Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Роршах тесті (сия дақтар тесті).

Нұсқау | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Ч.Спилбергтің мазасыздық деңгейін зерттеу әдістемесі | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | К. Томастың мінез-құлықты бейнелеу тестісі. | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. | Көрсеткіштер және интерпретация. | Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» әдістемесі | Автопортрет әдістемесі | Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар. |


Читайте также:
  1. К. Томастың мінез-құлықты бейнелеу тестісі.
  2. лттық бірыңғай тестілеу
  3. Программалық жабдықтарды тестілеу. Программалық жабдықтардың сапасын тексерудің түрлері

Роршах тесті проективті тесттердің қатарына жатады. Ол жеке психикалық қасиеттер және тұлғасы қасиеттерін диагностикалау үшін қолданылады. Бұл тесті швейцар психотерапевті Г.Роршах ХХ ғасырдың 20-шы жылдары ұсынған. Зерттелінушіге ұсынылған ынталандыру материалдары ретінде ешқандай кескіндерінің үйлесімі жоқ, орта өзіне симметриялы орналасқан он дақтың суреті көрсетіледі. Олардың әрқайсысы 18х 24см. қағазға басылған. Олардың бесеуі ақ-қара түсті, ал қалған бесеуі түрлі- түсті. Қағаз бетіне үлкен тамшы бояуды тамызып, содан соң ол қағазды екі бүктегенде сондай дақтар пайда болады. «Роршах дақтары» көптеген осыған ұқсас әдістердің ішінен диагностикалық жағынан тиімді деп табылған. Бұл әдістің көмегімен адам мінезінің және ұстанымдарының жасырын, елеусіз жақтарын диагностикалауға пайдалынады. Зерттеу екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде зерттелінушіге әр парақты қарап шығып, ондағы дақтардан не көргенін, неге ұқсатқанын айтып беру ұсынылады. Зерттелінушінің бір сөзін қалдырмай дәлме -дәл жазып алу керек.

Екінші кезеңде сол парақтар қайтадан көрсетіледі де, алдында айтқан сөздері қандай көрсеткіштерге негізделгенін түсіндіріп беру талап етіледі. Әңгімелесу барысында зерттелінушінің не көргеніне, неге ұқсатқанына ерекше көңіл аударылып (адамдар фигураларын, мифологиялық немесе өмірде кездесетін жануарларды, географиялық бейнелерді, табиғат көрінісі, сексуалдық жағдайлар т.с.с.) ол бейнелердің дақтың бетінде орналасуы (түрі, формасы, қимыл үстінде болуы), жауаптарының өзіндік ерекшелігі немесе басқалардың жауабына ұқсайтындғы тиянақты талданады. Роршах тесті бойынша алынған материал 2-тип бойынша бағаланады.

Формальдық және мазмұндық. Формальды бағалаулар ұйымның ерекшеліктерін талдауға негізделген. Формальды бағалау бойынша сыналушының жауабы қабылдаудың ұйымдасу ерекшеліктерінің біреуін көрсетеді.

а) кеңістікте бағдарлану және сүйену ерекшеліктері (бір жағдайды, бейнені құру үшін дақ толықтай немесе бір бөлігі алынады.

б) реакцияның таңдамалығы (түске деген күшті реакция).

в) реакцияның кезектері (бір қатар реакциядан тұратын реакция)

г) статистикалық динамикалық немесе қозғалмайтын картинкадағы қозғалыс қарастырылады.

Формальды сипаттамалар

Т (тұтастылық) – дақтың кесте фонынан айқын шектелгендегі, кестедегі барлық дақты қабылдауға негізделген жауаптар осылай шифрланады.

Б (бөлшек) - басқа бөлшектерді есепке алмай дақтың бір бөлігіне қабылдауға негізделген жауаптар.

Ф (форма) – айқын көрінген форма (адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің және т.б. сипаттамасы).

Фт (форма-түс) – түстерді ескеретін және форманы айқын көрсететін жауаптар.

Тф (түс-форма) - форманы ескеретін және түс айқын көрсететін жауаптар.

 

Мазмұны бойынша сипаттама:

Ж (жануарлар категориясы)-адамдарды жануарлар әлемінің өкілдерімен түсіндіру, сүт қоректілер, құстар, балықтар, құрт -құмырсқа.

А (адам фигуралары категориясы, адамды кез келген формада көрсету) жынысын атау (ер адам, әйел, қыз бала) жасы (қарт, кемпір, бозбала) мамандығы (дәрігер, балерина т.б.)

З (заттар категориясы) заттарды кез келген атауда көлем, қасиет,материал күйде көрсету.

ФБ (фантастикалық бейнелер категориясы фантастикалық жануарларды көрсету.

Нәтижелерді өндеу

  1. Барлық жауаптарды шифрлау керек.
  2. Түрлі категориялардың жауаптарының саны есептелінеді.
  3. Барлық жауаптар санынан түрлі категориялар жауаптарының пайызы есептелінеді.
  4. Формальды бағалау және мазмұны бойынша бағалаудың жауаптарының сәйкес келуін анықтау.
  5. Сыналушының индивидуалды сипаттамасы анықталады (нормадан ауытқуы бойынша).
  6. Сыналушының тұлғасы жөнінде қорытынды жасалынады.

БӨЖ үшін тапсырмалар:

1. Роршах тестіінің шығу тарихы.

2. Роршах тестінің практикада қолдану ерекшеліктері.

3. Экспериментті бір сыналушыға жүргізу, мәліметтерді өңдеу.

4. Алынған нәтижелерді интерпретациялау. Қорытындылар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бодалев А.А., Столин В.В. Общая психодиагностика. – спб.: речь, 2002.

2. Куликов Л.В. Введение в психологическое исследование. Спб., 2000.


15- апта (4 сағ)


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 1978 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тематикалық Апперцептивті Тест (ТАТ).| М.Л ю ш е р ә д і с т е м е с і

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)