Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Донор мен реципиенттің құқықтары

Бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі | Бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу | Бап. Психиатриялық куәландыру | Бап. Психиатриялық стационарға жатқызу | Бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздер | Бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары | Бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау | Бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар | Бап. Медициналық тексеріп-қарау | Бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу |


Читайте также:
  1. Бап. Азаматтардың құқықтары
  2. Бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары
  3. Бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері
  4. Бап. Мәслихат депутатының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезіндегі құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
  5. Бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері
  6. Бап. Пациенттердің құқықтары

1. Донор осы Кодекстің 165-бабында көзделген құқықтардан басқа:
1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты өзінің денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;
2) тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу бойынша жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.
2. Реципиент:
1) денсаулық сақтау ұйымдарынан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау бойынша алдағы хирургиялық араласуға байланысты оның денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты талап етуге;
2) жүргізілген хирургиялық араласуға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ем алуға, оның ішінде дәрі-дәрмек емін алуға құқылы.
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және өзге де қызметкерлеріне донор мен реципиент туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салынады.

Тарау. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін әкелу, әкету

Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін әкелу, әкету үшін негіздер

1. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу:
1) денсаулық сақтау ұйымдарында транспланттау қажет болған;
2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер қажет болған;
3) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде жүзеге асырылады.
2. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағынан әкету:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегі жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде;
4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде;
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;
6) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын донордың гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін шетелде тұратын реципиентке транспланттауды жүргізу қажет болған кезде жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге арналған лицензияны уәкiлеттi орган медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес «трансплантология», «гематология» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.
4. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушалары, сүйек кемігі өткізілетін жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады.
5. Адамның ағзаларын және (немесе) тіндерін жеке тұлғалардың әкелуіне және әкетуіне жол берілмейді.
6. Адамның әкелуге және әкетуге арналған тiндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) биологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан зерттеу, консервациялау және тасымалдау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Ескерту. 172-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Адамның қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін әкелу, әкету үшін негіздер

Ескерту. 172-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Қазақстан Республикасының аумағына қан мен оның компоненттерін әкелу:
1) Қазақстан Республикасының аумағында медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
2) Қазақстан Республикасының аумағында диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет болған кезде;
3) бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағынан қан мен оның компоненттерін әкету:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде;
4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде;
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;
6) Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін (келісімшарттық фракциялау) Қазақстан Республикасының қан қызметі саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан компоненттерінен плазмалық қан препараттарын шетелдік өндірушінің зауыттарында өндіру үшін қан компоненттері шетелге жіберілген кезде жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайлардан басқа, қан мен оның компоненттерін әкелу және әкету айырбастау тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Осындай айырбастау қажетті биологиялық қасиеттері бар қан мен оның компоненттері болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге арналған лицензияны уәкілетті орган медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес «қан дайындау» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.
5. Диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады.
6. Қан мен оның компоненттерін жеке тұлғалардың әкелуіне және әкетуіне жол берілмейді.
Ескерту. 173-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн әкелудiң, әкетудiң тәртiбi

1. Осы Кодекстiң 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетiлген денсаулық сақтау ұйымдарының адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерін, қан мен оның компоненттерiн Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуі тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган адамның тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге арналған лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде, ал адамның ағзаларын әкелуге, әкетуге арналған лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді бір жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Ескерту. 174-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 95 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері| БӨЛІМ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)