Читайте также:
|
|
Статистика латын тiлiнен аударғанда “мемлекет” деген мағынаны бiлдiредi. Сондықтан статистика мемлекет туралы мәлiметтердi жинау, мемлекеттi басқару қажет болғандықтан пайда болған ғылым деп аталады.
Статистика дегенiмiз - қоғамдық ғылым, ол қоғам құбылыстарын сан мөлшері жағынан, сапалық жағымен тығыз байланыстырын зерттейдi. Статистика ғылымы статистикалық пәндердiң жүйесi болып табылады. Осы жүйе үлкен үш блокқа бөлiнедi. Статистика ғылымының пәнi объективтi статистикалық көрсеткiш. Бiрақ статистика ғылымының әр блогы бұл ғылымда әр түрлi көзқараспен қарастырады:
- Математикалық статистикада объективтi статистикалық көрсеткiштi тек сан мөлшеріне назар аударады. Ол көптiк мәлiметтермен жұмыс iстейтiн құралдарды дайындайды..
- Статистиканың жалпы теориясы - сан шамаларының теориясы болып табылады. Статистиканың жалпы теориясы үшiн көрсеткiш ненi сипаттайтынын көрсетедi. Мысалы, құрамын, көлемiн, санын, пропорциясын көрсетедi.
- Әлеуметтiк экономикалық статистика үшiн объективтiлiк статистикалық көрсеткiштердiң мазмұны шамасы қарастырылуы қажет. Ол бiрнеше салаға бөлiнедi. Мысалы, шаруашылық, мәдени.
Статистикалық зерттеу үш кезеңнен өтуi керек:
- Мәлiметтердi жинау күрделi маңызды кезең болып табылады, себебi, мәлiметтердiң дәлдiгi, толықтығы, дұрыстығы зерттеудiң мақсатының жүзеге асырылуына әсер етедi;
- Мәлiметтердi өңдеу, топтастыру, бiр жүйеге келтiру;
- жиналған, өңделген мәлiметтердi талдау.
Әр кезеңде әр түрлi әдiстер қолданылады, мәселен, бiрiншi кезеңде статистикалық бақылау қолданылады, екiншi кезеңде оның мақсатына сәйкес статистикалық шамалар, топтастыру, график, кесте әдiстерi қолданылады, ал, үшiншi кезеңде құбылыстардың даму бағыттарын анықтайтын, өзара байланыстыратын, зерттейтiн әдiстер қолданылады. Олар: вариация, динамика, индекс, коррелекция, регрециялық әдiстер.
Кедендiк статистикалық бақылау дегенiмiз - жоспарлы түрде ғылыми ұйымдастырылған мемлекеттiң сыртқы сауда құбылыстарының және процесстерiнiң мәлiметтерiн жинау. Статистикалық бақылау кеден статистикасы әрекеттерiнiң алғашқы сатысы болып табылады. Статистикалық зерттеудi жүргiзу статистикалық бақылаудың екi түрiне бөлiнедi:
- статистикалық есеп беру;
- арнайы ұйымдастырылған бақылау.
Арнайы ұйымдастырылған бақылау процесiнде статистикалық есеп беруде болмаған мәлiметтердi жинау жүргiзiледi. Кеден органдарының белгiленген тәртiптегi, есеп беру құжаты түрiндегi қажеттi статистикалық ақпаратты алудың нысаны статистикалық есеп беру деп аталады. Статистикалық есеп беру жүктiң кедендiк декларациясына негiзделедi.
Құбылыстарды қамту дәрежесi бойынша статистикалық бақылауды екiге бөлемiз:
- жаппай;
- жаппай емес.
Жаппай бақылауда жинақ бiрлiктерiнiң барлығы бақылауға алынады.
Жаппай емес бақылау жүргiзуде статистикалық бақылауға барлық бiрлiктер алынбайды. Бұл бақылау түрiнде бiрлiктер iрiктеледi. Тiкелей бақылауда құбылыстың тiркелген қажеттi мәлiметтерiн жинайтын арнаулы тұлға өзi тiкелей мөлшерлеп, санап т. б. жолдар арқылы мәлiмет жинайды. Құжат арқылы куәландырылатын мәлiметтердi жинау құжатты бақылау деп аталады.
Тауарларды кедендiк статистикалық бақылау үш түрде болады:
- тiкелей - бұл жерде жүктiң кедендiк декларациясында жазылған мәлiметтер тiкелей есептеледi;
- үзiлiссiз - яғни, мемлекеттiң кедендiк шекарасы арқылы бақылау бiрлiгiнiң өту фактiсiн жүйелi түрде тiркеу;
- жалпы - статистикалық бақлауды» зерттелетiн бiрлiктерiнiң барлығын тiркеу.
Кедендiк статистикалық бақылау алдын-ала жасалған бақылау бағдарламасы бойынша тiркеу жолымен жүзеге асырылады. Статистикалық бақылауды жүргiзу процесiнде тiркелуге жататын бақылау бiрлiктерiнiң белгiсiн тiзiмдеу бақылау бағдарламасы болып табылады.
Мемлекеттiң кедендiк шекарасы арқылы тасымалданатын әрбiр тiркелген жеке тауар кеден статистикасының бақылау бiрлiгi болып табылады. Ал, бақылау бақылау бағдарламасы болып бақылау бiрлiгiнiң белгiсiнiң тiзiмi саналады. Ол тiзiм он үш позициядан тұрады. Олар:
- есеп беру кезеңi;
- тауар айналымының бағыты;
- тауарлардың шыққан елi;
- белгiленген мемлекет;
- тауардың статистикалық құны;
- тауарлардың коды және атауы;
- нетто салмағы;
- қосымша өлшем бiрлiктерiнiң атауы және коды;
- қосымша өлшем бiрлiктерi бойынша мөлшері;
- келiсiм мiнездемесi;
- кедендiк режимнiң түрi;
- тауар жөнелтушi мен алушының категориясы;
- тауар өткiзiлген аймақ.
Бақылау бiрлiгiнiң белгелерiнiң тiзiмi жүктiң кедендiк декларациясының құрамдық бөлiгi болып табылады. Жүктiң кедендiк декларациясының бiрдей толтырылуын қамтамасыз ету мақсатында толтырудың жалпы ережесi белгiленген. Осы ережеге жiктеу кодтары қосымша берiледi.
Мемлекеттiң сыртқы саудасының динамикасын статистикалық бақылау екi аспектiден жүргiзiледi:
- орны;
- уақыты.
Статистикалық бақылау орындары дегенiмiз - бұл сыртқы сауда келiсiм шарттарының орындалу фактiсi тiркелетiн орындар: кеден органдары, яғни, кеден бекеттерi, кедендер, кеден басқармалары, кедендiк бақылау агенттiгi кедендiк статистикалық бақылау орындары деп аталады.
Статистикалық бақылау уақыты дегенiмiз - мемлекеттiң кедендiк шекарасы арқылы тауарлардың өту фактiсiнiң тiркеу кезеңi. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес ай, квартал және жыл статистикалық бақылаудың уақыты болып саналады. Жалпы алғанда, статистикалық бақылау уақыты бойынша үшке бөлiнедi:
- үзiлiссiз ағымды бақылауда туындаған құбылыс күнбе-күн әрдайым үнемi жүргiзiледi;
- дүркiндi бақылау арнайы белгiленген уақытта мезгiл-мезгiлiмен жүргiзiледi;
- қажетiне қарай белгiлi мүдде үшiн анда-санда құбылысты тiркеу мерзiмдiк бақылау деп аталады.
Кеден статистикасы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда балансының құрылуының негiзi болып табылады. Мемлекеттiң экспорты мен импортының жалпы құнының сәйкестiгi және белгiленген уақыт кезеңiндегi мемлекеттiң сыртқы саудасындағы сальдоның мағнасы мемлекеттiң сыртқы сауда балансы деп аталады.
Сальдо дегенiмiз - экспорт пен импорт құнының арасындағы белгiленген уақыт кезеңiндегi ақшалай түсiмдер мен шығындар арасындағы әртүрлiлiк. Экспорттың құндық көлемi импорттың құндық көлемiнен жоғары болған кездегi баланс сыртқы сауданың активтi балансы деп аталады. Импорттың құндық көлемi экспорттың құндық көлемiнен жоғары болған кездегi баланс сыртқы сауданың пассивтi балансы деп аталады.
Статистикалық бақылау нәтижесiнде алынған мәлiметтер талдауға келмейтiн материал болып табылады. Сондықтан статистикалық бақлаудың бiрiншi кезеңi аяқталғанда, яғни, бақыланатын құбылысты сипаттайтын мәлiметтер жиналып болғаннан кейiн келесi статистикалық әрекетке көшедi. Дәлiрек айтқанда, бақылау бiрлiктерiнiң белгiлер тiзiмiне сәйкес алынған статистикалық көрсеткiштердi келiстiру жүргiзiледi. Статистикалық келiстiру статистикалық бақлаудың екiншi кезеңi болып саналады. Ол төмендегi әрекеттерден құралады:
- Топтық және жалпы нәтижелердi санау, өңдеу және жүйелеу.
- Статистикалық бақылау мәлiметтерiн топтастыру және топтар мен топшаларды сипаттау үшiн көрсеткiштер жүйесiн құру.
Статистикалық топтастыру дегенiмiз - белгiлi бiр белгiсi, қасиетi бойынша ұқсас болып келетiн бiрлiктер жиынтығының құрылу процесi. Топтау кезiнде топтау белгiсi бойынша бiрдей немесе жақын келетiн бiрлiктер жиынтығы құрылады. Тауарлар мен көлiк құралдарының топтау белгiсi топты құрудың негiзi болып табылады. Статистикалық топтастыру төмендегiдей негiзгi элементтерден құрылады:
- Топтастыру негiзi - ол бiрлiктердi топтарға бөлгенде алынған белгi.
- Жиiлiлiк - құрылған топтардағы бiрлiктердiң санының жиiлiгi.
- Үлесi - әр топтың жалпы жинақтағы бiрлiктерiнiң саны iшiндегi үлес салмағын көрсетедi.
Топтастырудың атқаратын мiндеттерi бойынша оны келесiдегiдей түрлерге бөлемiз:
- типтiк;
- құрамдық;
- аналитикалық.
Типтiк топтастырулар құбылыстың типологиясын анықтау үшiн қолданылады. Типтiк топтастыру арқылы құбылыстың классификациясы жасалады. Классификация дегенiмiз - тұрақты топтастыруларды айтамыз.
Құрылымдық топтастыру көмегiмен құбылыстың құрамы анықталады. Бұл ең жиi қолданылатын топтың түрi. Құрамдық топтастырудың негiзiнде үйлестiру қатарлары құрылады. Топтастырудың негiзiне алынған белгi сапалық немесе сандық болуы мүмкiн. Топтастыру негiзi ретiнде сапалық белгi алынса вариациялық қатар пайда болады.
Аналитикалық топтастыру құбылыстың дара байланыстарын зерттегенде қолданылады. Топтастырудың негiзiне алынған белгiлердiң саны бойынша топтастыруларды жәй және құрастырылған деп бөлемiз: бiр белгi бойынша топтастыру жүргiзiлсе - оны жәй топтастыру, ал, топтың негiзiне алынған белгiлердiң саны екiден көп болған кезде бұл топтастыруларды құрастырылған топтастыру деп атаймыз.
Сыртқы сауда статистикасының мәлiметтерiн топтастыру кезiнде халықаралық тәжiрибеде көбiнесе, төмендегiдей топтастыру белгiлерi алынады:
- сыртқы сауданың жалпы нәтижелерi;
- мемлекеттiң тобы бойынша сыртқы сауда;
- мемлекеттер бойынша сыртқы сауда көлемi;
- СЭҚ ТН тауарлық топтары бойынша тауарлардың экспорты мен импорты;
- алыс шет елдермен сауда кезiндегi тауарлардың экспорты мен импорты;
- ТМД елдерiмен сауда жүргiзу кезiндегi тауарлардың экспорты мен импорты;
- мемлекеттер бойынша тауарлардың экспорты мен импортын үйлестiру;
- мемлекет пен тауарлық топтар бойынша тауарлардың экспорты мен импорты.
Егер, қажет болған жағдайда кеден статистикасындағы топтастыру келесi белгiлер арқылы да жүзеге асырылады:
- режим бойынша;
- СЭҚ қатынастарының категориясы бойынша;
- тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдары бойынша.
Статистикалық бақылау мен топтастырудың нәтижесi негiзiне статистикалық кесте түрiнде көрсетiледi. Статистикалық кесте көмегiмен берiлген статистикалық мәлiметтердi қолдану оңайға түседi. Статистикалық кесте деп құбылыстар мен процестер туралы статистикалық мәлiметтердi көрсетудiң белгiлi бiр нысанын айтамыз. Құрылымдық жағынан кесте бұл тiк және көлденең сызықтардың қиылысуынан пайда болатын торлардың жиынтығы мазмұны жағынан кесте бастауышы мен баяндауышы бар жай сөйлем секiлдi болып келедi. Статистикалық кестенiң бастауышы статистикалық жиынтықтың бiрлiгi немесе бiрлiктер тобы болып табылады. Кестенiң бастауышын бейнелейтiн сандық мәлiметтер статистикалық кестенiң баяндауышы болып табылады.
Статистикалық кестенiң мiндеттi түрде атауы болады. Ол кестедегi мәлiметтердiң қысқаша мазмұнын көрсетуi қажет. Бастауыштың құрылуына қарай кестелердi үш түрге бөлемiз:
- жай;
- топтық;
- құрамалы.
Ал, баяндауыштың құрылуына қарай жай баяндауышы бар және күрделi баяндауышы бар деп бөлемiз. Бақыланатын жиынтықтарының, бөлек бiрлiктерiнiң тiзiмiн көрсететiн кесте жай статистикалық кесте болып бөлiнедi.
Белгiлi бiр қасиетi бойынша бақыланатын бiрлiктердiң тобынан құралатын кесте топтық статистикалық кесте болып табылады.
Бiрнеше қасиетi бойынша бақыланатын бiрлiктердiң тобынан құрылатын кесте құрамалы кесте болып табылады.
Статистикалық кестелер талданатын көрсеткiштер арасында бiр-бiрiне тәуелдiлiктi белгiлеуге бақыланатын құбылыс заңдылықтарын анықтауға мүмкiндiк беретiн оларды таңдауға құқығы болып табылады. Статистикалық кестелер төмендегi ережелер бойынша құрылады:
- кесте мазмұнын көрсететiн кестенiң атауы болуы тиiс;
- кестеде бақыланатын құбылысты толық көрсететiн мәлiметтер ғана берiлуi тиiс;
- тiк және көлденең жолдар атауы барынша қысқа болуы тиiс;
- барлық сандық мәлiметтердi бiрдей дөңгелектеу қажет;
- егер, көрсеткiштердiң өлшем бiрлiктерi бiрдей болса, онда бұл жағдай кестенiң атауының құрамында көрiнедi, бiрақ әр түрлi өлшем бiрлiктерiмен өлшенетiн болса, онда «өлшем бiрлiктерi» графасын қосу керек;
- қажет болған жағдайда кесте нәтижесi есептелуi қажет;
- мiндеттi түрде кестенiң астында сандық мәлiметтердiң қайнар көзi көрсетiлуi қажет;
- кестеде құбылыстың өсуi немесе төмендеуi процент түрiнде дұрыс емес болып табылады;
- егер, кесте құрушыда белгiлi бiр кезеңнiң мәлiметтерi болмаса, онда қажеттi графада көп нүкте белгiсi болады;
- кестеде бiр құбылыс болмаса, онда орнына «-» белгiсi қойылады;
- кестеде белгiлi бiр кезеңге сәйкес процент көрсетiлсе, онда бұл кезеңдi кестенiң атауында көрсету қажет;
- кестеге бақыланатын құбылыстың талдануына қиындық туғызатын қосымша қажеттiлiгi аз мәлiметтер енгiзiлмейдi;
- мағынасыз графа-тордың туындауына жол бермеу, мұндай жағдай орын алса, графа «х» белгiсi қойылады.
Статистикалық бақылау нәтижесiн кесте түрiнде ғана емес графикалық нысанда көрсетуге болады. Статистикалық бақылау нәтижесiн графикалық әдiспен көрсету:
- зерттелетiн құбылысты көрiктi бейнелеуге жол берiледi;
- келесi құбылыстың қабылдануын жеңiлдетедi;
- зерттелетiн құбылыс құрамындағылардың көрiнiсiн бiрден бередi.
- зерттелетiн құбылыс сәйкестiгiн және оның өсуiнiң негiзгi тенденцияларын түсiнуге көмектеседi.
Графикалық бейнелеудің бiрнеше түрi бар.
Графиктер мен диаграмалар графикалық бейнелеудiң кең тараған нысандары болып табылады. Кеңiстiкте сызық көмегiмен функционалды байланысты геометриялық бейнелеу график деп аталады. Салыстырылатын көрсеткiштердiң арасында айырмашылықты көрсететiн құбылысты сипатайтын диаграмма деп аталады.
Статистикалық мәлiметтердi графикалық бейнелеу талаптары:
- құбылысты көрсететiн сандық көрсеткiштердiң дәл көрсетiлуi және құбылыстық құрамдық бөлшектерiнiң көлемi толық сәйкес келiуi қажет;
- белгiлi бiр масштабты қолдану қажет;
- мiндеттi түрде атауы болуы тиiс;
- көрсетiлетiн шартты бейненiң түсiндiрiлуi қажет;
- мүмкiндiгiнше сандық көрсеткiштiң ең төменгiсiнiң болуы тиiс;
Сыртқы экономикалық байланыс статистикасы, оның сапалық мазмұнымен байланысты экономикалық құбылыс пен процесстiң сандық жағын зерттейтiн экономикалық статистиканың бiр саласы. Сыртқы экономикалық байланыс статистикасының мақсаты халықаралық экономикалық байланысқа әсер ететiн көрсеткiштердi өңдеу, мемлекеттермен экономикалық және ғылыми-техникалық қауымдасу, әр түрлi мемлекеттердiң даму көрсеткiштерiнiң салыстыру методологиясын анықтау. Сыртқы экономикалық статистиканың мәлiметтерi сыртқы экономикалық саясаттың мақсатын өңдеуге, оны жүзеге асыуға, сонымен қатар сыртқы сауданы жоспарлауға және экспорт пен импорттық жоспардың мемлекеттiк орындалуын бақылауға пайдаланылады. Сыртқы сауданың кедендiк статистикасы мемлекеттiң сыртқы экономикалық статистикасының құрамдас бөлiгi [14,367].
Кеден органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының жай-күйi туралы ақпаратпен қамтамасыз етедi, мемлекеттiк бюджетке кедендiк төлемдердiң және салықтардың түсуiн бақылау, валюталық бақылау, Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының жай-күйiн, өсу қозғалысын және үрдiстерiн талдау, оның сауда және төлем баланстары мен тұтастай экономикасын талдау мақсатында тауарлардың кедендiк шекара арқылы өткiзiлуi туралы мәлiметтердi жинап, өңдейдi, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес кедендiк статистикасының деректерiн бередi және жариялайды. Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендiк статистиканың деректерiн халықаралық ұйымдарға бередi.
Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендiк статистикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы заңдарға сәйкес жүргiзiледi [1,167]. Сыртқы сауданың кедендiк статистикасы Қазақстан Республикасының және оның сыртқы сауда әрiптестерiнiң өзара сауда-саттық деректерiн салыстыруды қамтамасыз ететiн әдiстемеге сәйкес жүргiзiледi.
Сыртқы сауданың кедендiк статистикасы - осы мемлекеттiң кеден шекарасынан өтетiн тауарлар туралы мағлұматтарды жинайды және өңдейдi, сонымен қатар, жоғары тұрған мемлекеттiк билiк органдарын, басқа да мемлекеттiк органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында кедендiк статистика мәлiметтерiн ұсынады және жариялайды, мемлекеттiң сыртқы сауда жағдайын анықтайды. Статистика мақсатында берiлетiн ақпараттар құпия болып табылады.
Сыртқы сауда кедендiк статистикасын бақылау және оқыту пәнi мемлекеттiң сыртқы сауда айналымы, экспорты мен импортының сандық, құндық көлемiн бiлдiредi, тағы да экспорт пен импорттың географиялық бағытын көсетедi.
Экспортпен, әкетiлетiн отандық өндiрiлген, алынған тауарлар түсiндiрiледi, сонымен қатар, шетелде шығарылған, осы мемлекетте сапалық және техникалық мiнезде негiзгi өзгерту мақсатында өңдеуден өткен тауарлар да жатады. Экспорт тауарлары ұлттық материалдық қор көлемiн азайтады.
Импортпен, мемлекетке әкелiнетiн тауарлар түсiндiрiледi. Импорт тауарларына мемлекеттiң iшiнде пайдалануға әкелiнген және отандық ұйымдардың шетелден әкелген тауарлары жатады.
Кеден статистикасын жүргiзу механизмi негiзiнде мағынасы зор, мемлекеттiң кеден шекарасынан өткiзiлетiн тауарлар туралы соңғы мәлiметтердiң қалыптасу негiзiн анықтайды. Мұндай деректер жүктің кедендік декларациясында болады.
Жүктiң кедендiк декларациясын статистика үшiн беру мен сақтаудың регламентi (бұдан әрi - «ЖКД статистика үшiн») Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 421, 423-баптарына сәйкес әзiрленген және статистика үшiн жүктiң кедендiк декларацияларын берудiң және сақтаудың нысаны мен тәртiбi айқындалды.[2,190].
Кедендiк бақылау департаментiнiң бөлiмшелерi, оның iшiнде кедендiк бақылау департаментiнiң жедел қарауындағы кедендер «ЖКД статистика үшiн» даналарын Ақпараттық технологиялар және сыртқы статистика бөлiмiнiң (бұдан әрi - АТжССБ) кедендiк статистика бөлiмдерiне берудi апта сайын әрбiр дүйсенбiнiң 15 сағатынан кешiкiрмей жүзеге асырады. Есептiлiк айындағы қалған декларацияларды есептiлiктен кейiнгi айдың екiншi күнiне дейiн беруi қажет.
Шығарлыуы өткен аптада жүргiзiлген және декларациялау кедендiк рәсiмдерiнiң ерекшелiктерi жоқ. (ПД,ВД,ПДТ және тағы басқа) «ЖКД статистика үшiн» беруге жатады.
«ЖКД статистика үшiн» беру кезiнде белгiленген нысанда (1-ќосымша) екi данада қабылдап алу-беру актiсi жасалады. Актiнiң бiр данасы «ЖКД статистика үшiн» берудi жүзеге асырған бөлiмшеде қалады, екiншiсi - облыс бойынша Кедендiк бақылау департаментi АТжССБ-ге берiледi. «ЖКД статистика үшiн» даналарын беру кезiнде ЖКД және қосымша мәлiметтер тiзбесi кедендiк автоматтандырылған ақпараттық жүйесi қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуiнiң (КААЖ ІБІ) «Тапсырыстар бойынша сұрау салулар» кiшi жүйесiнен алынуы мүмкiн.
Бiр мезгiлде «ЖКД статистика үшiн» беру актiсiнiң электронды нысаны ұсынылады, оған сәйкес облыс КБД бөлiмшелерi бойынша «ЖКД статистика үшiн» электронды есебiн жүргiзу журналы жүргiзiледi. «ЖКД статистика үшiн» электронды есебiн жүргiзу журналы «ЖКД статистика үшiн» беру актiлерiнiң негiзiнде АТССБ-де күнтiзбелiк жыл iшiнде ЖКД-ның толассыз нөмiрленуi әрбiр бөлiмше бойынша жеке жасалады. «ЖКД статистика үшiн» электронды есебiн жүргiзу журналын құру белгiленген нысанға сәйкес (2-ќосымша) КБД және кеден бөлiмшелерiн жеке толассыз нөмiрлеу жүргiзуге сәйкес парақтарға бөлу арқылы Excel офистiк қосымшасында жүзеге асырылады [4,684].
«ЖКД статистика үшiн» қабылдау және сақтау үшiн жауапты лауазымды адам АТжССБ кедендiк статистика бөлiмi бас инспекторларының iшiнен КБД бұйрығымен тағайындалады. «ЖКД статистика үшiн» даналарын iс жүргiзу жөнiндегi белгiленген тәртiпке сәйкес жеке папкаларға хронологиялық тәртiппен тiгiледi. әрбiр томның беткi жағында Қазақстан Республикасы кеден органдарының кодтарын жiктегiшiне сәйкес кеден органының коды көрсетiледi.
Күнтiзбелiк жылдың iшiнде «ЖКД статистика үшiн» даналарын сақтау белгiленген тәртiбiне сәйкес АТжССБ кедендiк статистика бөлiмдерiне жүзеге асырылады.
Күшi жойылған ЖКД тiзбесiн беру ай сайын, есептiлiк кезеңнен кейiнгi айдың екiншi күнiнде белгiленген нысан бойынша (3-ќосымша) екi дана «күшi жойылған ЖКД тiзбесiн қабылдап алу-беру» актiсiн жасау арқылы жүзеге асырылады. Бiр мезгiлде «ЖКД статистика үшiн» электронды есебiн жүргiзу журналына 6, 7, 8-бағандарына ЖКД мәртебесiн өзгерту туралы тиiстi мәлiметтер енгiзiледi. «ЖКД статистика үшiн» электронды есебiн жүргiзу журналына және «ЖКД статистика үшiн» даналарын өзгерiстер енгiзудi аты-жөнi, қолы мен жеке нөмiрлiк мөрiнiң бедерiн көрсете отырып АТжССБ кедендiк статистика бөлiмiнiң «ЖКД статистика үшiн» қабылдау және сақтау үшiн жауапты лауазымды адамы жүзеге асырады. «Күшi жойылған ЖКД тiзбесiн қабылдап алу-беру» актiлерiн сақтауды iс жүргiзу жөнiндегi белгiленген тәртiпке сәйкес АТжССБ кедендiк статистика бөлiмi жүзеге асырады.
Қағазда толтырылған жүктiң кедендiк декларациясының он күн сайын мәлiметтер базасына енгiзiп отыратын, қателерiн тексерiп бақылайтын және ай сайын белгiленген мерзiмде ИВЦ Агенттiгiнiң жiберiп отыратын облыстық (қалалық) статистика басқармасына келiп түсiп отырады.
Жүктiң кедендiк декларациясының ақпараттар этаппен бақыланады: ондағы графалардың толтырылғанын визуальды бақылайды. Ондағы көрсеткiштер (мысалы, транспорт түрi немесе транспорттың қай елге тиесiлi екендiгi туралы) жоқ болған жағдайда СЭҚ қатысушылардан және жүктiң кедендiк декларациясын рәсiмдеген кеден органдарынан сұрастырылады. Егер көлiк құралы көптеген елге тиесiлi болса, онда оның негiзгi тиесiлi елi болып көбiрек қатысты ел табылады. Уақытша әкелу, әкету кезiнде статистикалық құны жоқ болса, есептiк АҚШ долл. факторлық құн қолданылады. Жүктiң кедендiк декларациясында импорт кезiнде қабылдап алушы мемлекет жоқ болса, автоматты түрде Қазақстан қойылады, ал экспорт кезiнде тауар шығарушы ел жоқ болса, онда да автоматты түрде Қазақстан қойылады.
Статистикалық мәлiмет базасына жүктiң кедендiк декларациясынан алынған әр түрлi тұрғыдан жинақтар қалыптасады:
- кеден бекеттерiнiң жiктеуiне сәйкес облыстық коды;
- кеден бекетiнiң коды;
- декларация коды;
- экспорт (импорт) белгiсi;
- СЭҚ қатысушылардың ОКПО коды;
- СЭҚ қатысушы заңды тiркелген территория коды;
- декларациядағы тауар саны, көлемi;
- саудаласқан мемлекет коды;
- жөнелтушi мемлекет коды;
- қабылдап алушы мемлекет коды;
- шекарадағы көлiк құралы;
- мәмленiң коды;
- көлiк түрiнiң коды;
- шекарадағы код;
- қосымша өлшем бiрлiгiнiң коды;
- декларациядағы тауар нөмiрi;
- тауар коды;
- тауар шығарушы елдiң коды;
- салмақ брутто;
- кеден процедурасының коды;
- тауардың нетто салмағы;
- қосымша өлшем бiрлiгiнiң саны;
- статистикалық құны;
- декларацияның тiркелген күнi.
«Қазақстан Республикасының статистика Агенттiгiне ЖКД ЭК беру тәртiбi туралы» №259 бұйрыққа сәйкес 2002 жылдың 27 ақпанынан бастап ЖКД ЭК өзiнiң мәлiметтер базасымен салыстыра бастады. Алғашқы қадамы 2000 жылы, ал толықтай 2001 жылдың қарашасынан жүйелi түрде ай сайын жүргiзiлдi. ЖКД ЭК-де қолданылып жүрген сандық полядан басқа, суреттеме, түсiндiрме поляны қосымша ұсынылады, онда: аты, СЭҚ қатысушыларының мекен-жайы және категориясы, инопартнердың аты, контейнерлi тасымалдаудың белгiсi және контейнерлер саны (Евростат ықыласы бойынша, НИИТ және TRASECA бағдарламасы), жеткiзу шартының коды және тауарды жеткiзу пунктi (статистикалық құнды анықтауды тексеру үшiн), бұрынғы, алғашқы құжаттар (бұрын жеткiзiлiм ескерiлгенiн анықтау қиын болған жағдайда қолданылады) және кеден құны корректировкасының белгiсi.
ЖКД ЭК-мен жұмыс iстеудiң схемасы: ЖКД ЭК базасы статистикалық мәлiметтер базасында қайта құрылады, ЖКД-сы кеден процедурасымен аяқталады. Статистикаға өңделмеген мәлiметтер толығырақ анықтамаға сәйкес бақыланады және бақылау пртоколы берiледi, сосын барып екi мәлiметтер базасы бiр-бiрiмен жазулар санын және жүктiң кедендiк декларациясының нөмiрлерiн салыстырады. Идентификациялық нөмiрлерi бойынша жүктiң кедендiк декларациясындағы барлық көрсеткiштер екi базада бiрдей салыстырылады.
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 503 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Введение. | | | Глава 1 |