Читайте также:
|
|
Тақырыптың өзектілігі:
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалыпты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдарының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.).
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
1 СОӨЖ сабағының мақсаты:
1.1 Студент білуге тиісті:
· Құқық қорғау органдарының түсінігі және түрлері;
· Негізгі бағыттарын;
· Негізгі бағыттары - прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т.б. қызметтерін;
· Сот билігі органдары – олардың құзыретіне кіретін жағдайларды.
1.2 Студент білуі керек:
· Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылатындығын және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуын анықтау;
· Сот жүйесінің құрылымын анықтау.
2 СОӨЖ сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
1. Құқық қорғау органдары туралы түсінік және түрлері.
2. Әр органның міндеті және оған мінездеме
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекбергенов Н.А. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі. –Қарағанды, 1998.
2. Бекбергенов Н.А. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау жүйесі. –Астана, 2000.
3. Смалдыков М.К. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. –Алматы, 1996.
4. Сүлейменова Г.Ж. Қазақстан Республикасындағы сот және құқық қорғау органдары. Р.Т. Түсіпбековтың редакциялығы, -Алматы, 1999.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 336 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері | | | Тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері |