Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Салықтық құқық негіздері

Арағанды 2011 | Кіріспе | Тақырып. Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар | Тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері | Тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот | Тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері | Тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы | Тақырып. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы | НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕСІМДЕР |


Читайте также:
  1. Дәріс. Азаматтар азаматтық құқықтың субъектісі
  2. Дәріс. Азаматтық құқықтық қатынастар
  3. Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі
  4. Дәріс. Заттық құқық.
  5. Дәріс. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтың субъектісі рерінде
  6. Семинар. Заттардың түсінігі мен құқықтық жіктелуі.

Салықтық құқық - заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар әрі оның пәні болып табылады.

 

1 СОӨЖ сабағының мақсаты:

1.1 Студент білуге тиісті:

· Қаржылық және бюджеттік қатынастар түсінігін;

· Салық құқығы түсінігі, қағидалары, салық түсінігін;

· Салық төлеушілер, олардың құқықтары мен міндеттерін;

· Салық міндеттемелерін орындауды.

 

1.2 Студент білуі керек:

· Жалпы қаржы нәтижелерін салық салынатын табысты анықтау мақсатында қолданылатын қаржылық-статистикалық құжаттарды толтыруды;

· Мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көздерін анықтауды;

· Салық элементтерін;

· Салықтың түрлерін анықтау.

2 СОӨЖ сабағының мазмұны:

2.1 Жоспары:

1. Қаржы және қаржылық қызмет түсінігі.

2. Бюджет.

3. Салық құқығы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сейдахметова Ф.С. Қазақстандағы салықтар. Оқу құралы. –Алматы, 2002.

2. Финансовое право. Уч., отв. Ред. Н.И. Химичева. – М: 2000.

3. Худяков А.И., Наурызбаева Н.Е. Салықтар: түсінік, элементтері, белгілеу, түрлері. –Алматы, 1998.

Тақырып. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы

Тақырыптың өзектілігі:

Еңбек құқығы -еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі. Ең негізгісі 1999 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасының еңбек туралы" Заңы болып табылады.

Еңбек туралы нормативтік-құқықтық кесімдердің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Бірсыпыра басқа қатынастар осындай еңбекке байланысты қатынастарды да туындатады. Оларға әлеуметтік серіктестік, еңбекті қорғау, заңды тұлғалардан келтірілген шығынның орнын толтыру, еңбек дауларын қарау, жұмыссыздық және әлеуметтік қамсыздандыруды жатқызуға болады.

Конституцияның 28-бабында "Қазақстан Республикасының азаматына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейне-тақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады", - делінген.

Азаматтардың ең төменгі жалақы және зейнетақы алу кепілдігі заңды түрде белгіленген, жалақы мен зейнетақының ең төменгі деңгейі анықталған және қамтамасыз етілген. Бұлардан басқа тағы да бір әлеуметтік норматив (зейнетақыны, жәрдемақыны, әлеуметтік төлемдер, айыппұл, салық басқа да төлемдерді есептеу үшін) "есептік көрсеткіш" қолданылады. Мысалы, 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зейнетақы мен жалақының ең төменгі мөлшері - 5000 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш - 872 теңге болып белгіленген, ал 2004 ж. - 919 теңге.

Жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы заңымен реттеледі.

 

СОӨЖ сабағының мақсаты:

1.1 Студент білуге тиісті:

· Еңбек құқығының жүйесін, еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастарды;

· Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтудың құқықтық негіздерін;

· Жалақы түсінігін;

· Кепілдік және компенсация түсінігін.

 

1.2 Студент білуі керек:

· Белгілі бір еңбек қызметін іске асыру бойынша азаматтардың еңбек бостандығы конституциялық құқығын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қатынастарын;

· Теорияны тәжірибеде қолдануды;

· Шарт құруды;

· Жұмысшылар мен қызметкерлердің қоғамдық қатынастарын, әкімшілік пен кәсіподақ арасындағы қатынастарды реттейтін нормаларды;

· Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық саясаттың еңбек саласындағы басты бағыттарын.

2 СОӨЖ сабағының мазмұны:

2.1 Жоспары:

1. Еңбек құқығы туралы түсінік.

2. Қайнар көздері.

3. Жеке еңбек шарты.

4. Жұмыс және демалыс уақыты.

5. Еңбек ақы.

6. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы туралы түсінік.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. ҚР Еңбек Кодексі.

2. Зейнеткерлік заңнама: нормативтік актілер жинағы. –Алматы: Юрист, 2004.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 631 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері| Тақырып. Экологиялық және жер құқығы негіздері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)