Читайте также: |
|
Эссе жазу.
Эсседегеніміз тақырып бойынша оған қатысты еркін талқылама жасау. Жалпы көлемі 5-7 бет. Бағалану критерийлері мыналар болып табылады: зерттелген материалдардың онда көрініс алу дәрежесі, мәселеге тоқталғандағы өзіндік ерекшелігі, дәлелдемелері, өз көзқарасын, пікірлерін нақты және толық ұсына алу қабілеті.
Эссе құрылымы:
ü Кіріспе. Белсенділігі, тақырыпқа байланысты пікірлер таласы және сөздер мен сөз тіркестерінің құрастырылу деңгейі. Тақырыпты қарастыру құрылымы. Негізгі бөлімге көшу дәрежесі.
ü Негізгі бөлім. Талқылаулар, талқылау кезінде қолданылған негізгі түсініктерге автор анықтама шығаруы қажет. Талқылауларды қолдайтын факттер немесе мысалдар – дәлелдемелер мен қолдаулар. Қарама – қарсы талқылаулар қарастыру.
ü Қорытынды. Меңгерілген талқылауларды қайталау. Негізгі ұсынылып отырған талқыламаны қорғаушы дәлелдемелерді қорытындылайтын бір-екі ұсыныс. Ұсынылып отырған талқыламаны қабылдамаған жағдайдағы салдарлары туралы жалпы ескертпелер мен берілген ұсыныстардың пайдалылығы туралы жалпы қорытынды жасау.
Реферат жазу ережесі.
Белгілі бір тақырып бойынша бірнеше әдебиет құралдарына немесе бірнеше адамдардың көзқарасына шолу жасау. Пәннің қолданылатын әдебиеттерінің негізінде тапсырылады.
Көлемі: жазбаша А4 бетте, 10 бет, әдебиеттер тізімі, интернет көздері, қорғауы 5-7 минут.
Шартты есептер құрастыру. Белгілі бір өнім түрі бойынша өзіндік құнды анықтауға есеп құрастыру. Бір өнім түрі бойынша студент жеке құрастыруға болады. Ал кешенді есеп құрастыруда шағын топ құруға болады. Кешенді есеп құрастыруда топ мүшелері өнім түрлерін жеке бөліп алып, жауапты студент олардың барлығын біріктіріп бір жүйеге келтіреді. Тапсырма көлемі: А4 бетте, ауқымы берілген тапсырмаға байланысты, ақпарат көздерін міндетті түрде көрсету.
Блок-сызба құру. Мысалы: бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды тарату әдістерін, бюджетті этапты сызба түрінде бейнелеу.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
«Есеп және статистика»факультеті
«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы
Студенттің білімін бағалау үшін сапа мониторингі тест сұрақтары
«UU 3302 Басқару есебі» пәні бойынша
«Есеп және аудит» 5B050800 мамандығы
Алматы, 2012
Тест
1. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін сыртқы пайданушыларға қайсысы жатады:
1)кредиторлар; инвесторлар; салық мекемелері; жабдықтаушылар; акционерлер;
2) менеджерлер; директорлар кеңесі; жабдықтаушылар; акционерлер;
3)директорлар кеңесі; инвесторлар;
4)Аудиторлар, банк қызметкерлер;
5)Банк жұмысшылары, менеджерлер, кредиторлар.
2. Жол қағаздары бойынша компания басшысының көлігіне құйылған бензин
құны есептен шығаралды. Шоттар корреспонденциясын анықтаңыз:
1) Дт 1350 Кт 1310;
2) Дт 8410 Кт 1310;
3) Дт 7210 Кт 1310;
4) Дт 7110 Кт 1310;
5) Дт 7010 Кт 1310;
3.Өндірістік есептің мәні неде?
1)өнімнің босалқы қорларын бағалау үшін, сыртқы қорытынды есеп талаптарына сәйкес өндірістік шығындар жөнінде мәліметтерді жинақтау;
2)өндірістік есеп – есеп ақпараттарын дайындау процесі;
3)қорытынды есеп принциптеріне сәйкес келетін шығындар жүйесі;
4)басқару сипатты іс-әрекетті жүзеге асыру ақпараттарды жинақтау;
5)өндірістік есеп басқару есебінің бөлігі;
4. Аталған кезеңдердің қайсысы басқару шешімдерін қабылдау және жоспарлау процесін қалыптастырады?
1)субъектінің мақсаттары мен міндеттерін анықтау; әрекеттердің альтернативтік варианттарын іздестіру; әрекеттердің альтернативтік варианттары жөнінде мәліметтер жинау; қабылданған шешімдерді жүзеге асыру, әрекеттердің альтернативтік варианттарының оптималы курсын таңдап алу;
2) жоспарлау процесі; басқару процесі; нақтылы және жоспар нәтижелерін салыстыру; қабылданған шешімдерді жүзеге асыру, әрекеттердің альтернативтік варианттарының оптималы курсын таңдап алу;
3) қабылданған шешімдерді жүзеге асыру, әрекеттердің альтернативтік варианттарының оптималы курсын таңдап алу;
4) міндеттерін анықтау; әрекеттердің альтернативтік варианттарын іздестіру; әрекеттердің альтернативтік варианттары жөнінде мәліметтер жинау;
5) міндеттерін анықтау; әрекеттердің альтернативтік варианттарын іздестіру; әрекеттердің альтернативтік варианттары жөнінде мәліметтер жинау; әрекеттердің альтернативтік варианттарының оптималы курсын таңдап алу;
5. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы басқару функцияларын сипаттайды?
1) жоспарлау; бақылау және реттеу; ұйымдастырушылық жұмысы; іскерлік контактілер;
2)ынталандыру, бюджеттеу, смета құру;
3) ұйымдастыру жұмысы, смета құру, бюджеттеу;
4)бюджеттеу, ынталандыру, реттеу;
5)бақылау және реттеу, ұйымдастыру жұмысы.
6. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы басқару есебін анық сипаттайды:
1)шешімдер қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу үшін қажетті ақпараттар дайындау;
2)запастардың құнын бағалау үшін ақпараттар дайындау;
3)сатылатын өнімнің құнын бағалау үшін ақпараттар дайындау;
4)шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпараттар дайындау;
5)сыртқы пайдаланушылар үшін қажетті ақпараттар дайындау;
7. Басқару есебі қандай ақпараттарды қамтиды?
1) басшыларға ішкі қолдануына өлшеніп, өңделіп берілетін есеп ақпараттарының барлық түрлері;
2)кәсіпорын ішінде және мекемеден тыс есеп ақпараттарын;
3)бюджетке міндетті төлемдер мен салықтар жөнінде ақпараттарды;
4) статистикалық ақпараттар;
5)жоғарыда аталғандардың бәрі де.
8. Басқару есебінің мақсаты қандай?
1)пайдалы ақпараттарды пайдаланушылар ортасына экономикалық шешімдер қабылдауға ұсыну;
2)менеджерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету;
3)салық төлемдері жөнінде ақпараттарды ұсыну;
4)статистикалық ақпараттарды құрастыру;
5)қаржылық қорытынды есепті жасау.
9. Басқару есебінде қорытынды есептің жасалуының жиілігі қандай?
1)қажет болғанда;
2)ай сайын;
3)жыл сайын;
4)әрдайым, мерзім бойынша;
5)тоқсан сайын;
10. Басқару есебіндегі талдаудың негізгі объектісі не?
1)3; 4;
2)әр түрлі құрылым бөлімшелері;
3)жылдық жиынтық табыс;
4)ұйым;
5)қаржылық қорытынды есеп.
11. Шығындар есебінің объектілерін атаңыз?
1)шығындардың пайда болу орындары, шығындар орталықтары, жауапкершілік орталықтары;
2)шығындардың пайда болу орындары: өндірістік, қызмет көрсетуші;
3)жауапкершілік орталықтары;
4)кәсіпорынның құрылым бөлімшелері;
5)негізгі және көмекші өндірістер.
12. Шығындар берілген релеванттық облыстағы өндіріс көлеміне қатынасы бойынша қалай жіктеледі?
1)тұрақты және өзгермелі;
2)нақтылы және жоспарлы;
3)жалпы және орташа;
4) тікелей және жанама;
5)өндірістік және коммерциялық;
13. Жиынтық өзгермелі шығындар берілген “релеванттық облыстағы” өндіріс көлемінің өсуіне қарай қалай өзгереді?
1)өседі;
2)азаяды;
3)өндіріс көлемі өзгергенде шұғыл кемиді;
4)көлем өзгергенде тұрақты болып қалады;
5)секірмелі өзгереді.
14. Жиынтық тұрақты шығындар берілген “релеванттық облыстағы” өндіріс көлемінің өсуіне қарай қалай өзгереді?
1) белгілі бір мерзімде тұрақты болып отырады;
2) өндіріс көлемінен сызықтық байланыста болады;
3) азаяды;
4) секірмелі өзгереді;
5) шұғыл кемиді;
15. Өнім бірлігіне кететін өзгермелі шығындар өндіріс көлемі өскенде қалай өзгереді?
1) өседі;
2) азаяды;
3) тұрақты шама болып қалады;
4) секірмелі өзгереді;
5) сызықтық байланыста өзгереді;
16. Өнім бірлігіне кететін тұрақты шығындар өндіріс көлемі өскенде қалай өзгереді?
1) секірмелі өзгереді;
2) өседі;
3) тұрақты шама болып қалады;
4) азаяды;
5) сызықтық байланыста өзгереді.
17. Кіріс шығындары деген не?
1)сатып алынған, қолда бар және келешекте табыс әкелуі тиіс активтер;
2)запастарды бағалағанда есепке алынбайтын мерзімдік шығындары ретінде қарастырылатын ресурстар;
3) қабылданған шешімдер әсеріне шалдығатын келешектегі шығындар мен табыстар;
4)келешекте нақтылы ақшалай шығындарды сипаттайтын шартты есептелген немесе қосымша жазылған шығындар;
5)табыс алу үшін жұмсалған және келешекте табыс әкелу мүмкіндігін жоғалтқан қаражаттар.
18. Мерзімі өткен шығындар деген не?
1)қабылданған шешімдер әсеріне шалдығатын келешек шығындар мен табыстар;
2)қолда бар және келешекте табыс әкелуі тиіс активтер;
3)запастарды бағалағанда есепке алынбайтын мерзімдік шығындары ретінде қарастырылатын ресурстар;
4)табыс алу үшін жұмсалған және келешекте табыс әкелу мүмкіндігін жоғалтқан қаражаттар;
5)келешекте нақтылы ақшалай шығындарды көрсететін шартты шығындар;
19. Анықтамалардың қайсысы өндірістік тікелей шығындарды сипаттайды?
1)негізгі шығындар;
2)жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына жанамалап қосылатын шығындар;
3)бірнеше өнім түрлерінің өндірісі мен байланысты шығындар;
4)белгілі өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей қосылатын шығындар;
5)өнімнің толық өзіндік құнын есептеу үшін мерзімдік шығындарға кіретін шығындар
20. Анықтамалардың қайсысы өндірістік жанама шығындарды сипаттайды?
1)жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына жанамалап қосылатын шығындар;
2)белгілі өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей қосылатын шығындар;
3)бірнеше өнім түрлерінің өндірісі мен байланысты шығындар;
4)негізгі шығындар;
5)өнімнің толық өзіндік құнын есептеу үшін мерзімдік шығындарға кіретін шығындар.
21. Өнімнің өндірістік өзіндік құнын анық сипаттайтын не?
1)тек қана тікелей шығындар;
2)тікелей шығындар мен мерзімдік шығындар;
3)үстеме шығындар және мерзімдік шығындар жиынтығы;
4)тікелей және өндірістік үстеме шығындар жиынтығы;
5)тек қана үстеме шығындар.
22. Мерзімдік шығындарға жататындар:
1)жалпы және әкімшілік шығындары, пайыздар (процент) бойынша шығындар;
2)шартты-өзгермелі шығындар;
3)жалпы және әкімшілік шығындары;
4)өнімді сату бойынша шығындар, жалпы және әкімшілік шығындары, пайыздар (процент) бойынша шығындар;
5) шартты-тұрақты шығындар;
23. Маржиналдық табыстың мәні неде?
1)өнімді сатудан түскен түсім мен барлық өзгермелі шығындар арасындағы айырым;
2)сатудан түскен түсім мен сатылған өнім (жұмыс, қызметтердің) өндірістік өзіндік құнының арасындағы айырмасы;
3)өнімді сатудан түскен түсім мен барлық тұрақты шығындар арасындағы айырым;
4)түсім мен өнімнің (жұмыс, қызметтер) толық өзіндік құнының айырмасы;
5)өнімді сатудан түскен табыс пен мерзімдік шығындар сомасы;
24. Шешімдер қабылдау мақсатында шығындар классификациясына кіретіндер:
1)есепке алынатын шығындар мен табыстар, жорамалдағы (вмененные) шығындар, шығындар динамикасы, инкрементті және маржиналды шығындар мен табыстар, түзетілетін және түзетілмейтін шығындар,
2)айнымалы шығындар, жойылатын шығындар;
3)жорамалдағы (вмененные) шығындар, айнымалы;
4)жорамалдағы (вмененные) шығындар, айнымалы шығындар, жойылатын шығындар;
5)есепке алынатын шығындар мен табыстар, жорамалдағы (вмененные) шығындар, айнымалы шығындар, жойылатын шығындар;
25. Халықаралық стандарт бойынша өндірістік шығындарды құрастырушы элементтер:
1)негізгі материалдар, негізгі еңбек, өндірістік үстеме шығындар;
2)негізгі өндірістік жұмысшылар еңбегі, өндірістік үстеме шығындар;
3)мерзімдік шығындар;
4)еңбек ақы қорынан аударымдар, өндірістік үстеме шығындар;
5)жинақтаушы зейнет ақы қорына аударымдар, мерзімдік шығындар;
26. Босалқы қордағы дайын өнім қалай бағаланады?
1)сметалық құны бойынша бағаланады;
2)толық өзіндік құнмен бағаланады;
3)есептік мерзім шығындары бойынша бағаланады;
4)ағымдағы құн бойынша бағаланады;
5)өндірістік өзіндік құн бойынша бағаланады;
27. Анықтамалардың қайсысы жорамалдағы (вмененные) шығындарды анық сипаттайды?
1)альтернативтік шешім қабылдау барысында белгілі біреуін таңдап, жоғалған немесе құрбан етілген мүмкіндік;
2)қосымша табыс алу немесе өндіріс көлемінің ұлғаюы;
3)өндіріс көлемінің тұрақтылығында алынған табыс;
4)өндіріс көлемін төмендетуін талап етпейтін контракт жасағанда алынатын зиян;
5)өндіріс көлемін төмендетуін талап етпейтін контракт жасағанда алынатын табыс.
28. Инкрементті (өспелі) шығындарға анықтама беріңіз?
1)өнім бірлігіне кеткен тұрақты және сол сияқты өзгермелі шығындардың өзгеруі;
2)өнім бірлігіне кеткен өзгермелі шығындардың өзгеруі;
3)бұл қосымша өнім өндіру немесе сату нәтижесінде қосымша пайда болатын шығындар;
4)белгілі бір шешім нәтижесінде тұрақты шығындардың өзгеруі;
5)дұрыс жауабы жоқ;
29. Аталған шығындардың қайсысын менеджер реттей алады:
1)негізгі материалдар, негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы, көмекші жұмыскерлердің еңбек ақысы, қосымша майлағыш материалдар, бос тұру уақыты, жанар май;
2)бос тұру уақыты; сақтандыру;
3)көмекші жұмыскерлердің еңбек ақысы, негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы, жұмыстан босату;
4)әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысы, амортизация;
5)бос тұру уақыты, кеңсе тауарлары, негізгі материалдар;
30. Аталған шығындардың қайсысын менеджер реттей алмайды?
1)сақтандыру, жанар май құны, бос тұру уақыты;
2)әкімшіліктің еңбек ақысы, амортизация, сақтандыру, кеңсе тауарлары;
3)қосымша майлағыш материалдар, көмекші жұмыскерлердің еңбек ақысы;
4)көмекші жұмыскерлердің еңбек ақысы, бос тұру уақыты;
5)әкімшілік басқару қызметкерлерінің еңбек ақысы, негізгі материалдар;
31. Өндірілген өнімнің өзіндік құны қалай анықталады?
1)мерзімдік шығындар шегерілген жалпы шығындар;
2)ай басындағы аяқталмаған өндіріс+өндірістік шығындар–ай соңындағы аяқталмаған өндіріс;
3)ай басындағы аяқталмаған өндіріс + ай соңындағы аяқталмаған өндіріс;
4)өндірістік шығындар;
5)өнім бірлігіне кеткен қосымша шығындар
32. Басқару есебінде есептің құрылымы қандай?
1)базистік теңдік жоқ, объектінің 3 түрі бар;
2)базистік теңдік сақталады;
3)активтер, капитал;
4)активтер, міндеттемелер;
5) топтап қию тәсілі.
33. Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына қосылуы әдісіне қарай шығындар келесідей бөлінеді:
1)тікелей және жанама;
2)өзгермелі және тұрақты;
3)жалпы және әкімшілік;
4)негізгі және үстеме;
5)бір элементті, комплексті;
34. Басқару есебі дегеніміз- бұл:
1)объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын және
көрсеткіштер жүйесі арқылы бейнеленетін құбылыстар мен процесстер;
2)ақша қаражаттарының қорларын құру процессінде пайда болатын ақша
қатынастарының жиынтығы;
3)қаржылық ресурстарды басқару жүзеге асырылатын әдістер және
тәсілдер нысандарының жүйесі;
4)басқаруды ақпараттық қолдау жүйесі;
5) топтап қию тәсілі.
35. Шығындар дегеніміз:
1)дұрыс жауабы жоқ;
2)активтердің азаюы мен міндеттемелердің көбеюі;
3)активтер қосылған күрделі қаржы салымдары;
4)фирма шығындары;
5)пайда табу үшін жұмсалған ақша қаражаттары.
36. Басқару есебінде есеп жүргізу:
1)міндетті түрде, дәлдікті қажет ететін дәрежеде;
2)міндетті түрде емес, басшыға байланысты;
3)басшының бұл мәліметтерді пайдалы деп тануы, танымауына тәуелсіз,
заңдылықтар мен стандарттарға сәйкес;
4)басқаруда шығындарды төмендетуде бағалы болатын ақпараттарды
жинақтау мен өңдеудің мағынасы бар;
5)дұрыс жауабы жоқ.
37. Басқару есебіндегі информация ашықтық дәрежесіне қарай:
1)банктер үшін ашық;
2)инвесторлар үшін ашық;
3)барлық пайдаланушылар үшін ашық;
4)коммерциялық қүпия;
5)жоғарғы органдар үшін ашық.
38. Басқару есебіндегі жауапкершілік дәрежесі:
1)тәртіптік жауапкершілік;
2)әкімшілік жауапкершілік;
3)ешқандай жауапкершілікке тартылмайды;
4)тәртіптік және әкімшілік;
5) топтап қию тәсілі.
39. Сатылған өнімнің өзіндік құны қалай анықталады?
1)ай басындағы дайын өнім қоры + өндірілген өнімнің өзіндік құны – ай соңындағы дайын өнім қоры;
2)тұрақты шығындар + өзгермелі шығындар;
3)аяқталмаған өндіріс + өндірістік шығындар;
4)өндірістік үстеме шығындар;
5)дұрыс жауабы жоқ;
40. Жауапкершілік орталықтарын атаңыз:
1)шығындар орталықтары, пайда орталықтары, инвестиция орталықтары;
2)шығындар орталықтары;
3)пайда орталықтары, қаржы орталықтары;
4)инвестиция орталықтары;
5)өндірістік, әкімшілік, коммерциялық;
41. Өзгермелі шығындарға жататындар:
1)өнімді өткізуге байланысты шығындар;
2)амортизациялық аударымдар;
3)әкімшілік және басқару шығындары;
4)өндіріс жұмыскерлер еңбек ақысы, шикізат пен материалдар шығыны;
5)несие бойынша проценттер.;
42. Жартылай өнімдер шығару үшін қоймадан босатылған материалдар құнына қандай бухгалтерлік жазу жазылады?
1)Дт 8210 Кт 1310;
2)Дт 1310 Кт 8110;
3)Дт 8310 Кт 1350;
4)Дт 8410 Кт 1310;
5)Дт 1350 Кт 1310.
43. Өнімді сатумен байланысты шығындар қай шотта жүргізіледі?
1) 7110;
2) 7210;
3) 7010;
4) 8110;
5) 7210.
44. Үстеме шығындар қай шотта көрсетіледі?
1) 8410;
2) 8110;
3) 8310;
4) 7210;
5) 8210.
45. Ақау дегеніміз не?
1)сапасы жағынан қабылданған стандартқа және техникалық жағдайға, келісім шарттарға сәйкессіз бұйымдар мен жартылай өнімдер;
2)цех бойынша аяқталмаған өнім;
3)сатылмай қалған өнім қалдығы;
4)өндірістің бір сатысынан өткен өнім;
5)қайтармалы қалдық.
46. Анықталу орнына қарай ақау:
1)ішкі және сыртқы;
2)коммерциялық, ағымдағы;
3)тікелей, үстеме;
4)бір элементті, кешенді;
5)түзетілетін, түзетілмейтін.
47.Өндірістегі шығындарға нелер жатады?
1)өнімді өндіруге байланысты барлық шығындар;
2)өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланыссыз шығындар;
3)ешқандай жағдайда болашақ кезеңге жатқызылмайтын өткен кезең шығындары;
4)өнімнің бір бірлігіне есептелген қосымша шығындар;
5)тауарлы өнімді дайындау және оның өндірістік өзіндік құнын
қалыптастыруымен байланысты барлық шығындар.
48.Реттелетін шығындар деген не?
1)егер орындаушы шығын деңгейін реттесе немесе нақты ықпал етсе;
2)жұмысшы олардың деңгейіне ықпал ете алмайтын шығындар;
3)өндірісті ұйымдастыру және технологияның жетіспеу салдары болып табылады;
4)ешқандай жағдайда болашақ кезеңге жатқызылмайтын өткен кезең
шығындары;
5)қандай да бір өнімдер партиясын дайындау жағдайында қосымша пайда
болады.
49.Реттелмейтін шығындар деген не?
1)жұмысшы олардың деңгейіне ықпал ете алатын шығындар;
2)ешқандай жағдайда болашақ кезеңге жатқызылмайтын өткен кезең
шығындары;
3)жұмысшы олардың деңгейіне ықпал ете алмайтын шығындар;
4)өнімнің белгілі бір түрін өндіруге жұмсалған шығындар;
5)өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызыла алмайтын шығындар.
50.Өндіріске босатылған материалдарды бақылау тәсілдері:
1)құжаттау тәсілі, топтап қию тәсілі, түгендеу тәсілі;
2) құжаттау тәсілі, топтап қию тәсілі, ФИФО;
3) топтап қию тәсілі, түгендеу тәсілі;
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 289 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тапсырма № 1. 2 страница | | | Тапсырма № 1. 4 страница |