Читайте также: |
|
Ширимбаева Лаура Рустемовна
ТАУАР ӨТКІЗУДІ ЫНТАЛАНДЫРУ ШЫҒЫНДАРЫ ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
6М050800-«Есеп және аудит» мамандық
Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алуға
дайындалған диссертацияның
авторефераты
Астана, 2014
Жұмыс Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде орындалған.
Ғылыми жетекші: | экономика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Қажмұхаметова Ә.А. |
Ресми сын пікір беруші: | экономика ғылымдарының докторы, профессор Құсайынов Т.А. |
Қорғау 2014 жылдың «___» маусымында сағат ____ де Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде мемлекеттік аттестациялық комиссия отырысында өтеді. Мекен-жайы: 010000, Астана, А.Жұбанов к., 7.
Диссертациямен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің кітапханасында танысуға болады.
Хатшы
э.ғ.к., аға оқытушы Тұрысбекова Г.Қ.
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану таңында алуан түрлі шаруашылық субъектілерінің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын даярлауы, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын құруы, баға саясаты негізінде стратегияны анықтауы және жалпы экономика салаларының шарықтап дамуы басқару кызметі, оның ішінде шығындар есебін жүргізудің маңыздылығын арттырып отыр. Бұл жағдайда, шаруашылық субъектілердің өз шаруашылығын тиімді жүргізуі үшін жан-жақты қарастырылған, жоғарғы бәсекеге қабілеттілігі жететін және бүгінгі нарық талаптарына сай келетін жүйелі түрде қалыптастырылған шығындарды басқару жұмысын қажет етеді. Қазіргі уақытта тауарды нарыққа өткізуді ынталандыру жаңа әріптестерді тарту және бар әріптестер жағынан сұраныстың ұлғаюы есебінен сату көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін компанияның табысты жұмыс істеуінің қажетті элементі болып табылады. Осыған қарамастан, тауарларды өткізу облысында мақсатты қаржы саясатын жүзеге асыратын және шығындар мәліметтерін бағалауға мүмкіндік беретін, тауарды өткізуді ынталандыру шығындары есебі мен талдауының әдістемесі қарастырылмаған.
Тауарларды өткізуді ынталандыру шығындарының есебі мен талдауы жүйесінің өміршеңдігінің қажетті шарты болып тауарды өткізу бойынша қызметті жүзеге асырудың барлық кезеңінде құжатайналымының функционалдық мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін жоғары ақпараттық өткізу қабылеті табылады.
Компанияның бухгалтерлік, салықтық және басқару есебінде шығындардың оңтайлы құрылымын анықтап қана қоймай, мәліметтерді көрсету нұсқаларын, бірақ олардың негізінде экономикалық қорытынды жасауға және келесі талдау процедуралары үшін есеп ақпараттарын қолданудың ақпараттық шегін кеңейтуді талап етеді.
Осы міндеттерді шешу талдау сипаттамасының сапасын жоғарылату және рационалды есеп жүргізу талаптарына жауап беретін тауар өткізу шығындарының ақпараттық-талдамалық есебі жүйесін қарастыруды қажет етеді.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Шығындар есебі мен талдауының теориясы мен әдістемелерін дамытуға айталықтай үлес қосқан экономист-ғалымдар: А.Д. Шеремет, В.Ф.Палий, Я.В.Соколов, А.С. Бакаев, Л.В. Попов, М.В. Мельник, П.С.Безруких, О.В. Ефимова, Г.В.Савицкая, Л.Т. Гиляровская және басқалар. Шығындар есебі мәселелері отандық авторлардың: К.Т. Тайгашинова, В.Л. Назарова, М.С. Жапбарханова, Ж.С. Талпаков, В.П. Проскурина, және т.б. жұмыстарында көрініс тапты.
Тауарларды өткізуді ынталандыру есебі мен талдауын ұйымдастыру сұрақтарыотандық және шетелдік әдебиеттерде тауарларды өткізуді ынталандыру шығындарының жеке түрлерінің есебі туралы жеке материалдар есеп және талдау әдістемесі жағынан қарастырылмай, көбінесе салық есебі жағынан қарастырылған. Сонымен қазіргі уақытта теория және практика жағынан өзінің шешуін талап ететін кең ауқымды сұрақтар бар. Алайда тауарларды өткізуді ынталандыру есебі мен талдауын ұйымдастыруды жетілдіру бағытындағы, оның ішінде мемлекеттік тілде жазылған ғылыми еңбектер аз.
Тауар өткізуді ынталандыру есебі мен талдауын ұйымдастыруды жетілдіру қажеттілігі, отандық ғылымның экономика саласында осы тақырыптың қазіргі кезге дейін толыққанды зерттелмегендігі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін айқындауға ықпалын жасады.
Диссертациялық зерттеу жұмысының мақсаты тауарларды өткізуді ынталандыру шығындарының ақпараттық-талдау жүйесін құру бойынша теориялық тұрғыдан зерттеу және нақты ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей негізгі міндеттер қойылды:
- «тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары» түсінігінің мазмұнын ашып көрсету, тауарларды өткізуді ынталандыру шығындарының ақпараттық-талдамалық есебін қарастыру қажеттілігін негіздеу;
- компанияның қаржылық, салықтық және басқару есебінде осы шығындарға байланысты шаруашылық операцияларын шоттар жүйесінде құрудың және көрсетудің негізі болып табылатын тауарларды өткізуді ынталандыру шығындарының жіктелуін қарастыру;
- тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары есебінің әдістемесін әзірлеу және есеп саясатында есеп үрдісін регламенттеу мүмкіндігін нақтылау;
- тәжірибе жүзінде балансталған көрсеткіштер жүйесін қолдану арқылы тауарларды өткізуді ынталандыру шығындарын бағалаудың талдамалық рәсімдерін қарастыру және енгізу;
- тауарларды өткізу туралы ақпараттарды көрсететін ішкі есеп нысандарын жасау және сыртқы есеп нысандарын жетілдіру.
Зерттеу пәні тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары ақпараттық-талдамалық есебін қарастыруға байланысты теориялық, әдістемелік және практикалық нәтижелер болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің жүйесі табылады
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізін тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары мәселелері бойынша бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау және маркетинг облысындағы отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері құрайды. Зерттеу үрдісінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қолданылды. Жұмыста нормативтік құқықтық және кәсіпорын қызметіне қатысты әдістемелік құжаттар қолданылды.
Зерттеудің әдістемелік негізін жүйелік талдаудың қағидалары, танымның ғылымға ортақ,жеке ғылымдарға тән және ғылымаралық тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы құрайды.
Зерттелген нәтижелер бір-бірімен құрамы мен құрылымы, маңыздылығы мен құбылысы және себептері мен нәтижелері үздіксіз байланыста көрсетілген. Зерттеу жұмысы кешенді, жүйелі талдау қағидаларына негізделе отырып, логикалық талдау, бақылау, салыстыру, ғылыми абстракция, статистикалық зерттеу әдістерінің көмегімен жүргізілді.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеу барысындаҚазақстан Республикасының заңдық және нормативтік құқықтық актілері, ресми және статистикалық есеп мәліметтері, Халықаралық қаржылық есеп стандарттары, ғылыми-практикалық конференция материалдары, кезеңдік басылымдардағы материалдар, сонымен қатар жаһандандырылған Интернет компъютерлік жүйесінен алынған мәліметтері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы «Холдинг КазЭкспортАстык» компаниясының «Астық Сервис КЭА» ЖШС кәсіпорнының есеп және талдау жүйелерінің келісілген өзара әрекеті негізінде басқару шешімдерін қабылдау үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің ақпараттық –талдамалық жүйесін құрастыруды теориялық және ғылыми-әдістемелік нәтижелерге негіздеу болып табылады.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар.
Магистрлік диссертацияны зерттеу барысында келесі ғылыми негізделген нәтижелер алынды:
- тауарларды өткізуді ынталандыру шығындарының ақпараттық-талдамалық есебінің жүйесін әзірлеуге мүмкіндік беретін «тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары» түсінігіне келесідей тұжырым жасалды және мазмұны ашып көрсетілді: тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары - тауарларды өткізуді ынталандыру стратегиясы аясында жарнама арқылы тауардың жақсы жағы туралы ақпараттандыруға, қоғамдық пікірді қалыптастыруға, сатуды ынталандыруға, дербес сату және оны тұтынушыға дейін жеткізуге бағытталған компания шығындарының жиынтығы.
- компанияның тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары жіктеліп көрсетілді;
- тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары есебінің әдістемесі әзірленді;
- тәжірибе жүзінде теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін қолдану арқылы тауарларды өткізуді ынталандыру шығындарын бағалауда талдау процедуралары қарастырылып енгізілді;
- тауарларды өткізу туралы ақпараттарды көрсететін ішкі есеп нысандары жасалып, сыртқы есеп нысандарын жетілдіру жолдары ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы Холдинг КазЭкспортАстык» компаниясының «Астық Сервис КЭА» ЖШС тауар өткізуді ынталандыру шығындарының ақпараттық- талдамалық есебінің жүйесін ұйымдастыру бойынша жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстарды жасау болып табылады.
Жұмыстың ғылыми нәтижелерін ұйымның ішкі қызмет (бухгалтерия, маркетинг бөлімі, ішкі бақылау бөлімі) қызметкерлері, ұйымдардың тексеруші қызметкерлері (аудиторлық фирмалар, салық органдары), сонымен қатар оқытушылар жоғарғы оқу орнының оқыту үрдісінде және бухгалтерлік және аудит мамандығы бойынша мамандардың білімдерін жоғарылату кезінде қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің тексерілуі (апробация). Магистрлік диссертация жұмысының негiзгi теориялық және практикалық нәтижелері «Холдинг КазЭкспортАстык» компаниясының «Астық Сервис КЭА» ЖШС қызметінде қолданылады.
Жарияланымдар. Диссертациялық жұмыстың негізгі теориялық және тәжірибелік нәтижелері ғылыми еңбекте жарияланған: Тауар өткізуді ынталандыру шығындар есебінің ақпараттық-талдамалық жүйесі //Қазақстанның қазіргі экономикасы: жағдайы және даму болашағы; Экономист күніне арналған жас ғалымдардың 5 ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, Астана, ҚазЭҚХСУ, 2013ж.
Жарияланымдардың жалпы көлемі 0,3 б.т. құрайды.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Магистрлік диссертация жұмысы кiрiспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымшадан тұрады.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 258 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Л и т е р а т у р а | | | Тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебін жүргізудің теориялық негіздері |