулердің археология бойынша әдістемелерімен таныстыру.
Пәннің атауы: Сақ, скиф археологиясы
Бағдарламаның қысқаша курсы: Сақ және скиф археологиясы курсы студенттерге осы кезең ескерткіштері туралы мәліметтер береді. Сонымен бірге археологиялық кезеңдерге бөлу, Хронологиялық кезеңдергң бөлу және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы құнды ақпараттар көзі болып табылады. Сақ, скиф археологиясының қалыптасуы және дамуы. Сақ, скиф археология курсының басты мақсаты студенттердің тарихи санасын қалыптастыру, оны қазіргі талаптарға сай оқытудың әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру болып табылады.
Студенттерге Сақ,скиф археологиясының деректерін талдауға, жіктеуге машықтандыру, әлемдік тарихи прцестерді тану тұрғысында жалпы археология ғылымымен және оның даму, қалыптасу тарихын, зерттеу әдістерін, мәдениеттердің мәнін ұғындыру.
Пәннің атауы: Қазақстан және Орталық Азия нумизматикасы
Бағдарламаның қысқаша курсы: Курс барысында студенттер Қазақстан және Орталық Азия нумизматикасы туралы оқып үйренеді. Ежелгі және ортағасырлық монеталар. Зерттелуі мен ғылыми айналымға қосылуы.
Пәннің атауы: Ресей нумизматикасы
Бағдарламаның қысқаша курсы: Курс барысында студенттер Ресей нумизматикасы туралы оқып үйренеді. Оның ерекшеліктері мен қалыптасуымен танысады. Ежелгі және ортағасырлық монеталар. Зерттелуі мен ғылыми айналымға қосылуы.
5В020500-Филология:шетел филолгиясы (түрік филологиясы)
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 375 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Элективті пәндер | | | Элективті пәндер |