Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

БӨлім. ДенсаулыҚ саҚтау саласындаҒы білім беру жӘне Ғылыми Қызмет

Бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу | Бап. Психиатриялық куәландыру | Бап. Психиатриялық стационарға жатқызу | Бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздер | Бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары | Бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау | Бап. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптар | Бап. Медициналық тексеріп-қарау | Бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу | Бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері |


Читайте также:
  1. БАС (ЖАЛПЫ) ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛЫҚ (ЖЕКЕЛЕГЕН) БЮДЖЕТТЕРДЩ ҚҰРЫЛЫМЫ
  2. Білім бағасының жалпы баллдануы
  3. Білім беру жүйесі
  4. дістеме және тіл білімі
  5. Орта ғасыр тіл білімі
  6. Пән бойынша интерннің білімінің жиынтықталған бағасы

Тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі

1. Денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медициналық және фармацевтикалық факультеттерінде жүзеге асырылады. Клиникалық базалардың - медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық бөлімшелерінің, сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдарымен шарт бойынша медицина және фармацевтика кадрларын даярлау үшін тиісті жағдайлар жасайтын денсаулық сақтау ұйымдарының болуы медициналық білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті шарты болып табылады.
3. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені, оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын игерген адамдар үшін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат, ал клиникалық мамандықтар бойынша маман сертификаты да олардың медициналық ұйымдарда қызметке орналасуы үшін негіз болып табылады.
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім резидентураны, магистратураны және докторантураны қамтиды. Резидентура туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
6. Қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын медициналық білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.
Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім берудің негізгі нысандары болып табылады. Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды жоспарлауды уәкілетті орган, сондай-ақ денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары саланың қажеттіліктерін ескере отырып, өз өкілеттіктері шегінде жүзеге асырады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Донор мен реципиенттің құқықтары| Бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)