Читайте также: |
|
Сұрау әдісінде ақпарат жинаудың маңызды құралы сұрақ болып табылады. Сұрақтардың белгілі бір типологиясы бар. Сұрақтар екі негіздеме: функционалдық қызметі мен құрылымы бойынша жіктеледі. Функционалдық қызмет бойынша сұрақтар функционалдық-психологиялық, мазмұндық, бақылау, фильтр- сұрақтар және респонденттің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасына қатысты сұрақтарға бөлінеді.
Функционалдық-психологиялық сұрақтарға, ең алдымен, сұхбат алушы мен респондент арасында сенім жағдайын орнату, респондент тарапынан күдікті жою, сұхбаттың тақырыбына қандай да бір жалпы қызығушылықты орнату үшін қызмет ететін байланыс сұрақтары жатады. Мысалы, егер сұрау мақсаты мемлекет басшысының рейтінгін анықтау болса, онда сұхбатты президент қызметін 5-балдық шама бойынша бағалаудан немесе оның сыртқы саясат мәселелері жөніндегі шешімдеріне өзінің көзқарасын білдіруден бастаудың қажеті жоқ. Оданша алдымен, респондентті, оның отбасысы немесе әлеуметтік ортасына тікелей қатысты проблемалар жайында әңгіме жүргізген жөн. Функционалдық-психологиялық категорияға шиеленісті немесе шаршағандықты басу үшін сауалнамаға енгізілетін сұрақтар да жатады.
Мазмұндық сұрақтар зерттеудің негізгі проблемаларынан шығады. Оларда респонденттің хабардарлығы жөнінде (көбінесе мұндай сұрақтар тест түрінде болады), респонденттің қандай да бір оқиғағаларға, құбылыстарға, адамдарға көзқарасы, көңіл-күй, талғам, қажеттілік, құндылықтық бағдарлар туралы сұрақтарға бөлуге болады.
Бақылау сұрақтары (олардың “қақпан-сұрақтар” деп аталатын түрі болады) респонденттің адалдығын тексеру үшін және оның есте сақтауына, хабардарлығының деңгейіне, оның жауап беру кезінде қоғамда үстем ететін таптаурындар ұстануға ұмтылысымен және зерттеушілерге жақсы таныс басқа да осы секілді факторлармен байланысты бұрмалауды жою үшін қызмет етеді. Мысалы, респондентке белгілі бір партияға дауыс беруге ниеті бар ма деген сұрақ қойылады (осы партияның аты айтылады). Одан соң, сұралатынның партиялық әуестігіне қозғау салмайтын бірқатар сұрақтар қойылады. Одан әрі респондет сайлау кезінде қандай да бір бағдарламалық талапты ұсынатын партияны қолдауға ниеті бар ма деген сұрақ қойылады (мұнда партияның жалпыға мәлім ұраны көрсетіледі). Бұл бақылау сұрақ болып саналады.
Қақпан-сұрақтар өте сирек пайдаланылады, көбіне кез келген сұраққа өзінің білімсіздігін көрсетуге ұялатын және “әйтеуір, бір нәрсе айтамын” деген принцип бойынша жауап беретін респонденттерді анықтау үшін қолданылады. Мысалы, респондентке қаладағы ең бай адамды біледі ме деген сұрақ қойылады. Ол иә деген жауап береді. Одан әрі, жергілікті крез рөліне үміткерлер фамилияларының тізімі көрсетіледі, олардың бір-екеуі ойдан шығарылған. Кейде зерттеушілер жауаптар нұсқаларына өздерінің фамилиясын қосып, содаң соң өздерінің “бәлелі танымалдығын” біледі.
Фильтр-сұрақтар жалпы зерттеуге немесе сауалнаманың жеке блоктарына қатысы жоқ респонденттер бөлігін сұрыптау үшін қызмет етеді. Мысалы, мақсаты - сайлау нәтижелерін болжау болатын сұрауда “Қазақстанның азаматысыз ба?” және “Жасыңыз қанша? дегендер фильтр-сұрақтар болады.
Құрылымы жағынан сұрақтар ашық, жабық және жартылай жабық болып бөлінеді.
Жауаптар нұсқалары берілмейтін сұрақ ашық деп аталады. Сіздің пікіріңізше, демократия дегеніміз не” немесе “Кімді жыл адамы деп атар едіңіз” сияқты қарапайым ашық сұрақтармен қатар, ауызша ұқсастықтарды таңдап алуды, сөйлемнің аяқталуын немесе суретті сипаттауды қажет ететін сұрақтар да бар.
Жабық сұрақтар жауаптар нұсқаларымен қатар жүреді. Жабық сұрақтардың алуан түрлері бар. Дихотомды сұрақ респонденттен екі қарама-қарсы нұсқадан таңдауды қажет етеді (“ия - жоқ”, “қара - ақ”), баламалы сұрақ - бірнеше нұсқалардың ішінен біреуін ғана таңдауды, меню-сұрақ ұсынылған жиынтықтың ішінен бірнешеуін таңдауға мүмкіндік береді;
Шамалары бар жабық сұрақтар өте жиі пайдаланылады. Лайкерт шамасы респонденттен белгілі бір ой-тұжырыммен келісу немесе келіспеу деңгейін талап етеді. Маңыздылық шамасында респонденттің өзі немесе қоғам үшін (респонденттің пікірінше) қайсы бір факторларға баға беруін білдіреді (“Сіз үшін әтір суын таңдағанда оның қорабы қаншалықты маңызды - өте маңызды - айтарлықтай маңызды - аса маңызды емес - мүлдем маңызды емес). Балдық (5-балдық, 10-балдық және т.б.) және балдық емес (өте жақсы - өте жаман) шамалар пайдаланылады. Бағалау объектілері әр түрлі- өнімнің сапасынан үкіметтің іс-әрекеттеріне дейін болуы мүмкін.
Жартылай жабық сұрақтар сұрақты жабу, яғни жауаптардың барлық ықтимал нұсқаларын таңдап алу мүмкін болмағанда пайдаланылады. Нұсқаулар жиынтығына “тағы не?”, “нақтылы не?” деген градация енгізіледі.
Сұрақты құрастыру ерекше шеберлікті қажет етеді. Сұрақ қою көпшілік үшін жеңіл жұмыс сияқты және социологтар еңбегінің күрделілігіне қатысты скептицизм тудырады. Бірақ, сауалнамалық сұрақтардың қарапайым сөйлемдердің артында творчестволық, сонымен бірге социологтан логика заңдары мен психологияны терең білуін қажет ететін аса көп еңбекті керек ететін жұмыс жасырынып жатыр.
Формализмге негізделген бұқаралық сұрауда әрбір сұрақтың мағынасын зерттеуші де, ондаған сұхбат алушылар да және жүздеген, кейде мыңдаған респонденттер де бірдей түсінуі тиіс. Оған қол жеткізу - үлкен өнер.
Сұрақ формальді логиканың жалпы талаптарына сай болып, оның үш міндетті элементі болуы тиіс. Біріншіден, онда сұрақ қоюшыға және жауап берушіге бірдей белгілі болатын кейбір ақпарат болуы тиіс; екіншіден, респонденттен білудің керек ететін ақпарат тапшылығы орын алуы тиіс; үшіншіден, жауапты іздеу саласын айқын белгілеу қажет.
Мысалы, Қазақстан қайда орналасқан? деген сұрақты алайық. Бұл жерде сұрақ қоюшыға да, жауап берушіге де Қазақстан - бұл ел деген ақпарат бірдей белгілі. Жетіспейтін ақпаратқа жөн сілтеу “қайда” деген есімдікпен көрсетілген. Бірақ қателік жоғарыда аталған логикалық ережелердің үшіншісінде жіберілген - іздеу саласы айқын көрсетілмеген. Қазақстан Азияда, бұрынғы КСРО аумағында, Орталық Азияда, Волга мен Ертіс арасында және т.б. орналасқан деген жауаптар алынуы мүмкін.
Әсіресе, сұрақтың иланушылығынан құтылған маңызды, яғни зерттеуші, өзі байқамай, респондентке өзінің нұсқауларын зорлап міндеттейді. Толығымен иланушылықтан құтылу әрдайым мүмкін бола бермейді. Негізінде, сұрақтың жабылуының өзі иланушылық элементтерінен тұрады. Сондықтан, жауап нұсқаларының пайдаланатын жиынтықтары және шамалар дәлме-дәл теңдестірілуі қажет (мысалы, жағымды және жағымсыз нұсқалардың тең санын ескеру қажет); Тіпті “...Сізді қанағаттандырады ма? сияқты дәстүрлі сұрақтың өзі иланушы болып саналады. Былай сұраған дұрыс болар: “...қанағаттандырады ма немесе қанағаттандырмайды ма?”.
Сұрақтарды құрастырғанда жалпы қолданылатын сөздерді пайдаланып, қос мағыналы сөздерден, әсіресе абстракциялардан алысырақ жүрген жөн. Мұнда қандай да бір ақылға қонбайтын терминдер ғана емес, қарапайым ұғымдар да абстрактылы болады. Айталық, “Сіздің отбасыңызда үй кітапханасы бар ма?” деген сұрақты мәскеулік социологтардың бір зерттеулерінде респонденттер түсінген жоқ, өйткені үйдегі кітаптардың қаншалықты саны “кітапхана” болып саналатыны респонденттерге айтылмаған. Кейбір сұрақтарда “жиі”, “сирек”, “көп”, “аз” сияқты ұғымдар абстрактылыға айналады. Мысалы, “Сіз сабақтан жиі қаласыз ба?” деген сұрақты алайық. “Жиі” дегеніміз бір студент үшін - ол күнделікті, екіншісі үшін - ол семестріне бірнеше рет болып саналады.
Сұрақтың көптігіне де жол бермеу қажет. Мысалы, “Сіз билік органдарына сенесіз бе?” деген сұрақ респондентке қиындықтар туғызуы мүмкін, өйткені ол президентке сенуі мүмкін, бірақ үкімет немесе жергілікті әкімге сенім білдірмейді.
Респонденттердің кестелер толтыруға, есептеуге мәжбүрлейтін сұрақтардан құтылған жөн (мысалы, жылына қайсы бір өнімге кеткен шығынды есептеу). Жеке сұхбаттардың қазіргі сұрақнамаларында кестелер айтарлықтай жиі қолданылады. Бірақ, оны сұхбат алушының өзі толтырады. Респондентке тиісті сұрақтар қарапайым түрінде қойылады.
Сұрақ респонденттің есте сақтауына (“Қандай телевизиялық бағдарламалар екі жыл бұрын Сізде ең үлкен қызығушылық тудырды?) немесе оның байқағыштығына (“Сізге тіс жуатын пастаның түтік қақпағындағы қызыл немесе қызғылт сызығының қандай түрі ұнайды?) тым жоғары талаптардан тұрмауы қажет.
Егер сұрауды кәсіби зерттеу ұйымы жүргізетін болса, ол нәтижелерді беруде әдемілік, жеңілдік беру немесе қызықтыру үшін құралдар жиынтығын жеңілдетуге, тұрпайыландыруға ешбір жағдайда жол бермеу тиіс. Социологиялық сұрау, тіпті бұқаралық ақпарат құралдарында болуымен журналистік сұхбатқа немесе ток-шоуға толық ұқсай алмайды.
2003 жылдың сәуірінде ресейлік НТВ телеарнасында Савик Шустердің “Сөз бостандығы” атты белгілі телевизиялық ток-шоуында аса беделді ресейлік зерттеу ұйымына сілтеме жасалынып сұрау нәтижелері көрсетілді: Иракта соғыстың қызған кезінде респонденттерге “Сіз АҚШ жағындасыз ба әлде Саадам Хусейн жағындасыз ба?” деген сұрақ қойылған. АҚШ жағында - 3 %, Саадам Хусейн жағында - 97 % деген сұрау нәтижелері телеэкраннан жарияланған соң, сұрау нәтижелері жетекші әлемдік БАҚ-мен сенсация ретінде беріліп, Ресейдің халықаралық мәртебесі үшін аса күшті сабақ болды.
Ал іс жүзінде бұл сұрақнамадағы мұндай дихотомия мүлдем орынды емес еді. Көптеген адамдар АҚШ-тың іс-әрекеттерін айыптады, бірақ, әрине, Саадамның режимін де ұнатқан жоқ. Соған қарағанда, сұрау процесі кезінде Ирактағы американдық саясатқа жағымсыз көзқарасы бар респонденттерді Хусейн жағына жазып отырған болар. Осы жағдайда көз алдымызда кәсіби қолданбалы социологияның беделінің түсуі көрінеді.
Сұрақтардың орналасуында, сұрақнаманың дизайнында, ең алдымен, жекелеген сұрақтарды құрастыру кезінде формальді логиканың ережелерін сұрақнаманың құрылымында толық күйінде қолдану мүмкін еместігін ескеру қажет. Кейде сауалнама былыққан, сұрақтар жүйелілігінің ешбір логикалық мәні жоқ болып көрінеді. Бірақ, іс жүзінде мұндай құрылым бүкіл сұхбат барысында респонденттің “тонусын” ұстап тұру қажеттілігімен, сауалнамаға функционалдық-психологиялық және бақылау сұрақтарын енгізумен және т.с.с. байланысты.
Социологиялық талдаудың әр түрлі құралдары ішінде сауалнама - ең көп таралған болып табылады. Социологиялық сауалнама - бұл талдау объектісі мен пәнінің сандық-сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған, бірыңғай зерттеу ойымен біріктірілген сұрақтар жүйесі.
Мысал ретінде қоғамдық пікір мониторингін жүргізу үшін қралдар жиынтығының құрылуын қарастырайық. Мониторинг режимінде зерттеу жүргізу келесі талаптарға сәйкестілікті белгілейді:
· сұрақтар айқын тұжырымдалып, респондентке түсінікті болуы тиіс; оның есте сақтау мен хабардарлығы мүмкіндіктерінен аспау керек;
· негізгі сұрақтар блогы бүкіл мониторинг бойы өзгертілмей қала береді;
· сауалнамада ұсынылған сұрақтар мен жауаптардың нұсқалары тым көп болмауы керек;
· сұрақ қағазы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады, сұрақтар жағымсыз эмоция тудырып, респонденттердің намысына қол тигізбеуі қажет.
Сауалнама - бұл респондентпен әңгімелесудің өзінше бір сценарийі. Сондықтан, сауалнаманың бірінші бетінде респондентке қысқаша үңдеу орналасып, онда зерттеудің тақырыбы мен мақсаты, сұрақ қағазын толтыру бойынша нұсқау көрсетіледі.
Мысал:
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 107 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бақылау | | | Фокус-топтың гайды |