Читайте также: |
|
Әлеуметтік-негізделген экономиканың кезеңдерін, жағдайларын және қалыптасу заңдылықтарын белгілейі Экономиканың әлеуметтік-шаруашылық дамуының үш кезеңі қарастырылады.
Әдебиет.
1. Закон Республики Казахстан от 08.05.2003 года №412-П «Об информатизации»
2. Назарбаев Н.А.Казахстан – 2030. Алматы: Билим, 1998. – 96 с.
3.Назарбаев Н.А.Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации// Казахстанская правда. 2005. 19 февраля. – с. 1-3.
4. Назарбаев Н.А. Послание народу Казахстана. Астана.- 2011.
5. Назарбаев Н.А. Казахстанский прорыв // Казахстанская правда. – 2006. - №276.
6. Садыков Т.У. Основы теории информационной экономики.
Монография, г.Алматы, Гылым, 1998 г.
7. Садыков Т.У. Инон и судьба капитала, или об информационной экономике.
Вестник Университета «Туран», г.Алматы, 1999 г., № 1
8. Садыков Т.У. Информатизация Казахстана как решающий фактор современного общественного развития. Материалы международной научной конференции «Десять лет реформ на постсоветском пространстве: ожидания, результаты, перспективы», часть 2, г.Алматы, Туран, 2001 г.
9. Садыков Т.У. Структура и особенности новой экономики. Вестник Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилёва. Серия – экономическая. Выпуск 1. 2007г.
11. Садыков Т.У. Методологические основы информационной экономики
Материалы международной научной конференции, Университет ТУРАН, Алматы, 2003 г.
12. Нечипоренко В.П. Информационный капитал научно-технической деятельности // НТИ. Сер. 1 / ВИНИТИ. –1998. -№11.
13. Политическая экономия информации // Int. Inf. and Libr. Rev. –1998. –30, № 3.
14. Огородников В.П., Папанов В.В. Рецензия: Ю.Ф. Абрамов Картина мира и информация. Философские очерки. – Иркутск: Издательство Иркутского университета, 1988 //Философские науки. –1990. -№ 10..
15. Яковлев П. Что такое Интернет-банкинг?//www.m3m.ru/
16. E-commerce and development report 2001 prepared by the UNCTAD secretariat. United Nations. New York and Geneva, 2001. – 252 р.
Дәріс №14
Азақстанның ақпараттық экономикасын дамыту және халықаралық шаруашылықты жаһандандыру. Креативті интеллектуалдық күші.
Дәріс мақсаты: Табиғи парасаттың жаңа ішкі мазмұны және экономикадағы оның өзгерген рөлін түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1.Еңбек қасиетіндегі және мазмұнындағы өзгеріс.
2. Табиғи парасаттың жаңа ішкі мазмұны және экономикадағы оның өзгерген рөлі.
3.Материалдық, рухани, әлеуметтік және ғаламдық нәтижеліктердің негізі және қалыптары.
АДАМНЫҢ ТІРШІЛІК ҚАРЕКЕТІНДЕГІ ҰСТАНЫМДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР өмір сүру үлгісі, сапасы және оның өмір сүру деңгейінің өзгерістер арқылы көрінеді. Өркениеттік қоғамның қазіргі адамының өмір сүру үлгісі қалыптасуы және жүзеге асуымен, оның зияткерлік потенциалының қалыптасуы және жүзеге асуымен, өмір сүру сапасының – сапалығы және оның әртүрлі болуымен және тұтынатын ақпараттың әртүрлілігі және өмір сүру деңгейінің - оның құндылықты ақпаратты қабылдауға қабілетіне тура шығатын табысының мөлшерімен тығыз байланыста деп айтуға болады. Осы өзгерістер негізінде еңбектің КНШҚ, ал капиталдың - инонға айналуы жатыр. Ақпараттық экономикадағы АДАМНЫҢ ЖАҢА РӨЛІ келесі негізгі ережелермен анықталады:
5) адамның КНШҚ рухани МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС ақпараттық тауарлардың параллельді-бірізді және сапалы-әртүрлі МАТЕРИАЛДЫҚ ақпараттық тауарлардың өндіру және ұдайы өндіру мақсатына бағытталады;
6) ақпараттық экономикадағы адам-табиғи парасаттың басты және стратегиялық орыны что оның жасанды парасаттың басқарып және «қызметінбағыттауында;
7) адамның инновациалық -зияткерлік КНШҚ бос және еңбек уақытының шоғырлану жағдайларында орындалады;
8) бір жағынан, жеке даралық көз қарасты тереңдететін бір уақыттық полярлану жағдайларында, және, жағынан, кеңейтіліп бара жатқан массалық-ғаламдық, тез өтетін телекоммуникациялық оптикалық-волокнолық, кабельдық, спутник және басқа байланыс каналдары арқылы адамдардың қарым- қатынасуы адамның КНШҚ материалдық өндірістен тыс жерде, ара қашықтықта «үй ішінде», мысалы, электрондық коттеджде өтеді.
Қазіргі заманда адам мен оның өмірі жыл сайын ақпаратқа, ақпараттық технологияға, ресурсқа тәуелді болып келеді. Психологтардың бағалауы бойынша, “ақылды адам” ақырындап “ақпараттық адамға” ауысады. Компьютерлік желілердің пайда болуы мен таралуы ақпараттық жүйенің дамуына әкелді. Ақпараттық кеңістікте Интернет ролінің өсуімен адамның және қоғамның құқықтары мен бостандықтарын зорлық жасау мен қатыгездікті насихаттайтын ақпараттан, оларға өтірік және жалған ақпаратты таңудан, болашақ ұрпақтың мақсатты бағытталған теріс дүниетанымын қалыптастырудан қорғау қажеттілігі туындайды. Бұл ретте, сыртқы қауіп көздері Қазақстан Республикасының заңи құзіретінен тыс болуы мүмкін, бұл құқық шаралары жүйесін қолдануды елеулі қиындатады.Қазіргі заманғы қоғамның табысты жұмыс істеуі онда болып жатқан ақпараттық процестердің қаншалықты тиімді ұйымдастырылғанына және қалыптасқанына тұтастай байланысты. Осыған байланысты ҚР үшін осы процестердің мемлекет шеңберінде бірыңғай ақпараттық кеңістікке түйісуі үлкен маңызды болуда. Тарихтың жаңа этапы басталғанда, ақпарат, ақпараттық ресурспен бірге адамның өзін де қорғау керек болады. Біздің ойымызша, ақпарат қауіпсіздігі өсе келе, елдің ұлттық қауіпсіздігі жүйесінде бірінші орынға шығады. Елде толықтай ақпараттық қоғамды құруда және мемлекет пен ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ақпарат стратегиялық ресурсқа айналып отыр. Бірақ сол кездің өзінде экономикалық құрылымда коммерциялық ақпаратты заңсыз қолданудың өнеркәсіптік шпионажы мен хакерлік орын алды.Жалпы ақпараттық технологияға негізделген ақпараттық экономика тез өсіп келе жатыр. Себебі, 20-шы ғасыр high-tech – ауыл шаруашылығындағы, әскерлік істегі, өнеркәсіптегі жоғарғы технологиялар ғасыры деп аталса, 21-ші ғасыр high-hume – жеке адамдар не ұжымның мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мен дамытуға бағытталған жоғарғы гуманитарлық технология деп аталды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң халыққа 1997 жылғы "Қазақстан – 2030 барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы" Жолдауында ұзақ мерзiмдi басымдық ретiнде ұлттық қауiпсiздiк айқындалды, оның элементтерiнiң бiрi ақпараттық қауiпсiздiк болып табылады. “Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы” Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 қыркүйектегі №894 Қаулысында қабылданды. Онда қоғам мен мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық және мәдени өмiрiндегi ақпараттық технологиялардың маңызды ролi ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешуге жоғары талаптар қояды делінген.
Мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ақпарат алу, оны конституциялық құрылыстың берiктiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақтық тұтастығын, саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығын, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында пайдалану, ақпараттық қауiпсiздiк саласында өзара тиiмдi халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласындағы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен еркiндiгiн iске асыруға қабiлеттi ұйымдастырушылық, техникалық, бағдарламалық, әлеуметтiк тетiктердi қамтитын кешендi көзқарасты пайдалануды талап етедi.1999ж ISO Халықаралық стандартизация ұйымы “Ақпараттық қауіпсіздіктің жалпы критерийлері” туралы стандарт қабылдады. 2005 жылдың 15-17маусымында 1-ші “ Ауданның, ұйымның,азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігінің”(InfoforumCity - 2005) халықаралық көрме форумы болды.Салалық көрмеден басқа пленарлық отырыс, 9 тематикалық отырыс және Microsoft пен IBM компанияларының генералды демеушісі ұйымдастырған семинары өтті.“ИНФОФОРУМ - 2005”тің Генералды демеушісі Sun Microsystems арнайы мерекені “ИНФОФОРУМ ” комитетінің мүшелеріне және Беларусь пен Қазақстан Республикасына өткізді. Ал Ақпараттық қауіпсіздіктің ең бірінші ұлттық форумы 2006 жылдың 16-шы ақпанында ұйымдастырылды. Ал Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк саясаты (бұдан әрi - Мемлекеттiк саясат) ашық болып табылады және қоғамның қолданыстағы заңнамада көзделген шектеулердi ескере отырып, ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк органдар мен қоғамдық институттардың қызметi туралы хабардар болуын көздейдi. Ол жеке және заңды тұлғалардың кез келген заңды тәсiлмен ақпаратты еркiн жасауға, iздестiруге, алуға және таратуға құқықтарын қамтамасыз етуге негiзделедi.
Сонымен біздің ойымызша, ақпараттық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі ретінде ақпаратпен қатысты барлық қауіпсіздікті айтамыз. Ал қауіпсіздік түрі негізінен ақпараттың конфиденциалдылығында, толықтығында және қол жетімділігіне байланысты деп ойлаймыз. Жалпы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қамтитын ақпаратқа қатысты барлық қатынас субъектiлерi үшiн белгiленген құпиялық режимi жұмыс iстейдi. Осы ақпараттың меншiк иесi мемлекет болып табылады. Мемлекет меншiк иесi болып табылатын қол жеткiзу шектелген ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк ақпаратты қорғау жүйесi жұмыс iстейдi.
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаттары мен мiндеттерi Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары: 1. ұлттық ақпаратты қорғау жүйесiн, оның iшiнде мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды құру және нығайту; 2.мемлекеттік ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ақпарат саласында адам құқықтары мен қоғам мүдделерiн қорғау; 3. Қазақстанның ақпараттық тәуелдiлiгiн, басқа мемлекеттер тарапынан ақпараттық экспансияны немесе тосқауылды, Президенттiң, Парламенттiң, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық оқшаулануын төмендету немесе оған жол бермеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi мiндеттер:
1. ақпараттық қауiпсiздiк саласында ұлттық заңнаманы жетiлдiру;
2. ақпараттық қауiпсiздiк қауiптерiнiң көздерiн анықтау, бағалау, болжау, қорғалатын объектiлердiң барлауға қолжетiмдiлiк өлшемдерiн айқындау,
3. ақпараттық қауiпсiздiктiң мемлекеттiк саясатын қамтамасыз етудiң iс-шаралар кешенiн және оларды iске асыру әдiстерiн әзiрлеу;
4. ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн құқықтық реттеу және үйлестiру;
5. ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн дамыту, оны ұйымдастыруды, нысандарын, әдiстерiн және ақпараттық қауiпсiздiк қауiптерiн бейтараптау құралдарын, оны бұзу салдарларын жоюды жетiлдiру; 6. Қазақстанның жаһандық ақпараттық желiлер мен жүйелердi құру және пайдалану процестерiне белсендi қатысуын қамтамасыз ету;
7. техникалық барлауларға қарсы iс-әрекет ету жөнiндегi нормативтiк - құқықтық және әдiстемелiк базаны әзiрлеу және жетiлдiру жолымен техникалық барлауларға қарсы iс-қимыл жасау жүйесiн құру болып табылады. Экономикалық қызметтің кейбір саласы мысалға, электрондық бизнес жоғары серпінмен мазмұндалады. Әсіресе ақпараттық жүйеге қатысты бағдарламалар жиі ауысып отырады, жаңа аппарат құралдарын енгізу мен бизнес серіктестерді үздіксіз іздеу жүріп отырады. Мысалға, мобильдік коммуникаторға бағытталған төлем жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздікке төнген кауіптің жіктелуі:
- Ақпараттың конфиденциалдығын бұзу, яғни ақпараттың иесі болып анықталмаған тұлғаның АЖ-де сақталған ақпаратты қолдануы.
Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 120 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жаңа ақпараттық экономиканың маңызы және ролі. Экономикалық синергетика. | | | Электрондық ақша. Ақпараттық экономика мен ақпараттық қоғам. |