Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұндағы А – үлгінің көлденең қимасының ауданы.

Астана 2015 | Кіріспе | Жұмысты орындау тәртібі. | Жалпы жағдайы | Жұмысты орындау тәртібі | Бақылау сұрақтары | Ысқаша теориялық мәліметтер | Ондырғының сипаттамасы | Жұмысты орындау тәртібі | Ысқаша теориялық мәліметтер |


Бұл аралықта деформацияны тудырмаған күшті алып тастағанда деформация толық жойылады.

Әрі өсірілген күшті алып тастағаннан кейін әліде қалдық деформацияны тудырмаған күштің молырақ шамасын Ғу деп белгілейміз. Бұған сәйкес кернеу мына формуламен анықталады:

 

, (1.2)

 

Бұл кернеу серпімділік шегі деп аталады. Диаграммадағы кернеуді бұл мәніне В нүктесі сәйкес келеді, ал диаграмманың ОВ аралығы үлгінің серпімді созылу кезеңіне сәйкес келеді. Бұл диаграмма С нүктесіне дейін бір қалыпты көтеріледі де, абцисса осіне параллель ағу алаңы деп аталатын СД аралығына ауысады.

Бұл кезеңде деп белгіленген тұрақты созу күшінің әсерінен үлгінің ұзару шамасы өседі. Деформациянын мұндай үрдісі материалдың аққыштығы деп аталады және ол күшті түсіргеннен кейін жоғалмайтын қалдық ұзаруымен сипатталады. Сәйкес кернеу ағу шегі деп аталады да, мына формуламен анықталады:

 

. (1.3)

 

Аққыштық сатысынан өткеннен кейін материал қайта одан деформацияға қарсыласу қабілетіне және күшті белгілі бір шегіне дейін қабылдау қасиетіне ие болады. Бұған беріктену аралығы деп аталатын созылу диаграммасының ұлғаймалы ДЕ аралығы сәйкес келеді. Е нүктесі үлгінің қабылдай алатын ең үлкен күшіне сәйкес. Оны FВ деп белгілейміз. Көлденен қима және үлгінің есептеме бөлігінің ұзаруы бұл шекке жеткенде дейін барлық ұзындық бойынша бірқалыпты өзгереді, ал одан соң үлгінің кішігірім аралығында қарқынды өзгеріс пайда болады. Бұл мойын түрінде жергілікті жіңішкеруге және созу күшінің азаюына қарамастан мойын аралығындағы қимасының кернеуінің өсуіне алып келеді.

Максималдық күшіне Fв жауап беретін кернеу уақытша кедергі немесе беріктік шегі деп аталып, мына формуламен анықталады:

 

. (1.4)

 

Бұл кернеулер шартты, өйткені олар күшті қиманың алғашқы ауданына сәйкес шамасына бөлгенде алынған.

Үзілу кезіндегі дәл кернеуді анықтау үшін Fв бұзу күшін үлгінің мойнындағы Аш қима ауданына бөлу керек;

 

. (1.5)

 

Тұтас сызықпен бейнеленген 1.1 суреттегі созу диаграммасы шартты, өйткені оны құрған кезде үлгінің көлденең қимасының азаюы ескерілмеген. Үлгінің көлденең қимасының өзгеруін ескерсек нақты созылу диаграммасын аламыз.

Қирағанға дейінгі үлгіде пайда болған толық ұзару үзілістен кейін азаяды, өйткені серпімділік деформациялар жойылады. Абсалюттік қалдық ұзарудың үлгінің бастапқы есептеме ұзындығына қатынасы үзіліс кезіндегі салыстырмалы ұзару деп аталады:

 

. (1.6)

 

Салыстырмалы жінішкеру мына формуламен анықталады:

 

. (1.7)

 

Аз көміртегі болаттар үшін салыстырмалы жінішкеру 60%-ке, ал салыстырмалы ұзару 30%- ке дейін жетуі ықтимал. sт және sпч шамалары бойынша материалдың пластикалық қасиеттері бағаланады.

 

 

 

1.1 -сурет. Созу диаграммасы.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 369 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жалпы жағдайы| Лабораториялық қондырғының суреттемесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)