Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

М.Л ю ш е р ә д і с т е м е с і

Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Ч.Спилбергтің мазасыздық деңгейін зерттеу әдістемесі | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | К. Томастың мінез-құлықты бейнелеу тестісі. | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Көрсеткіштер және интерпретация. | Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» әдістемесі | Автопортрет әдістемесі | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Тематикалық Апперцептивті Тест (ТАТ). |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  3. Aлымдaр мен тәжiрибешiлер еңбектерiндегi жетiлдiру жолдaры
  4. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  5. B) Кәмілетке толған азаматта
  6. B) Сол мәселе туралы дау бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді
  7. B) Сотқа әзірлеу аяқталған күннен бастап екі айға дейін

Түстерді таңдау әдісін Макс Люшер психологияда алғашқы болып ұсынған. Әдістеме саналанбайтын, тұлғаның терең мәселелерін, реакция типін, қоршаған ортаға бейімделу деңгейін, мінездің өткір жақтарын және клиникалық көрінісін анықтауға арналған.

Бұл әдісті қолдану практика саласындағы психологтарға, әсіресе, дәрігерлік және педагогика мамандықтарына кадрлерді іріктеуде, жанұялық кеңес беруде, дифференциалды психологияда, психологияляқ жекелілік өлшемдегі коррекция мен психотерапияда т.б. жағдайларда қолдану ұсынылады.

Макс Люшер – дәрігер, әлеуметтанушы, Базелдегі Швейцариялық антропологиялық институтының психотерапия кафедрасының доценті. Оның сегіз түсті тесті – өте қызықты, стимулды материал, оригиналды түрде жасалған әдістеме, сондай – ақ адам психикасының жан - жүрегіне күшті аккорд (аккорд – түрлі деңгейдегі жоғарлылық) бірнеше музыкалды дыбыстардың үйлесімді түрде байланысуы) ретінде әсер етеді.

Түсті қабылдаудағы ғылыми жұмыстар 20 ғасырдың басынан басталды және үш түсті теорияда қарастырылған: Юнг – Гельмгольц, сондай – ақ Хартридж көп түсті қабылдау еңбегінде де қарастырды. Түстік перцепцияның психологиялық және физиологиялық процесстерге әсерін көптеген зерттеулерде де көрсетілген. (Ю.Ф. Поляков, А.М. Иваницкий). М. Люшердің бұл еңбегі көптеген психологтар мен дәрігердің назарын аудартты. Мысалы: Х. Клар, К. Флиннхауз, У. Гро, А.Алишев, А. М. Эткинд, Е.Ф. Бажин, Н.В. Агазаде, А.И. Юрьев т.б.

Әдісті өңдеудің теориялық негізінде әлеуметтік – тарихи символикалық түстер, психоанализ бен психосоматика элементтері жатыр. Өзге тұлғалық тестерден, әсіресе вербалды тестерден үлкен айырмашылығы мәдени – этникалық негізі төмен, әдісті өткізуде тұлға бойындағы қорғаныс механизмдері деңгейінің төмен болуымен де ерекшеленеді.

Люшердің түстік тесті. Сегіз түс қатары ұсынылады. Люшер әдістемесінің негізі екі нұсқадан тұрады: 73 түстік кестенің көмегімен толық зерттеу; 8 түстің ретін қолдану арқылы шағын зерттеу болып табылады. Толық зерттеудегі түстер қатарындағы әдістеме күшті көп талап етеді, тұлға жайындағы алынатын мағлұмат та толық болады. Алайда, алынған нәтиженің дұрыс өңделмеуі, ақпараттың дұрыс игерілмей қалуы нақты, толық емес ақпараттың алынуына әсерін тигізеді.

Әдісті жүргізудегі тексеру кезеңі төмендегідей өткізіледі: зерттелушіге алдындағы кестедегі түсті таңдау және таңдалған түс сол жердегі киімнің түсімен т.б. жағдайлармен сәйкестендіріліп таңдалмауы қажет деген нұсқау психолог тарапынан дұрыс түсіндіріліп өтілуі қажет; Ол сол сәтте қай түсті қаласа, соны таңдап көрсетуі керек; Зерттелушінің алдына қойылатын түстің эталонын қоюда индифферентті фонды қолдану қажет. Бұл әдісті күндіз, жарық жерде өткізуді ұсынады. Түстік кестелер арасындағы қашықтық 2 см –ден кем болмауы қажет. Таңдалған эталон үстелдің үстінен алынады немесе теріс жағына аударылып қойылады. Психолог әрбір таңдалған эталонды нөмірлеп, хаттамаға тіркеп отыруы қажет. Оларды тіркеудегі жазу үрдісі солдан оңға қарай жүзеге асады. Түстерді орналыстыруда мына нөмірленген рет міндетті түрде сақталуы қажет:

1 – қою-көк (темно синий)

2 – қою жасыл (темно зеленый)

3 – қызғылт-сары - қызыл (оранжево – красный)

4 – сары

5 – күлгін (фиолетовый)

6 – қоңыр

7 – қара

0 – сұр

Барлық түсті таңдағанға дейін, яғни әрбір түсті таңдағанда «Сіз өзіңізге жаңғымды түсті таңдаңыз!» деп психолог зерттелушіге ұмытпай ескертіп отыруы қажет. 2 – 5 минуттан соң түстерді қайта өзге ретте араластырып, зерттелушінің алдына қайта қоя отырып, психолог:

- «Бұл әдіс сіздің ес үрдісіңізді зерттеуге арналмаған. Өз еркіңізбен ұнаған түстерді таңдаңыз!» деп нұсқау береді.

- Алғашқы таңдалған екі түстің біріншісі - зерттелушінің негізгі әрекетінің әдісін, ал екіншісі - мақсатын аңғартады. Бұл екеуі «+» қосудың таңбасымен белгіленеді. Яғни, таңдалған әрбір түстер қатары белгілі таңбалармен кодталады.

- Үшінші - төртінші ретте таңдалған түстер қатары «*» таңбасымен белгіленеді. Бұндағы таңдалған түстер «сол ситуациядағы заттардың шынайы орналасуын» және «әрекеттің бейнесін» көрсетеді.

- Бесінші – алтыншы позициядағы түстердің таңдалуы «селқостықты» аңғартса, «=» тең белгісімен кодталады. Тұлғаның бесінші – алтыншы позициядағы таңдаған түстері сол кездегі қажет емес резервке бағыттайды, тұлғаның әрекетсіз индифферентті зонасын көрсетеді.

- Жетінші - сегізінші реттегі түстер «жағымсыз», ол «-» алу таңбасымен белгіленеді және функционалды мәні «орындалмай қалған тұлға қажеттіліктері». Бұл М.Люшердің түстік реттегі интерпритациясы. Жалпы әдістемедегі түстер екіге бөлінеді: 1-іншісі - негізгі түстер: қою көк, қою жасыл, қызғылт сары қызыл, ашық сары түстер; 2 – іншісі - қосымша түстер: қара, сұр, күлгін, қоңыр.

М.Люшер бойынша негізгі түстер базалық психологиялық қажеттілікті символдайды, олар:

1. Қою - көк түс - қанағаттану, тыныштықтың белгісі, сезімталдылық пен жарақаттанушылықты көрсетеді, эстетикаға бейім, эмпатиясы бар, сенімділік, сензитивтілік, берілгіштікті байқатады. Бұл түстің төменгі қатарда таңдалуы эмоционалды қарым - қатынаста қанағаттанбаушылықты көрсетеді. Темпераменттің ішінде флегматик типі жиі осы түсті қалайды. Өмірде түн мезгілімен салыстырмалы түрде қарастырады. Өйткені ол тұлғалардың босаңсу, тынығу, ұйқы т.б. процесстерімен тікелей байланысты.

2. Қою - жасыл түс - өзіндік бекітудегі қажеттілік. Тұлға бойындағы қысымды, талпыну, мақсатқа ұмтылушылықты, өзгерістерге қарсы тұру, көзқарасының тұрақтылығы. Сары түспен қатар қолданылуы бостандыққа деген ұмтылысты білдіреді. Екінші - үшінші позициядағы түстер емес, өзге түстердің ретінде таңдалса тұлға бойындағы қысымды айқындайды. Өмір ситуациясында адамдарды қоршаған ортасының түсімен тікелей байланыстырады: өсімдіктердің, ағаштардың, гүлдердің т. б. Ол обьектілер қоршаған орта болып табылатындықтан қорғанысты білдіреді. Темпераменттердің ішінде меланхоликтердің сүйікті түсі болып табылады.

3. Қызыл түс - «әрекет ету», «жетістікке жету». Тұлғаның энергиясын жұмсаудағы физиологиялық күйі, спортқа, жеңіске, эротикаға т.б. деген ерігі, қалауы. Бұл әдістемені жүргізу барысында бұл түсті қаламау физиологиялық және жүйкелік жұқару, тозу, сексуалды қызығушылықтың төмен болуын аңғартады. Таңдалған түстердің алдыңғы қатарында болуы көшбасшылыққа деген ұмтылыс, тұлға бойындағы шығармашылық бастау т.б. байқатады. Алғашқы үш түс қатарында болмаса эмоционалды - вегетативті қысымды көрсетеді. Өмірлік жағдайда ертедегі ер адамдардың аң аулау үрдісімен тікелей байланыстырады, яғни отбасын асырау үшін аңды аулауда белсенділікті байқату, сондай - ақ адамның сексуалды қозу зоналары да осы түспен байланыстырылады. Бұл түс сангвиниктердің түсі болып табылады.

4. Сары түс - алға ұмтылу, үміттену қажеттілігі, релаксацияны білдіреді. Сары түсті таңдау үлкен бақытқа деген үзілмес үміт, болашаққа ұмтылыс, жаңаға ұмтылу т.б. Тұлға бойындағы жағымсыз күйлерде ол шыдамсыздықты, мазасыздануды, көре алмауды т.б. білдіреді. Сары түсін қаламау (6,7,8 орын) көңілдің қалуы, адам үмітінің орындалмай қалуын аңғартады. Жасыл түспен қатар қолданылуы үлкен әлеуметтік статусқа ұмтылуды байқатады. 2,3,4,5 реттегі түстерден басқаларда тұлға бойындағы қысымды білдіреді. Өмір жағдайында қараңғы түннен соң шығатын күн элементімен байланыстырылады. Аспанды жарыққа толтыру, адам бойында белсенділікті оятуға шақырады. Бұл холерик типтес индивидтердің жиі қалайтын түсі болып табылады.

5. Жалпы жоғарыда қарастырылған түстер тепе - теңді тұлғада алдыңғы қатарда болулары қажет.

6. Күлгін түс - қызыл мен көк түстің қасиетін қамтиды. Жауапкершіліктің болмауы, шынайлылыққа сай келмеу, магия, өзгелерді таң қалдыруға деген ұмтылыс т.б. Бұл түсті жеткіншектер және жүкті әйелдер жиі таңдауы мүмкін. Себебі ол кезеңде олар эмоционалды тұрақсыздықтың күйінде жүреді. Гомосексуалдылыққа икемділерде бұл түс таңдалады. Күлгін түс 3,7 позицияда мәні жоқ, ал жүктілер мен жеткіншектерде 1,2 позицияларында ешқандай мәнге ие емес.

7. Қара түс – экстремалды жүріс - тұрыс, көп жағдайды қаламау, яғни «жоқ» ұғымымен сәйкес келеді. Өзге түстердің таңдалуына да әсерін тигізеді. Бірінші орында таңдалса адам өмір оқиғаларына қарсы келу, ойланбай әрекет етуді байқатады.

8. Қоңыр түс – алдыңғы қатарда болса физикалық дискомфортты байқатады. Әсіресе тұлғаның ауыру, науқастану кезінде жиі алдыңғы қатарда таңдалады. Өз жанұясын жоғалтқандарда бұл түсті таңдау байқалады. 8 позицияда болса қажеттілікті терістеу, яғни ол босаңсуда, физиологиялық қанағаттануда өз қажеттіліктерін терістеу болып табылады.

Г. Клара мен Л. Буш қара түсті таңдау ол тыныштыққа ұмтылу, ашық түс тұлғаның эмоцияға бейімділігін, яғни сыртқы әлеммен қарым қатынасын білдіреді деген пікірлерін тұжырымдайды.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 3487 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Роршах тесті (сия дақтар тесті).| Негізгі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)