Читайте также:
|
|
Қажетті және жеткілікті көрсеткіштерді табу үшін көрсеткіштердің теңгерімділік жүйесін қолдану мүмкіндігі туындайды. Бұл көрсеткіштер жүйесін ең алғаш Гарвард Бизнес мектебінің профессоры Роберт Каплан және Balanced Scorecard Collaborative компаниясының президенті Дэвид Нортон қолданған. Зерттеу нәтижесінде компанияны табысты басқару үшін теңгерімділік арқылы компанияның көрсеткіштерін басқаруды қалыптастырудың құрылымдық тәсілінің қажеттілігі жөнінде алғаш гипотеза жасалды.
Шетелдік тәжірибені зерттеуде көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесінің құрастырылған негізгі принциптерін айқындауға мүмкіндік береді:
- кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде көрсеткіштердің мазмұны мен есептеу әдістемесінің бірмағыналы болуы;
- стратегияны әзірлеу кезінде есепке алынатын барлық түйінді табыс факторларын қамту;
- кәсіпорын қызметінің түйінді аспектілерін бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштердің өзарабайланысы;
- көрсеткіштерді есептеудің қарапайымдылығы;
- мәліметтерді салыстыру (көрсеткіштерді салыстыру мүмкіндігі);
- көрсеткіштерді есептеудің экономикалық негізділігі.
Есептің ақпараттық базасында келесі мәліметтер болуы тиіс:
- көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесін өз қызметінде қолданатын әрбір қызметкер және әрбір құрылымдық бөлімшенің тиімді жұмысы үшін қажетті барлық ақпараттар;
- шоғырланған қаржылық және қаржылық емес ақпараттар және талдау, жинақтау жүйесі туралы ақпараттар;
- бағыныштағы құрылымдық бөлімше және қызметкерлердің арасындағы өзара қатынастарының көпсатылы жүйесі туралы ақпараттар;
- бюджеттеу, басқару шығындары, ішкі бақылау жүйесі туралы ақпараттар;
- инвестициялық жобалар және инновацияларды бағалауды анық жүргізу үшін ақпараттар;
- барлық шаруашылық операциялары туралы нақты мәліметтер.
Зерттеу нәтижесінде көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесін қолдану арқылы тауар өткізуді ынталандыру шығындарын бағалаудың талдамалық рәсімін ұсынамыз:
1. Тауар өткізуді ынталандыру облысында компанияның стратегиялық мақсаты есебімен көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесі элементтерін әзірлеу.
Тауар өткізуді ынталандыру бойынша қызметтің қаржылық көрсеткіштері ішкі бизнесс-үдеріс, клиенттермен қарым-қатынас, оқыту және дамыту көрсеткіштерінің жиынтығы көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесін құрайды.
Сонымен қатар көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесін ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарды алға қоятын стратегия тарихы ретінде сипаттауға болады және қалайтын экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін барлық 4 құрамдас жүйенің аясында орындалатын іс-шаралар бірізділігін көрсетеді. Қаржылық көрсеткіштерді бақылау үдерісі тауар өткізуді ынталандыру стратегиясында қойылған мақсаттарға жету деңгейін өлшеуді білдіреді, мысалы, нарықтағы үлесті жоғарылату, сатып алушылар санын көбейту, тауар өткізуді ынталандыру құралдарымен және басқа да байланысты жоғарылату, шығынды азайту немесе қосымша пайда алу.
SWOT- талдау көмегімен әлеуетті бәсекелестер тізімі, нарықтағы оның ағымдық жағдайы; анықталады, олардың нарықтағы ағымдық жағдайы, қаржы мүмкіндіктері, мүмкін стратегиялары мен мақсаттары, сонымен қатар бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтары анықталады.
Клиенттердің теңдестірілген жүйесінің құрамдас негізгі көрсеткіштері болып келесілер табылады:
- клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- тұтынушылар базасын сақтау;
- жаңа клиенттерді тарту;
- логистикалық сервисті сипаттайтын көрсеткіштер (қорлардың қолжетімділігі, қойманың бос жерлерін пайдалану, клиенттердің талап тілектерінің жиілігі) [49, 21б.].
Клиенттің құрамдас жүйесінің көрсеткіштерін талдау мақсаты клиентпен өзара қарым-қатынас облысында басқару шешімдерін қабылдауды талдаумен қамтамасыз етуді қалыптастыру болып табылады. Талдау міндеттерінің ішінде маңыздысы болып салыстырмалы бағалау, ауытқуларды диагностикалау және клиенттік көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін болжау табылады. Тауар өткізуді ынталандыру бойынша қызметті үйрету және дамытуды құрайтын көрсеткіштер жүйесін әзірлеу кезінде кадрларды дайындау және қайта даярлау шығындары көрсеткіштері қолданылуы мүмкін.
Үйрету және даму көрсеткіштері. Көрсеткіштерді таңдауда ұқыптылықпен қарау керек, маркетинг бөлімі қызметкерлерінің білімінің жоғары деңгейі кәсіпорынға тауар өткізуді ынталандыру бойынша компанияға үлкен табыс алуға кепілдік бермейді. Таңдалған көрсеткіштер пайдаланушыларға ресурстарды тиімді және жеткілікті пайдалануға қатысты өздері қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
2. Жоспар мәнін белгілеу және көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін талдау
Көрсеткіштерді таңдау жоспарлы мәнді белгілеуді ұйғарады. Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін бастапқы енгізгенде тек тенденцияны жиі қадағалау керек: осы немесе басқа көрсеткіштерді енгізгеннен кейін мақсатты мәні оң немесе теріс болады.
Мақсатты мән ретінде танылған ең үздік немесе жақын көрсеткіштер бойынша бәсекелестердің сәйкес көрсеткіштерін қолдануы мүмкін. Бұл үрдіс бенчмаркетинг деп аталады, яғни өз қызметін жетілдіру үшін пайдалы ақпарат алу мақсатында бір компанияның жұмысының тиімділігін табысты фирманың көрсеткіштерімен салыстырып талдау.
3. Ішкі талдамалық есеп нысандарын генерациялау
Тауар өткізуді ынталандыру бойынша қызмет нәтижесін талдау, кезеңдік және жүйелі бағалау ды кесте түріндегі есептілік нысандары бойынша жүргізу ұсынылады:
- «Тауар өткізуді ынталандыру жүйесін дамыту деңгейі туралы есеп» (Қосымша Б);
- «Тауар өткізуді ынталандыру шығындарын бағалау көрсеткіштерінің теңдестірілген жүйесінің динамикасы туралы есеп» (Қосымша В).
Тауар өткізуді ынталандыру жүйесін дамыту деңгейі туралы есеп тауар өткізуді ынталандыру шығындарының жасалған жіктемесіне сәйкес құрастырылған, оның ерекшелігі болып тек қана шығындардың құндық көрсеткіштерін ғана емес, заттай көрсеткіштерді де қолданады, тауар өткізуді ынталандыру бағытының әрбір бөлігіндегі өткізілген іс-шаралар масштабын бағалауда нақты толық суретті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тауар өткізуді ынталандыру шығындарын бағалау көрсеткіштерінің теңдестірілген жүйесінің динамикасы туралы есепте компания өзі үшін дербес анықтайтын, бірнеше есепті кезеңдегі барлық 4 құрамдас көрсеткіштер жүйесінің (қаржы, клиенттер, бизнес-үрдіс, үйрету және дамыту) мәндері көрсетіледі. Тауар өткізуді ынталандыру жүйесіне тез әсер ету үшін және көрсеткіштер мәндерін өлшеу үшін ұзақ емес кезеңді белгілеу керек (апта, ай).
4. Басқару шешімдерін қабылдауды қолдауда ақпараттық технологияны әзірлеу және енгізу
Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін қалыптастыру техникалық жүйеде және үрдісте параметрлерді бақылауға ұқсас(мысалы, автоматтандырылған басқару жүйесінде - АБЖ). Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесінің қалыптасу үрдісінің сызбасы 3-суретте көрсетіледі. Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесінің параметрлерін бақылау рәсідерінің фокусы жүзеге асырылатын үрдіске бағытталуы тиіс, тауар өткізуді ынталандыруға бағытталған қызметтің қандай да бір функциясы параметр ретінде қатысады, мысалы, өткізуді ынталандыру деңгейінде өнім өткізу үрдісін қолдау.Ең қарапайым нұсқаның бірі ретінде MS Office стандарттық пакетін, соның ішінде MS Exel-ді қолдану болып табылады. Бағдарлама өнімдері нарығында «ABIS.BSC» (Activity-Based Information System қазақшаға аударғанда әрекет негізіндегі ақпараттық жүйе ретінде, Balanced ScoreCard – көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесі негізінде тиімді басқару) бағдарламалық өніміне ұсыныстар бар.
Не оставлять!
Сурет 3 - Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесінің қалыптасу үрдісінің жалпы сызбасы |
Осы бағдарлама «1С: Кәсіпорын 8» платформасында әзірленген дербес конфигурация болып табылады.
«ABIS.BSC» Конфигурациясы келесілерді қолдау үшін арналған:
- кәсіпорынды стратегиялық басқару технологиясы;
- кәсіпорын стратегиясының ағымдағы оперативтік қызметпен байланысы;
көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін қалыптастыру стратегиялық мақсатқа жету деңгейін неғұрлым тиімді қадағалауға мүмкіндік береді;
- BSC-диаграмммасын құрастыру:
- мақсат диаграммасын; түйін көрсеткіштер диаграммасын;
- түйін көрсеткіштер ағашын;
- ұйымдастыру диаграммасын.
- Талдамалық BSC ақпараттар базасын құру үшін түйінді көрсеткіштер өзгерісінің динамикасын, сонымен қатар стратегия аясында алға қойған мақсатқа жету деңгейін қадағалау;
- алға қойған мақсатқа жету үшін іс-шараларды анықтап, орындау;
- шаруашылық қызметі нәтижесін өлшеу жүйесінде қаржылық емес көрсеткіштерді қосу арқылы нақты мерзімде жету үшін міндетті қызметтің сандық нәтижелерін анықтау;
- талдамалық есепті қалыптастыру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Шаруашылық субъектілері үшін өткізуді ынталандырудың рөлі тауарлар және компанияның оң имиджін қалыптастыру, тауарларды сатудан түскен пайданы жоғарылату болып табылады. Тұтынушылар үшін өткізуді ынталандыру рөлі өнімдерді уақытында алу, оны өзінің өндірістік міндеттерін орындау үшін, ақыр аяғында пайда алу үшін қолдануға мүмкіндік береді. Өнім өткізуді ынталандыруды тиімді ұйымдастыру өндіруші және тұтынушы қызметіне жағымды әсер етеді. Өнім өткізуді ынталандырудың тиімді жүйесі жолға қойылып, еліміздің экономикасында экономикалық өсу байқалады.
Компанияныың негізгі мақсаты – тұтынушылардың төлемқабілетті сұранысына сәйкес тауарларды өндіру және сату. Отандық компанияларға көрсетілген мақсатқа жету үшін тек қана тұтынушылардың қажеттіліктері мен төлемқабілетті сұраныстарына сәйкес тауар қозғалысының барлық үрдісін ұйымдастыру және бар ресурстарды максималды пайдалану қажет. Осындай жағдайда қаржыны басқару мәні жоғарылайды, адекватты ақпараттық-талдамалы есеп жүйесін қалыптастырусыз мүмкін емес.
Диссертациялық зерттеу барысында жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары компанияда тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің ақпараттық-талдамалы жүйесін құру негізінде бухгалтерлік есеп және талдаудың теориялық және әдіснамалық базасын дамытуға ықпал ететін төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
1. «Тауар өткізуді ынталандыру шығындары» түсінігі анықтамасының болмауына байланысты ғылыми еңбектерді зерттеу нәтижесінде және жинақталған білімі мен тәжірибесі негізінде автормен келесі тұжырым жасалды: тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары - тауарларды өткізуді ынталандыру стратегиясы аясында жарнама арқылы тауардың жақсы жағы туралы ақпараттандыруға, қоғамдық пікірді қалыптастыруға, сатуды ынталандыруға, дербес сату және оны тұтынушыға дейін жеткізуге бағытталған компания шығындарының жиынтығы. Ұсынылған анықтаманың ерекшелігі болып логистика шығындарына қосымша тауарлар өткізуді ынталандыру шығындары табылады, яғни «тұтынушыға дейін тауарларды жеткізуді» талдау және басқару мақсатында барлық шығынды толық ұсынуға мүмкіндік береді.
2. Компанияның тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары жіктеліп көрсетілді. Осы жіктеудің басты ерекшелігі бухгалтерлік, басқару және салықтық - үш есеп бөлігін біріктіру мүмкіндігі болып табылады, ол тауар өткізуді ынталандыру шығындары туралы ақпараттарды ұсынуға байланысты пайдаланушылардың сұранысын жедел өңдеуге мүмкіндік береді.
Тауар өткізуді ынталандыру шығындарының жасалынған жіктемесі басқару, қаржылық және салықтық есепке қатысты ақпараттарды біріктіреді және коммерциялық ұйымдарда қолданылуы мүмкін, перспективті тауар өткізуді ынталандыруға бағытталған қаржыны инвестициялау бойынша басқару шешімдерін қабылдау және шығындарды талдау, бақылау сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
3. Тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары есебінің әдістемесі әзірленді. Бухгалтерлік есепте тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары есебінің жан-жақты зерттеліп қарастырылды.
4. Тәжірибе жүзінде теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін қолдану арқылы тауарларды өткізуді ынталандыру шығындарын бағалаудың талдамалық рәсімдері қарастырылып енгізілді.
Тауар өткізуді ынталандыру шығындарын бағалаудың талдамалық процедурасы көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін пайдалану негізінде құрастырылады, тауар өткізуді ынталандыру шығындарын талдау кезінде қолданылатын қаржы және қаржылық емес көрсеткіштердің бар болуы артықшылығы ретінде саналады.
Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін қалыптастыру үрдісін қарастыра отырып, бұл әдіснама тек коммерциялық ұйымдарды басқаруды жетілдіру үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда қолдануға болады. Бірақта егер коммерциялық ұйымдар үшін қаржы құрамы нақты ұзақ мерзімді мақсатты анықтайды, мемлекеттік және мемлекеттік мекемелер үшін керісінше, шектеу қойылады.
Автормен көрсеткіштердің теңдестірілген құрамдас жүйесі ұсынылды, компанияның стратегиялық бағытына сәйкес қаржылық, клиенттік, ішкі бищнес-үрдісі, үйрету және дамыту, сонымен қатар есептің талдамалық нысандары 4 топқа бөлінеді және әртүрлі меншік нысанындағы компанияларда, қызмет масштабында, салалық құрамда, стратегиялық басқару жүйесінде қолданылуы мүмкін. Компанияда көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін енгізу өз нәтижесін берді. Негізгі жақсы жақтар ішінде келесі мүмкіндіктерді бөліп көрсетуге болады:
- тауар өткізуді ынталандыру шығындарын стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
- тауар өткізуді ынталандыру стратегиясын жүзеге асыру бөлігіндегі функцияны немесе нақты үрдіске жауап беретін нақты қызмет орындаушысы на түсінікті болу үшін қолжетімді қаржы және қаржылық емес көрсеткіштерді жылжыту бойынша стратегиялық мақсат пен міндеттерді қалыптастыру;
- тұрақты бақылау негізінде тауар өткізуді ынталандыру шығындарын кешенді бағалау және ең бар аспектілерді басқарушылық талдау;
- тауар өткізуді ынталандыру және үрдіске қол жеткізу бойынша қызметте жеткен жетістіктерге баға беру;
- қалыптасқан приоритет негізінде басқару шешімдерін қабылдау үрдісін жеделдету.
Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесі Қазақстанда қазіргі уақытта жаңа болып табылады және кәсіпорынның шаруашылық тәжірибесінде әлі кеңінен қолданылмайды. Бір жағынан көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін болашақта кеңінен қолданатын болады және басқарудың жаңа сапалы моделіне көшу үшін мүмкіндіктер ашылады. Ал екінші жағынан дәстүрлі басқару және бизнесті арнайы жүргізуге байланысты кедергілер бар.
Жоғары менеджмент көптеген отандық компанияларда, әсіресе орта және шағын кәсіпорында ағымдағы сұрақтарға- ақша қаражатының жеткілікті айналымын және уақытылы қаржыландырумен қамтамасыз етуге басымдық бере отырып, тауар өткізуді ынталандыру шығындарын талдаумен айналыспайды. Бірақ тауар өткізуді ынталандыру шығындары құрамының өсуі, осы облыстағы қаржы салымдары көлемінің ұлғаюы жасалынған есеп және талдау жүйесін құру қажеттілігін куәландырады.
5. Тауарларды өткізу туралы ақпараттарды көрсететін ішкі есеп нысандары жасалып, сыртқы есеп нысандарын жетілдіру жолдары ұсынылды.
Зерттеу нәтижесінде әзірленген тауар өткізуді ынталандыру шығындарының ақпараттық-талдамалық жүйесі есеп және талдау қызметін мақсатты жүзеге асыратын ғылыми негізді құрайды, өткізуді ынталандыру үрдісін тиімді басқаруға, сонымен қатар сыртқы есеп нысандарында ақпараттарды ашып көрсету арқылы нарықта өзінің позициясын күшейтуге және сақтауға мүмкіндік алады.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 381 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің ақпараттық –талдамалық жүйесінің ерекшеліктері | | | ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ |