Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебін жүргізудің теориялық негіздері

Тауар өткізуді ынталандыру шығындарының ақпараттық –талдамалық жүйесін талдау және оны жетілдіру жолдары | ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ | SUMMARY |


Читайте также:
  1. Салықтық құқық негіздері
  2. Тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері
  3. Тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері
  4. Тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері
  5. Тақырып. Экологиялық және жер құқығы негіздері
  6. Тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің ақпараттық –талдамалық жүйесінің ерекшеліктері

Экономикалық оқулықтарды талдау «тауарды өткізуді ынталандыру» термині мазмұнын тұжырымдаудың толық еместігін және бірмәнді еместігін айқындауға мүмкіндік берді.

Е.В.Поповтың пікірінше, тауарды өткізуді ынталандыру – бұл «...адамдарға өзінің тауарлары, қызметі, үлгілері, идеялары, қоғамдық қызметі туралы сендіру және есіне түсіретін ақпараттар үшін фирманың кез келген әрекеті» [9, 37б.].

Маркетинг бойынша абыройлы қызметкер Е.П. Голубков тауарды өткізуді ынталандыруды келесі түрде түсіндіреді«... тұтынушылардың сатып алу тілектерін тудыруды ынталандыру және әлеуетті тұтынушыларға тауарлардың жақсы жағы туралы ақпаратты жеткізу бойынша әртүрлі қызмет түрлерінің жиынтығы» [10, 6 б.].

Шетелдік және отандық оқулықтарда, бұқаралық ақпарат құралдарында нарықтағы тауар өткізуді ынталандыру (әдістер, өткізуді ынталандыру құралдары және т.б.), өткізуді ынталандыру жүйесінің жеке элементтерін бағалауға арналған жеткілікті көп еңбектер бар, бірақ қазіргі кезде әзірленген жүйенің ішінен таңдап алуға мүмкіндік беретін бірыңғай әдістемелер жоқ.

Тауар өткізу шығындарын есептеу және талдау мақсаты үшін өткізуді ынталандыру үрдісінің экономикалық мағынасын түсініп қоймай, шығын түсінігін де білу қажет. Есеп және талдау объектісі анық және түсінікті ұсынылуы тиіс. Бухгалтерлік есепте ұйым шығындары негізгі қызмет түрлері және басқада шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет түрлері бойынша шығыстарға өнімдерді дайындау және сату, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызмет, сонымен қатар тауарларды сатып алу және сату жатады.

Негізгі қызмет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру кезінде келесі элементтер бойынша жіктеледі: материалдық шығындар, еңбекақы бойынша шығындар, әлеуметтік қажеттілікке аударымдар, тозу және басқа да шығыстар.

Өткізуді ынталандыру шығындарын классификациялаусыз компанияда басқару міндеттерін шешу өте қиын. Өткізуді ынталандыру шығындарын қалыптастыру үдерісінің көптүрлілігі және құрылымының күрделілігі оларды белгілері бойынша бөлуді болжайды. шығындарды топтастыру классификациясы деп сәйкес есептеудің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ететін айқын белгілері бойынша шығынды топтастыруды айтады.

Шығындар классификациясын зерттеу кезінде ғылыми еңбектерде тауар өткізуді ынталандыру шығындарының қандай да бір құрылымы табылмады. Осыған байланысты диссертациялық зерттеуде компанияның ақпараттық-аналитикалық есебі жүйесінің шығындары туралы ақпаратты толық көрсету арқылы маркетингте белгіленген тауар өткізуді ынталандыру нысанына негізделген берілген шығындардың көпкритерийлі классификациясы ұсынылды (1-сурет).

Ескерту – [24] ақпарат көзі негізінде автормен құрастырылған

 

Осы классификацияның басты ерекшелігі бухгалтерлік, басқару және салықтық - үш есеп бөлігін біріктіру мүмкіндігі болып табылады, ол тауар өткізуді ынталандыру шығындары туралы ақпараттарды ұсынуға байланысты пайдаланушылардың сұранысын жедел өңдеуге мүмкіндік береді.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 115 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кіріспе| Тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің ақпараттық –талдамалық жүйесінің ерекшеліктері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)