Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Мәтіндік файлдарды қолданып, программаларды құру.

Читайте также:
  1. Дәріс. Массивтер. Бірөлшемді және екіөлшемді массивтерді өңдеуге арналған программаларды құру
  2. РСФСР Денсаулықсақтаудың халықтық комитетін құру.
  3. Тақырып. Арифметикалық өрнектер. Сызықты программалар.
  4. Тақырып. Бірөлшемді массивтер
  5. Тақырып. Бірөлшемді массивтерді өңдеу.
  6. Тақырып. Екі өлшемді массивтер
  7. Тақырып. Екі өлшемді массивтерді өңдеу.

Әдістемелік ұсыныс: Мәтіндік файлдарды өңдеу үшін арналған есептерді шығаруға алгоритмнің құру және программасын жазу.

Тасырмалар варианттары:

1. Бірдей өлшемі бар Name1 мен Name2 атты екі бүтін санды файлдар берілген. NameТ жаңа файлды құру, онда сандар 2 бағанада ені 30 сивол арқылы орналасады: біріншісі Name1 файлдан алынған сандарды, ал екіншісі - Name2 файлдан алынған. Жолдың соңымен басына " | " (код 124) бөлгішін қою. Сандар бағананың сол1|оң2 жағымен тегістеліеді.

2. Нақты сандардан тұратын үш бағаналы кестесі бар NameT атты мәтіндік файл берілген. Кестедегі бағаналардың ені және оның тегістеу әдістері еркін болып табылады. Арнайы бөлгіш-символдар кестенің құрамында жоқ. Name1, Name2 и Name3 атты нақты сандардан тұратын файлдарды құру, оның әркайсысы кестенің сәйкесті бағанасынан алынған сандардан құралады.

3. Бүтін сандардан тұратын үш бағаналы кестесі бар мәтіндік файл берілген. Кестедегі бағаналардың ені және оның тегістеу әдістері еркін болып табылады. Кестенің әр жолының басымен соңына және бағаналардың арасына бөлгіш-символдар қойылып шыққан. Бүтін сандардан тұратын файлды құру, ол берілген кестенің әр жолындағы сандардың қосындысынан құралады.

4. Мәтіндік файл берілген. Символдық файлды құру, оның құрамына мәтінде кездесетін барлық қайталанбайтын символдарді (пробел мен тыныс белгілеріде кіреді) енгізу. Символдарді олардың кодтарының кему тәртібі бойынша орналастыру.

5. Мәтіндік файл берілген. Символдық файлды құру, оның құрамына мәтінде кездесетін барлық қайталанбайтын символдарді (пробел мен тыныс белгілеріде кіреді) енгізу. Символдарді олардың мәтінде бірінші кездескен реті бойынша орналастыру.

6. NameT атты мәтіндік файл берілген. Кіші әріппен жазылған ("а"–"я") орыс әріптерін неше рет қайталанғанын есептеу және NameS атты жолдық файлды құру, олардың элементтері келесі түрде орналассын: "<әріп>–<берілген әріптің қайталану саны>". Мәтінге кірмеген әріптерді қоспау керек. Жолдарды әріптердің қайталану санның кему тәртібі бойынша реттеу, ал қайталану санның мәні бірдей болса - әріптердің кодтарының өсуы бойынша реттеу.

7. N бүтін сан және сол жағымен тегістелінген Name1 атты мәтіндік файл берілген. Ені N позициядан аспайтындай және мәтінді оң жағымен тегістеп файлды форматтау. Жолдың соңындағы пробелдерды жою. Форматталган мәтінді жаңа Name2 файлында сақтау.

8. N бүтін сан және сол жағымен тегістелінген Name1 атты мәтіндік файл берілген. Оның абзацтары бір бірімен бос жол арқылы бөлінген. Ені N позициядан аспайтындай және мәтінді сол жағымен тегістеп файлды форматтау. Жолдың соңындағы пробелдерды жою. Форматталган мәтінді жаңа Name2 файлында сақтау.

9. Орыс тілінде жазылған мәтін және 10 саннан тұратын К-жолы берілген. Жолдың i-позициясында тұратын әр әріпті сол регистрдің әріпіне циклдіқ алмастыруды орындап файлды шифрлау (ол әріп алфавитте шифрлайтын әріптен K[i]-позициядан кейін орналасады; К жолының символдары да цикл бойынша іріктелінеді: i = 11 үшін қайтып K[1] алынады және т.б). Алфавитте "ё" әріпті есептемеу, тыныс белгілері мен пробелдерды өзгертпеу.

10. Орыс тілінде жазылған мәтін және S1-жолы берілген. Мәтін келесі ереже бойынша шифрланған: жолдың i-позициясында тұратын әр әріпті сол регистрдің әріпіне цикл бойынша алмастырылған (ол әріп алфавитте шифрлайтын әріптен K[i]-позициядан кейін орналасады); К жолының символдары да цикл бойынша іріктелінеді: i = 11 үшін қайтып K[1] алынады және т.б. Алфавитте "ё" әріпті есептемеу, тыныс белгілері мен пробелдерды өзгертпеу. S1 жолы мәтіннің бірінші шифрі ашылған жолы болып табылады. Қалған жолдардың шифрін ашып файлда шифрланған мәтінді шифрі ашылған мәтінге ауыстыру. Егер шифрді ашу үшін ақпарат жеткілікті болмаса, онда берілген файлды өзгертпеу.

Негізгі әдебиет: 1 [119-139].

Қосымша әдебиет: 5 [16-19],6 [87-95], 7 [359-369].

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 327 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырып. Жазбалар. | Тақырып. Мәтіндік файлдар. | Тақырып. Функция графигін тұрғызу. | Тақырып. Тармақты есептеу процессін программалау. | Тақырып. Бірөлшемді массивтерді өңдеу. | Тақырып. Екі өлшемді массивтерді өңдеу. | Тақырып. Символдық мәліметтерді өңдеу. | Тақырып.Процедураларды қолданып, программалар құру. | Тақырып.Процедураларды қолданып, программалар құру. | Тақырып.Жазбаларды қолданып, программаларды құру. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Жиындар.| Здік бақылау үшін тест тапсырмалары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)