Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ші тақырып. Меншік құқықтың түсінігі.

Ші тақырып. Азаматтық құқықтың түсінігі. | Ші тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау | Ші тақырып. Азаматтық құқықтардың объектілері. | Ші тақырып. Азаматтар (жеке тұлғалар) азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде | Ші тақырып. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде | Ші тақырып. Мәмілелер. | Ші тақырып. Өкілдік. | Ші тақырып. Ортақ меншік. | Ші тақырып. Заттық құқықтар | Ші тақырып. Меншік құқығын қорғау. |


Читайте также:
  1. Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
  2. Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі
  3. Дәріс. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтың субъектісі рерінде
  4. Дәріс. Меншік құқығының ұғымы.
  5. Дәріс. Ортақ меншік құқығы
  6. Тақырып. Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы.
  7. Тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері

Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

Меншік құқығы заттық құқықтардың негізгі түрі. Заттық құқығы ретінде қарастыра меншік құқықтың келесі белгілері көрсетуге болады:

1) бұл мүліктік құқық;

2) бұл абсолюттық құқық;

3) объектісі – жеке дараланған зат;

4) қорғауы абсолюттық сипатқа ие;

5) заттық құқық ретінде заңда белгіленеді;

6) ілесіп жүреді;

7) артықшылық құқыққа ие;

8) нақты иеленуді қамтамасыз етеді;

9) мазмұнында: иелену құқығы, пайдалану құқығы және билік ету құқығы;

10) меншік құқығы мерзімсіз құқық.

Азаматтық кодекстің 188-бабының 1 тармағына сәйкес меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады. Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн. Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн. Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.

Меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды. Егер мүлiк заңды түрде үшiншi жақтарда болса, олардың бөтен адамның мүлкiн күтiп ұстауға жұмсаған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесi өтеуге тиiс. Затты күтiмсiз және заңсыз ұстаған адамға мүлiктi күтiп ұстауға жұмсаған шығындары өтелмейдi (Азаматтық Кодекстiң 263-бабы).

Иелiктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе, сатып алушыда меншiк құқығы пайда болумен бiр мезгiлде соған көшедi. Егер иелiктен айырушы адам заттарды беру мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне кiнәлi болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне кiнәлi болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi мерзiмiн өткiзiп жiберген тарап көтередi.

Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.

Мемлекеттiк меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi. Республикалық меншiк мемлекеттiк қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады. Республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттiк меншiктiң осы Кодекстiң 193-бабында аталған объектiлерi және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын құрайды. Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады. Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды. Мемлекеттiк меншiктегi мүлiк мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiлуi мүмкiн. Жекелеген мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiндегi мемлекеттiк мүлiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен белгiленедi. Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады. Мүлiктi жеке меншiктен мемлекеттiк меншiкке ерiктi және өтеусiз беру Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

Жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттiк меншiкте болады. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ші тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап қою мерзімі.| Ші тақырып. Меншік құқықтың пайда болуы және тоқтатылуы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)