Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зерттеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу

Формализмге негізделмеген сұхбат | Бақылау | Формализмге негізделген сұрақнама | Фокус-топтың гайды | Нұсқасындағы SPSS статистикалық мәліметтер | Сурет. Диалогтық терезенің басқару элементтері. | Мәліметтер редакторы | Мәліметтерді енгізу | Файлды сақтау | Мәліметтерді талдау кезеңдері |


Читайте также:
  1. Білім алушы студенттер тобы ұжымының және таңдап алынған спорт түрі бойынша спортшылардың басты касиетін зерттеу.
  2. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдағы халықтық білімді зерттеу әдістері
  3. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қоғамдық өмір мен тұрмысты зерттеу
  4. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі қолөнерді және үй кәсіптерін зерттеу әдістері
  5. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі киім-кешек түрлерін зерттеу әдістері
  6. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі отбасы және некені зерттеу әдістері
  7. Дәріс тақырыбы: Дәстүрлі тамақ және ыдыс-аяқтарды зерттеу

 

Социологиялық зерттеу нәтижелері жабық сипатта болмаса, оларды жұртшылыққа жеткізу қажет. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкін әрі тиіс.

Соңғы кездері баспа, электронды сияқты әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары социологиялық сұраудың нәтижелерін пайдалануға талпынады. Әдетте, БАҚ социологиялық сұрауларды дәлел келтірудің немесе иллюстрацияның белгілі бір құралы ретінде пайдаланады. Кейбір БАҚ социологиялық сұрау көмегімен өзінің рейтингін көтереді. Адамдар әдетте сұрау нәтижелерін қызығушылықпен түсіне отырып, көптеген БАҚ-дың өздері социологиялық зерттеудің жүргізілуіне тапсырыс жасайды. Мұндай тәжірибе қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында бар. 90-жылдары “Гиллер институты” деген атпен белгілі қоғамдық пікірді зерттеу орталығы “Караван” газетінің құрылтайшыларымен құрылғаны белгілі. Караван газеті өзінің беттерінде осы институттың зерттеу нәтижелерін апта сайын жариялап отырды (мысал, мақала фрагментінің көшірмесі).

“Панорама” газеті құрамына кәсіби социологтар кіретін сарапшылар тобы (VІP Problem тобы) бірнеше жылдар бойы сараптамалық сұраулардың нәтижелерін жариялайтын айдарды жүргізуде (мысал, мақала фрагментінің көшірмесі).

Хабар агенттігі талдамалық бағдарламаларында, сондай-ақ жаңалықтар топтамасында “КОМКОН-2 Еуразия” зерттеу компаниясы жүргізген социологиялық зерттеудің нәтижелерін жиі пайдаланады.

2002 жылы “Казахстанская правда” республикалық апталық газеті елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірінің ең өзекті мәселелері, сыртқы саясат мәселелері және т.б. бойынша сараптамалық сұраулар өткізу “Социоөлшеу” жөніндегі жобасының бастамасы болды. Бұл жобаны “Казахстанская правда” газетінің саясат бөлімі “ЦЕССИ-Қазақстан” салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтымен бірлесе жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығында социологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы есептердің өзі олардың тапсырыс берушілері болған басылымдар материалдары түрінде болады.

Сонымен бірге, өткізілген социологиялық зерттеу туралы есепте баяндалған нәтижелер БАҚ-тағы тиісті басылымдар арқасында қалың жұртшылыққа жеткізілетіні жөнінде мысалдар көп (мысал, мақала көшірмесі).

Осымен қатар, барлық белгілі социологиялық компаниялар өз зерттеулерінің нәтижелерін (тапсырыс берушінің келісілуімен) өз сайттарында жариялайды, бұл ақпаратты олар әрдайым жаңартып отырады. Социологиялық зерттеу нәтижелері берілген социологиялық орталықтар шығаратын электрондық жаршылар да бар. Қазақстанда осы бірегей тәжірибе социологиялық және маркетингтік қызмет көрсету нарығында белгілі “БРИФ” Агенттігімен енгізілген. Көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар “Караван” жаршысын алады (мысал, мақала көшірмесі).


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зерттеу нәтижелерін ұсыну| МАЗМҰНЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)