Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері

Арағанды 2011 | Кіріспе | Тақырып. Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар | Тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері | Салықтық құқық негіздері | Тақырып. Экологиялық және жер құқығы негіздері | Тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы | Тақырып. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы | НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕСІМДЕР |


Читайте также:
  1. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.
  2. Акушерия және гинекология (ЖТД)_каз
  3. Акушерлік және гинекология_каз
  4. Альбуминнің айқын төмендеуі және альфа-глобулиндердің жоғарылауы
  5. Ан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
  6. Андай лабораториялық зерттеу әдісі лимфо- және лимфобласттық емес лейкозды диф. Диагностика жасауға мүмкіндік береді ?
  7. Бөлме өсімдіктерінің азалығын сақтау, суару уақыты және жиілігі

Тақырыптың өзектілігі:

Атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары жүйесінен тұрады, ал бұл жүйеге Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен мекемелер, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік мекемелердің әкімшіліктері жатады.

Үкімет мемлекеттік жоғары атқарушы үкімет органы болып табылады. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің үлгісі президенттік басқару нысанына үйлестіріле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен жоғарыға дейінгі атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында алатын шешуші рөлін білдіреді.

Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындауға, заң жобалау жұмысының жоспарларын Президентпен келісіп отыруға міндетті. Үкімет Конституцияның 53-бабының 6-шы тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентіне есеп береді.

Үкіметтік құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді (1995 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" мемлекет басшысының конституциялық заң күші бар Жарлығы). Үкіметті Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және мемлекеттік комитеттердің құрамында Республика Президенті құрады. Республика Премьер-министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Үкімет ұйымдық жағынан алқалы орган болып табылады, яғни оның шешімдері Үкіметтің отырысында алқалы түрде қабылданады.

Министрлік Республиканың мемлекеттік басқарудың тиісті салаларындағы, сондай-ақ заңдар деңгейінде салалық үйлестіруге басшылық жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Мемлекеттік комитет - Республикада мемлекеттік басқарудың тиісті салаларда бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізетін және заңдарға сәйкес осы мақсаттарда салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Үкіметтің құрылымынан Үкіметтің құрамына кірмейтін, бірақ оның иелігінде болатын орталық атқарушы органдарды (Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және өзге де республикалық мемлекеттік басқару органдарын) және Республиканың ведомстволарын (министрліктегі, мемлекеттік комитеттегі комитеттер, департаменттер, агенттіктер) бөліп айтамыз.

Үкіметтің билік жүйесіндегі жоғары орган ретіндегі рөлі оны елдің бүкіл аумағында іске асырылатын барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарда қолданылатын өкілеттілігінен көрінеді. Сонымен қатар оның билігіне жатқызылған мәселелерді дербес шешеді (Конституцияның 66-бабы).

Жергілікті атқарушы органдар еліміздің атқарушы билігінің бірегей жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және олар жергілікті жерлерде жалпы мемлекеттік саясатты тиісті аумақтарды дамыту мүддесімен үйлестіре жүргізуді көздейді.

Әкімшілік құқық - ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда аталады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған жағдайда әкімшілік құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі, ол нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы реттеледі.

Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

- мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байланысты;

- әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік органдардың азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;

- әкімшілік құқық бұзушылықты.

Әкімшілік құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған "әкімшілік құқық бұзушылық" кодексі және басқа да құқықтық-нормативтік кесімдер жасайды.

Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз заң шығарушы, атқарушы органдар орнататын, рұқсат етілген іс-қимылды және атқару билігіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін ережелер.

Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұны бойынша: материалдық, процессуалдық, ал субъектілердің іс-қимылына әсер ету тәсіліне қарай: міндеттеу, тыйым салу және өкілеттік беру түрлеріне бөлінеді. Сонымен әкімшілік-құқықтық қатынастар деп мемлекеттік басқару саласындағы әкім-шілік-құқықтық нормаларымен реттелген қатынастарды айтады. Бұл қаты-настарға қатысушы тараптардың бірі әдетте мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болады.

 

1 СОӨЖ сабағының мақсаты:

1.1Студент білуге тиісті:

· Мемлекеттік басқару түсінігін;

· Мемлекеттік басқару, мемлекеттік билік, оны жүзеге асыру әдістерімен, мемлекеттік органдар жүйесімен, принциптерімен танысуды;

· Әкімшілік құқықтың пәні және әдісі мен жуйесін;

· Құқықбұзушылық түсінігін, жауапкершілік, жаза түрлерін.

1.2 Студент білуі керек:

· Мемлекеттік қызметшілер санатына байланысты қызметшілердің түрін және қағидаларын анықтау;

· Жергілікті мемлекеттік органдардың ролін және олардың сайлану, ұйымдастыру жолдарын тағы да басқа маңызды мәселелерін объективті бағалау;

· ҚР Үкіметінің құрылымын анықтау;

· Әкімшілік құқықбұзушылық субъектілерін мазмұндау.

2 СОДЖ сабағының мазмұны:

2.1 Жоспары:

1. Әкімшілік құқық түсінігі.

2. Атқарушы үкімет.

3. Мемлекеттік қызмет.

4. Әкімшілік құқықтық қатынас.

5. Әкімшілік жаза.

6. Мемлекеттік басқару түсінігі.

7. Мемлекеттік басқару принциптері.

8. Мемлекетік басқару құрылымы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет. –Алматы: Заңгер, 2004.

2. Жетпісбаев Б.А. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершілік. Оқу құралы. –Алматы: Жеті жарғы, 2000.

3. ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 552 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот| Тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)