Читайте также:
|
|
Тақырыптың өзектілігі:
"Конституция" деген сөздің латыннан аудармасы "қ ұ рылғы", "жарғы", "заң" деген мағыналарды береді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады.
Оларға жататындар:
1. Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы (1998 жылдың 8 қазаны және 2007 жылдың 21 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулар). Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
1 СОӨЖ сабағының мақсаты:
1.1 Студент білуге тиісті:
· ҚР Конституциясы ең негізгі құқық саласы екендігін;
· ҚР құқықшығармашылық түсінігін;
· Құндылықтар жүйесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын;
· Сайлаушыға Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы жадуалды.
1.2 Студент білуі керек:
· ҚР Конституциясының қалыптасу кезеңдерін бөліп-бөліп қарастыруды;
· Қазақстан азаматтарының құқықтық жағдайын, олардың құқықтарын бостандықтары мен міндеттерін бекітетін мемлекеттік құқықтық нормалар жиынтығын;
· Азаматтардың сайлауға қатысу принциптерін.
2 СОӨЖ сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
1. Конституциялық құқық түсінігі.
2. Конституция мәні мен түсінігі.
3. Жеке тұлғаның статусы.
4. Конституциялық сап.
5. Мемлекеттік билік органдарының жүйесі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциясы: мән және заң табиғаты. –Қарағанды, 2000.
2. Бәйішев Ж. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, 2001.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы Ғылыми-құқықтық түсініктеме / Сапарғалиева Г.С. редакциясы бойынша. –Алматы, 2004.
4. Көбеев Е.Қ. Конституциялық құрылым негізі – Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жетекші институты. /Көбеев Е.Қ. –Қарағанды: ҚарМУ, 2000.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 217 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар | | | Тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот |