Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе. Материалдар кедергісі пәнінде конструкция элементтерін беріктікке

Мұндағы А – үлгінің көлденең қимасының ауданы. | Лабораториялық қондырғының суреттемесі | Жұмысты орындау тәртібі. | Жалпы жағдайы | Жұмысты орындау тәртібі | Бақылау сұрақтары | Ысқаша теориялық мәліметтер | Ондырғының сипаттамасы | Жұмысты орындау тәртібі | Ысқаша теориялық мәліметтер |


Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. Кіріспе
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе тексеру. Блок «ревматология». Тақырып №3.
  5. Кіріспе.
  6. Кіріспе. Гүлдердің маңызы

Материалдар кедергісі пәнінде конструкция элементтерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеулердің негіздері қаралады. Материалдар кедергісі пәнінде қатаңдығы жеткілікті, аз деформацияланатын, көлденең қималары тұрақты, брус тәрізді жұмыр денелер немесе олардан құралған қарапайым жүйелер қарастырылады. Конструкция қызмет атқару кезінде, оның өзара байланысқан элементтері бір-біріне тікелей әсерін тигізеді. Бұл әсерлер күшпен өрнектелетіндіктен, теориялық механиканың күшке қатынасты ережелері толығымен пайдаланылады.

Материалдар кедергісінде физиканың, математиканың және теориялық механиканың негізгі ережелері пайдаланылады.

Материалдар кедергісі пәнінде машина бөлшектерін есептеу жолын жеңілдету үшін бір қатар жорамалдар қабылдап, математикалық қарапайым әдістерді пайдаланады.

Жас техника мамандарын дайындауда материалдар кедергісі пәнінің орны мен мағынасы ерекше.

Материалдар кедергісі пәнінің зертханалық жұмыстар 2-ші курс күзгі және көктемгі семестрде техникалық мамандықтарда оқитын студенттермен орындалады.

Зертханалық жұмыстарды орындау мақсаты дәріс сабақтарында есептеу-графикалық жұмыстарды орындау дайындықтарда алынған теориялық білімді бекіту және тәжірибеде қолдануды үйрету.

Зертханалы жұмыстарға арналған практикум келесі тәртіппен құралған: зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік тәртіптерінің ережелері, жұмыстың мақсаты мен мазмұны, құрал-жабдықтар, жұмыс жұргізілетін орны және уақыт ұзақтығы, есеп беру мазмұнының жолдары көрсетілген. Әдістемелік нұсқауларда зертханалық жұмыстарды орындауға қажет қысқа теориялық негіздер берілген, жұмысты орындау тәртібі, бақылау сұрақтары, қажетті әдебиеттер келтірілген.

Әдістемелік нұсқаулар техникалық механика кафедрасында бар құралдар мүмкіншілігін ескеріп жазылған.

Осы оқу құрал құрамына кірген зертханалық жұмыстарының құрамы мен оны толтыруға қойылатын талаптар С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Техникалық механика» кафедрасында қалыптасқан түрде және типтік оқу бағдарламасына сәйкес берілген.

Материалдар кедергісі пәні бойынша

зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі

техника қауіпсіздігінің ережелері

 

1. Зертханалық жұмысты орындамас бұрын оқытушыдағы инструктаж бойынша техникалық қауіпсіздік, электр қауіпсіздік ережелерімен танысу және техникалық қауіпсіздік журналын толтыру.

2. Зертханалық қондырғыларды тек оқытушының рұқсатымен қосу.

3. Бекітілген жұмыс орнынан басқа жұмыс орындарға өтуге болмайды.

4. Ауыр бөлшектерді столдың шетіне немесе ыңғайсыз жағдайда қалдырмау керек.

5. Зертханалық қондырғыларды тек қана техникалық қаптамаларды жұмыс ыңғайына орналастырғаннан кейін ғана іске қосады.

6. Объектілердің ажыратуын және жинауын лайықты түзетілген аспаптың қолдануымен іске асыру керек.

7. Қондырғыларды ақауы жөнінде дереу оқытушыға хабарлау.

8. Осы күнгі ережелермен қарастырылмаған, барлық жағдайда өзі және айналасындағы адамдар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 190 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Астана 2015| Жалпы жағдайы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)