Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тістің формуласы. Слайд №6.

Читайте также:
  1. VIII. Физкультминутка (слайд№14)
  2. Задание 5. Студентам диагностировать ткани и органы по слайдам.
  3. Настройка фона слайдов
  4. Слайд 1. Поиск биологических оснований сознания – почему в биологии?
  5. Слайд 1/1. История психологии – история выбора собственных оснований
  6. Слайд 1/2. История психологии – история выбора собственных оснований
  7. Слайд 10.Поиск оснований в физиологическом: контраргументы

Тістің құрылысы және гигиенасы.

Сабақтың тақырыбы: Тістің құрылысы және гигиенасы.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға тістің құрылысы, тістің эволюциясы және гигиенасы туралы кең көлемдегі түсінік беру.

2. Дамытушылық. Қосымша мәліметтер беру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырып,танымдық ой-өрісін дамыту.

3. Тәрбиелік. Оқушылардың тісті күтуге, тіс ауруларының алдын алуға және гигиеналық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: Химия, математика, қазақ тілі.

Сабақтың көрнектілігі: Слайдтар, тірек-сызбалар, суреттер, тест тапсырмалар, мақал-мәтелдер, топпен жумыс, бес жолды өлең.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сурау.

Ызығушылығын ояту. Слайд №2.»Терминдер кабинеті».

а). Асқорыту жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар.

б). Ауыз қуысының құрылысы қандай? (1)

в). Жұтқыншақ құрылысы қандай? (2)

г). Өңештің құрылысы қандай? (3)

д). Асқазанның орналасқан орнын және құрылысын сипаттаңдар. (4)

е). Аш ішек қандай бөлімдерден тұрады? (5)

ё). Тоқ ішектің құрылысы қандай? (6).

Слайд №3. Нақты сандар кабинеті.

а) Сандарға анықтама беру.

11-13 см ересек адамның жұтқыншақтын ұзындығы.

25 см өңештің ұзындығы іші қуыс бұлшықетті мүше.

5,5-6 метр,бұл адамның аш ішектің ұзындығы.

25-30 см, аш ішектің асқазаннан басталған бөлімі -ұлтабар.

1,5-2 метр, тоқ ішектің ұзындығы аш ішектең екі еседей жуан.

7-8 см-дей құрт пішінді тұйық өскін соқыр ішек болады.

III. Жаңа сабақ. Слайд №4.

1. Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

(тіс)

2. Тістің құрылысы және гигиенасы. Слайд №5.

Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тіс сауытының сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған. Кіреуке адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы милиметр ауданы 400 кг-дай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95% кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында Ғ.Си, Zn,Ғе, Si және т.б. заттар кездеседі. Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі -тіс сауыты. Тістің келесі бөлімі-мойны. Тіс мойны арқылы тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі-түбірі. Тістің түбірі жақ сүйектеріндегі арнайы ұяшықтарда орналасқан.

Ауыз қуысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсақталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толық шайналған, әрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Адамның да тістері басқа сүтқоректі жануарларға ұқсас жеке топтарға бөлінеді. Олар пішіні мен қызметіне қарай күрек тіс, сойдақ тіс, кіші және үлкен азу тістер.

Тістің формуласы. Слайд №6.

1. Күрек тіс (Incisivi)-i, инсизиви.(латынша)

2. Сойдақ тіс (canini)-c, канини.

3. Кіші азу тіс (praemolaress)- pm, праемоларесс.

4. Үлкен азу тіс (molaress)- m,моларесс.

Ересек адамдарда 28-32 тұрақты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақ сүйектерінде 16 тіс бар.

Сәби дүниеге тіссіз келеді.Сәбидің 6-9 айлығында алғаш рет күрек тістері шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер. 6-7 жастан бастап сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістер шығады.12-14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен тістер 18-20 жаста шығады. Оларды кеш шықандықтан «ақыл тістер» деп атайды.

Мұғалімнің сөзі. «Тіс бүлінді дегенше,іш бүлінді.Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.

Бұны екі жақ сүйектің бір жағындағы тістер көрсетілген тіс формуласымен білдіруге болады: Слайд №7.

8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8

8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1022 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Учет расчетов по краткосрочным и долгосрочным кредитам| Слайд 18. Үйге тапсырма.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)