Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Леуметтік жанжал табиғаты

Ылым социологиясы | Білім беру социологиясы | Мәдениет социологиясы | Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы | Діни ұйымдар мен діни индивид типологиясы | Этникалылықтың теориялық мәселелері | Социологиялық зерттеу | Этносоциологиялық зерттеу методологиясы | ІV бөлім. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ | Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы |


Читайте также:
  1. Африканың әлеуметтік инфрақұрылымы
  2. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  3. Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
  4. Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
  5. Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі
  6. Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде.
  7. Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.

 

“Жанжал” (конфликт) сөзі латын тілінен аударғанда “қақтығыс” дегенді білдіреді. Ағылшын социологы Э.Гидденс жанжал екі жақтан жұмылдырылған күрестің қайнар көзі, әдістері мен құралдары қандай екеніне тәуелсіз әрекет етуші адамдар мен топтардың арасындағы шынайы күрес деп көрсетті. Жанжалдар - адамдар арасындағы өзара қатынас және әлеуметтік байланыстың ең мәнді жағы, сондықтан кең мағынада олар әлеуметтік деп қарастырылады. Ғалымдардың пікірінше, жанжал “қарама-қайшы бағытталған мақсаттардың, мүдделердің, пікір позицияларының, оппоненттер көзқарастарының немесе өзара әрекеттесу субъектілерінің қақтығыстары” немесе әлеуметтік қауымдастық пен индивидтердің қарама-қайшы тенденциялары мен мүдделерінің артуымен сипатталатын адамдар қатынасы, әлеуметтік топтар, әлеуметтік институттар, қоғам жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың дамуының жоғары сатысы [1]. Дәл осы көзқарастан социология ғылымы әлеуметтік жанжалдың табиғатына жақын келеді. Философияда жанжал - бір-бірін жоққа шығару немесе қарама-қайшылықты шешу сәтіне қол жеткізе отырып, ондағы қарама-қарсылықтардың соңғы дамуының сатысы мен формасын бейнелейтін категория; ал бихеовиоризмде - организмнің сыйспайтын жауабын шақыратын стимулдар әрекетінің нәтижесі; ал психологиялық талдауда - тұлғаның құрама элементтері арасындағы қарама-қайшылық (мысалы, Ид, Эго және Супер-Эго арасында) [2].

“Жанжал” сөзінің әлемнің әр түрлі елдерінде ірге табуы кездейсоқ нәрсе емес. Әлемдік тәжірибелер мен тарих көрсеткендей ешқандай ел (өркениет), әлеуметтік қауымдастық немесе әлеуметтік топ өзінің дамуында жанжал күйіне соқтықпай өтті деу мүмкін емес. Тұлғалық деңгейде де ешқашан жанжалға түспеген адам табылмайды, өйткені адамдар жасы, ақыл-ой қабілеттері, мүдделері, қабілеттіліктері бойынша әр түрлі. Гераклиттің пікірінше, тек адамдар ғана емес құдайлар да, ғарышта қарама-қайшылықта өмір сүреді. Мұнымен келіспеуге болмайды. Өйткені әрбір өркениетте көптеген қоғамдық партиялар, топтар, әлеуметтік институттар мен элитарлар қызмет етеді. Олардың кез келген әрекеті адамдар мүдделерінің қандай да бір дәрежесін жанап өтеді. Жанжал біреулерге қуаныш, екіншілерге түсінбестікті, үшіншілеріне - қайғы алып келеді.

Жанжалдың қарама-қарсы жағы - бұл достық, әріптестік, өзара көмек, келісім, бірлік және бейбітшілік. Сондықтан барлық адамдар мәселенің жанжалсыз шешілу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Халықтың басым көпшілігіне адам өміріне тәни зиян келтіріп қана қоймай, сондай-ақ оның өміріне қол сұғатын жанжалдармен шақырылған кез келген мүдде, кез келген жүйке зорлығы жағымсыз. Мұндай жағдайда саясат таптар, ұлттар мен мемлекет арасындағы қатынастарға байланысты қызмет ретінде адамдар арасындағы қатынасты реттеуге және заңның негізінде мүмкіндігінше аз шығындармен пайда болған қарама-қайшылықтарды шешуге шақырады. Бірақ саясат жанжал жасаушыларды татуластырумен жиі айналыспайды. А.Г. Здравомысловтың пікірінше, ол көп жағдайда жанжалға итермелеуші құрал болып табылады. “Саясат” - дейді ол, - билікпен кездеседі. Билікке барлығы емес, бірақ көбісі, әсіресе әлеуметтік белсенді адамдар ұмтылады. Алайда қоғамда билік позициялары саны шектеулі. Егер де бұл билік позициялары монархиялық саяси құрылымдардағыдай мұрагерлік нормалармен анықталмаса, онда қайсы бір билік позицияларын иемденуге біршама мүмкіндіктері барлар міндетті түрде жанжалға түседі. Мұндай түрдегі позиция үшін күрес барлық қоғамда дерлік таралған. Оның сипаты қоғамда, қазіргі сәтте өмір сүретін саяси режимге байланысты [3]. Сондықтан, бізге жақса да, жақпаса да, саясат адамның қызмет ету саласы ретінде (себеп салдарға байланысты) жанжалдарды тудырып, шешеді.

Сонымен шынайы өмірде жанжалдан қаша алмайтынымызға көнуге тура келеді. Олай болса, егер жанжалды оқиғаларды шешуге мүмкіндік болса, оның зиянкестігін мейлінше азайту керек. Ол үшін жанжалды және оны реттеу әдістерін зерттеу қажет. Онымен “конфликтология” ғылымы айналысады. Конфликтология адамдар пікірі арасындағы қатынастарды емес (бұл идея мен теория жанжалды болар еді) пікірлер мен ұсыныстар қақтығысында болатын адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекеттестіктерін қарастыратынын білген жөн.

Ерте заманнан бері осыған орай айтылған қызықты идеялар аз емес. Ежелгі Қытайдың ұлы философы Конфуций б.э.д. VІ ғасырдың өзінде-ақ жанжал біріншіден адамның ұқсас болмауы мен тәуелсізідігінен туады деп атап өтті. Ол былай деген: “бай мен кедейге өзара қатынасты қолдау қиын, бірақ оған ұмтылу керек: өзіне қатал қатынас, жоғарыларға және үлкендерге сыйластық, қарапайым адамдарға игі ниеттілік пайдалы”. Осыған байланысты ол “айтыс-тартыс жүргізілмес” үшін әдет-ғұрыптарды жақсарту, кемістіктерді жою, ұрыстардан қашу қажет екенін атап көрсетті.

Конфуцийдің замандасы, ежелгі грек ғалымы Гераклит жанжал - қоғам өмірінің маңызды жағдайы, онсыз қоғам дами алмайды, ол барлық нәрсенің негізі деп есептеген. Оның ойымен ежелгі ғалым-материалистер де келісті. Мысалы, Эпикур жанжалдың салдары адамдарды бейбітшілік пен өзара келісімде өмір сүруге көндіреді дейді.

Жанжал мәселесі б.э.д. V - ІV ғасырларда өмір сүрген Платон мен Аристотель сияқты ежелгі атақты ғалымдарды да толғандырған. Олар: адам өзінің табиғаты бойынша - қоғамдық тірі организм және адамда қалыптасқан қоғамдық бастама оған басқа адамдармен серіктестік болуына мүмкіндік береді деп санаған. Сонымен бірге олар адамдардың өшпенділікке, қастандыққа, зорлыққа бейім екенін естен шығарған жоқ. Аристотельдің пікірінше, тартыстың себептері - әлеуметтік теңсіздік және бөлімдерге бөліну, біреулерді тым жоғары көтеру немесе біреулерді кемсіту.

Жанжалды болдырмас үшін Қайта өркендеу дәуіріне дейін, ұзақ уақыт бойы дәстүрлі қоғамда жабайы, дөрекі түрінде ұжымның діни идеялары қолдау тапты. “Жақсылық” сыйлап, адамды құдай жасаған деген библиялық ойлар таратылды. Алғашқы күнә адаммен жасалынғандықтан, ол міндетті түрде жердегі өмірде “жамандыққа” кездеседі. Феодалдық жағдайларда ұжымның христиандық идеясы тұлғаны басу үшін күшті тетік жасаған. Алайда орта ғасырдағы (VІІ - XVІ ғ.ғ.) жеке даралық идеялары тәртіпсіздіктерді, бүлік пен қан төгісті соғыстарды өткір сынға алған Томас Мор, Френсис Бекон, Эразм Роттердамский т.б. сияқты әр түрлі бағыттағы ғалымдардың еңбектерінде кеңінен дәлелдене бастады. Олар қоғам дамуының факторы ретінде адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімді жақтады.

Біршама басқа көзқарасты Томас Гоббс және Джон Локк ұстанды. Олар әлеуметтік жүйенің дамуын бағалағанда басымдықты қоғамға емес тұлғаға беру керек, өйткені адамдар бір-бірімен қоғамдық байланыста болғандықтан бір-біріне дұшпан ретінде немесе дос ретінде шығады. Индивидтердің барлық талаптарын қанағаттандыру мүмкін болмағандықтан қоғамда жанжалдық жағдай пайда болады. Бірақ жанжалды адамдардың табиғи ерекшеліктері көмегімен емес, қатаң шара қолдану жолымен - “қоғамдық келісімді” бұзғаны үшін жазалау немесе қорқыту жолымен шешу керек деп санайды.

“Ағарту” ғасыры (XVІІІ) жанжалдардың табиғатына қатысты көзқарастарға (кейде қарама-қайшы) іс жүзінде маңызды өзгерістер әкелмеді. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана жанжалдар социология, тарих, психология және құқықпен қатар арнайы зерттеу пәндер қатарына ұсынылды. Конфликтология ғылымының ғылыми негіздері бірінші кезекте Чарльз Дарвин, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, Макс Вебер, Эмиль Дюркгейм, т.б. сияқты атақты ғалымдармен жасалынды.

Ч.Дарвин нәтижесі әлеуметтік дарвинизм тұжырымдамасы болған биологиялық эволюция теориясын ұсынды. Оның жақтастары қоғам дамуын қоғамдық іріктеудің биологиялық заңы деп түсіндірді.

О.Конт жанжалдың негізгі себебін еңбек бөлінісі мен кооперациясынан, капиталдың аз адамдар қолында жинақталуы мен ел тұрғындарының көпшілігін қанаудан, ең бастысы адамның табиғи сезіміне - ынтымақтастық пен келісімдікке кері әсер еткен өзімшілдік моралдың пайда болуынан көрді.

Конттың соңынан ерген Г.Спенсер қоғамға тірі организм секілді әрбір бөлігі өзіне ғана тән қызметті орындайтын, біртұтас әлеуметтік организм ретіндегі көзқарасты жақтады. Қоғамдық жүйенің бір бөлігінің жаңылысы қандай да бір өмірлік маңызды қызметтің бұзылу жағдайына алып келеді. Алайда, әлеуметтің бақылауымен құндылықтар жүйесін қабылдаған халық келісімін пайдалана отырып қоғамда бүтіндік пен тұрақтылықты сақтауға болады. Қоғамда жанжалдан қашу мүмкін еместігімен келісе отырып, Спенсер олардың қоғамдық дамуды ынталандыратынын атап кетті.

К.Маркс жанжалдың қайнар көзін адамдардың өздерінің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін болатын күресінен көрді. Мәселенің қойылуына сәйкес қоғам экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық сияқты әлеуметті кіші жүйелерден тұратын тұтастай интегралды жүйе ретінде көрінеді. Олардың барлығы бір-бірінен объективті тәуелділікте және келісімде болады. Ең маңызды рөлді негізі жеке меншікке қатысты белгілі бір факторымен материалдық өндіріс болып табылатын экономикалық кіші жүйе алады. Әлеуметтік жүйенің өзгеруі үдемелі қоғамдық дамудың алдындағы кезеңінде жинақталған, қарама-қайшылықтарды шешу нәтижелері ретінде оның басқа күйге ауысуын білдіреді. Басты жанжал “тарихтың сүйреушісі” таптық күрес болып табылады.

К.Маркс пен оның ізбасарларына қарағанда Э.Дюркгейм қоғам өміріндегі шешуші рөлді материалдық емес, рухани салаға жатқызды. Оның пікірінше адамның шынайы жүріс-тұрысына әсер ететін нормалардың нақтылы жиынтығы өнегелілік жанжалды реттеу қасиетіне ие.

М.Вебер көзқарасы бойынша, қоғам - бұл бір-біріне қарсы бағытталған әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын адамның өзара әрекеттестіктері. Бұл артықшылыққа ие мәртебелі топтардың жағымды және жағымсыз әрекет ететін сахнасы. Материалдық және жетілген мүдделер жанжалының жағдайында өзінің әсерін сақтау, керек десеңіз нығайту, өзінің экономикалық көзқарасын және өмірлік бағыттылығын сақтап қалу оларды алаңдатып отыр. Көріп отырғанымыздай, Вебер пікірі бойынша, әлеуметтік әрекеттің субъектісі жалпы қоғам емес, қандай да бір мәртебемен байланысты индивид болып табылады. Оның ойынша капитализм - бұл жаңылыс бермейтін, әр индивид өзінің меншікті орнына ғана ие болатын жақсы орныққан машина. Осындай қандай да бір ауытқулар болуы мүмкін емес, яғни жанжалдар да болмау керек. Бірақ бұл жетілген үлгі тәжірибеде дәлелденбеді, өйткені әлі күнге дейін қатаң жаңылыс болмайтын, тиісінше жанжалдар үшін құнарлы негіз болмайтын әлеуметтік ұйымды ешкім ойлап тапқан жоқ.

Басқа атақты неміс ғалымы Г.Зиммель, жанжал алауыздықтың бір түрі болса да, сол мезетте адамдарды біріктіретін және қоғамды тұрақтандыратын біріктіруші күш болып алға шығады деп санады. Конфликтологияның қалыптасуына П.Лавров, Н.Михайловский, М.Бакунин, П,Кропоткин, П.Ткачев, М.Ковалевский т.б. орыс ғалымдары да өз үлесін қосты. Оның ішінде, П.Лавров пен Н.Михайловский өрлеудің қозғаушы және тиісінше өлшеуі тұлғасы оның өзіне теңдес кооперациясындағы жан-жақты дамуы деп санады. Осыдан келесідей тұжырымдар жасалды: қоғам мен тұлғаның арасындағы жанжалды алдын алуға болады, өрлеуге өмір сүру үшін күрес емес, көп деңгейде адамдардың ынтымақтастығы мен өзара көмектесулері, әлеуметтік ортаның тұлғаның қажеттіліктеріне бейімделуі қызмет етеді.

Атақты ресейлік-американдық социолог П.А. Сорокин өзінің көптеген еңбектерінде бұл мәселені айналып өткен жоқ. Социологияда “әлеуметтік-мәдени мектептің өкілі ретінде ол - қазіргі индивид туылатын, өсетін қоғам мен мәдениеттің білімсіз оның ешқандай жеке белгілері - идеялар, діншілдік, талғам, құмарлық, сенім және жек көрушілікті шақыратындарда - түсінікті бола алмайтындығында көңіл аударды. Мұндай білімсіз адамның жүріс-тұрысын, әдет-ғұрпын және ойлау үлгісін тануға болмайды. Ал жанжалға келер болсақ, ол адамның қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты, оның қайнар көзі көбіне адамдардың базалық қажеттіліктерін басуда.

Осылайша, ХХ ғасыр басына таман жанжал кәдімгі әлеуметтік құбылыс ретінде ғалымдар тарапынан мойындалды. Жанжал социологиясының дамуында Ральф Дарендорф (Германия) және Льюс Козер (АҚШ) үлкен рөл атқарды. Өзінің “Әлеуметтік жанжалдың қызметтері” атты кітабында Л.Козер жанжалды “құндылықтар мен белгілі бір мәртебеге қарсы адамдардың мақсаттары қарсыласты тоқтату, зиян келтіру немесе көзін жоюға жететін күш пен ресурстарға ие болу үшін күрес” ретінде сипаттады. Ол әлеуметтік жанжал қоғамдық жүйенің тұтастығын бұзады, бірақ қоршаған ортаға қатысты әлеуметтік құрылымды аса икемді қылады деп көрсетті. Ол әлеуметтік жанжалды деструктивтік фактор ретінде емес, әлеуметтік дамудың, керек десеңіз, топаралық жанжал процесіндегі топтың әлеуметтік шоғырлану импульсі ретінде дәлелдейді [4].

Функционализм көзқарасында қала отырып, Козер өзінің еңбектерінде қоғамдағы индивидтердің ынтымақтастығына баса назар аударды.

Диаметральды қарама-қарсы көзқарасты неміс социологы Р.Дарендорф ұстанды. Ол үшін жанжал - жанжал социологиясының орталық категориясы болып табылады. Адамзат қоғамы, оның пікірінше - жанжалдасқан екі жақтың (таптар) арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі ретінде дамиды. Жанжалдар шарасыз және қажетті. Олардың болмауы - “таңқаларлық және жат” құбылыс [5]. Ол таптық антогонизм туралы марксшілдік білімді дұрыс деп мойындады, бірақ бұл антогонизм ХІХ ғасырда Батыс Еуропаға тән болған деп санады. Ал ХХ ғасырдың постиндустриалды қоғам жағдайында, плюрализм және демократия принципі бекітілген кезде, - әлеуметтік жанжалдың “арнаулы” механизмдері жасалады. Ол жанжалды реттеудің (шешудің емес) жеңіл формалары. Жанжалды “шешу”, яғни оны толығымен жою. Ал бұны істеуге болмайды, - олар барлық иерархиялық жүйенің салдары ретінде барлық жерде өмір сүреді. Алайда бұл оларды реттеуге болмайды дегенді білдірмейді. Бұл үшін кем дегенде үш жағдай болу керек: біріншіден, құндылықтық ұстанымның бар болуы, өзгешелікті мойындау және жанжалдасқандардың қарсы тұруы; екіншіден, тараптардың ұйымдасу деңгейі - ұйымдасу дәрежесінен қаншалықты жоғары болса, келісім-шарттардың орындалуы мен келісіміне жету оңай болады; үшіншіден, белгілі бір ереженің өзара тиімділігі, оларды орындау жанжалға қатысушы тараптар арасындағы қатынастарды сақтауға немесе ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Жанжалға қатысты өзіндік көзқарасты атақты француз социологы Ален Турен ұстанды. Оның пікірінше, барлық өзгерістердің механизмі қоғам субъектілерін басқару мен жалпы мәдени бағыттылығынан болатын олардың, яғни әрекет етуші адамдар арасындағы жанжал болып табылады. Жанжал әлеуметтік және мәдени ұйымдар деңгейінде, яғни тәртіп бар жерде өмір сүреді. Олай болса, оның таласы үнемі болады. Қоғамдық емес оқиға адамдардың санасы мен әрекетін басқарады, ал оның өзі мәдени инновациялар мен қоғамдық жанжалдың мағыналы жағы. Әрбір әрекет етуші өз әрекеті саласын басқаруға ұмтылатын кезде ғана өзін шынайы қоғамдық жанжал ретінде дәлелдейді.

Бүгінгі таңда жанжал теориясы саласындағы атақты маман - американ социологы және экономисі Кеннен Боулдинг. Оның пікірінше, жанжал саналы, жетілген қарама-қайшылықтарды және мүдделер қақатығысын көрсетеді. Басқаша айтқанда, жанжал - бұл басқа жақтың ниетін жоқ қылатын көзқарасқа ие болуға ұмтылатын олардың потенциалды көзқарастары немесе күйлерінің сәйкессіздігі туралы екі жақтың бір-біріне ақпарат бергенде болатын оқиға. Оның конфликтология тұжырымдамасының маңызды жағы биологияланған, әлеуметтік дарвинизм тұрғысы табылады: оның пікірінше, адамның табиғатында өзіне ұқсас күреске және үздіксіз болатын өшпенділікке, зорлықтың күшеюіне ұмтылу бар және әлеуметтік жанжалдар жалпы ережелер бойынша дамиды, сондықтан оларды ескеруге де, жеңуге де болатыны дәлелдеген. Бұл үшін үш сәтті есте сақтау керек: қарама-қайшылықтардың пайда болу себебін түсіну, оларды жоюдың келісілген әдістерін саналы таңдау, адамдардың өнегелі жетілуі.

Біршама ұқсас көзқарасты неофрейдтік бағыттың (батыс ғалымдары) жақтастары ұстанады. Олардың ойынша жанжалдың себептері қоғамдағы тұлғаның құндылықтары мен шынайы күйінің арасындағы жоғары қажеттіліктері мен оларды қанағаттандырудың мүмкін еместігі арасындағы айтарлықтай қарама-қайшылықтарда жатыр.

Психологтар жанжал табиғатын басқаша түсіндіреді. Олар тұлғаның жан-жақты жүріс-тұрысын психологиялық факторларға тәуелді етіп қояды. З.Фрейд адамдардың негізгі құштарлығы бірінші кезекте, жыныстық бейіммен байланысты деген идея ұсынды. Алайда адам табиғатының жанжал мәселесіне мұндай көзқарасты Фрейдтің берілген серіктестері мен шәкірттері де қабылдамады. Мысалы, Австрия психологы Альфред Адлер Фрейдпен барлық қатынасын үзе отырып, тұлғаны қоғамнан бөлектеуге болмайды, бұл биосексуалды емес, әлеуметтік тірі организм екенін айтты.

З.Фрейдтің басқа шәкірті - швейцариялық психолог және социолог Карл Юнг бойынша адамның құштарлығы мен қылықтары, оның сыртқы ортаға немесе өзінің ішкі дүниесіне қалай қарайтындығымен байланысты психологиялық энергиямен төмендейді. Ресейде 1924 жылы шыққан “Психологиялық типтер” кітабында, ол кейіннен дүние жүзі мойындалған өзінің тұлғалық типологиясын жасады. Бір жағынан ол тұлғаның ішкі және сыртқы әлемге басым бағыттылық типін бөліп көрсетті (экстравертивтік, интровертивтік), ал екінші жағынан - тұлғаның үстемдік етуші психологиялық қызметін анықтады (мінездің ойлағыш, интуитивтік, сенсорлық, эмоционалды типтері).

Экстравертивтік тип - бұл тұлғаның сыртқы әлемге үндеуі және ондағы іс-әрекеті; ол үнемі назарда болуға тырысады, өзінің пікірімен бөліскісі келеді және әр кезде мақтауды қажет етеді.

Интровертивтік тип - бұл тұлғаның өзінің ішкі дүниесіне үндеуі; ол басқаларға ықыласты, не туралы айту керектігін жақсы ойланбай тұрып өз пікірін айтуға асықпайды, өз-өзімен жалғыз қалғанда өзін тіпті жайлы сезінеді.

Юнг бойынша мінездің өзіндік ерекшелігі бар типтері де қызығушылықты көрсетеді, бірақ та мұндай бөліну шартты.

Оның пікірінше ойлау типі - бұл ұстамдылық, тұлғаның ең қиын жағдайдағы сабырлылығы; ақиқат үшін айтысты және жанжалды жайластыра алу; ықтиярын нақты көрсету; ең алдымен логикалық және ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, фактілерге объективті көзқараспен жету.

Эмоционалды тип біреуді ренжітіп алудан қорқып, басқа адамдар үшін қабылданған шешімді дұрыс шешім деп санайды, сондықтан егер жанжал болып жатса, олардан қашуға немесе жайластыруға тырысады.

Сенсорлық тип, ең алдымен сезімге бағытталады, сұрақтарға нақты жауапты және елеулі пайда әкелетін іс әрекеттің түрін ұнатады; көріністі бүтіндей алғанымен, егжей-тегжейін жеңіл қабылдайды және “жүз рет естігенше, бір рет көрген дұрыс” деген принципті ұстанады.

Интуитивтік тип - бұл әрқашанда дерлік жайбарақат адам, бір уақытта бірнеше нәрсе туралы ойлағанды, бір уақытта әр түрлі сюжеттерімен бірнеше кітап оқуды ұнатады; ол фантазиядан құр қол емес, болашақты үрейсіз қабылдайды, қойылған сұраққа жалпы, нақты емес сұрақтармен қанағаттанады.

Осы барлық ерекшеліктер, сонымен бірге экстравертивке және интровертивке бөліну, психологтардың пікірінше, салдарларға, орындауға, уақытқа байланысты ауыса отырып, тұлғаның темпераментінде әр түрлі мөлшерде пайда болады.

Шетелде ХХ - ХХІ ғасырларда әлемнің әр түрлі елдерінің, сонымен бірге ТМД елдерінің ғалымдарымен, әлеуметтік жанжал мәселесі бойынша көптеген қызықты еңбектер жарияланған, бірақ жанжалдың жалпы қабылданған теориясы жоқ. Осы уақытқа дейін қоғамның үдемелі дамуында жанжалдың мәні мен рөлінің сипатына әдістемелік тұрғыға айтарлықтай әртүрлі мәтіндер бар. Сонымен шамасы, мүдделердің жалпылама үйлесімі - бұл адамды жаңылысқа ендіретін аңыз деп мәлімдеген ғалымдар дұрыс айтқан. Қоғам, билік және жеке адамдар жанжалды оқиғаларға көздерін жұмуды тоқтатқан кезде және оларды уақытында реттеуге тырысқан кезде жоғары нәтижелерге қол жетеді.

 


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Таңдамалы жиынтықтың жалпы саны - 2000 респондент| Түрі ретінде

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)