Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Түрі ретінде

Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы | Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы | Этникалылықтың теориялық мәселелері | Социологиялық зерттеу | Этносоциологиялық зерттеу методологиясы | Таңдамалы жиынтықтың жалпы саны - 2000 респондент | Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы | Социологиялық зерттеулерді жіктеу | Сандық және сапалық әдістер: бәсекелестік пен серіктестік | Сандық және сапалық әдістемелер қалай өзара әрекеттесіп, бірін-бірі ауыстырады? |


Читайте также:
  1. Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі
  2. Білім алушы студенттер тобы ұжымының және таңдап алынған спорт түрі бойынша спортшылардың басты касиетін зерттеу.
  3. Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
  4. Еуразияшылдық идеясы тарихи түсінік ретінде.
  5. Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде.
  6. Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде.
  7. Категориясы ретінде

Ертедегі капиталистік индустралияландыру кезеңі үшін төңкерістің биіктеуіне әлсін-әлсін үрей туғызған, өндірістік және әлеуметтік саладағы қатал әлеуметтік жанжалдар тән.

Капитализмнің пісіп жетілу шамасында жанжалдар саны қысқарды және олар аз қауіп төндіретін болды. Болжам бойынша, ертеректегі капитализм кезеңіндегі жанжалдың қаталдығының себебі дәстүрлі, индустриальдыға дейінгі әлеуметтік байланыстар мен нормативтік ретке келтірудің бұзылуы болды. Толық жетілген индустрализмге өту аяқталысымен жаңа реттеушілік және интегративтік институттар мен құндылықтар қаланды.

Жанжалдың құндылығы, олар әлеуметтік жүйенің қатаюын болдырмаудан, инновацияларға жол ашуынан тұрады.

Жанжал кең мағынада қиян-кескіге айналған қайшылықты білдіреді. Социология ғылымында жанжалға келесі анықтама беріледі: бұл - өзара әрекеттесудің субъектісі ретінде оппоненттердің қарама-қарсы мақсаттарының, көзқарастарының, пікірлерінің, позицияларының соқтығысы.

Әлеуметтік жанжалдар әлеуметтік қауымдастықтардың, топтардың, индивидтердің, әлеуметтік өзара әрекеттестіктерінің міндетті құрамдас белігі болып табылады. Г.Спенсер әлеуметтік жанжалды адамзат тарихындағы шарасыз құбылыс ретінде ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік дамудың стимулы ретінде қарастырғаны кездейсоқ емес. Социология ғылымында жанжал көзді жұмуға болмайтын немесе оның бар болуын жоққа шығаруға тырысуға болмайтын қоғамдық өмірдің табиғи құбылысы деп саналды. Жанжалдың ірі теоретиктерінің қатарына К.Маркс, Г.Зиммель, П.Сорокин, Л.Козер, Р.Дарендорф, К.Боулдинг, т.б. жатқызылады. Олар жанжалды динамикалық күш, қазіргі қоғамның дамуының негізі қоғамдық жүйенің барлық деңгейіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызды проблемасы деп санады.

К.Маркс өз заманында капитал мен еңбек мүддесін ұсынатын қоғамның екі негізгі топқа бөлінуіне сәйкес, әлеуметтік жанжалдың дихотомиялық үлгісін ұсынды. Жанжалдың марксшілдік тұжырымдамасы, таптық антагонистік формация жағдайында әлеуметтік-этникалық және саяси салаларда таптық күрес формасында іске асырылатын әлеуметтік өзгерістердің басты қозғалушы күші ретінде қоғамдық қайшылықтарды зерттеуден шығады. Соңында жанжал қоғамның өзгеруіне әкеледі. Г.Зиммель қорытынды нәтижесі бар әлеуметтік ұйымдастырудың бұзылуына әкелетін тұжырымдаманы да дихотомиялық үлгіні де қабылдамады. “Жанжал және топтық байланыстар” еңбегінде ол жанжал әлеуметтік тұрақтылыққа қатысты позитивті қызметтерге ие және өмір сүруші топтар мен қауымдастықтарды қолдануға ықпал етеді дегенді көрсетті.

Американ социологы Л.Козер “Әлеуметтік жанжалдың қызметтері”, “Әлеуметтік жанжалды зерттеудің жалғасы” еңбектерінде Зиммельдің теориясына сүйеніп, өзінің жанжалдың позитивті-функциялық идеясын негіздейді. Егер құрылымдық-функциялық талдаудың жақтастары жанжалдан қоғамдық аномия көрінісін көрсе, Л.Козер жанжалды оқиғаның позитивті сипатына көңіл аударады. Әлеуметтік жанжалдан ол “белгілі бір мәртебеге талаптар мен құндылықтар үшін күресті, қарсыластарының мақсаты болып бейтараптылық, қарсыласын жою және зиян әкелетін күресті” түсінеді [6].

Американ социологы П.Сорокиннің пікірінше, қоғам жанжалсыз өмір сүруі мүмкін емес, олардың негізіне ең алдымен қанағаттандырылмаған қажеттіліктер жатады.

Қоғам - бұл адамдарға белгілі жүйелердің ішіндегі ең күрделісі. Ол, жеке индивидтерді және тек тікелей емес, ең алдымен әр түрлі қоғамдық топтардың өкілі ретінде байланыстырылатын әр түрлі қатынастар басты рөл атқаратын аса қиын жүйені көрсетеді. Қоғамда ақылмен үлестірілген және тұтас жүйе ретінде қазіргі қоғамның мақсаттарына сәйкес келе бермейтін өзінің мақсаттарының ізіне түскен адамдар әрекет етеді. Осылай болу себебі, адамның қанағаты оның өмір сүруінің негізгі талабы болып табылатын көптүрлі қажеттіліктерге өзінің өмірлік іс-әрекетінде жетекшілік етеді. Алайда осы қажеттіліктерді функциялық тәуелділікпен байланысты басқа адамдармен өзара әрекеттесу процесінде ғана қанағаттандыра алады.

Нақтылы қоғамда адам бір уақытта оның көптүрлі қажеттіліктерін бейнелейтін бірнеше әлеуметтік топтарға жатады. Адамдар өздерінің іс-әрекеттері процесінде бірігетін және қоғамдық жүйе шеңберінде ең маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін анықтайтын әлеуметтік топтар құрайды. Әрбір әлеуметтік топ, басқа топтармен қоғамдық жүйеде өзара әрекеттесе отырып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру талаптарын көбінесе басқа топтардың есебінен жақсартуға ұмтылады. Әлеуметтік қайшылықтар арқасында қоғам өзінің үздіксіз даму процесінде болатын динамикалық жүйесін көрсетеді. Ешқандай әлеуметтік топ өздерінің мүдделерін тұтастай іске асыра алмайды, өйткені ол басқа топтармен өзара әрекет етеді және оларға бағынышты. Алайда әрбір топ қоғамдық өрлеуге ықпал жасай отырып, қоғамнан өзінің үлесін ала алады.

Қазіргі қоғам жанама рөлдік коммуникациясымен адамдарды әр түрлі, көбінесе кері интерграцияланған әлеуметтік мәртебелердің субъектілеріне айналдырады. Барлық субъектілер, өзара әрекеттесу ауқымында “осы әлемде өзінің позицияларын және өзінің әлеуметтік әлемді бөліну көрінісін орнатуға ниеттенуі” арқылы әр түрлі символикалық стратегияларды пайдаланады [7].

Қоғам әлеуметтік қатынас жүйесі ретінде ешқандай тыныштық күйінде болмайды. Ол үнемі өздерінің жеке мақсаттарын, жеке мүдделерін іске асыруға ұмтылатын индивидтерден тұрады. Барлығының мүдделері әр түрлі болғандықтан, әрбір адам басқа адамдармен жасалған кедергілермен оларды іске асыру процесінде соқтығысады. Оған басқа адамдармен араласуға, олармен тығыз ынтымақтасуға немесе жанжалдасуға тура келеді. П.Сорокин атап кеткендей: “адамзат қатынасының барлық шексіз теңізі өзара әрекеттесу процесінен құрастырылады: біржақты және екіжақты, уақытша немесе ұзақтық, ұйымдасқан және ұйымдаспаған, ынмақтастық және антагонистік, саналы және санасыз, идеялық, сезімдік-эмоционалдық және еркіндік” [8].

Тұлғаның жүріс-тұрысының нақтылы түрлері аса бағдарланбаған, тұлға барлық жағдайларда белгілі бір таңдау еркіндігіне ие, яғни оларға қарамастан ол қоғамдық мүдделердің сәйкестігі ретінде іс жасай алады. Соңғы жағдайда біз индивидтің жүріс-тұрыс аномиясымен жұмыс істейміз. “Аномия” түсінігінің қайнар көзі өзінің тамырымен тереңге кетеді: көне гректер аномия деп “заңсыздық”, “нормасыздық”, “басқарылмайтын” деп түсінді. Аномия әлеуметтік деңгейде және жеке дара психологиялық деңгейде де қарастырылады. Аномиялы адам өзінен, жоққа шығару философиясымен ерекшленетін, тек осы уақытқа ғана бағытталған, өткен мен болашақты мойындамайтын скептика көрсетеді.

Зерттеушілер, “аномияның белгілі бір дәрежесі, қоғамда барынша еркіндік үшін қажет: нормалардың аса қатаю жағдайында, жеке дара еркіндік нормасы шектеулі” деп санайды [9].

Әлеуметтік жанжалдар проблемасы терең теориялық негізін неміс социологы Р.Дарендорф еңбегінен алды, ол өзінің социологиялық тұжырымдамасын “жанжал теориясы” ретінде анықтайды. Ол өзіне төрт жағдайды енгізетін, қоғамның жанжалды үлгісін ұсынды:

1) әрбір қоғам әрқашан өзгеріс күйінде болады;

2) әрбір қоғамда әрқашан жалпы жанжалға әкелетін келіспеушілік элементтері өмір сүреді;

3) қоғамның әрбір элементі оның интеграциясы мен өзгерісіне ықпал ете алады;

4) кез келген қоғам, үнемі өзінің қанаушылыққа түскен жайына қарсы күресетін қоғам мүшелерінің (немесе топтардың) басқа қоғам мүшелеріне деген зорлығына негізделеді.

Р.Дарендорф пікірі бойынша, әлеуметтік жанжалдың негізі саяси факторларда жатыр. Олар: билік, мәртебе, абырой үшін күрес. Жанжалдар басым түсуші және бағыныштылар бар кез келген қауымдастықта пайда болуы мүмкін, оның сендіруі бойынша: “жалпы жанжал, қатысушы элементтер ұқсас кезде ғана өзінің қорытынды формасына жетеді” [10].

Р.Дарендорф көзқарасы бойынша тым типтілік қоғам үстемдік етушілер мен бағынушылар қатынасы, жанжал мен қарсыласу қатынасы көрінетін қоғам болып табылады. Оның әлеуметтік жанжал трактатында қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесу тұжырымдамасы өз бетінше іске асады. Жанжалды қоғамның табиғи күйі ретінде түсіне отырып, ол өркениетті қоғамда әлеуметтік күйзелістен және апатты төңкерістің қайта құрылуынан қашуға мүмкіндік беретін жанжалдарды реттеу орын алады деп санады.

Американ социологы Кеннет Эдвард Боулдинг “Жанжал және қорғаныс: жалпы теория” еңбегінде, қазіргі қоғамда әлеуметтік жанжалды реттеу мүмкіндігін және қажеттігін белгілейді. Оның пікірінше жанжал, бұл - екі жақ өздерінің позицияларының сиыспайтындығын түсінетін және өздерінің әрекеттерімен қарсыластарын алдын алуға ұмтылатын жағдай.

Боулдинг жанжал қоғамдық өмірден бөлінбейді деп санайды. Әлеуметтік жанжалдың мәні туралы ұсыныс қоғамға оларды бақылауға, басқаруға, олардың салдарын алдын ала білуге мүмкіндік береді.

Р.Э. Парк - Чикаго әлеуметтік-экономикалық мектептің негізін қалаушы, ол әлеуметтік жанжалды өзара әрекеттесудің негізгі түрінің элементі ретінде қарастырады: жарыс, бейімделу, ассимиляция және жанжал. Оның белгілеуі бойынша, жанжал процесінде өзара әрекеттесу субъектілері бір-бірін және қарама-қайшылықтарды саналы түрде таниды, туындаған жанжал әрі қарай берік байланысқа және әр түрлі ынтымақтастыққа алып келеді. Әлеуметтік өзара әрекеттесуінің маңызды элементі жанжал деп санағандар қатарында Л.Гумплович, Л.Ф.Уорд, Дж Бернард, т.б. сияқты ірі зерттеушілер де болды.

Бір жағынан өзара әрекеттесу негізінде интеграцияның адамдарды біріктіру процесі өтіп жатыр; екінші жағынан өзара әрекеттесу кері интеграциялауға алып келеді, сонда ғана адамдардың немесе топтың әлеуметтік жүріс-тұрыс қазіргі әлеуметтік ортаның құндылықтары мен нормаларынан ауытқыған болуы мүмкін қоғамның әлеуметтік құрылымының жіктелісін тудырады. Өз кезегінде кері интеграция процесі әлеуметтік өзара әрекеттесуде адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерінің өзгерісімен де, өзіне енген әлеуметтік ортаның мүдделерімен де байланыста болуы мүмкін.

Осылайша жанжал әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызды элементі, керек десеңіз түрі болып табылатындықтан, олардың әр алуандылығынан екі негізгі типті бөліп көрсетеміз: ынтымақтастық және бақталастық (“ассоциация-диссоциация”).

Ынтымақтастық өзара әрекекеттесудің түрі ретінде көбінде адамдар арасындағы нақтылы қарым-қатынаста немесе топта адамдарды біріктіру, өзара көмек, өзара қолдау, махаббат бейнесінің негізі болып табылады.

Бақталастық өзара әрекеттесудің типі ретінде, өзара әрекеттесуші жақтар жалпы бөлінбейтін объектіге үміткер болғанда пайда болады. Объектінің талабы ретінде кез келген нәрсе болуы мүмкін (билік, қызмет, сайлаушылар дауысы, жеке меншік). Егер ынтымақтастық өзара қолдау негізінде құрылса өзара әрекеттсуді тұрақтандыру, нығайту үшін серіктес мүдделерін есепке алу, бақталастықтың алдын кесуге, жоюға ұмтылуға болады, керісінше жағдайда тек өзінің мүддесін ғана ойлау, қарама-қарсы жақтың пікірмен санаспау, керек болса жойып жіберу, қорлау үстемдік етеді.

Бақталастық бәсекелестік пен жанжалды қабылдай алады. Бәсекелестік белгілі бір ресурстарды немесе басымшылдықты бақылауға қатысты күш көрсетпейтін жанжал болып табылады. Нарық реттелген, реттелмеген бәсекелесті болжайды. Жанжал болған кезде қарсыласын тәни жоюға дейін баратын, қатаң, агрессивті әрекеттер қолданылады. Жанжал - бұл әрқашан қарсыластардың тікелей соқтығысуы. Бәсекелестікке қарағанда, жанжалға қарсыласының білімі, жанжалдың себебі және қиян-кестік әрекеттің жауабын күту тән.

Егер, әлеуметтік жанжал қоғамдық қатынастың міндетті атрибуты болса, онда олардың себебі неде?

Біріншіден, әлеуметтік жанжалға қоғамдық қатынастың толық болмауының өзі ықпал етеді: қоғамның әлеуметтік жағынан бірыңғай еместігі, табыс деңгейіндегі, биліктегі, әлеуметтік мәртебедегі, білімге қол жеткізудегі айырмашылықтар, діни айырмашылықтар және басқа көптеген факторлар.

Екіншіден, әлеуметтік жанжалдар әлеуметтік-психологиялық алғышарттармен ынталандырылады: тұлғалардың өздерінің әлеуметтік проблемаларын жете түсінумен, оларды өз бетінше шешу мүмкіндігімен.

Әлеуметтік жанжал - бұл қоғам мүшелерінің жалпы мойындауын пайдаланатын өндіріс құралдарына, экономикалық көзқарастарға, билікке немесе қандай да бір басқа құндылықтарға жету (кейде сақтау) мақсаты болып табылатын, бір уақытта шынайы (немесе жалған) қарсыласын бейтараптау немесе жаулап алу, жоюмен индивидтер арасындағы күрестің кез келген түрі. Әлеуметтік жанжал - сөздің тар мағынасында - өмірлік қамту сылтауымен болатын жанжал: игіліктің түрлеріне баға деңгейі бойынша, осы игіліктерге шынайы қол жеткізу және өмірлік қамтудың басқа ресурстарымен сылтауы бойынша [11].

Жанжалдың жағымды және жағымсыздығына қатысты әр түрлі көзқарастар бар, осы жағдайда сөз жанжалдың жағымды және жағымсыз қызметтері жайында болады. Жабық сипаттағы ұзаққа созылған жанжалдар, адамның психикасын бұзады, үнемі шиеленіс күйінде ұстайды, сондықтан қарсылас жақтарды ашық соқтығысуға алып келетін күтпеген оқиға, жағдайларды бәсеңдетеді, психологиялық қызушылықты төмендетеді, дұрыс шешім индивидтердің өзара әлеуметтенуіне көмектеседі, позитивті өзгерістерді ынталандырады.

Жанжалдың тағы жағымды қызметі қоғамда жұмылдырушы рөл атқару қабілетіне, әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күші бола алуынан айқындалады.

Алайда жанжал көбінесе жағымсыз, бұзушы сипатта болады. Олар адамдарды күйзеліс күйіне, психикасын бұзуға, достарды, ғашықтарды ажыратуға, т.с.с. әкелуі мүмкін.

Жанжалдың көптеген түрлері бар. Олар қарқынымен, типімен, қатысушылардың құрамымен, себептерімен, мақсаттармен және салдармен, сонымен бірге қоғамдық өмірдің салалары бойынша ерекшенеді. Жанжалды өзара әрекеттесу субъектісіне байланысты осылайша жіктеуге болады.

Тұлғалық жанжал - ішкі күрес, жеке дара сананың деңгейінде болады. Жүріс-тұрыстың тұрақсыздығынан көрінетін, тұлғаның дағдарысы, психикалық жөнге салынбағандығы, қазіргі тым “сәтті” қоғам үшін төтенше типтілік құбылыс, ол баяғыда батыс социологиясының ең ұнататын тақырыпқа айналды.

Қоғам тұлғалық қатынастың ішкі құрылымында гуманистік пен патологиялық немесе “шектелген” тип сипатында құрастырылуы мүмкін.

Мысалы, Польша зерттеушісі К.Поспишил өзінің “Адамдар арасындағы патологиялық қатынастың негізделуі” еңбегінде, қазіргі американдық қоғамда бәсекелестік жағдайында, ақшаға және жетістіктегі индивидтің тек өзіне ғана бағыттылығы, оны жалғыздыққа, сезімсіздікке, өзімшілдікке, нарциссизмге ұшыратады, деп жазды [12].

Қазіргі заманғы қоғамды американдық социолог, психолог, әлеуметтік философ Э.Фроммен “машиналандыру”, “компьютрлендіру”, адамдардың ғылыми-техникалық революция барысында робаттануы жолымен адамзат мәнінің шеттелуінің сатысы ретінде қарастырады. Фромның көзқарасының ерекшеліктері тұлғаның өзін-өзі шеттелу процесінің шегіне жеткізген қоғам ретінде - капиталистік қоғамға сыни көзқарас.

Жеке адам мен тұлғаның арасында, әсіресе айқын жеке даралық пен әлеуметтік нақтылық арасында әрқашан да қарама-қайшылық бар. Әлеумет ешқашан индивидтің қажеттілігін қанағаттандырмайды, ал индивид ешқашан әлеуметтің талаптарына жауап бермейді. Әрбір адамның мүмкіндіктері, қабілеттіліктері, дүниетанымдық сипаты ол нақтылықтың әсеріне қалыптасса да, өмірдің талаптарына ешқашан жауап бермейді. Бұл - принциптік сәйкессіздік және сондықтан жеке даралық пен қоғамдықтың қарама-қайшылықтары туады.

Тұлғаны субъект ретінде айта отырып, негізінен біз оның қарама-қайшылықтарды шешу қабілетіне назар саламыз [13].

Тұлғааралық жанжал - жанжалдың ең кең тараған түрі, индивид-индивид схемасы бойынша іске асырылады. Екі немесе одан көп адамдар арасындағы немесе топтар арасындағы келіспеушілік. Бәрінен көбірек жанжалға әр түрлі мінезді, темпераментті, құндылықты бағалауда ерекшеліктері бар адамдар түседі. Тұлғааралық өзара әрекеттесу көп деңгейде топтық немесе социеталдыға қарағанда психофизиологиялық факторлармен жанамаланған. Бұл олардың әлеуметтік жүріс-тұрысының сипаты мен субъектінің тікелей қатынасу фактісімен байланысты. Тұлғааралық қатынаста шыдамдылықтың болмауы және агрессивтілік, келісімге жол табу қабілетінің болмауы қауымдастық пен топтық деңгейде жанжалдың ақырғы - соғыс формасына ұласады, онда екі жақта әлеуметтік-экономикалық және адами шығынға ұшырайды. Жанжалдың ең күрделі формасынан қашу үшін ғалымдар келісімге келу жолын іздеу, әлеуметтік инженерия тұжырымдамасы мен қоғамның әлеуметтік терапия тұжырымдамасын жасайда. Әлеуметтік жанжалды әсіресе тұлғараралық немесе топтық деңгейде қысқарту өткениетті араласуға көмектесетін қоғамның рухани мәдениетінің өсуіне жол ашады [14].

Тұлға немесе топ арасындағы жанжалға - бұл жерде Т.Парсонс енгізген “рөлдік күтім”, “рөлдік орындау” түсінігін келтіруге болады. Жанжал топтық күтім жеке тұлғаның талаптануымен және күтімімен қарама-қайшылыққа түскен кезде немесе керісінше, тұлғаның күтімі, топтық күтіммен қарама-қайшылыққа түскен кезде пайда болады. Рөлдік жанжалда тұлға өзінің құндылық иерархиясына сүйене отырып, өз бетінше басым рөлді таңдауды жасайды (“үлгілі әке”, “аянбайтын ғалым”, т.б.).

Жанжалды оқиғалар қайсы бір рөлдер атқаратын (индивидтер мен топтар) адамдармен жасалынады, яғни рөлдік жанжал болады. Онда екі аспект бар - объективті және субъективті. Біріншіден, әр түрлі рөлдер көбінесе қарама-қарсы мақсатпен және индивидтердің жүріс-тұрыстарының әр түрлі әдістерімен объективті өмір сүреді. Мысалы, өзінің жұмыс күшін сататын жалданбалы жұмысшы және ұсынылған жұмыс орнына жұмыс күшін сатып алатын жұмыс беруші. Олардың арасындағы байланыс ерекше жауапкершілікке, мүдделердің сәйкессіздігіне, қатаң келісім шартқа және формальділікке негізделеді. Бұл жерде бір жақтың бір әрекеті тек өзара шеттеудің ғана емес сонымен бірге күрестің, бақталастықтың ықтималдылығының жоғары деңгейін анықтайтын маңызды шығынды немесе басқаға маңызды пайда әкеледі. Жанжалды оқиғаның рөлдік негіздегі ерекшеліктерінің бірі - бұл субъектілерді белгілі бір әрекетке орнату. Екіншіден, қарама-қайшылықты рөлдер субъективті түрде өмір сүреді.

Қарама-қарсы міндеттер мен қызметтерді атқаратын субъектілер бір-бірінің рөлдері бойынша өздерінің ойлары мен көзқарастарына ие. Егер бір жақ өзінің рөлінің “орындалуы” басқа жақтың қазіргі рөлі туралы ұсынысына сәйкес келмесе, онда бұл сәйкессіздік жанжалға алып келеді, яғни жанжалдың себебі болып субъектілердің өзара рөлдік күтімдерінің іске аспауы болып табылады.

Топаралық жанжал - қарама-қарсы мүддеге ие әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар, адамдар арасындағы жанжал. Топаралық жанжалдың өзіндік ерекшелігі бар формасы ретінде этноұлттық жанжал алға шығады. Тең құқықтық, теңдік, мүдделер тепе-теңдігі, диалог - өрлеу мен әлеуметтік ұлттық салт-дәстүрді үйлесімді сәйкестендіруге, қай ұлтқа жатпаса да барлық азаматтардың әлеуметтік мүмкіндіктері мен құқықтарын іске асыруға көмектесуін іске асырушы, шешуші принциптер.

Қазіргі жағдайда әлеуметтік жіктелістің күшеюі Қазақстан қоғамында әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, индивидтердің өзара әрекеттесу процесіндегі жанжал түрлерінің пайда болуына әкелді. Олар әлеуметтік теңсіздіктің өмір сүруіне, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілмеуіне, мемлекет жағына халықты әлеуметтік қорғаудың жоқтығына байланысты. Бұл әлеуметтік жанжалдар, қоғамдық қатынастың жай-күйін, олардың орындалмауын сипаттай отырып, әрі қарай оның дамуына, өздігінен жетілуіне өздері ықпал етеді және жанжалдасушы жақтарды ынтымақтастыққа, әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара қатынасының үйлесімділігіне әкеледі. Мұнда біздің ойымызша қарама-қарсылық бірлестігі және күрес ретінде диалектикалық заңдардың біреуі іске асуы тиіс. А.Здравомыслов былай деп жазады: “Теңсіздік, сонымен бірге әлеуметтік жойылмайтындық. Және ол адамның өмірлік энергиясын ынталандыратын жанжалдың, жарыстың маңызды қайнар көзі болғандықтан жалпы қоғам үшін жағымды мәнге ие” [15].

Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін теңдік және теңсіздік деңгейі бір жағынан, адамдар арасындағы жарыстың рухы мен мақсаттылығын сақтауға, екінші жағынан қоғамда үнемі болатын жанжалды атмосфераны болдырмауға міндетті шараларға ие болу керек.

Кез келген әлеуметтік жанжал қандай да бір өлшемде бірдей болады. Онда әр түрлі топтар мен мүдделер әрекет етеді, сондықтан жанжалды шешу сипаты да өзіне тән ерекшелегіне ие. Жанжалды шешу қорытындысы өзгеруші проблемалық оқиға, яғни адами қатынастар болып табылады. Ереже бойынша, “дұшпан бейнесі” “серіктес бейнесіне” айналады, әлеуметтік өзара әрекеттесудің жаңа формаларының әрі қарай дамуына жол ашылады, жеке тоқталсақ, жарыстар немесе ынтымақтастыққа. Бұл фактіні барлық әлемдік тәжірибелер дәлелдейді [16].

Қазақстандық қоғамда нарықтық қатынастың қалыптасу жағдайында девиантты жүріс-тұрыстың, жанжалды оқиғалардың базасы қоғамның ресми мәлімденген мақсаттары мен оларға жетудің әлеуметтік мақұлданған әдістерінің арасындағы қарама-қайшылықтардың пайда болуы болып табылады (егер Р.Мертонның аномия теориясына сүйенсек). Кез келген дағдарыс сенімсіздікті, кері бағыттылықты, үрейді тудыратынын ұмытпау керек. Және қоғамның қазіргі күйінде жалпы бүліну құлаудан басқа ештеңені көрмеу үлкен қателік болар. Қазіргі дағдарыс дамудың жаңа деңгейін, жаға сапасын тудыра алатын дағдарыс қатарына жатады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тавадов Г.Т. Саясаттану. Учебник-М, 2002. - С.312.

Осипов Г.В. Социологический энциклопедический словарь.-М., 1998. - С.141.

Здравомыслев А.Г. Социология конфликта. - М., 1995. - С.7.

Осипов Г.В. Росийская социологическая энциклопедия. М., 1998. - С.198.

Кармин А.С. Конфликтология. Учебник.-Спб, 2000.-С.15.

Ничипоренко Л.А. Буржуазная социология конфликта. -М., Политиздат, 1982. - С.39.

Бурдье П. Социология политики. М., 1993. - С72.

Сорокин П. Общедоступный учебник социологии. Ярославль, 1920. - с.36.

Фоефанов К.А. Социология аномия: обзор подходов американской социологии //Социологические исследования. 1992. -5. С.91.

См: Дарендорф Р. Элементы теории социального конфликта. М.: Политиздат, экономические, политические союзы между государствами, организациями. 1982., с. 39

Исмуханова Г.Г. О пользе и вреде конфликтов в обществе. // Мысль 1995. - 12., с. 38.

Волков Ю.Г, Мостовая И.В. Социология. М., 1988, с. 350.

Абдульханова К.А. Психология и сознание личности. (избранные психологические труды). Москва-Воронеж. 1999. С. 202-204.

Харчева В. Основы социологии. М. 2000., с. 145.

Здравомыслов А. Социология конфликта. М., 1995, - с. 85.

Харчева В. Основы социологии. Учебник. М. 2000., - с.146.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 97 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Леуметтік жанжал табиғаты| ІV бөлім. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)