Читайте также: |
|
1. Психиатриялық куәландыру зерттеп-қаралатын адамның психикасының бұзылуын (ауруын) анықтау, психиатриялық көмек көрсету қажеттігін және оның түрлерін айқындау мақсатында, сондай-ақ қорғаншылық, еңбекке уақытша жарамсыздықты айқындау туралы мәселені шешу үшін жүргізіледі.
2. Психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық тексеріп-қарау зерттеп-қаралатын адамның өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен немесе оның заңды өкілдерінің куәландыру себептері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша; кәмелетке толмаған адамға немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға қатысты - олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе жазбаша келісімімен жүргізіледі.
Зерттеп-қаралатын адамды психиатриялық куәландырудың деректері мен оның психикалық денсаулық жағдайы туралы қорытынды медициналық құжаттамада тіркеледі, онда психиатр-дәрігерге көріну себептері мен медициналық ұсынымдар да көрсетіледі.
3. Тексерілетін адамның немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
4. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық куәландыру жүргізетін дәрігер зерттеп-қаралатын адамға және оның заңды өкіліне өзін психиатр ретінде таныстыруға міндетті.
5. Зерттеп-қаралатын адам психикасының бұзылуы (ауруы) асқынған деп жорамалдауға негіз болатын іс-әрекеттер жасаған кезде, оған өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін, мұның өзі:
1) оның өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп төндіруіне;
2) оның дәрменсіздігіне, яғни тиісті күтім болмаған жағдайда негізгі тіршілік қажеттерін өз бетінше қанағаттандыруға қабілетсіздігіне;
3) егер адамға психиатриялық көмек көрсетілмей қалдырылатын болса, психикалық жай-күйінің нашарлауы салдарынан оның денсаулығына елеулі зиян келуіне байланысты туындайды.
6. Егер зерттеп-қаралатын адам осы Кодекстің 124-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен динамикалық байқауда тұрса, оған оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру жүргізілуі мүмкін.
7. Әртүрлі психиатриялық сараптамалар мен адамды психиатриялық куәландыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
8. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларда психиатриялық куәландыру туралы шешімді психиатр дәрігерлер комиссиясы адамның заңды өкілін хабардар ете отырып, қабылдайды.
9. Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды өзінің келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы баптың 5-тармағында санамаланған негіздердің бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылған өтініш бойынша психиатр-дәрігер қабылдайды.
10. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
11. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
12. Психиатриялық куәландыру туралы өтініш жазбаша түрде болуға, онда мұндай куәландырудың қажеттігін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның (не оның заңды өкілінің) психиатр дәрігерге көрінуден бас тартатыны туралы деректер қамтылуға тиіс. Психиатр дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер сұратуға құқылы. Психиатр дәрігер өтініште осы баптың 5-тармағында көзделген мән-жайлардың жоқ екенін анықтап, психиатриялық куәландырудан жазбаша түрде дәлелді себеппен бас тартады.
Ескерту. 123-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 87 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу | | | Бап. Психиатриялық стационарға жатқызу |