Читайте также:
|
|
ЖШС «Өрлеу - 2012» негізгі жұмыс ұйымының негізі болып жеңіл көліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы Ереже. Аталған Ереже ТҚ және ТЖЖ жұмыстарын жүргізуші барлық ТҚС арналған.
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуде жұмыстан бас тарту немесе бұзылымдарды ескертуге бағытталған, автокөліктерді жұмысқа жарамды қалыпта ұстау және оларды қолдануда сенімділікті, қауіпсіздікті және экологиялық тазалықты қамтамасыз ету тәрізді жұмыс кешендерін ұсынады. Техникалық қызмет көрсету жұмыстарына келесі қызмет түрлері кіреді: бақылап- диагностикалау, бекіту, реттеу, электр-техникалық, қоректендіргіш жүйесі бойынша жұмыстар, жанармай құю, майлау жұмыстары және т.б. [2]
Мерзімділікке, тізімі мен еңбек сыйымдылығына байланысты, автокөліктерге ТҚ бойынша көрсетілетін қызметтер келесі түрлерге бөлінеді:
1) Күнделікті техникалық қызмет (КТҚ);
2) Жүйелі түрдегі техникалық қызмет (ТҚ);
3) Маусымды қызметтер (МҚ).
КТҚ-на жанармай құю жұмыстары және автокөліктің сыртқы түрін тиісті жағдайды ұстау және қауіпсіздікті күнделікті қамтамасыз етуге бағытталған бақылау жұмыстары кіреді. КТҚ көбінесе автокөлік иелері жолға шығар алдында немесе тұратын орнына қайтқан кезде орындайды.
ТҚ автокөліктердің белгіленген қолданылу қашықтығы арқылы атқарылатын жұмыс көлемін атқаруды қарастырады. Жеңіл автокөліктердің нормативті ТҚ сәйкес КТҚ жүйелігіне байланысты тәулігіне бір рет, ТҚ- 4000 км- ден кейін- 1 рет, ТҚ - 16000 км қашықтықтан кейін 2 рет.
АҚ– автокөліктерді жасаушы- зауыттың ұсыныстарына сәйкес қысқы және жазғы маусымдық пайдалануларға дайындауға байланысты ТҚ және қосымша жұмыстарды қарастырады. [3]
Жөндеу жұмыстары деп туындаған бұзылымдарды жөндеу бойынша және автокөліктер мен агрегаттардың жұмысқа қабілеттіліктерін қалпына келтіру бойынша атқарылатын жұмыс кешені. Автокөліктерді жөндеу жұмыстары қажеттілігіне қарай жүргізіледі және өзіне бақылап- диагностикалау, құрастырып- дәнекерлеу, слесарлық, қаңылтырлау, механикалық, дәнекерлеру, сырлау, электр техникалық жұмыстарын да кірістіреді. ТҚ және ТЖЖ жұмыстарын сапалы орындау үшін қажетті бекеттермен, құрылғылармен, аспаптармен, құрал-саймандармен жабдықтармен, техникалық құжаттармен жабдықталады.
ТҚ және ТЖЖ бойынша атқарылатын жұмыстардың негізгі бөлігі ТҚ және ТЖЖ өндірістік корпустарының 2 бекетінде атқарылады. Сонымен қатар, қоректендіргіш жүйесі аспаптарын және электржабдықтарын күтіп қарау және жөндеу жұмыстары мамандандырылған диагностикалау, дәнекерлеу, қаңылтырлау, шанақтау, дөңгелек жөндеу, вулканизациялау, сырлау учаскелерінде де атқарылады. Аккумуляторлы жұмыстар аккумуляторлық учаскелерде атқарылады және бұл жерде жабдықтарды жөндеу жұмыстарының кейбір түрлері де атқарылады [3].
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 477 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ндірістік орындар | | | Автокөліктерге көрсетілетін ТҚ және ТЖЖ жұмыстарын ұйымдастыру |