Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ші тақырып. Заттық құқықтар

Ші тақырып. Азаматтық құқықтың түсінігі. | Ші тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау | Ші тақырып. Азаматтық құқықтардың объектілері. | Ші тақырып. Азаматтар (жеке тұлғалар) азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде | Ші тақырып. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде | Ші тақырып. Мәмілелер. | Ші тақырып. Өкілдік. | Ші тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап қою мерзімі. | Ші тақырып. Меншік құқықтың түсінігі. | Ші тақырып. Меншік құқықтың пайда болуы және тоқтатылуы. |


Читайте также:
  1. Бап. Азаматтардың құқықтары
  2. Бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары
  3. Бап. Донор мен реципиенттің құқықтары
  4. Бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
  5. Бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері
  6. Бап. Пациенттердің құқықтары
  7. Дәріс. Заттық құқық.

Заттық құқықтар бастапқы және туынды құқықтарға бөлінеді. Бастапқы заттық құқығы ретінде меншік құқығы танылады. Туынды заттық құқықтар басқаша бөтеннің мүлкіне заттық құқықтар деп аталады. Олардың қатарына келесі құқықтар кіреді:

1) иелену құқығы;

2) сервитут;

3) шаруашылық құқықтар: шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және дербес билік ету құқығы;

4) міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету құқықтар: кепіл құқығы және ұстау құқығы;

5) тұрғын үйге меншік иесінен басқа тұлғалардың заттық құқықтары: жалға алушының құқықтары, жалға алушы отбасы мүшелерінің заттық құқықтары, өмір бойы тұрғын үйді пайдалану құқығы;

6) табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары;

7) шарттар негізінде пайда болатын заттық құқықтар:жалға алушының құқықтары, семгерлікпен басқарушының құқықтары және т.б.

Азаматтық кодекстің 195-бабының 1 тармағына сәйкес меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:

1) жердi пайдалану құқығы;

2) шаруашылық жүргiзу құқығы;

3) оралымды басқару құқығы;

4) Азаматтық Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар.

Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.

Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады.

Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк бола алады.

Мүлiктi құрылып үлгiрген мемлекеттiк кәсiпорынға бекiту туралы меншiк иесi шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның дербес балансына бекiткен кезде пайда болады. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығын алуға арналған заңдарда белгiленген тәртiп бойынша кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң шешiмiмен кәсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған реттерде тоқтатылады.

Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына сәйкес кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерiн шешедi, кәсiпорынға тиесiлi мүлiктiң өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Меншiк иесi өзi құрған кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы.

Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорынның, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк органның жазбаша келiсiмiнсiз:

1) өзiне тиесiлi үйлердi, құрылыстарды, жабдықты және кәсiпорынның басқа да негiзгi құралдарын иелiктен айыруға немесе өзгеше әдiспен билiк етуге (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзiмдi (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегiн пайдалануға беруге;

2) филиалдар, өкiлдiктер және еншiлес кәсiпорындар құруға, жеке кәсiпкерлермен бiрге кәсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, олардың өзiнiң өндiрiстiк және ақша капиталын сатуға;

2-1) оған тиесiлi акцияларға (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;

3) заемдар беруге;

4) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдеме немесе кепiлдiк беру.

Мемлекеттiк кәсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, негiзгi құралдарға жатпайтын, өзiне шаруашылық жүргiзу құқығымен бекiтiлiп берiлген мүлiкке дербес билiк етедi. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк кәсiпорынның негiзгi құралдарына жататын мүлiкке қатысты, сондай-ақ оған тиесiлi акцияларды сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.

Мемлекеттiк кәсiпорындар қатысатын мүлiктiк қатынастарға егер осы Кодекстен және өзге заң құжаттарынан өзгеше туындамаса, осы Кодекстiң меншiк құқығы туралы ережелерi қолданылады.

Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы болып табылады.

Оралымды басқару құқығына ие болу мен тоқтату, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, Азаматтық Кодекстiң 13 және 14-тарауларында көзделген ережелер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi заң құжаттарына сәйкес мемлекеттiк мекеме немесе қазыналық кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу мәселелерiн шешедi, мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кәсiпорынның заң жүзiндегi тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлеуге құқығы бар. Меншiк иесi мемлекеттiк мекеменiң немесе қазыналық кәсiпорынның меншiк иесi берген мүлiктi тиiмдi пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады. Мемлекеттiк мекеменi бiрнеше меншiк иесi құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар мен меншiк иелерiнiң өз мүлкiне билiк жүргiзу құқықтары құрылтай шартымен немесе сол сияқты келiсiммен белгiленедi.

Мемлекеттiк мекемеге немесе қазыналық кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi меншiктенушi, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.

Мемлекеттiк мекеменiң, егер заң актiсiнде өзгеше белгiленбесе, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен айыруға немесе өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ. Қазыналық кәсiпорын өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi, сол мүлiктiң меншiк иесiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана иелiктен айыруға немесе оған өзгеше әдiспен билiк етуге, сондай-ақ дебиторлық берешектi, Азаматтық кодекстің 206-баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, беруге және есептен шығаруға құқылы. Қазыналық кәсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, өзi өндiрген өнiмдi дербес сатады. Қазыналық кәсiпорынның табыстарын бөлу тәртiбiн оның мүлкiн меншiктенушi белгiлейдi. Қазыналық кәсiпорынның өзiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлiктi сатуға және оған қатысты сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.

Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Қазыналық кәсiпорынның ақшалай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды. Мекеме мен мемлекеттiк мекеменiң жауапкершiлiгi Азаматтық Кодекстiң 44-бабының 1-тармағында көзделген тәртiппен туындайды. Мекеменi меншiктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме өзiне тиесiлi мүлiкке оралымды билiк жүргiзу құқығын сақтап қалады.

Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен реттеледi.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ші тақырып. Ортақ меншік.| Ші тақырып. Меншік құқығын қорғау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)