Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Төменгі температураға дейін суыту

Эмульсияларды алу әдістері | Элекртрлік әдістермен эмульсиялау. | Ботқалар мен болюстер | Суппозиторий .Пластырлер | Суппозиторийлар дәрілік түр ретінде.Тарихы. Түрленуі | Шаншуға арналған дәрілік түрлер. | Органопрепараттар жануар мүшесі мен ұлпасынан алынаты дәрілер. | Стерильдік дәрілік препараттарды дайындау тәртібі | Шпайтынеріткіштер | Дисперсті жүйелер мен сулы ерітінділер. |


Су немесе ауамен алынатын температурадан төмен температураны (0 °С) алу үшін, ортаны сумен сұйылтуға болатын жағдайда суытуды суытылушы сұйыққа тікелей суық суды немесе мұзды енгізу арқылы жүргізеді.

Мұздың еруінің нәтижесінде түзілген су суытылушы сұйықтың соңғы температурасына ие болады.

0 °С қарағанда төмен температураға дейін суыту үшін төмен қайнайтын сұйықтардың (аммиак), сығылған газдар (СО2, этан және т.б.) сияқты суытушы агенттер қолданылады. Бұл агенттерді арнайы суытқыш құрылғыларында қолданылады, мұнда олар буланғанда жылу суытылушы ортадан алынады да, бу компрессия жолымен сығылады немесе абсорбцияланады және цикл түйіседі.

 

96. Фильтрлеу деп кеуекті бөлгіштерді қолданып, суспензияларды бөлу әдісін айтады. Кеуекті бөлгіштер суспензияның қатты фазасын ұстап қалып, оны сұйық фазаға жібермейді.Сұйықтан және қатты бөлшектерден тұратын суспензияларды фильтр көмегімен бөледі (V-а сурет). Ол фильтрлі бөлгішпен бөлінген қарапайым ыдыс. Суспензияны осы ыдыстың бір бөлігіне ол фильтрлі бөлгішпен қабаттасатындай етіп салады. Ыдыстың бөліктерінде қысым айырмашылығы болады, оның әсерінен сұйық фильтрлі бөлгіштен өтіп, қатты бөліктер оның беттік қабатында ұсталынып қалады. Осылай суспензия қабатында таза фильтрат пен дымқыл тұнбаға бөлінеді. Бұл (процесті) суспензияны бөлу процесін тұнба түзе жүретін фильтрлеу деп аталады. Кейбір жағдайларда қатты бөлшектер фильтрлі бөлгіштің кеуектерінде кіріп кетеді және сонда ұсталынып қалады. Бұл процесті кеуектерді бітеп қалатын фильтрлеу деп аталады. Қатты бөлшектер фильтрлі бөлгішке енгенде онда тұнба қабатын түзеді. Мұндай процесс кеуекті бетте жүретін фильтрлеу деп аталады. Сонымен бірге фильтрлеудің аралық түрі болуы мүмкін. Мұнда қатты бөлшектер фильтрлеу бөлігінің кеуектеріне еніп, онда тұнба қабатын түзеді. Фильтрлі бөлгіштер кеуектері бітеліп қалмауды болдырмау үшін, қатты фазасы аз суспензияларды бөлгенде алдын ала тұндырғыштарда мақсатты түрде қоюландырамыз.

Қатты фазаның концентрациясын жоғарлату фильтр – қоюландырғыштарда да жүзеге асырылады. Мұнда қатты фаза дымқыл тұнба реттінде емес, қоюланған суспензия түрінде бөлініп алады.

Фильтр кеуектерді қатты фазамен бітеліп қалғанда, оларды кеуектерден алу өте қиын; яғни регелерация мүмкін болмайды. Сондықтан мұндай фильтрлеу көп қолданылмайды.

Құрылғысы бойынша фильтрлер өте көп, біз олардың кейбіреулерін қарастырамыз.

Нутч-фильтрлер. Нутч периодты әрекет ететін қарапайым фильтр. Олар вакуумда және қысымда жұмыс істей алады, мұнда ауырлық күші бағыты мен фильтрат қозғалысы сәйкес келеді.

Вакууммен жұмыс істейтін нутч. Тік бұрышты немесе дөңес ашық резервуар, түбі жазық. Резервуар түбіне дейін жалған түп орналастырылады. Ол көлденең фильтрлі бөлгішті ұстап тұрады. Суспензия нутчтың жоғары жағынан құйылады, бөлінген фильтратты нутчтан алып отырады, ал қатты бөлік бөлгішке жиналады. Бұндай нутчтың артықшылығы құрылымының қарапайымдылығы, кемшілігі – тұнбаны қолмен алу.

Фильтрпрестер. Қысыммен жұмыс істейтін периодты әрекет ететін фильтрге көлденең рамалы (плиткалы-рамалы фильтрпресс) фильтрпресстер жатады, онда ауырлық күші бағыты мен фильтрат қозғалысы перпендикулярлы.

Барабанды фильтрлер. Сыртқы беттік фильтрлеу арқылы жүзеге асатын барабанды вакуум-фильтрлерді қарастырайық. Бұл фильтр үздіксіз әрекет ететін аппарат, вакуумда жұмыс істейді және мұнда ауырлық күшінің бағыты мен фильтрат қозғалысы қарама – қарсы.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 144 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шаншуға арналған препараттар| ндіріс орындары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)