Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мекемедегі техникалық пайдалану жұмыстарының барысы

Ызмет және жөңдеу жұмыстарының өндірістік технологиясы | Жөңдеу-қызмет көрсету жұмыстарын жүргізудің өндірістік процесы | Ндірістік орындар | Автокөліктерге көрсетілетін ТҚ және ТЖЖ технологиялық үрдістерін ұйымдастыру | Автокөліктерге көрсетілетін ТҚ және ТЖЖ жұмыстарын ұйымдастыру | рлеу - 2012» ЖШС-гі автокөліктерді диагностикалау жұмыстарымен танысу |


Читайте также:
  1. Абылдап-жөнелту жолдарын пайдалану дәрежесі.
  2. Астана қаласының су нысандарында жалпы су пайдалануды бақылау
  3. Бап. Қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану
  4. Бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану
  5. Бап. Банктiң ақша қаражатын заңсыз пайдалану
  6. Бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану
  7. Бап. Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану

 

Бұрын айтылғандай техникалық пайдалану, автомобильдің жұмыс істеу қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Автомекемеде барлығы 42 автокөлік бар.

Соған байланысты кәсіпорын өз жылжымалы құрамының жұмысқа дайындық дәрежесін қамтамасыз ету үшін техникалық қызмет және оларды орындаумен айналысады. Сол сияқты басқа автокәсіпорындарында арнайы тапсырыстардың күрделілігіне байланысты қызмет көрсетеді. Тараз қаласындағы ЖШС «Өрлеу - 2012» бастапқы кезеңде жылжымалы құрам саны едәуір көп болғанымен, экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты, сондай-ақ қосалқы бөлшектердің, автокөліктердің бағасы күрт көтеріліп кетуіне байланысты соңғы кезде автокөліктер саны жылдан-жылға кеміп келеді.

Жаңадан шығарылып жатқан автомобильдер ТҚ және жөндеуге өте ыңғайлы жобаланған. Олардың желінген немесе жұмыскерлігін жоғалтқан бөлшектер, узелдер ауыстыруға ыңғайланып орнатылған және де олардың қызмет ету мерзімі ұзартылған. Бұл автомобильдердің кемшіліктерінің бірі – ол қосалқы бөлшектері көбірек қажет етеді. Көріп отырғанымыздай қандай жетілген автомобиль болмасын барлығы да тиісті техникалық қызметті талап етеді.

Мекеменің жұмыс уақыты таңғы сағат 09-00, кешкі 18-00 дейін, түскі ас 13-00, 14-00 дейін. Сенбі қысқа күн 09-00, 13-00. Жексенбі – демалыс күні, мереке күндері де демалыс. Барлық бөлімшелер керекті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген. Құрал – жабдықтар қазіргі заманға сай, жаңа әрі сапалы. Жұмысшылардың жуынатын, киінетін, тамақтанатын бөлмелері бар, сонымен қатар арнайы киімдермен қамтамасыз етілген.

1.1 кестеден көріп отырғанымыздай парк жасы орташа, олардың көп бөлігі мөлшерлік мерзімінде пайдалануда[1].

 


Кесте 1.1

Автомекеме құрамы және техникалық жағдайы

 

Автомобиль тегі Саны Орташа тәулік жүріс, км Пайдалану басынан бері жүріс мың.км
1 2 3 4 5
  Шетел маркалы     0-100
  Ресей маркалы     110-205

 

Көліктер кейде, физикалық желінуге, қала берсе моральдық желінуге тап болуы мүмкін. Моральдық желіну дегеніміз - автомобильдің конструкциясының, оның атқаратын міндеттерінің қазіргі заманға сай келмеуі қазіргі заман талаптарының ең маңыздыларының бірі – ол жүргізушіге қолайлы еңбек жағдайын туғызу.

Жоғарыда айтылған автомобильдің көп бөлігі жаңадан сатып алынып пайдалануда. Егер күрделі жөндеуден кейінгі автомобильдің сапасының жаңамен салыстырғанда 30-20 пайызы төмендейтінін ескерсек, онда ол автомобильде тағы біраздан кейін қайтадан күрделі жөндеуге жіберуге тура келеді немесе ол автомобильдер жұмысқа жарамсыз ден танылуы ммүкін.

Біраз техника күрделі жөндеуге жақындап қалған, мысалы Камаз, Зил автокөліктері 8-10 мың км жүргеннен кейін күрделі жөндеуге тоқтатылады. Автомобиль көлігіндегі заңдылықты, нормативтік талаптарды барлық мекемелер, ұйымдар және азаматтар толық орындамай жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес [1].

Автомобиль көлігінің дамуы мен әр мемлекетте өздерінің заңдары және жылжымалы құрамының конструкциясына, техникалық жағдайына қойылатын талаптардан тұратын нормативтік актілер болады.

Бұрын бұл актілерде автомобильді қауіпсіз пайдалануға кедергі жасайтын, оның техникалық жағдайына көбірек көңіл бөлінетін. Онда үлкен мән бар, себебі автомобильдің жұмысы кезінде оның бөлшектері желінеді, саңылаулары үлкейеді, тораптарды реттеу бұзылады, бөлшектер және агрегаттардың бекітулері босайды. Мұның бәрі автомобильдің істен шығуына және апатқа әкелуі мүмкін. Соған байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігінің қағидаларында қауіпсіздікке әсер ететін техникалық ақаулар көрсетілген.

Бірақ, тек қана автомобильдің техникалық жағдайы жеткіліксіз болып шықты. Жол көлік оқиғасының себептерін мұқият зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, қазіргі кезде апаттың көбі техникалық дұрыс және жаңа автомобильдерінде болады, ал ЖКО зардаптарының ауырлығы узел және бөлшектердің желінуінен емес, автомобиль конструкциясының күрделі жол қозғалыс жағдайына сай келумен анықталады. Осыған байланысты автомобиль конструкциясының қауіпсіздікке қатысты жетілуін анықтау және оны бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін жасау қажет.

Біздің елде автомобиль конструкциясы және оның қауіпсіздігі мемлекеттік деңгейде тексеріліп тұрады. Автомобильдің әрбір жаңа моделі, мемлекеттік сынақтан өтіп, онда ведомство аралық комиссия конструкциялық қауіпсіздікті және оның нормативтерге сай келуін бағалайды.

Жылжымалы құрамдарға және кейбір жүйелерге қойылатын талаптар жүйелі түрде қайтадан қаралады және толықтырылып тұрылады, ол автомобильдің конструкциялық қауіпсіздігін үзіліссіз арттырып тұруға септігін тигізеді. Отандық құжаттарды жасау кезінде автомобильдің конструкциялық қауіпсіздігі және конструкцияның көптеген элементтеріне қойылатын талаптар тұралы тәжірибелері бар халықаралық ұйымдар практикасы пайдаланылады.

Жүктерді және жолаушыларды халықаралық тасымалдаудың дамуы, халықаралық саяхаттың кеңінен таралуы жол қозғалысы қағидасының және қауіпсіздік нормаларының унификациалануын талап етті. 1958 жылы Женевада Біріккен Ұлттар Ұйымының Европалы Экономикалық Комиссиясында (БҰҰ ЕЭК) қабылданатын құжаттардың өзара келісуі туралы келісімге қол қойылды (құжат ЕЭК Е/ЕСЕ/324-Е/ЕСЕ TRANS 505) [1].

Ол келісімге қатысушылар міндеттері:

1. Көлік құралының узелдеріне немесе көрсеткіштеріне параметрлеріне қойылатын талаптарды, ол талаптарға сай келтіру сынақтардың әдістемесін, ресми бекіту белгісін жасау және ортақ ұсыныстар жасау.

2. Егер тиімді болса, осы ұсыныстарды өз мемлекеттерінде заң түрінде енгізу. Егер қажетті қондырғылары болса, келісімге қатысушы әрбір мемлекет автомобиль узелдерінің немесе көрсеткіштерінің ұсынылған талаптарға сай келуін тиісті әдістемемен сынақтан өткізе алады. Сынақ нәтижелері қанағаттанарлық болса, онда оған ресми бекітілген белгі беріледі.

3. Сынақ өткізген мемлекет берген халықаралық бекіту белгісін барлық келісімге қатысушы мемлекеттер территориясында тану керек. Автомобильдің халықаралық бекіту белгісін берген узелін немесе параметрлерін келісімге қатысушы барлық мемлекеттердің заңдарына сай келеді деп санау керек.

Келісімге қатысушы мемлекет кейбір ұсыныстарды қабылдамауға құқылы.

БҰҰ ЕЭК жалпы ұсыныстарынан басқа 1958 жылы Келісімге қосымша ретінде 40 қағида қабылдады, онда әртүрлі жүйеге, узелге, агрегаттарға және автомобиль аспаптарына қауіпсіздікке байланысты нақтылы талаптар қойылған. Мысалы: №1-8,19,20,23,31,37,38-жарықтану және сигнал жүйесіне, №14,16,17,25-қауіпсіздік белдікке және орындыққа, №12-рул басқаруына, №13- тежеу жүйесіне, №30-шинаға, №9,10,15,24-енжарлы қауіпсіздік нормативтері келтірілген.

БҰҰ ЕЭК қабылдаған классификация бойынша көлік құралдары төрт категорияға бөлінеді: L,M,N және О.

1. L категориясына дөңгелектері төрттен аз және толық массасы 1000кг аз көлік құралдары кіреді. Оларға БҰҰ ЕЭК №1-3,9,10,13,15,19,20,23,31,37,38 қағидалары таралады.

2 M категориясына үш немесе төрт дөңгелегі бар және толық массасы 1000кг көп көлік құралдары кіреді. Бұған барлық жеңіл автомобильдер және автобустар кіреді және №1-21,23,25-28,30-35,37-39 қағыдалары таралады.

3 N категориясына үш немесе төрт дөңгелекті және толық массасы 1000кг көп жүк тасымалдауға арналған көлік құралдары кіреді. Оларға №1-10,13,15,18-20,23,28,31,37-39 қағидалары таралады.

4 О категориясына тіркемелер және жарты тіркемелер жатады. Оларға №3,4,6,7,13,23,37,38 қағидалары таралады.

Көлік құралының әрбір категориясына жасалынған талаптар жүйелі түрде қайтадан жасалады, толықтырылады және нақтыланады. Ескірген нормативтер жойылады және жаңа қаталдау талаптар енгізіледі. Жылжымалы құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түрлі жүйелерді және құрылымдарды сынақтан өткізу әдістеріне арнайы талаптар жасалады.

Жақын арада автомобильдің белсенді қауіпсіздігіне қатысты тежеудің блокировкаға қарсы механизміне техникалық талаптар және оны сынау әдісін нормалау енгізіледі. Автомобильдің енжарлы қауіпсіздігін арттыру үшін кабина, кузов және жүргізушіні, жолаушыларды қорғау жүйелеріне жаңа талаптар қойылады. Бұл жерде адамның биомеханикалық шыдамдылығы ескеріліп сынақ түрлері көбейтілген. Автомобильдің сыртқы қауіпсіздігін арттыру шаралары қаралуда. Автомобильдің қоршаған ортаға зиянын азайту үшін БҰУ ЕЭК қатал талаптарды енгізуде. Келешекте жанармай үнемділігін арттыру және пайдалану мерзімін ұзарту шараларына да талаптарды қатайту қаралуда [1].

Автомобильдің конструкциялық қауіпсіздігіне стандарттарды жасау, автомобиль көлігіндегі апатты қысқа мерзімде азайтудың қамы болып отыр. Бірақ ең жақсы шаралада, біз күткен нәтижені бермейді. Соған қарамай автомобиль қауіпсіздігі нормативтерін жыл сайын жетілдіріп тұру қажет.

Электржабдықтар мен қондырғыларды жөндеу бөлімшесі аумағы 30 шаршы метр. Онда бір маман қызметкер жұмыс істейді. Бөлімшеде негізінен автомобильдердің стартер, генераторларын, сонымен қатар электржабдықтары мен қондырғыларын жөндеумен айналысады. Бұл бөлімшенің жұмыс кестесі басқа бөлімшелердегідей. Мұнда стартерлер, генераторлар, электрожабдықтар мен электроқозғалтқыштарды тексеруге арналған арнайы стендтер мен жабдықтар орналасқан. Жабдықтар мен стендтер жаңа, сапалы, қазіргі заманға сай. Жасалған жұмыстарға кепілдік беріледі. Автомобильдерден шешілген стартер, генераторды тексеріп, ақауын жөндеп, жарамайтын бөлшектерін алмастырады, жасалған жұмыстарды құжатқа тіркеп, мастерге есеп береді.

Аккумулятор батареясын қалыпқа келтіру және жөндеу бөлімшесі аумағы 25шаршы метр. Онда бір маман қызметкер жұмыс істейді. Бұл бөлімшенің маңызы өте зор. Аккумулятор батареяларын жыл мезгіліне байланысты норматив бойынша қажетті тығыздығын орнатады. Бөлімше аккумулятор батареяларын қалыпқа келтіруге және жөндеуге қажетті арнайы құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған. Жасалған жұмыстарды құжатқа тіркеп, мастерге есеп береді. ЖШС-ң барлық бөлімшелерінің қысқаша жұмыс барысымен таныстық.

Мастер – ТҚ және АЖ цехы, өндірістік бөлімшелердегі маман қызметкерлерді қадағалайды. ЖШС «Өрлеу - 2012» өндірістік базасына кірген автомобильдерді тіркеуге алады, қай бөлімшеде техникалық қызмет, жөндеу жұмыстарын жүргізуді тағайындайды. Жасалған жұмыстардың тізімін құжатқа енгізіп, есеп береді. Мастер инженер мен бухгалтерге есеп береді. Қандай қызметтер көрсетілгенін, алмастырылған қосалқы бөлшектерін, кеткен шығындарының есебін тіркейді. Жұмыс соңында цехтағы құрал-жабдықтарды тексереді [1].

Инженер –техникалық қызмет пен жөндеуді жоспарлау мен ұйымдастыруды және бірқатар өндірістік нормативтік-технологиялық құжаттардан керекті мағлұматтар жинайды. Жаңа құрал-жабдықтар мен олардың жұмыс принципін саралап, станцияға маңызын, қанша көлемде пайда келтіретінін есептеп, жабдықты алуға жұмсалатын шығынның өтелу мерзімін анықтайды. Мекеменің дамуына, техникалық қызмет пен жөндеу жұмыстарының сапалы әрі тез, шығынды мейлінше азайту, жұмыс өнімділігін жоғарылату мақсатында көптеген жұмыстар жасайды. Мастерден алынған есептерді саралайды. Нәтижесіне қарап, жұмыстың сапалы және тез болуы үшін жаңадан шыққан арнайы жабдықтарды енгізеді. Оны директорына ұсынады. Алынған жаңа жабдықпен жұмыс жасайтын маманға жабдықтың толық жұмыс жасау принципін, жабдыққа көрсетілетін техникалық қызметтерді үйретеді. Маман жабдыққа жауапты болады.

Бухгалтер – қаржы жұмыстарын атқарады. Қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу, зейнетақы аударымдарын жасау, салықтық аударымдарды жасау және тағы басқа жұмыстарды жасайды.

Автомобильдер мен тіркемелерге маусымдық техникалық қызмет көрсету кезінде байқалған сынықтарды жөндеу керек. Автомобильдерді пайдалануға бермес бұрын тексеруге бағытталған техникалық қызмет көрсету бөлімшелерінде жүргізіп байқайды [1].

 

Сурет 1.1. Мекеменің бас жоспары

 

Сурет 1.2. Өндірістік корпус

 

Сурет 1.3. Қозғалтқыштарды жөндеу цехы

 

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 156 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мазмұны| Ндірістік – шаруашылық жұмыстарына талдау жасау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)